Бас тартқан билік уәзінен  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 40

Сөз жазамын уәзінмен,

Бабалар өткен ізімен.

Қалдырған өсиет өлеңмен

Құранның жеті үнінен.

Тәңірдің атқан сөзімен,

Иман және сенімнен.

Дінсіз таза ақылдан,

Бейнесі құдай сөзінен.

Дін дәстүрден жерінген,

Тақуалығы қазақ мүміннен.

Арсыздық шықты ғалымнан,

Мақтанған тек біліммен.

Ажырап ойшыл тегінен,

Ел басшыда ақыл кеміген.

Ғылымды іздеп тілінен,

Ағылшын, орыс жерінен.

Жас ұрпақты есінен,

Жалғанбауға тегінен

Үш тілді қатар меңгер деп,

Айырып жатыр ділінен.

Хабарсыз билік уәзінен,

Аса алмай мақтан менінен.

Таза ақылға жалғанбас,

Бас тартса дәстүр дінінен.

Ажырап аруақ үнінен,

Оянбай күнә өлімнен,

Жалығу болмай үлкеннен

Жол таппас қиямет мезгілден.

Ел билік қашып дінінен,

Дүниенің ісін білумен

Арсыз, ұятсыз ел болдық,

Мәңгілік тозақ елінен.

Пайда жоқ бұл сөзімнен,

Хабарсыз бес күн сезімнен.

Ақылды қайтпек ел басшы,

Қыз дүние артық көрінен.

(Мамыр айы 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *