Құдайсыздық  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 106

Алуан, алуан заңдар бар,

Дін иманға тор құрар.

Дүниемен жерді бағалап,

Қазақтан шықты тажалдар.

 

Алуан, алуан сөз қылар,

Ар, ұят, иман жоғалтар.

Меншікке берсең жеріңді,

Қарныңды деген тойғызар.

 

Қиямет деген осылар,

Құдайын мүлде ұмытар.

Құдайсыздық дін шығып,

Білімге ғана шоқынтар.

 

Алуан, алуан сөзі бар,

Құдайдың сөзін бұрғызар.

Бас шұлғытып ақылсыз,

Ел басшыға табынтар.

 

Алуан, алуан партиялар,

Дүниені ғана сөз қылар.

Дін, иманнан хабарсыз,

Құдайсыздар осылар.

 

Алуандыққа құштарлар,

Ойын-күлкіге мас қылар.

Әулие болмақ «жұлдыздар»

Шайтаннан шыққан жындылар!

 

Алуан, алуан дінде бар,

Құдайсыз иман алғандар.

Сенімді иман атап жүр

Құдайсыздар дін бұзар.

 

Иман, арды жоғалтар,

Дәретсіз жерді басқандар.

Білімге алған мас қылып,

Теріске ібіліс ойын жорытар.

Жерді деген аздырар,

Меншікке алмай шаруалар.

Тәңір болса жеріңе,

Жерді өңдеп іс қылар.

 

Алуан, алуан пенде бар,

Ажал келсе жер құшар.

Бар байлығы көр болып,

Түбінде жерге қауышар.

 

Жоқ ар, иманнан сұраулар,

Құдайсыздыққа бас ұрар.

Жерді сатқан көрінде,

Лағнетіне құдай жолығар!

(Сәуір айы 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *