Ел басы және ел тағдыры

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 43

Ел тағдыры елімнің болашағы,

Ауыртады жүректі қинап жанды.

Жындылығы жастықтың сөзі емес,

Ауырмаса жүрегің, көзің көрмес.

Көргендерім тіршіліктің күні емес,

Тарихтан белгі келді тұрған елес.

Ел басы, ел тағдыры бөлек емес

Шопанға ұстатқан ол таяқ емес

Бірге өттік талай асу, және белес.

Қазағымның басына болған бақыт,

Ел басқару тізгінін берді халық.

Нұрсұлтандай ағамызға сенім артып.
Нұрсұлтандай білімді басшыменен

Өтті заман, ащысы да тұщысымен,

Түзеліп түтініміз, жеңіп шықтық,

Қиындығын заманан қалған кеңес.

Сынағы да болды жұртыма оңай емес.
Дүние байлық біліммен ақыл ісі,

Әлемге қазақтай халықты таныстырды.

Бұл істе Нұр аға боп атақ пен абыройды,

Көрсетік салтымызды жасап тойды,

Мемлекеттің салтынан бөлек діннің ісі,

Жарғысы ата заңның және болды.
Дін деген саясатың ермегі ойыны ма?

Ел билік өзін құдайдан биік қойғаны ма?

Діннен бөлектеген заңның жарғысына

Мекемемен дінін құдайдың да бақыла деп

Заңмен бағып құдайды да отырмақ па?

Ел биліктің құдайға құлшылық алғысы ма?
Енді қазақ дін еркің, ендігі мүміндігің,

Ханафи масһабы дәстүрің, өткен күнің.

Шариғат дін ісі масһаб деп тура жолың,

Шек қойып еңбегіне түркілік ғылымдардың.

Дегендей соқпағы салған ізі болмас қолың,

Ясауи, Фараби, Абай-Шәкәрімдей алымдардың.
Қудалап ел басшы, дін басшылар беріп үкім,

Ата жолы Арыстан баба Ясауи салған ізін,

Укаша сахабаның қыпшақты бастап барып,

Ілімді құранменен, пайғамбардан алған білім.

Ата жолың әдет-ғұрып, қудаланып салт-дәстүрің

Бекітіп заңмен, басқа деп Алладан мұндай дінің.
Сырына бұл қарсылықтың бойлап көрсек,

Дау айтар бұл сөзіме, дінші мен надан есек.

Зұлымдық ғалымдардан шыққан десек,

Бәленің он болса, тоғызы басқа тілден келді,

Өзге елдің мақтанына мәз болып, жайдық төсек

Су құйып қолдарына, қызметпен беріп төрді.
Мақтанға семірткен игі мұндай жақсылардың,

Құдайым жүрек көзінің құлағын жаптырғанын.

Түсіне алмай түскенін рухани сергелдеңге,

Қиямет сағатың басталған ескертуі елімізге,

Ажалмен елінің күнде өскен саны да жетімдерге

Мән бермей қойды билік ашық белгілерге.
Япырмау қазақта барма енді тақуа абыз,

Құран кітап алып, мүміндігі болған парыз.

Құлшылығың адамзат маған деген еске сақта.

Жинаймын алдарыңа өліктерді сын сағатта,

Кітабың аруақ болып, сөйлесер қиын шақта.

Көрмесең зияныңа, жори алсаң болар пайда,
Ясауи, Абай-Шәкәрімдей әулилер насихатын,

Ғибратын әулие-әмби рух сырын тарих хатын.

Кітабын талай жаздым, халыққа таратылды,

Дәрежемен дін басшы, теолог хазірет аталғанды,

Тоқсаны жабылып тоқты жығып, хақиқаттың,

Хикметін уахи, аян, санның сырын көре алмады.
Құдайдан талай уахи, аян мен белгі көрдім,

Тізімдеп елге келер қайғыны тізіп бердім.

Жаз деген ескертуімді келгенін бір Құдайдан,

Хатпенен және кітаптарды беріп көрдім,

Апаттың Алматыға келер мезгілдерін,

Тыңдамай от пен азап түскенін көрдің елім.
Жарты жыл былтырғы күздің аяғы еді,

Құдайдан ескертумен хикметті аян келді,

Басшысы ескі үкіметің тығып ұстағанын

Нұрсұлтанды тау асырып жасырғанын,

Жабылып іздеп халық болып елім кезді,

Бір сұмдық болатын оқиғаны көзім көрді.

Дауыспен және көктен бұйрық келді,

Екі күн іздеуге оны мұрсат берем,

Болмаса оны биліктегілер өлтірді.

Шешімін бұл уахидың табыңдар деп,

Раббымыз бізге осындай сынақ берді.
Сөз басшы, көш басшыға білсе ілім,

Хат жазып, бұл аянды бәз қалпында.

Құдайдың хабарын ел биліктер білсін дедім.

Жанашыр уәзір болса хан қасында,

Тура жолды меңгерген дінші ғалым болса

Философтар сөз сырын шешіп берсін дедім.
Япырмау мұнша билік керең бе еді,

Тура жолда мұндай уахи неге еленбеді?

Дін имамы Раббынан сұрап біле алмаған,

Ғалымдардың қожалығы жоқ соқыр ма еді,

Ел басының тағдыры, елінен бөлек пе еді,

Тарихтан қандай ғалым оқып білген еді?
Уахи келді бір Құдайдан амал қайда,

Дегендей ескертуі табыңдар енді айла.

Шешуін ескі уахидың халқым баяндайын,

Басшылар естігенмен болмады пайда.

Тағдыры Нұрсұлтаның өзімнен бөлек емес,

Хансыз ел, қарсыз тау болып өмір сүрмес.
Екі рет ел басын қатты сүріндірген,

Ғалымдардан дін ісінен ақыл берген,

Рухына ата дәстүр қарсы келген.

Екі күн жан мен рухың түсін халқым,

Рух пен жанды бір атайды дінші керең,

Қалдың елім назына аруақтың, өлілердің
Масимов билігімен ата жол деді жалған,

Осындай заң шығарды аруағын қудалаған,

Діл білімге және таңбамызға қарсы болып,

Үш тілділік жас балаларға шартты болған.

Бірі ділге бірі дінге қарсы жарғы шығып,

Кітабына, хикметіне ашық қарсы болдық.
Екі күнде ел басшыларың өлет деген,

Екі өкпеден қаралық болып кіред деген.

Таңбасы аруақтың құдайдың наза болып,

Тынысы тарылумен ажалы да келед деген.

Жалғанып аруақтың назасы жеті атаға,

Тұқымына бұл қарғыс толық жетед деген.
Қатты деп бұл сөзімді дұшпан көрсең,

Кімсің өзің, ел тағдырын ойыншық көрген?

Және тексер бір Құдайдан дінді білсең.

Түсірді аруағынан ескертуі болып таңба

Талай ғалым латынды таңдап жүрген,

Сынағы Раббыдан, пенделерге түсер жаза.
Болсын деп ел басшымыз абыройлы,

Болашақ ұрпақтарға үлгісі тұлға ойлы.

Отырар кітапханасын өзім көрген,

Ашқызып әлем жұртына жасап тойды.

Алаш пен Алтай Жүрсін бабамыздың,

Ниетім еді, өзі бас боп тисе деген қолы.
Ізбөрі, Зейнеп, Сара, Рабиға, Ажар ана,

Бастарын ел басы боп жайын салып,

Көтеру лайық еді өз қолымен Нұр ағаға.

Ыбырайым, Ысқақ, Жақып пайғамбарларға,

Қазақтың тура жолын, әлемге болған жаға.

Мақтануға лайыз боп, ұрпағы болған дана.
Дұшпандық ел басына шықты іштен,

Хикметін көрсетірмей берген түспен.

Абыройсыз болмасын мұндай істен,

Халыққа қайтар деген үкімі бұл түскен.

Екі нәсіп рухани күндерін туған елдің,

Қарсылықсыз дұшпанға тартып алған күшпен.
Бұл сөзімді ел билікте көп шайтандардың,

Жеткізбеуге аңдыған тілшілер жайсаңдарың.

Кіргізбес жауып алып есігін сайтарының,

Сүйеніп тәпсіріне, өтірік деп айтқандарым.
Тисе деп құлағына араңдағы игі жақсының,

Сұраңдар көрсетсін деп құдайым нақ шынын,

Жеткізіңдер ел басына аталардың амантын.

Ел басының тағдыры, ел тағдыры елді хақың,

Кітабың, дінің таза болса істерге жалғанатын.

14 ай мезгіл берді, қалсын десең жақсы атың.

(Наурыз айы. 2013 жыл)

*** ****

Тербелісі қияметтік қайталану,

Сынақпен азап, апат және ауру.

Ер кезегі үшке дейін деген,

Мезгілі келді ел билікті тезге салу
Құдайға қарсылық жерді сату,

Меншігіне Алланың қолды салу.

Ібілістің қақпанына тағы түсті,

Ар, ұятпен ел билік болмай тату.
Имансыздық халыққа жала жабу,

Жер ананы аздырар босқа жату.

Меншіксіз ел ниетін түзеу қиын,

Өз халқын, арсыз деген шерік қату.
Дін қайда, иман қайда белгі алу,

Құдай айтты деген сөзге нану.

Өзің білме, білгенің тілін алма,

Қарғыстың ең жаманы құдай ату!

(Сәуір айы 2016 жыл)

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *