Мүсін жасап неге гүл қоямыз?  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 41

Тастан қашап мүсінін ойғызамыз.

Ескерткіш деп өлілерге қойғызамыз,

Анда-санда той жасап, гүл апарып,

Риза қылдық  деп аруағын мәз боламыз.

Әдетін ескіліктің салт қылғанбыз,

Европадан үлгі алып сыйынғанбыз.

Жаны мен рұқының сырын білмей,

Исламнан шығып кімге табынамыз?

Жаратылыстың сырын қайда жасырамыз,

Әлемнің бар дінін меңгеріп дамығанбыз.

Исламның келетінін болжай білген,

Құранды да іздеп барып дінге алғанбыз.

Құран оқып аруаққа, құдайға сыйынамыз,

Жеті үнге, тілек қосып қол жайамыз.

Құранда аятпен бекіген үкімі бар,

Ал енді неге бүгін күн дін бұзамыз?

Гүл қойып, тасқа неге шоқынамыз,

Қандай қуат өлімен алмасамыз?

Көркем сөзді арнамай, үнсіз мүлгіп,

Надандық дәуірге өтіп жынданамыз?

Ескерткішке тәңірдей шоқынамыз,

Құдайдың лағнетін шақырамыз.

Байқасаңыз осындай жиыннан соң,

Апат, азапқа айналады ымырамыз.

Құдайдың бар хабары, емес аңыз,

Дінен шығып, өліні мазақтаңыз,

Ұрпағыңа кесапаты келер деген,

Кәпірлікті өз еркіңмен тимасаңыз.

(Мамыр айы 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *