Бүгінгі таңы қазақтың…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 96

Ел басшы болып Нұрсұлтан,

Өнер, білім қуғызған.

Шаруаның түрлі істерін,

Меңгеріп қуатты ел қылған.

Жан ғылымын ұмытқан,

Ар білімін қалдырған.

Жындылықты дәстүр деп,

Мәңгілік ел-деп ту қылған.

Сыңар жақ заңға шоқынтқан,

Жер ана руқынан бас тартқан.

Мақтаның түсіп соңына,

Жер сатып діннен бас тартқан.

Білімді ғылым ататқан,

Үш тілмен алмақ өзге ұлттан.

Ібілістің құрған торына,

Ақылды байлап шоқынтқан.

Құдайсыз қурай сынбаған,

Аманатын баба қалдырған.

Себебін қияметтік мезгілдің,

Ұға алмай жүр сонан Нұрсұлтан.

***  **

Танылып жерде тарапқа,

Бақ- дедік бұл қазаққа.

Дүниемен байлық, дүниені,

Әлеумет- деп қостық санатқа.
Ұмыттық бірақ құдайды,

Есебін деген сұрайды

Ар, ұятпен шаруасыз,

Мәңгілік ел, дедік оңайды.
Сүрінбес тұяқ болмайды,

Жаңылмақ бас оңайды.

Әулие атаған ел басшы,

Адастырды талайды.
Танымай өзін болмайды,

Құдайсыз ақыл толмайды.

Таза ақыл, дінсіз рухына,

Жалғанбай адасу оңайды.

Шындықта дін болмайды,

Таза ақыл рұхыңа жалғайды.

Шындықтан жоба беретін,

Алланың өзі -құдайды.

(Мамыр 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *