Иманның шартын білсеңіз

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 87

Биссимилла рахман, рахим сөздің басы,

Жеті теңіз адамзатқа жазылған насихаты.

Құдайдан шыққан будан сан жаратып,

Сөзді есеппен жаратып үнді салды.

Иманың тоғыз, қырық тоғыз бар қуаты,

Кітабына жалғанатын жеті санды.

Алпыс және жетпіс бұтақты деп,

Пайғамбарымыз санменен астарлапты.

Бір Алланың барлығы иман шарты,

Бірінші парыз алтауының қазынасы.

Бірлігі, барлығы жүрек пен ес,

Иман дәннен ғылымы өсіп тарамақшы.

Жүрек — теңіз, алты ақыл — қазынасы,

Иманның бұл парыздар сыр бақшасы,

Жеті парыз жеті жанның болып досы,

Бір ақылмен жүректен қуат тарамақшы.

Періштелер Адамдықтың қауымдасы,

Қырық бірмен Адам ата болды жақсы.

Сәжде жасап адамзатқа бұл қуаттар,

Төрт бөлмеде жүректің бар қазынасы.

Құралғанды дін кітабы санмен басы,

Құран дейміз барлық діннің қазынасы.

Сан ғылымын жетік білген даналар көп,

Пайғамбарлық мирасқа жалғанып игі жақсы.

Өлеңге лайық емес құранның бар аяты,

Арап сөзін жаттап алып болма қарсы.

Құранның ғылымы бар жеті үнмен,

Ғылымына жалғанар мүмін, тақуасы.

Өлшеусіз кеңістік, рұқпен бұл парасы,

Саяздық, тереңдік, судың үні құпияласы.

Алланың тілсіз үні және жарығымен,

Жеті қазына сырының бар қарсыласы.

Қара түрмен сегіз жындық бар қуаты,

Жер бетінің тіршіліктің күш пен асы.

Қажы баба мирас алған шырағданың,

Он алты барыспен бейнеленген құпиясы.

Және төрт аңның алдында ортақ асы,

Бір несібе жаратқаннан рұқ парасы.

Үш жеті жиырма бір санап көрсең,

Төрт иманның түгелдігі, дін қазынасы.

Жалғануға елшіліктен Рабб кітабы,

Аманаты жол-жобалық иман шарты.

Сендім деген иман емес, өзі келмес,

Құран оқып, Алла достарын ұлықташы.

Төртеу түгел, бестен иман құпиясы,

Ақиреттің білімімен болмақ жақсы.

Қабірдегісін тастап қойған кәпір елдей,

Болмаңдар деген Раббың жұрттың насы.

Қазақтың шежірелік, дәстүр-салты,

Өліге иман, тіріге берекет тілер кәрі, жасы.

Аманатын құдайдан сұрап алған,

Жеңілдеткен ақирет жүгін туыстасы.

Алтыншы сипаты бар иман шарты,

Ажыратуға жақсы жаман, ақ қарасы.

Құдайсыз қурай да сынбайды деп,

Шүкірлігі қазақтың діннен салты.

Жақсылықтың құдайдан шапағаты,

Ал жамандық ар, ұяттың қарсыласы.

Не өзіңнен, не көлеңке себепшіңнен,

Дұрыс ойлау иманның болар шарты.

Иманның парызы бар соңғы шарты,

Мәңгілік өмір сүрмек жан жобасы.

Ұждан деп атаған даналар да,

Қазақтың даналықтан бұл аманаты.

Ар-ұжданды болуға дін тағаты,

Бір естілік, бір ғылымнан ғибраты.

Ясауи, Абай-Шәкәрім әулиелерден,

Құранның тарқатылған сыр мен хаты.

Ораза, намаз, зекет, хаждың жоқ таласы,

Исламның бұл құлшылық қазынасы.

Орындалмай құдайдың жол-жобасы,

Ақтала алмай, жүрегінде жатар тасы.

Өзін-өзі ақтамасын дегенді адамзатты,

Жерден тесік, көкке шығар саты тапшы.

Сен де болма қарсы наданнан деп,

Пайғамбарға түскен үкім Рабб аяты.

Құдайшылдық Раббыдан жол-жобасы,

Әр пендеге көрсеткен тағдыр хаты.

Иман- деген жанға құпия білімі ғой,

Таза ақылдың бейнесі шындық заты.

Алланың сөзі растық «қалам» заты,

Жеті теңіз иманның бар сиясы.

Иманменен сенімді насихаттап,

Бірлігі ислам, бір ғылымдық құпиясы.

Исламның бірлігімен болған қарсы,

Ар-ұждансыз пенделер діннің қасы.

Иман, сенім бірлігінен мәңгілік жан,

Тәңір атқан екі сөзбен «Мен» деп аты.

Қазақтың табынуы ғұрып атты,

Дін сенімін ақыретпен қосарлапты.

Өліге иман, тіріге береке бере гөр деп,

Өлісіне бойдан қуат сый жасапты.

****  ****

Адамның болған екен екі баласы,

Абыл — иман, Қабыл – сеніммен бар сипаты.

Алланың бізге берген бұл ғибраты,

Адамзаттың бәрі де мұны қайталапты.

Інжілде  Ғиса пайғамбар мысалдапты,

Әкенің үлкені кетіп, кішісі үйде қапты.

Азап көріп, ол ұлы қайтып келсе,

Әкесі қуанғаннан той жасапты…

Жұбың бар ей адамзат жолдас атты,

Құрсақта барлық пенде бірге жатты.

Иманы жолдасы деп көмген екен,

Қазақтың ғұрпында ырым қапты.

Екі Ахмет бас пен аяқ Мен атапты,

Иман, сенім белгісі нұр сипатты.

Бірлігі рұқ пен үні жаратқанның,

Ал, үшіншінің ғылымын өзің тапшы?!…

(Мамыр 2016 жыл)

***  ****

Бұл өлеңмен жазылған насихатты,

Бәйгесінен муфтиятың шығып қапты.

«Ғұламалар» кеңесі жарамсыз деп,

Сырына санның үңіліп ми ашытпапты.

Ақылға бағыт берер ой қуаты,

Ақыл мен ойды бірлеу бұл сынақты

Ғылымға кірпіш болып қаланғандар,

Жалғанбақ даналарға ізгі жақсы.

(Б.Т.К)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *