Жер дауы-елдің шер дауы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 97

Ет етке, сорпа бетке деген қазақ,

Сорпасыз ет қорытылмай қылар азап.

Бек, билері қазақтың кісі болып,

Халық малдан айырмасы болар аз-ақ.

Халық арсыз болса, бар ма сұрақ,

Қатын, қызың көт ашып болған мазақ.

Суық ми, сасық өріс білімді көп,

Сана түгіл жетесіз, иттей барақ.

Арсыздыққа себеп көп, күнә ортақ,

Әркім білсін өз-өзін құдайдан сұрап.

Ұятсыздық, арсыздықпен жерді былғап,

Қияметін құдайдан жабылып алдық сұрап.

Он бәленің тоғызы тіл, сөзден болад,

Ата жолың аманатың- бір тағдыр құрап.

Ғылымды мен білімдінің өлшемі бар,

Ғылымнан — ақыл, білімнен қуат туад.

Дініңді тура жол-таза ақылдан дедің масһаб,

Құдайдың жол-жобасын артқа тастап.

Саясатшы, ақын, жазушы ғалымдарда

Таза, дінсіз ақылдан бүгінде бар ма сұрақ?

Жер дауын шешуге қойған сайлап,

Ғылымсыздар ой жорумен заң шығармақ.

Кеңестің кезіндей «совхоз» құрап,

Егін егер, мал жаяр жерді тарат.

Тау,-тасың, өзен, көлің болсын ортақ,

Мемлекеттің заңымен мұны бақылат.

Әрбір ауыл өз жерін қожа болып,

Ақсақалдық кеңеспен жерді қарат.

Бос жатқан жерге үкімет қойсын талап,

Жалдаушыға шет елге бермек қаражат.

Ауылдық кеңес өзі мұны шешіп,

Пайдасын көрсін жердің, жүрсін қарап.

Қалалыққа он сотық тегін тарат,

Ауыл болсын жер егесі тұрған жарап.

Жер керек пе, ауыл салып қоныстансын,

Бөлінбей ұлтқа, текке елім, жерім десін қазақ.

Сатылмайды жер ешкімге заңды шығарт,

Әр облыс өз жеріне қожа болад.

Қазынасы байлығы киелі ойпат,

Зиярат, бейіт, қорым ортақ жер деп атап.

Қазақтың тура жолын заңмен қудалап,

Кешірімін сұрасын басшылар жерге қарап.

Рахымы мен мейірімі шексіз құдай,

Қияметтік бұл жағдайдан өзі құтқарад.

Ақсақал сол, құдайдан хабар-жоба алад,

Білімменен, үлкендікпен демес болад.

Ғылымдық кеңесі бар мұндай елде,

Жатады қой үстінде бозторғай жұмыртқалап.

(Мамыр айы 2016 жыл)

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *