Отаның жермен өлшенген  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 114

Ата дәстүр салтымен болмай тату,

Қосылып шерік-жындар болмақ ауру

Опасыздық ел билікпен, маһабшыдан

Ұлт тағдыры аруағына жала жабу.

 

Соттатып қудаланды сұңқар, аққу,

Құдайшыл болсаң деген серік қату.

Айырбастап дін-ділі мен ұлт ғылымын,

Үш тілмен Алла нұрын деген алу.

 

Түйе қисық бола ма әлде жабу,

Дәстүр — иман, сенімің дінге нану?

Үш байлығын еліңнің тастап қойып

Жын көбейтіп, орнына болды жанды сату.

 

Тербелісі қияметтік қайталану,

Сынақпен азап, апат және ауру.

Ер кезегі үшке дейін деген

Мезгілі келді ел билікті тезге салу.


Құдайға қарсылық жерді сату,

Меншігіне Алланың қолды салу.

Ібілістің қақпанына тағы түсті,

Ар, ұятпен ел билік болмай тату.


Имансыздық тәңіріне жала жабу,

Жер ананы аздырар деп босқа жату.

Меншіксіз ел ниеті жерге түзелмес деп

Өз халқын арсыз деген шерік қату.

 

Тәңірсіп құдайына қалып нану,

Ел басшылар ібіліспен болып тату.

Құдайдың сөзінен хабар алмай,

Шет елге еліктеген жынды- ауру

 

Отаның көк пен жерің қуаттану,

Қанынан ата-ананың нәсіл алу.

Аманаты бабалардың жер,су, тілін

Бірлігі — отан аналардың сақтап, бағу.

 

Жермен жұрт болады дінде тату,

Әлемдік заңдылығы жерге тарту.

Қазақты жері бөлек өзге жұрттан,

Жерге есік, көкке сатыны алу.

 

Отыз үш сахаба мен жүз үш ойпат табу,

Жер ұйық қып әлемге үлгі салу

Ата жолы қазаққа арман болған,

Жерді сату — құдайдың жолын сату.

 

Меншіктеп құлын құдай пайда табу,

Тажалдығың осы емес пе дінді сату.

Арзанға айырбастар шайтан ісі,

Қалтаңды ойлап, ақшаға арды сату.


Дін қайда, иман қайда белгі алу,

Құдай айтты деген сөзге нану?

Өзің білме, білгенің тілін алма,

Қарғыстың ең жаманы құдай ату!

(Мамыр айы 2016 жыл)

***  ****

2 thoughts on “Отаның жермен өлшенген  

  1. Керемет. Алладан амандық тілеймін өзіңе.Тіл-көзден, қауыптен қатерден сақтасын, бабалалардың рухы қолдасын.Ақихат тұлпарың шаршамай, талмай шаба берсін.Сұлтан ағаң Қызылорда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *