Дін діңгегі-Бес парыз

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 113

Қол-аяқ адамзатқа қару қылған,

Қозғалыстың бар тегіне қимыл болған.

Алланың қолы емес пе бар әлемді,

Қозғалтып, жаратып уақыт болған.

Адамзаттың қимылын уақыт қылған,

Тағдырымен есебін жазып тұрған,

Оң солы мен бес саусақ аяқ, қолда,

Бар істің әрекетін аруақ қылған.

Бес қуатпен жан көбейіп жаннат барған,

Бес қуатқа қарсылығы және болған.

Өсиеті бес санымен пайғамбардан,

Сүннет болып бекіген намаздардан.

Жер әлемнің қоғалысы бес қуатпен,

Бес қаруың бес саусақпен ұстай алсаң.

Төрт бестің түгелдігі дәстүріңмен,

Бесінші беске жалғау құпия болған.

Ғылымының бұл бір сыры ашылмаған.

Исламда бес парызбен намаз қылған.

Құлшылықтың ортасын ұстан деген,

Өсиеті сүннеті қалған пайғамбардан.

Бірінші парызы иман алған,

Сенімге иман тірек қуат болған.

Сенімді сүйіспеншілік дінге десек,

Иман-жарық жанға білім құпия алған.

Сендік деп кісіге тоғыз жалғанбаған,

Тоғыз төре төбеден ала алмасаң

Жүрек көзі имансыз ашылмайды,

Қан тазармай рұқың өлі оянбаған.

Екінші бес уақыт парыз болған,

Исламда ерекше намаз болған.

Есігіңнің алдында өзен ақса,

Бес уақыт бой өрісті шомылдырған.

Намазды оқудың да шарты болған,

Тазалық күзетшісі намазға алған.

Дәрет парыз намазды оқу үшін,

Дәреттің сақшысы киім тәнді жапқан.

Аптаның төрешісі жұма болған,

Бес уақыт намазыңа куә қылған.

Алланың ақ үйінде есеп беріп,

Бір сапта қол аруағың жалғандырған.

Жылдың бар жұма айы — рамазан,

Ораза ұстауменен жан тазарған.

Шайтаның жаныңдағы күйіп, жанып,

Рамазанда жан өсіп қуаттанған.

Дүниемен рұқың қуат мал тазартқан,

Садақа мұсылманға парыз қылған.

Тәубеңмен шүкірлікті бекітетін,

Садақаның түрі көп намаз болған.

Міндеті намазың бар зекет деген,

Тазартасың дүниеңді бәлекеттен.

Жомарттық жаннатына есік ашар,

Пайғамбардан үлгі көп сүннетпенен.

Қажылықты бесінші парыз деген,

Қажылыққа бара көрме қарызбенен.

Мәдина мен Меккеден жалғанатын,

Бас пен табан рухани есік ауызбенен.

Дін ортасы діңгегі бес парызбенен,

Шариғаттың дін ісі қазық деген.

Бұл базардан керегіңді жинап алып,

Сопылыққа  тақуалар жол ізденген.

Шариғаттың ішінен пайда болған,

Төрт масһабтың білімі неге қалған?

Төртеуін де түгелдеп бесті тапқан,

Ясауиден данадан дәстүр қалған.

Дін қазығы бес парыз пайғамбардан,

Бесінші сүремен бекітіпті жаратқаннан.

Бірлемесең мүмін емессің деген аят,

Інжіл, Тәурат, Рабб аянын кітаптардан.

Сопылықпен меңгерген ізі қылған,

Талай әулие жете алмай жолда қалған,

Шариғаттың дін ісін толық алмай,

Тура жолдың қисығына түсіп алған.

Бес жалғандық әр заманда тағдыр жазған,

Адамзатқа бес қуатпен сынақ болған.

Құдайсыз қурай да сынбайды деп,

Қазақтың дәстүр діні намазға алған.

Әр пендеге жол-жобасын құдай жазған,

Құдайшыл болыңдар деген өсиет қалған.

Пайғамбарлық намаздары ұмыт қалып,

Бес парыздық намаз бүгін білім болған.

Адаспайық дін қарындас білім қуған,

Иманды бол намаз оқып аян алған.

Шындықты келтіретін тақуа бол,

Тазартуға тәпсірлерді ғылым алған.

Жеті аятты пайғамбарға мирас қылған,

Азанның бар жеті аяты санап тұрсаң.

Бірден жеті туады «Фатихамен»

Тура жолды көрсету деп аталған.

Бірінші парыз еді иман алған,

Иманның да жеті шарты парызға болған.

Ол алламыз есепшінің ең жүйрігі,

Бірдің іші жеті шарты неге тұрған?

Жеті шартты төртеуіне қосар болсаң,

Он бір болмақ құпиясы намаздардан.

Хикметі Алланың осында тұр,

Он екімен ішінде, он бір болған.

Бес парызбен  ішінде жеті иман,

Құранның сүресі «Юсуп» болған.

Естілік деп аталар қазақшасы,

Жүсіп жолы түсті жорып амал қылған.

Уақыттың 12-аймен жыл толтырған,

Он бір жұлдыз, күн мен айға қуат қосқан.

Он бір жылда көлеңкелер қайта оралып,

Григроянға, хижрадай тағдыр жазған.

Иман қуат білімі үш ғылымнан,

Көк пен сары, қызылмен шындығынан.

Ораза, намаз, зекет, хаж – діннің ісі,

Үш сүюмен жеті иманға жалғандырған.

Төрт намаз біреуіне қызмет қылған,

Иманның жеті шартына жол тазартқан.

Мүміндік иманның  жемісін жүз өсіретін,

Жеті сабақ бидайдан кітапқа алған.

Тоғыз төре кісілігі бір ғылымнан,

Елшілігі  Алланың Қадырынан!

Тоғыз шеңбер жер бетінде төселетін,

Шапағат боп Мұхаммедтей пайғамбардан.

(Мамыр айы 2016 жыл.)

***  ***

Насихатын дін ісі шариғаттан,

Муфтиятың бәйгесіне ұсынылған.

Жарамсыз деп ұйғарған «ғұламалар»,

Сезім қумай, есептеп санды алған.

(Б.Т.К)

**** *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *