Опыралы опасыздық…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 39

Ұятсыз арсыз ел болған,

Басшысы елдің Нұрсұлтан.

Көктегі кие жарықты,

Құдайдың нұрын жол қылған.

Мәңгілікке ел қылсам,

Арманын ұлттың ойлаған.

Өзге елдің біліп тілдерін,

Білімді- ғылым атаған.

Ғылымына Алла нұр болған.

Жан өсіп ақыл толмастан

Ділімен ана тілінсіз,

Құдайсыз бар ма жалғанған?

Өсер ме иман жер алсаң,

Меншігің болса рұқ анаң?

Шет елдің бәрі қарасаң,

Семіздік дерті жайлаған.

Ажырап табан жер анадан,

Назына рұқтың қалғаннан.

Түрлі апат, азап түсірер

Бабалар мұны болжаған.

Меншіксіз жерді қор қылған,

Құдайсыз елді кім құрған?

Жер-дінді беріп жекеге,

Құдайды мазақ бұл қылған.

Ар, ұят, иман ойлаған,

Меншігін құдай қорғаған.

Жер — анам деп дәретсіз,

Ата-анаң жерді баспаған.

Гүлді де жұлып алмаған,

Меншіксіз жерді баптаған.

Құдайдың аты халық деп,

Ортақ деп жерді қорғаған.

Әлемде биік жер болған,

Әулиелер ізін қалдырған.

Патшалығы кие ойпаттар,

Меншігіне дүниелік айналған.

Басшыларға не болған,

Құдайына қарсы іс қылған?

Тажалдық деген осы ма,

Дүниемен көзі байланған.

Киелі жерлер нұрланған,

Көкпенен жұлдыз жалғанған.

Есепсіз байлық мирасың,

Меншігіне байдың айналған.

Әлемге үлгі дін болған,

Жолына көктің жалғанған.

Келетін әлем зияраттап,

Құдайдың мүлкі қорланған.

Ұрпағы ібілістің басқарған,

Ел болдық түгел жынданған.

Болашақ ұрпақ рұқ, жандық,

Мирасын жойып жалмаған.

Шындығын құдай алмаған,

Басшылар көзі байланаған.

Білгеннің тілін алмайтын,

Жүрегі тасқа айналған.

Дін, иман қайда Нұрсұлтан,

Құдайдан хабар жоба алған?

Дүниемен жерді бағалар,

Опыра, опасыздық ант ұрған!

(Сәуір 2016 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *