VI- БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 178

    ҒЫЛЫМ КЕЛУ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ БОЛУ.

Ғылым мен ғалымдықтықтың мәні неде? Осы асыл сөздердің мағынасын түсінуден қалып, білім қалай пайда болады, ілім неден шығады дегенге толық жауап беретін жазушылар немесе «психоллог» жан танушы ғалымдар, болмаса сөз табушы сәуегей «филлософтардың» еңбегін қазіргі таңда кездестіре алмайсың. Мүмкін жарыққа шықпай баспасөзге жеткізуге қолы қысқа болып жүрген қазақ ағайындар, басқалай шабыт егелері болса, алдын ала кешірім сұраймын. Енді ғылымдықпен, ғалымдықтың ара жігін ажырату үшін Абай атамызға жүгініп; — Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз –күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.-деп ғылымға күтім болып және оны естіп, тыңдап және үйрететін шәкірт болу керек екендігі және ғылым тылсым сырымен байланыстылығын ескерткен. Ал Құран насихатына жүгінсек, ғылым келу адам баласының көп оқығанына байланысты емес, ақыл-ойдың толықтығымен, естің қуатына тоқығанына аянмен түседі. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымызға ғылым беріліп және « Кімге ғылым берілсе оған мол игілік берілді деп есептеңдер.» деп ескерткен. Олай болса ғылым әулие бабаларымыз көрсетіп, айтып кеткен анық ақылға сол өмір сүрген замандағы адамдар біліміне симайтын хикметті істер және құран аяттарынның құпиялары болып табылады. Ғылым түс болып келеді де түсінгі растықпен, салыстыру арқылы білімге айналып, олардың сырын, өлшемін меңгергендер ғалым болып аталады. Ғылымдық жаратқаннан берілген тән мен жанның бірлігіне, рух тазалығына қонатын қасиет, ал ғалымдық тәрбиемен еңбектенумен, растықты меңгерумен өлшенетін адамзаттың бәріне тән қол жеткізуге болатын қабілет. Олай болса кезінде қазақ жерінде өткен әулие- әмбилер және ерекше хикметтермен белгілі болған, қожа, бақсы, ишан, сопы, дәуріш, хазіреттер азды көпті шамасына қарай ғылымнан үлес берілгендер болып табылады. Ал қазіргі таңда өздерін ілімдімін деп есептейтін хазірет, шейхтар олар кітап арқылы үйренген, білген біліміне қарай ғана ғалымдар қатарына жатқызуға болады. Демек білімнің жоғарғы сатылары ғалымдық болса, ілімнің білім арқылы және дінді меңгеру арқылы жеткен жоғары дәрежесі-ғылымдық. Сондықтан ілімділердің, хазірет, шейхтардың бәрі ғылымды емес, бірақ ілімнен, білімнен алған шамасына қарай ғалым болуы әбден мүмкін. Осындай сөз түсінігінің түп негізі өзгеруімен сопылықтың мәні қарапайым білу арқылы (білім арқылы емес) ілімді меңгерумен өлшеніп, ал сопы-ғалым мүлде жоқ десек жаңылмаймыз. Егер сопы-ғалым болса дін азып, қазіргі таңдағыдай беделі білімнің алдында түспес еді. Ал сопы-дәуріштік дін жолындағы тазару амалдарын заманына сай жетілдіру арқылы жететін бақсылық, емшілік қасиеттерінің жоғарғы дәрежесі.  Бірақ әзірше қазақ жерінде ондай халық алдына көрінген құпия істермен белгілі болғандарды әрі қарай жетілдіріп, зертеліп кемшіліктерін көп болып түзетіп, әлем алдында дәлелдемек түгіл; «серік қосушылар, шерік қосушылар» деген айдар тағылып үкімет, мешіт тарапынан қудаланып, діннің «сектасы» болып таңбаланып, қайта бас көтере алмай жатыр. Демек онда қазақ елінің ғалымдары, жазушылары, ілімді хазірет, шейх, тиолог-философтарының жаратқаннан алған  ғылымы жоқ. Себебі ғалым аталу немесе хазіреттік, шейхтық дәрежеге жету қазіргі таңда көп қиындық емес, талмай оқып, еңбектеніп, құдайға емес құдайдың дәреже беріп қойған құлдарына шоқынып, жағына білсеңіз болды атақта, мадақта, алқада соны дәлелдейтін қорғайтын мөрленген қағазыңызда болады. Бірақ сол алған қағаз, ордендер Алланың ерекше белгісін, хикметін елге көрсетіп, жабыққанға желеу, адасқанға демеу, жұқарғанға көрпе болып, тіптен кәпірлердің өзін жолға салуға септігі тие ме? Ал ондай ғылым келген ғұламалары, әулиесі бар елдің де жаратқаннан берер шапағаты болып, тура жолдың үкімі түсіп партия құрып бөлшектенбей, бірін-бірі құлдап, өсектеп лағнеттеп, жауласпай, халық бір сөзге көндіріліп, бірін ғана тыңдап, киелі әлем таңғалдырар ұрпақтар өмірге әкеліп, ғылым, білім дамып, күрделі дерттердің өзі ондай ғылымдылыры бар елдің алдында тізе бүгіп, елде бейбіт қарын тоқ, қой үстіне боз торғай жұмырқалап жатар еді. Ондай Алланың нығметіне жетуді енді  кімнен қалай үйренеміз? Барлық иманың шатағы осында тұрған сияқты. Білімділер деп аталып, «өркениетті» деген үлгі алған елдеріміздің әйелдері азып, ерекектері бір біріне асылып, діншілерінің көзі қарауытып, күн ара бірін-бірі жарып, болмаса Алланың азабы су, от апатарымен, түрлі аурулардан көз ашпай жатқан елдердің қатарына бізде қалмай қосыламыз деп зиялы қауымыз жаңа заман, басқаша заман орнатамыз, аталарымыз қателесіпті, сондықтан  сөзін, таңбасын аламыз деп, және тілінде түгелдей, әдебімен қоса алып жатырмыз. Одан қазақ түзелді ме? Дініміз тазарып, ауру азайып, жүйкеміз бекіп, болашақтан қоқынышсыз бейбіт өмір сүріп жатырмыз ба? Керісінше діні азған елдің салтын ұстап, күн құрғатпай апат, болмаса жастарымыз өзін-өзіне қол жұмсап жатқаны қалай? Егер нағыз зиялыларымыз болып, сопылар, ғылымдыларымыз болса себебін табу керек еді? Ал жаратқанның берген, қазіргі таңдағы елімізге түсіп жатқан, болып жатқан халықтар несібесі-кеңшілік, жетістік, тоқшылық ол, біздің емес шежіре тарихымыздың жемісі, кезінде аталарымыздың төккен қанының, жерге сіңген еңбегінің өтемі болып, біздер соны жинап, ойлансын деген, құдайдың құдіреті және сынағы. Жоғарыдағы отырған Алланың сынағымен несібесін артығымен берген, аз ғана адамдардың амандығы мен ас-төк байлығы, болашақтағы жаратқаннан көпшілікке келе жатқан рухани мұқтаждық пен қайғысының өтеуі бола алмайды. Қарын толып, жоқшылықтан құтылып, енді адам қатарына қосылдық дегендердің от басына қасіретер түсе бастады. Енді алтыннан сарай салған, күмістен тіреу қойғандардың, бағандарына ұрпақтары асылып тұрмасына мөрленген қағазы, астындағы тағы, басындағы бағы да жәрдем бере алмайтын қасірет олардың да есігін қағып тұрғаны даусыз. Онда енді кімнен үйренеміз? Әрине, адамзатқа ортақ киелі кітап шежірелерден. Әлемнің қасіретінен туындаған оқиғалардан үлгілерді сендерде соны қайталамаңдар деп белгілерін өздеріңнен іздеңдер деп ақыл  түсіріп қойса неге үгіт алмасқа? Ол үшін сөз астарын, мағынасын толық шешуді ел болып үйренейік. Ғылымды болу тек көктен келетін құпия аяндарды шеше білумен орындалады. Сондықтан   қазақ аталарымыз; «Түсің түзелмей, ісің түзелмес.» деп бекер ескертпеген. Онда неге сол аталарымыздың алдына жүгініп, қалай түсті көрсетуді сұрамасқа. Ондай амалдар жинағын; Әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атаған емес пе? Пайғамбарымызда; «Түсімде, маған  бір қадақ сүт әкелді. Мен одан тырнақтарымның астынан сүт шыққанша қанып іштім, сосын қалғанын Омар ибн Хаттабқа бердім»-« Оны неге жорыдың, уа Алланың елшісі?»-деп сұрағанда Ол; «Білім» деді.» (72, 82). Олай болса ілімді меңгеру үшін алдымен, білімді аянды көру арқылы алады екенбіз. Енді сол білімімізді кімнен және қайдан іздейміз? Пайғамбарымыз: «Расында, Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде –бір ғұламаны тірі қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады.» (85, 100) Және «Білімнің жойылуы мен надандықтың орнауы; ішімдікке салыну мен зинақорлықтың белең алуы-қияметтің белгілерінен.-деп айты» (63,11). Олай болса қазақ елінде қияметің белгісінің басталғанына талай жылдар болып, ғалымдарымыз, дін басқарушыларымыз қанша ақылды білімді болғанымен, жан ғылымынан сауатсыз. Оған себеп естік қуаттары толық емес. Себебі қарапайым ғана тіршілік аянын көре алмағандықтан елге апаттар түсіп жатыр. Онда ел болып Хазірет, ғалым, білімділерден елді осы тығырықтан шығаруға болатын қандай аян алып немесе күрделі түс көрдіңдер деп неге сұрамасқа? Бәрібір жауап бере алмайтына ойланбай бәс тігуге болады. Оған дәлел егер олар қарапайым ғана ауылдағы білімсіз қариялардың көретін Алланың нығметіне еге болса, онда халық сеніп, үкіметіміз үміт артқан жоғарғы зиялыларымыз, дін басшыларымыз, Сұлтан Бейбарыс атамыздың шәкірті болып, қартайғаннан кейін орнына 14 жыл Египетті басқарып, сол жерде жерленген Беріш Құрбан атамыздың топырағын елге әкеліп, Сұлтан Бейбарыс аталарың топырағы осы деп, халыққа құран оқытып, зираттатып алдағанын білмей ме? Халықты алдау құдайға өтірік айтып, өзіне зұлымдық жасау емес пе? Болашақ ұрапақтар алдында бәрібір ақиқат ақталып, шындық көрінгенде қалай ақталамыз? Бала әкеге, әке балаға бодау төлей алмайтын заманан сақтаныңдар деген осы емес пе? Есімізді жинап, «Ештен қашанда кеш жақсы» деп, ел болып аталарымыз меңгерген ғылымды көп болып іздесек, бір-бірімізді түртпектеп артынан ши жүгіртпей ізденсек, әйтеуір арамыздағы біреуімізге Алланың игілігі түсері сөзсіз. Абай атамыз «Ғылым көпке емес бірге келеді» деп бекер айты ма? Әрқайсысымыз  ілімнің жолы осылай деп, жат жұртқа еріп жол тапқанша, көппен халықпен бірге адасып, жаратқанға жалбарынсақ көптің тілегі қабыл болары даусыз. Мешітке келіп намаз оқып қана ағарасың, ақыл толады, ал арапша ғана тілесең жарылқанасың деп сендіру, дінді бөлшектеудің басты амалы. Және естің қуаты намаз оқи берсең толады, жаның тазарады деп ешқандай бұрынғы өткен ғұлама да, ғалымдар да ескертпегенде жазбаған да. Егер араптар сияқты ғана иман келтіру керек десеңіз онда пайғамбарымыз; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың, кез бе кез емес пе ілесіңдер, (серік, шерік қосты деп ойламаңдар) тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де (жерленсе) оған кіресіңдер! ((бұйырды)-деді. Біз; «Уа, Алланың елшісі! Яһудилер мен Християндарды да айтып тұрсың ба?»-деп сұраған едік, Ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айты.»1378, 3456) Пайғамбарымыз құраннан бұрынғы орындалған амалдардың, пайғамбарлар арқылы келеген нұсқаулардың ғұрыпқа айналған ұлттық жол-жоралғылырды әдеттен қалдырмай орындауды қатаң тапсырған. Алланың ерекше хикметті белгілері болып және ол мейлі тау, тас, жеке ағаштар болмаса ескі қорымдар болсын, құрметтеп күтіп, лайықты сәлем беру амалдары осы пайғамбарымыз ескерткен сүннет. Олай болса кезінде кесірткенің іні болса да қазақ аталарымыз қадір тұтса, онда біздердің де солай құрметеуіміз пайғамбар бұйрығы, тапсырмасы аманаты болып есептеледі. Сондықтан құран насихаты бойынша,  білім берілгендер қатарына бұрынғы ерекше хикмет істерімен және Алладан ерекше қасиет алып, кітаптар жазып, ғылым, білімді дамытқан адамның бәрі дерлік кітап берілген қожалар санатында болып табылады. Қожалықтың негізінен үш түрі сатысы бар.Ал қожадан жоғары Аллаға нағыз құл болудың биік дәрежесі пайғамбарлық қасиетті меңгергендер «Ахмет» болып есептеледі. Әбу Насыр- ғалым сопылық, кітапқа қожалық, Қожа Насыр- сәуегейлік, тілге, сөзге нәпсіге, жанға қожалық және Сахабалық дәреже-сұлтан. Олар, Алла жолында мал-жанымен соғысушы болып және бақсылықтың, емшіліктің т.б ерекше хикметті істердің жоғарғы сатыларын меңгергендер жатады. Ал «мен қожаның ұрпағымын сондықтан қожа руымын» деп, Алладан түскен кітабы дәлелі болмай, өзін-өзі ағарту-қожалық, әмбилік тәкәпарлықтың, жан ғылымын жоққа шығарып құран насихатына қарсылықтың яғни Аллаға ортақ қосу, тәубе ішіндегі күнә жасау амалы болып табылады. Себебі, Алла бермесе кітапқа қожалық түгіл иманды да бола алмайсың. Жаратылыстан, тағдырдың жазуымен Алланың нығметі беріліп; ақын, жазушы, ғалым, ел басқарушы және басқалай дүние байлығын иемденгендер негізінен бұрынғы өмірлерінде және ата-бабалары Алланың сынағынан өткендердің кітап берілгендердің қожалар (әмбилер) ұрпақтары, нығмет берілгендер болып және сол нығметтерімен бірге енді елге, дүниеге, сөзге қожалық беріліп, сыналып жатқандар  болып табылады. Ондай пенделерге берілген байлық, ел басқару, шығармашылық, ғалымдық, діншілдік қабілеттер т.б негізгі дінінің басты сынағы болып табылады.  Келіңіз енді оқушым осы қазақ еліндегі нығмет берілгендердің енді рухани бейнесіне бірге көз жүгіртіп көрейік.

Жазушы және шығармашылық өкілдері; Бұл топқа өздерін зиялы қауыммын деп есептейтін шығармашылық өкілдері, мәдени қызметкерлер, мұғалімдер, ғалымдар да жатады. Ал қазақ жерінде діннің тереңіне үңілмей-ақ, сыртқы көрнісіне ғана көз жүгіртсеңіздер біздер кейінгі надандық дәуірлер дініне қарай кетіп бара жатқан елге ұқсаймыз. Егемендік алғаннан кейін енді орыстан іргені аулақ салу керек деген діннің басты қағидасына қарсы шығумен қатар, ныспыларын (фамилия) қысқартып еркек түгіл, әйелдің өзі әкесімен қатар аталуды мақтанышқа айналды. Жаратушымыз адам баласына негізінен тіршілік тектің байланысқа бес түрлі қуат беріп әр қуатқа белгі ат қойуды нұсқаған. Оған қазақша бес саусақтың атаулары және сандық ғылымын білсеңіз болды. Тек Ғиса пайғамбарымыз ғана әкесіз киелі, қасиетті сөзден періштелер арқылы жаратылғаннан кейін ғана Мәрием ұлы Ғиса деп атауды тапсырған. Ал қалған пенделер әкесінің тектерін толықтап алуды бұйырған. Бұрынғы қазақ аталарымызда үш-төрт аттары болған. Әзірет Сұлтан Құл Қожа Ахмет Ясауи Ибрагим ұлы толық көркем есім сипаты болып сандық мәні де болашақта дәлелденері даусыз. Адам баласына сондай болсын деп қасиетті есімдерді жамылып туғаннан өтірік ат қойылады. Мұхаммед деп балаға ат қойылса, ол пайғамбар болады деген емес, елшілік қасиеті жұқса деген, негізінен қара күштерді алдауға құрылған таза өтірік. Екіншіден пенденің тағдырында рухтың қарасы (өтірігі) тумысынан жазылады. Осы екі өтірікті жеңіп, атың көркем есімге және қасиеттілік белгімен, біліммен қосымша халықтан жақсы ат алу, тылсымнан әр пенденің өз дінінің көрнісі болу керек.   Ал енді әкесін, тегін өтірікші атап, болмаса  әлде некесіз, тегім жоқ деген ырыммен бе; Жамал Қасен, Айгүл Жолтай, Болман Жолбарыс деген дін заңына қарсылықтарды неге білмейміз ғалымдық болса қазақта? «ОВ» деген екі буынды таңбаны орыстар «во» деп жақсылықты «на» деп ренішін, қаһарын онда да үш саусағының арасынан көрсетеді. Қазақта бас бармақты «қария» деп жүрегін жаратылыс нәсілін айтқан. Енді бас бармақсыз некесіз, әлде жеті атамды білмеймін деген ырымды аттармен яғни жетесіздік белгісімен туғандар көбейді қазақ зиялылар арасында. Сол сияқты әліпби таңбалары ғылымда өмірде ұзақ пайдаланып үндерді қосымша таңбалап, жетілдіріп отырмаса тозып, адам баласына зиянын тигізіп, көз майларын тауыса бастайды да халықтың жалпы көзінің көгеріп, өздері сарғайып, жан өнімінің әлсіздігін және ғылымның дамуын да тежейді. Ал қазақтық тіл мамандарының латын әріптерін дәріптеуі; үндерді түрмеге қамап, ағылшын тілінде ғана білім түсінікті болып, солардай білімді тоздырамыз деп жар салуды қалай түсінеміз? Сонда адам баласы білімге, таңбаға құлшылық, қызмет қылу керек пе, болмаса сол ғылым жетістіктерін игіліктерді, таңба, сөздерді адамға қызмет жасату керек пе? Таңбаға шоқыну амалы емес пе? Дұрысы қазақ таңбасымен компютер шығарып, өзге елмен жарысқанымыз дін заңына лайық болмай ма? Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің дегендей, бұрынғы өткендерді тізбектемей-ақ, жақында Бауыржан атамызға үлкен ескерткіш ашып, қазақтың бар зиялы қауымы, мақтанып, сөз сөйлеп гүл қойғанын көгілдір терезеден жарыса көрсетті. Гүл тамырымен тұтастықта ғана жер сөзін жұпар иіспен әңгімелеп, ортаға таратады да, ал жұлғаннан кейін шөпке яғни өсекке айналады. Кейде сондай ғұлама, еліне қызмет қылып өткен аталар басына құран оқуға бара қалсаңыз, шөптермен бетін жауып қойғанын, немесе зиялы жазушы т,б зиялыларды аталарына, туыстарына шөп қойып жатқанын көресің де азған діннің тозған ырымын жасап жүргеніне іштей намыстануға,ұялуға, қызаруға тура келеді. Қазақта қай атаң гүлді жұлып, осы гүлдей соларсың деп ырым қылған? Ұлттың намысын ата-баба арының туын, дәстүрді жат елдің ырымымен батырымыздың рухын былғауымыз отан үшін қан төгіп қазақтың сөзін, әдет-ғұрпын туын көтергенге берген сыйымыз ба? Дінді, шежірені, дәстүрді білеміз деп сөз жүзінде әлемге жар саламыз, ал құран бағыштап еске алуды, шоқыну амалына айырбастап, елге келетін жамандықтың, қасірет, аурудың ұрығын егіп жатқанымызды және болашақта  ұрпақтар алдында не бетімізді айтамыз? Мешіттер, діни сауаттылар, шариғатшыл ғұламаларымыз не бітіріп, халықтың берген зекетін, сенімін ақтап, сондай елге қасірет әкелетін жамандықтарға қарсы тұра алмай жатыр? Алланың ерекше қасиет беріп, өз жолында соғысқан сүйікті құлдарына қарапайым қасиеттік белгісін, таңбасын қойып, құран бағыштайтын, Алланы еске алатын құлшылық орны қылып ашуға болмас па еді? Бұл қазақтың зиялы деп сенім артқан топтың діни ойлау дәрежесінің, зайырлығының, парасаттылығының ұлтық намысының шамасы ауылдың қарапайым қарияларының дәрежесінен де төмендігін көрсетеді. Кім исламнан басқа дін іздесе, әсте қабыл болмайды және көктен біртұтас адамдар мен періштелер лағнет айтады! Осындай өзге діннің  жетегіне еруден тек өз басымызға емес, бүкіл елге де хауіп-қатер, апаттарды туындатады! Онан да Қазалы қаласының жанында Жанқожа батыр атамызға қойылған ескерткіш құран оқитын жерді көріп, әрі құран бағыштап Аллаға мадақ, сүйген құлына сәлем беріп, үлгі алып қайтыңыздар зиялы қауым. Болмаса батыстық (атыраулық, маңғыстаулық) жас балалардан да сұраңдар, оны оларда «Тұрпат» деп атайды яғни мұсылманның ескерткіші құран оқитын зират орнының көшірмесі болу керек. Мүмкін сонда ел қорғаған батырмен, әулиесін қалай құрметеу керек екенін біліп,  араларыңыздан иманы кәміл біреулеріңіз шығып, үкіметің де осындай «аша тұяқ қалмасын» саясатына тоқтау болар. Біздердің пікір, өтініштерімізді үкіметпен арада атақтарыңмен, дәрежелеріңмен алынбас қорған құрып сөзімізді жеткізбейсіңдер.  Болмаса жалған атақ, намыстарың жібермейді расты көруге, мойындауға, сонда қандай зиялық қоныстанады ондай адамға? Менің ақылым жетпейтіні жазушы зиялылардың түгелге жуығы Абай-Шәкәрім танушы да, бірақ Абай атамызға жаратқаннан ғылым-кітап беріліп, оны Шәкәрім атамыздың ғалым сопылықпен дәлелдегенін неге жазбайды? Онда дінді, құранды білмейді? Ал кейбірінің жазғандары да сөздеріде керемет, ал қылықтары ислам дінінің қарапайым амалдарын орындамақ түгіл жат елдің азған дінінің тозған амалдарына ырымдарына сеніп және соны жарыса неге орындайды? Бұл тек шамалы ғана қазақ елінің зиялылығының парасатылығымен наным- сенім, парасатылығы, зайырлығы яғни ішкі сыры  діндерінің әзірше қысқаша ғана көрнісі.

Дәрігерлер мен емшілер. Адамзат өзін-өзі танысын деп, күнәні жаратып, күнәсінә қарай ауру беріп құдайын ұмытпай тәубеге келу үшін емшілерді түсіріп, ем-дом ғылымын беріп, аянмен үйретіп, онан «медтина» бөлініп шыққанын ақылы сау адам баласы жоққа шығара алмайды. Осындай әр елге келеген сынақ апаттардан ақылмыз кіріп, әр түрлі қорғану амалдарын әдетке сосын ғұрыптық салт-дәстүрге айналдырдық. Бүкіл тарихымызда өткен ата-бабаларымыздың қанымен көз жасымен, төкен терімен қалыптасқан ақыл, сана, тәубеміз осы төрт сөзбен ел тағдырының тарихи бейнесін көрсетеді.  Ел тағдырының мәдениет шежіресін сақтап, күтіп, баптап өз тағдырымен жалғап отыратын нұрландыратын рухани-сана кітабымыздың көрнісі яғни дініміз. Сондықтан мемлекет діннен бөлек,- деген қандайда болсын адам баласы нағыз шайтанның өзі деп біліңіз. Олай болса дінің де ғылымның да тура жолдың да негізгі көрнісі жамандықтардан сақтану жобасы шипагерлікте. Қазіргі таңда қазақ елінің емшілікті халықтық, дәрігерлікті дәстүрлік деп, жан мен тәнді екіге бөліп тастағандай көрніс бар. «Ауру астан, дау қарындастан.» деген аталарымыздың ғұламалық өситін астарын іздесек; Ас-тастан, тастан-су, Судан барлық азық негізі жаңбыр болып көктен келеді екен. Ал «қарындас» деп діні яғни әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бір негізде тоғысқан адам балаларын айтады. Екінші қарындас мағынасы әйел затын ескертеді. Олай болса әйелден» дау, даудан ауру пайда болады. Дау (сөз иісі) қолдан әсіресе әйелзатынан сасық иістен басталып, 40 жан ұясының яғни ұятты жерлерінің тазалығына қарай алтынның иісіне дейін жетіледі. Жаны таза әйелдің қолы алтын «Ал қолда бар алтынның қадірі жоқ» қашанда. Тәні жалаңаш, көкірегі ашық, басында жаулығы жоқ әйел затынаның қолынан үнемі және жұлдыздың әсерімен кейде дау (сасық) иісі шығып, сол иістен тамаққа өтіп баларды еркектерді улай бастайды да, іш құрлыстың шіріуімен және жыландардың пайда болуымен, адам баласы түрлі ауруға, әсіресе жүйке ауруларына ұшырайды да және өзіне- өзі қол жұмсайды. Сондықтан әйел заты үнемі жабық болып, қолындағы сәулені тиісті орындарына жұмсап, тазартып тұрмаса ұрпағы, еркегі де азып, сүті ашып, еріне бертін шабыт суы, уға айналып, ділдің жоғалуына жалпы халықтың мәңгүтігіне әкеліп соқтырады. Әлемнің басы қатып, йодтары жоғалып, семіздікке ұшырап, сүттері жоғалып, балалары кеміс болып, семіздіктен жүйке ауруынан құтыла алмай жатқан дерттің емін аталарымыз аз ғана мақалмен көрсетіп кетіпті. «Есті әйел етегін жабады». «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық». «Еркек дауысты әйелде ұят болмас, қатын дауысты еркекте қуат болмас», «Әдебі жаман ауылға әйелді апарма!» деп тапсырып кетіпті. Мағжан атамыз; «Іздесем сөз табатын ақыл бар ма? Тыңдасам бой балқытар нақыл бар ма? Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе, Обалы жаулығы жоқ қатындарға» деп асыл сөздің йодтың иісі болып бастан шығып, ауада түрленіп, ауру болып таралатынын, сөзі жоғалған қатынның тұқымы азатынын ескерткен. Ал енді ондай қатынның қолынан тамақтанған, қасына жатқан еркектердің мәңгүтке айналып,  белі арқылы ұрығы азып, сөзіде жоғалады. Ас қазан- тозақ, оған екі қақпа бар ашылылатын. Қандай да халық емшілігінің ескертуінде адам баласының екі аяғының арасында және дастархан үстінде екі қол арасынан адам баласының азықтық зиянды қара қуатының жиналатынын ескертеді. Ал қазақта екі аяқтың арасындағы белгіні «арай жап!» «жаман ат» деп құпиялап; «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» деген. Жалаңаш, тән сұлулығына мәз болып әуреттерін жапай, еркекше киініп, шоралары ішке түсіп, екі аяқ арасындағы жаман аттарына жал біткен әйел заты ешқашанда жанына «жатырына» кемеңгер болатын, шекесі торсықтай ұл байлатпайды. Керісінше тәндері арам көздермен сұқталып, еркекке төсек арқылы ішкізетін суы «У»ға айналып, еркектерді түрлі ит ауруына ұшырытып, жыныстық қабілетін тоқтатып, өзінің әйелдік қасиеті жан құмарлығы тоқтап, тән құмарлығы үстем болған сайын мастығы артып, «гендірлік» үстемдікке  ие болады. Жал бітпесін деп жынысын күте алатын қыз баланың жатырында алтын бесік жатады. Сондықтан аталарымыз «Сұлулығына су құйып іше аласың ба?» деп ескерткен де төсекте еріне әйелдік ақуыздық қуат бере алмаған әйелді және «Қазақ қай сүтті қызын береді дейсің» деп қырық үйінің толық еместігін ескерткен.    Егер ұлтына тән сөздің, тілдің қадірін біліп, бабалардан аманат мақалдардың нақылын, ғылымын түсініп барып, амал қылмаса жан жемісін бермейді де арты жалпы халықтың азуымен қан төгіс сынақтармен аяқталады. Әйелдің ер адамға беретін сүті қанға жазатын діл қуаты болатынын әлем ғалымдары әсіресе еркектер әйелдерден нені талап етуін білсе, әйелзаты бұндай қасіретке ұшырап азбас еді. Сондықтан жан ғылымын меңгердік деп әлемде әйел, еркек теңдігін қалыптастырмақ болып жатқан бүкіл жан танушы ғалымдар, «психолг» мамандар әлемге қасірет, қайғы таратушы ібілістің сарбаздары! Құранда; «Әй пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер,… қол аяқтарының арасынан бір жала жапауға және ізгілік істеуге…келеген кезде олардың сертерін қабыл ал...» (60-13) Ал енді ата дәстүрі түгіл мұсылмандық сертке де қарсы үлгіні көрсетіп жүрген,  жан емшісі «Дәрігер» деген «медсестра» яғни мейірбикешіңіз «дәріні егуші». Енді дәріні ғана егушілер, ауруға тылсым бұйрығымен беруші шипагерге, емшіге ұлықсат  қағазды беру керек деген құдайдың әміріне ұлықсат беруге заң ойлап табу, тек қазақтың зиялыларына ғана тән ойшылдық жұмыс. Дінің тілімен ойласақ; тән ғылымы жан ғылымының басшысы болу керек деген заң. Осы мүгедек заңға сүйеніп, сол дәріні ғана егуші құдайдың ісіне араласып және тағы «жан сақтау» жұмысын атқара алады екен. Жан сақтаушы «дәрі-егер»-«Құдай» деген ұғымды береді. Алланың сүйген құлдарының әулиелердің, пайғамбарлардың Алланың бұйрығынсыз өзі ұрпағының да, пендесінің жанын сақтауға құдіреті жетпесе, сонда құдайдың бұйрығын орындаушы емші немесе шипагар де емес, дәріні ғана егуші қалай жанды сақтайды және қандай ыдысқа салып сақтайды? Жындының сөзі емес пе? Бүкіл адам баласына ем-шипа заңдылығына қарсы, сол дәрі-егерлер жалаң бастарынан қанның иісі сасып, йодары бастарынан шығып кетіп, тағы екі аяқтарының арасынан жалы көрініп, құйрыққа арам май жинап, қара қуаттары отырған жерлеріне шөп шығармай, ауруға ауру қосып, жанды күйдіру, бүлдіру амалын өздері де халыққа үлгі қылып, құдайсыз аталған мемлекет тұсында да болмаған «медтина» іліміне жат әдепті сол дәрігерлердің, басшыларының, ғалымдарының оларды дайындайтын оқу орындарының қарапайым емшілік істерге тән тазалық әдебі түгіл, нәпсіні жетілдіретін жын шайтанның ордасына айналдырып алғандай. Сондықтан ондай жабайы тән емшілігімен айналысқан адам баласы сол өзі білем деп, көп емдеген ауруымен өзі ауырып, күнәның құрбаны болары сөзсіз. Ауру күнәдан туындап, күнә жасаушыға міндетті түрде жұғады. Ал жан тазалығының қағидасын және емін білгендер керісінше. Дәрігерлер өзі емдеген, білген ауруымен неге ауырады, неге өледі? Солай бола тұра өздерінің емдей алмайтын, ақылы, білімі жетпеген көктен келетін хикметке ұлықсат беру амалдары,  дінді мазақтап, құдай құдіретіне ашықтай қарсылыққа жатады. Әзірше ондайларға ойларыңа, қылықтарыңа шоқына тұрыңдар демеске басқа шара жоқ. Соңғы үкім нәтиже кімде болатынын бірге күтеміз. Бұл мазақтың жауабы қазаққа келді де, бірақ одан әзірше қарапайым халық азабын тартуда. Дүние кезек ағайын!

Зәкүнші әкім қаралар.  Жалпы елді түзеймін деп партия құрудың, түшкіргенге «жарәкімалла» орнына жүретін, толып жатқан зәкүн шығару не үшін керек? Толып жатқан; заңсыз есірткі сату, заңсыз арақ сатып пайда табу, заңсыз зираттау, заңсыз балаға тәрбие беру, заңсыз сауда жасау, заңсыз әйеліне ұрысу, заңсыз ойыңды ашық айтуға деген екі ұшты «кетпен» заңдарды ойлап шығарып жатқан ойыншы(спортшы) жаны күйер, бұрынғы, дәрі егуші, бұрынғы егінші, бұрынғы қойшы, қазіргі әнші, әртіс, тілші, діннен хабары жоқ ғалым және жұлдыздардың әсерлері емеспе екен? Егер зәкүншілерден ақша төлеп, адамды емдеуге ұлықсат қағаз аласаңыз ауруды емдеуге болады, ал Құдайдың бұйрығымен емдесеңіз, жақсылық, сауап жасауыңыз заңсыз қылмыс! Ал сіздің құдайдан түскен бұйрықты орындау үшін яғни ата-баба басына барып құран оқып зиратап халыққа, еліңе, өзіңе жеріңе отаныңа келетін апатардан сақта деп тілек тілеп, сауап іздеп, артық хайыр жасау үшін азаматтық құқығыңызды ұлықсат қағазбен бекітіп, жаратқанның түсірген  құран заңына бағынуға емес, мөрленген қағазына шоқындырып яғни ниетіңізді өзгертіп, құдайдың берген ерекше сыйын қасиеттерін жойыуға бағыталған заңға табындырып, үкіметтің оязына, шонжарларына табындыру амалын қалай түсінуге болады? Құранмен түсіріліп, пайғамбарлармен көрсетіліп, елдің тағдырына әдет-ғұрып қылып жазылған, Ата-бабасының бастарына барып зираттап және елдің шарауасына сауда-сатыққа үлесін қосып, адам баласның жер ана, табиғатқа мейрімін қалыптастырып, ақиреті, өлімді еске алу яғни тура жолдың алғашқы тәубе баспалдағын, халықтың Алла жолында берген садақасынан салықты талап етіп, құдайдың заңын мазаққа айналдырудан кім қанша пайда табады? Керісінше лағнеттеліп, апаттармен ескертілмеді ме? Әлде бәрі кездейсоқ па?  Жер кезіп иман іздеп, жанды сүнеттегеннен көрі, доп теуіп жанды жоғалтатын, жерді таяқтап, жер ананың лағынетін тудыратын, заты қазақша бірақ қазақтың өзі біріне-бірі қазақтың сөзін жеткізе алмайтын, қазақтың бір тілін, заң арқылы түсінігі дүдамал, адамгешілік қағидасын жоғалтқан надандарға ғана арналған мыңдаған жеке тілдерге айналдырып жатқан, адамның парасаттылық шамасының өлшемі, «зайырды» жалпы халықтық, мемлекетік өлшемге; «зайырлы мемлекетке» яғни қасиетті мемлекетке айналдырып, сау сөздерді ауру заңға айналдырып жатқандар кімдердің қалауы? Сонда басқа елдер қасиетсіз мемлекет болып шыққаны ғой? Зайыр адам баласының жеке дінінің  көрнісі нәтижесі, құпия ішкі парасаттылығы болып, енді «Зайырлы» мемлекет аталып, тағы діннен парасатылықтан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрден бөлекпіз деген заңы болса, онда үкімет басында отырған және ақын жазушы, сөзді заңдандырушы санаушы зиялыларын кім деп атауды өзіңіз біліңіз оқырман. Қазақтың тілін сөзбен бөлшектеушілер, Абайшыл бірақ партия құрып «Бірді» таңдамай өңшең нөлдерді дәріптеп, халықтың қарнын ғана тойғызуға, жаратқанның бермегенін тартып алып беруші болып, халықты қырғынға ұшыратуға үндеуші жазғыштар мен айтқыштар сананы улауға ғана бағыталған қой терісін жамылған басылымдар кімдердің қалауы? Заңды негізінен сәуегейлер, ғалымдар жалпы Алланың ерекше нығметіне еге болған абыздар шығаратын еді бұрынғы аталарымыздың әулиелер замандарында? Шымшық сойғаннан заң шығару оңай болды қазаққа. Енді көп шуылдақ біріксек болды арамыздан біреуімізді сайлап жіберіп, ойымызға келеген заңымызды шығартып аламыз деп, бірімізді біріміз итше талап, қырғыздарша нөлдің де жартысын сайлап, жаратқанның қарғысын алмасақ болғаны. Сондай адамзатқа ұлтына тіліне тұрған жеріне сай түсірген заңдарына әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне қайшы заңдарды ойлап тауып, бұрынғы дамып өркендеп, өздеріне зұлымдық қылып түрлі ауру, мерез, апаттармен жер бетінен жойылған елдердің соңынан кетуді ұйымдастырып жатқандар басқа жерден арнаулы жіберілген тыңшыларға ұқсайды және сондай зәкүнші, әкім қаралар. Болмаса ақыл ойын еркіндікке шығарып, құранды қазақшасын оқып білсе, әдет-ғұрыптарды, шежірені зертеп, тылсымнан беріп жатқан баталарға құлақ түріп, түгел сөздің түбімен салыстырып, ғылымын тексеріп, құран үкімдерімен салыстырып ойлана білетін «біреу» ғана шықса араларынан онда барлық заңдарға басшы фатихасын яғни жеті жарғысын, ата заңын шығарып, барлық негізгі заңдарды сол  жетіден таратса, ауру заңдар өзі-ақ күшін жойып, күнде болатын пайдасыз жиналыстардан, партиялардан құтылып, солақай депуттатар орнына ақпараттарды жүйелеу, тіл, заң, қадағалау «иниститутын» ашып, бүкіл жер әлеміне қазақтың салтын, дәстүрдің шынайы көрнісін көрсетер еді деген арман ғана бар шын қайғылы қазақтарда.

Діншілер және дүмшелер. Дінші кім? Дүмше кім? Жаратқанды тану жолында жаратушы тарапынан түсірілген қандай да болсын жарлық, үкімдерді нұсқауларды аз ба көп орындап арамнан аулақ болып, әйтеуір құдайдың құдіретіне бас иген пендені дінші- деп дүмшеден бөлек атауды жөн көрдім. Себебі ондай адам баласы ашықтай немесе жасырын қалайда болса құдайға қарсылық көресетіп жүреген көп надан ғалым, әкім қара, ояз, тағыда басқалай жаратқаннан нығметтер бері сыналып жүргендермен, тозақ үшін жаратылып хайуан сияқты көзі бар көрмейтін, құлағы бар естімейтін, әйтеуір тамақ жеп, тіршілік базарын қыздырғанға мәз болған көптеген жаратылыс егелерінен әлде қайда артық! Сондықтан дінші кеміту емес дін қарындас болар егер ниетеріміз «Бірден» табылып тұрса. Ал дүмше деген топқа, өлімге иман келтіргенмен аруақ заңдылығына, Алланың құдірет қолына қарсы болған, халықтың бар саласынан мейлі ғалым, қойшы, егінші, жазушы әкім қаралармен түрлі саладағы ел басқарушылар және дінді меңгердім, ілімдімін деген сөз шеберлері «психолг» «филлософ» «саясатшы» «политолг» т.б бүкіл адамзаттың төменмен жоғарының арасын жалғап аздырушы «шайтан» яғни олар Ібілістің әскерлері болып табылады.  Енді дінші мен дүмшені қалай анықтаймыз? Егер өзін діни сауттымын деген діншіңіз; Бір Алла, РАББ Алла, Ол Алла, Алла Тағала, Құдай, Ол сондай Алла, Біз, Тәңір, жын, жын-шайтан, Кісі,  МЕН және періштелер сипатын ара жігін сандық мәнін ажыратып, себептік белгілерінен құранмен хабар берсе, онда ондай діншінің жан ғылымынан хабары бар Алланың нұры жаусын деп тілеңіз! Ал енді жаратушы мен жаратқанның арасын да білмей, тек Аллаға ғана құлшылық етушімін-деген пенделер дүмшелердің нағыз өзі. Өйткені жаратушымыз біздерді жарату үшін жаратқанын «Өзін» жаратты. Жаратқаннан түрлі сипатарын жаратып сонан барып Адамды  (Адам-атаны емес) киелі рухын жартқан. Сонымен бірге бүкіл жақсылық жаманшылықты барлық тіршілікке, өмір сүруге керекті жартылыс егелерін қарсылықтарды жаратқан. Соның ішінде күн, ай, жұлдыздар, жерлер де бар. Сөзден су, судан жер пайда болып 3-ші кезекте ғана топырақтан Адам-ата, Хау анамызды жаратқан да түп негізге Адамға қосылуды, сосын барып жаратқанға (жаратушыға емес) орынбасар болуды бұйырған. Бұл мысалды қарапайым ғана бұрынғы пайғамбарларымыз бен қазақ аталарымыз әулие-әмбилер меңгерген хабарлардан азы ғана. Ал Құран насихаты бұл ұғымдарды әлде қайда терең және нақты өлшемдерімен, сипаттарымен түсіндіреді. Ал енді мешіт және қазақтың дінін, болашағын болжап, пәтуа беріп елдің қазанының тұтқасын ұстап жүргендер кім? Діншілер ме, дүмшелер ме деген сауалға оқырманның өзі таразылап көрсін деп аз ғана ақпарат беріп көрейін. Арасында нақты көкжиекті көріп, елім, отаным- деп шырылдап жүрген тектілер болса сөзім ауыр, жанына жара салмасын деп алдын ала кешірім сұраймын. Бұндай амалдарға амалсыздан барып отырғанымды ескерте кетсем деймін. Ол үшін діни ғұламаларының үш-төрт жылғы өткен баспасөз бетерін, сұхбатарын ғана шолып өтсеңіз жеткілікті.  Осыдан үш жыл бұрын ораза айында атақты дін хазіретіне өліктерге зираттау туралы сұрақты көгілдір терезе арқылы қойғанда; «Сол шіріген сүйектерден не аласыңдар?» деп, бүкіл адамзатқа жаратушыдан түскен үкімдерді, жоққа шығарып, пайғамбарымздың сүнеттерін мазаққа айналдырды. Сонан екі ай өте (қазан айы) «Ислам өркениті» басылымында бүкіл дін ғалым, қажылар т.б діншілердің қол қойуымен үкіметтің заң шығару орнына «Еврейлер белгісі Астанада неге  тұр?» деген мақаламен жолдау үндеуі шықты. Яғни жаратқаннан берілген бүкіл діндер тұтастығының белгісі, соңғы қиямет күнінде сегіз періште үстеріне көтеріп тұтатын Раббымыздың ғаршысының таңбасы еврейлерге ғана тән, ал исламға жат, қазақ дініне қайшы екен. Бұл қазақтың діни теологиясының сауатсыздығы және жаратушы түсірген ғылымға қарсылық көрсету амалына жатады. Онан кейін тағы Ата жолы деген топ, елді «заңсыз», ұлықсатсыз зираттатып, қазақ халқы бір-біріне көркем қарыз беріп, «өздеріне шерік, серік қосып жатыр»  деп ақыры бүкіл діншілер жабылып, жазғыштар, тілшілер көмектесіп, соттатып үкім шығартып, «аруақшы, құдайшыларды» яғни халықтың мыңдаған жылдар қалыптастырған, апаттардан аман алып шыққан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін тарихи тағдырын «келмеске» күл төккенге айдатып, жеңдік деп баспасөздерде жазып, мешіттерде қуана жариялап, әлі кезге дейін ояздарымен қадағалап, мемлекет болып қудалап, және діннің әлемдегі бірігуін қолдаушымыз, асыл дінімізді бекіттік деген марапаттарға еге болып жатыр. Бірақ, аруақ заңдылығы, екі жүзді қылыш екенін қап түбінде ұзақ жатпайтынын естен шығарып алдық. Осындай оқиға,  түркі елінің арасына араптардан, парсаттардан, қызылбастардан келген діндарлар алаш елін ағайындарды бір-біріне айдап салып, «серік, шерік» деп өзбектер, тектілерден (қазақтардан) іргесін аулақ салып, ақырында көтеріліс басталып, нәтижесінде «қожа шапанын» жамылғандар  тығыларға тесік тапай қырылғанын, ақыры қазақтардан жеңіліс тауып, араптар, қызылбастар түгел мойындап, Ай Қарақ Керейханның алдынан 90 қари кешірім бітім сұрап, қылышын қызыл теңізге тастатқанын, шежіре білмейтін түс көре алмайтын надандар қайдан білсін. Дінің жалпы сипатын білмей, құранды түсінбей ғылымын жете меңгермей, салт-дәстүр деп маңдайға жазылған, әдет-ғұрыппен табанды жермен бекіткен ата дінімізді соттап, қудалап ішкі дініміздің бүтіндігімізді, бойымызды қалыптастыра алмасақ та, енді дінің бір ғана бөлшегімен, ислам әлемінің көш басшылығына қол созып әлем діндерін біріктірмек жайымыз бар. Сондай шала дініміздің көрнісімен құран үкіміне насихатына қарсылық білдіріп, Алланың берген ортақ несібесін сататын дүкендердің бірін «халал», бірін арам деп атауды жөн көріпті. Сонда аруақта арам «шерік», енді қазақ халқының көпшілігінің азығы, ішкені, жегені арам екен. Өзің түгіл өзге діндегілердің адал асын кім харамға айналдыр деп бұйырған? Осы ма дінің бірлігін сақтау? Сөздің қуатын, аяттар мағынасын жойып, мазақтап, түсінік сананы жабатын қандай дін? «Талай әкесін сабағанды көріп едім, ал әкесін талға байлап сабағанды көрмедім.» деген кәпірліктің куәсі  болған бір пақыр. Қазақтың діни сауаттылыры бүкіл адамзаттың рухани әкесін қағазға (талға) байлап, қаламмен сабады. Дәлел керек пе? Оқыңыз, онда жоғарығыдай  жағдайдан кейін көп ұзамай маусым айында тағы сол баспасөз беттерінен «Рухқа табыну шайтани іс деген» мақала шығып, жаратқанға зұлымдықпен серік, ортақ қосты діншілер. Яғни жаратқанның киесі Адам сипаты-«Рух» «шайтан» екен де, сонда қазақтар шайтаннан тарап, ақылды атанып жатқан жайымыз бар екен. Болмаса біздер, зиратаушы құдайшылдар, шайтан ұрпағы «шеріктен», олар мешіт тағы арапшылар рухтан-таза ақылдан жаралмай, негізгі түп негізден «бол» дегенде Адамнан, ақылдан бұрын нұрдан пайда бола қалған екен.   Жаза тұрыңдар шатпақтарыңды дүмшелер. Ал әшейінде «Абайшыл», жазушы қайраткерлерлер, және діни сауаттылар баспасөзге осындай мақаланы бергізіп, тым-тырыс үндері де шықпады.Сөзді түземей қалай елді, дінді түземек? Сондай өздеріне-өздері зұлымдық жасағандар жуық арада Ғиса пайғамбар аруағы іштеріңнен өткенде қандай заңдарың, лауызымдарың, құдайдай сенетін дәрі-егерлерің, жинаған ақшаларың немесе оқыған намаздарың, аруақтан басқа кім құтқарар екен? Тек; алас..алас ұрпақтарыңнан, бала шағаларыңнан!  Сондықтан дінші ме әлде дүмше ме өзіңіз тексеріңіз оқушым деп мынандай қарапайым сұрақты үнемі жадыңызда ұстауды ұсынамын. Егер сондай діншілер немесе басқалай тілшілер кездесе қалса; жаратқан сипаттарға Алланың «өзіне» Мен сипатына емес, тікелей жаратушы Аллаға құлшылық жасаймын деп ақтала қалса, онда Абай атамыздың өсиеттерінен мысал келтіріп, ; Байлықтыда, кедейлікті де, жамандық пен жақсылықты да сол сияқты шайтан, жын, тозақ, жаннатты да жаратқан Алла! Егерде жаратушымыз ол пендесін яғни діншіні жаманшылықа, тозаққа да құлшылық етуді бұйырса, шайтанға да құлшылық етуші болып шықпай ма? Себебі барлық жаратылыстың егесі Алла емес пе? Тағы «Негізінен мадақ Аллаға лайық, сәлем Алланың сүйген құлдарына лайық» деген аят үкіміне сәйкес ата-баба зиратына барып, әуелі «бисмилла рахман рахим» деп кіріп құран оқып, садақа беріп жалбарынған амалыңыз Аллаға серік қосу болса онда құран аяттары өтірік сөз деп куәлік берушінің өзі болып шықпай ма? «Лә илләһа илла Алла Мұхаммадур Раассулла» деп мұсылманмын деп ант беріп, сол антына енді  Құранның Аллаға мадақ, жалбарыну аяттарын оқып куәлік беруінен кейінгі қандайда бір дұға, жалбарынған сөздер, амалдар құран сөзінен анттан күшті болып, құран күшін жоятын болғаны ма? Онда мешіттердегі өліктерге оқылған құран, өлікті жерлеу рәсіміндегі амалдар да серік қосу болуға тиісті. Егер зираттағаннан шерік, серік қосылатын болса онда Арап еліне зираттаудан неге серік, шерік қосылмайды? Ал жалпы діннің ғылыми нәтижесімен; Егер қазақ халқы дінде бұрыннан шерік қосушы болса онда дәстүрлі тағамымыз шошқа болып және семіздік ауруына ұшыраған елдердің қатарындай халде болуымыз керек. Ал сондай зират арқылы және дінде бұрыннан серік қосушы елге жатсақ онда әйелдеріміздің тууы және ұл балалардың өмірге келуі төменгі дәрежеге түсіп, сонымен бірге ақыл-ой сана-сезіміміз басқа дінді меңгерген елдерден және серік қоспайды деген арап елінен мүлде төменгі сатыда тұруымыз керек еді. Ал қай қазақ баласы әулиеге зираттағаннан ақылы кеміс (дауна) немесе мүгедек баланы өмірге әкелді екен? Ғылыми дәлелдер келтіріңдер діншілер? «Адам баланы емес, бала ата-анасын таңдайды» деген нақыл бар. Құранда да сондай аят бар. Бүкіл шығыс елдеріннің өлілер кітабында солай жазылған. Онда діншілер өздерін осы аятпен-ақ өтірікші екендігін дәлелдейді. Барлық игілік Алладан деп айтамыз, бірақ игіліктін себептерін елге түсіндіруден қашамыз? Егер жын-шайтан қара күштер зұлымдық егелері тірі болса, онда жақсылық тек  періштелерден ғана деп түсіндірсек Ібілісте, шайтан да періште емес пе? Періште періштеге соғыс ашып жоюға тиісті болса онда адам баласының қатысы қанша? Ақ пен қараның, ащы мен тұщының тағы басқа түрлі қарама қарсылық егелерінің арасында және жаннат пен тозақтың да арасында бөгет болса ол, бөгеттердің сипаттары қандай болу керек? Алла өзі жаратқан нәрселерін бірін-бірімен қырлыстырып қойып біріне үстемдік беріп, екішісін жек көріп тозаққа салып, біріне асқан байлық беріп, екіншісін оған құлдыққа беріп, сосын қайта тартып алып өз жаратқандарымен ойын ойнап, адам баласын ойыншық үшін жартты деген түсінік пайда болмай ма діншілер?  Енді жалпы Аллаға құлшылық; Тәубадан, ғибадаттан, шүкірліктен тұрады. Ал ғибадат үш түрлі амалдар жинағы болып, 3/1 амалы намаз оқу болып табылады. Сондықтан осы үштен бір амалдың тағы үштен бір бөлімі намаз оқумен «намазхан» атанып, бүкіл намазхандар тура жолда болып есептеледі екен де, олай болса намаз оқудың 4/1 бөлігі болып табылатын «ханафия» масхабы тура жол екен. Бұған да келісуге болар еді, егер тура жол деген ерекше жаратқан тарапынан нығметтер мен нұрандырушы кітаптар мен жол басшы арқылы тек санаулы әулие адамдарға беріліп, қалғандары сол әулиелікке жету жолындағы шәкіртері болса. Бүкіл елге немесе топқа тура жолды беріп, бәрі тұтастай бір-екі амалымен ғана әулие аталу ешқандай дінде болмаған оқиға және құранда да ондай аят жоқ. «Негізінен тура жол көрсету бізге тән.» (92-12). «Жер жүзінде орынсыз дандайсығандарды ұзақтастырамын (жүрек мөрленіп, түс көру қабілеті жабылу) Егер олар барлық белгілерді көрседе (өліктердің сөйлеуі) оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қылып алады. Бұл олардың аяттарымызды (түс,уахи, аян) өтірік деп одан ғапыл болғандықтары.» (7-146) Тура жолға түсу үшін жеке-жеке дін сынақтарынан өту барысында, түстерді жоруды меңгеріп барып, уахимен, өліктермен сөйлестірілу арқылы аманттар көрсетіліп, жүктеліп «біз» болып денеге қадалып, белгілерін беріп, аяндармен жетеленіп және сол тура жолдың киесі шапағатшысы пайғамбарымыздан бата алу керек. Егерде біздің елімізде ондай тура жолын тапқан пайғамбарымызбен тікелей байланыста тұрған шейхтардың, имамдардың шәкіртеріннің өзі тура жолдық «намазхандарда» сондай әулиелік дәрежеде болса неге жастар асылып, күн құрғатпай апаттар, өрттер жазылмайтын аурулар, астық шықпайтын құрғақшылық болып, сынақтардың себебін білмей жатыр? Айдалада өсіп тұрған ағашқа ақтық байлап, құран оқып қол таңбасын қалдырып, Алланың көрсеткен хикметіне табынып, исін қалдырып, табиғатты сақтауды, қорғауды ескерткен көпшіліктің қалдырған белгі таңбалары, Аллаға серік қосу яғни өтірік сөз болып табылады да, ал шыршаға табынып, неше түрлі нәрселерді, сыйлықтарды арнап, байлап ал құдайдың жаратқан тірі пендесін періште жасап, бүкіл елді соған нандырып, шоқындырып, тілектер тілетіп, Аллаға мемлекетімізбен бірге қарсылық білдіру неге қалыпты іс болып көрінеді? Жақында Астанада және Ақтөбе қалаларында шыршаларыңа азап, апат жіберемін деп ескерту Рабымыздан ашық көрсетілгенмен бірде бір дінші селт етпеді. Жаманшылыққа қарсы тұрып белгісін елге көрсетпейтін, ел қайғысына ортақ болып, бейбітшілікке, тыныштыққа жол сілтемейтін, жанға шипа, жабыққанға дем бере алмайтын, тек садақа жинаумен ғана айналысып өз басынан басқаны ойламайтын намазда оқып, сабақ ала алмайтын, жаратқанның білімін көрмейтін қандай тура жол? Ал діннің басты қағидасы тілдің, сөздің құпия сырлары нақылдар пайғамбарсыз, өзінен-өзі қалыптаспайтынын ескерсек және жаратушымыздың құрандағы барлық елдердің өз пайғамбары бар деген ескетуіне жүгінсек, онда өз пайғамбарын атын түсін білмейтін тілдің негізін іздемейтін қандай тура жол? «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп: елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, тура жолға салады Ол, өте үстем аса дана.» (14-4) Қазақ ешқандай елдің тілін пайдаланбай, өз тілін жоғалтпай сақтап, өсіп өнген халық болсақ онда Қазақ елінің пайғамбары немесе пайғамбарлары кімдер діншілер, ғалымдар? Пайғамбарсыз тіл, сөз байлығы қалай өзінен-өзі пайда болады? Алла тек жеке  сол ұлттың пайғамбарының тілі арқылы ғана қалауымен тура жолға салатын болса өздерін арап тілін меңгеру арқылы тура жолдамыз деп өздерін ағартушылар кімдер? Ал арап халқы түгелдей тура жолда емес, орта жолда болса? Дәлел; «Оны (құран хикметін, тура жолды, аян көруді) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды. (Мұхамед): «Сендерге уәкіл емеспін» де» (6-66) Тура жолды меңгеруден, аруақ заңдылығынан бас тартып, тек бес парызбен қалуды ұйғарған арап ұлтына пайғамбарымыз уәкіл, шапағатшы болмайтын ескерткен жаратқанның үкімін жасырып, елді қайта сол дінді бөлшектеушілерге қосылуға үгітеп, араптар сияқты тура жолдамыз деп,  аятқа қарсылық білдіру күдіксіз серік қосып, Аллаға ортақ қосу, зор зұлымдық болып табылады. Ол, діннің ағашын кесіп, қайта өседі деп жерге тікесінен қойып, су құйғанмен бірдей. Сондай «ортақтардан» болар   тура жолдың қисығын алған «намазхан әулиелеріміз» ескертіп, ғалым, жазушыларымыз түс көріп жазбағаннан кейін былтырғы жылы қаңтарылған «аязға», «ақ ұлпаға» шоқынған елдер және біздерде арты қандай апаттармен аяқталып, елді зұлымдыққа ұшыратқанымызды тез ұмытып кеттік. Алланың толық аятын мысалдарын, ескерту түстерін көре білмейтін жалған діннің қисығына бүкіл әлем діндері өздеріне жол қылып алып, ал не сұрасаң соны қабыл ететін қиямет мезгілі басталып кеткені әзірше ислам әлеміне де басқа діндерге де жұмбақ. Сонда өзіміздегі барды жоққа шығарып, асыл дінімізді, асыл сөздерді бөлшектеп кімді қандай діндерді тура жолға салуға ұмтылып мақтанбақпыз? Түйсік пен, сезімнің, ақыл мен естің ара жігін ажыратып, қалай пайда болу сипаттары мен және өлшемі, орны, сандық мәні мен денедегі тұрағын білмейтін қандай жан ғалымы, тиолг, филлософ немесе хазірет? Әлде ата- бабаларымыз білмеген, нақыл қылып айтпаған ба? Данышпандарымыз, әулиелеріміз, Абай, Шәкәрім аталарымыз жазбаған ба? Ертең болашақ ұрпақтарымыз, өсіп келе жатқан даналарымыз өз беттерімен зертеп біліп, ақиқатын ашып, сосын сұраса қалай жауап береміз, жазған, айтқан, таныған өтіріктерімізді қайда тығамыз? Бұл әшейін күнде көгілдір терезеден де, тұрмыстада көріп құлақ үйренген хабарлардан. Ал сөздің қарапайым түсінігінен, яғни дінің пайғамбарлық болып келген үлгісінен бір мысал келтірсек; Махабат деген сөзді ақындарымыз; ғашықтық, құмарлық, құштарлық асықтық, ынтықтық ұғымдарымен араластырып негізгі махаббат-мейрім, аяушылық, сүйіспеншілік сезімдерден тұратынын қазақ баласы білуден қалды. Абайша ойласақ; «Алла адамды махаббатпен жаратса» ал қазіргі жазушы, ақындар ойымен әлі жаратпаған нәрсесіне жаратушы өзі ғашық болғаны ма? Ғашықтық сыртқы, нәрселік ал махаббат жандық пәк сезімнен, таза мейрімділікке, сүйіспкеншілікке, аяушылық яғни кешірімділікке құрылатынын мәдениет жұлдыздарына, тілші-бояушыларға кім түсіндіреді? Барлық құштарлық, ғашықтық негізі сүйіспеншіліктен тарап, ал аяушылық пен мейрімділік ұлттық тәрбимен, жан, тән тазалығына жыныстық қылықтарға тәуелді сынықтардан өту арқылы қол жеткізетін қасиет екенін діншілерімізде білмейтін сияқты. Дінді, құранды зиянға жүктеп алғандарға керісінше мейрімсіздік, қатігездік және ашу, азап нәсіп етемін деген уәде, қазақ дінші жастарымыздың арасында бой көрсетіп келеді. Дінші, тілші боламын деп «Бояушы, бояушы дегенде сақалын бояйды.» дегендей қазақи адамдық сезімдерді, жабайы хайуандық нәпсіге бейімделген сезімдерге бояп алған жоқпыз ба? Сондықтан қазақта асыл сөздердің мағынасы жеңілтек ауыздардың, бояушы тілшілердің, жат жұртың әдебімен араластырып, елдің жаратқанға деген махаббат сезімі жоғалып, санаға кері әсерін тигізу жолында тіл мамандары мен дін дүмшелері де аянбай күресуде. Махаббат жаратқаннан берілетін сый екенін біліп, оған жетуге әдептік, салт-дәстүрлік сынақтардан, қиындықтарды жеңу жолымен жететінін халық түгелдей білсе, ол үшін мектептен бастап ұлтық тәрбимен үйретілсе жастарымызда адаспас еді. Ал көгілдір терезе мәдениет мамандары, әнші, тілші тағы басқалай ел көзінше жалаңаш; «Ұрының арты қуыс дегендей» бар ұрлықтарын көрсетіп, талтайып отырып, қарқылдап күліп, шашты жайып жын-перілерді бейнелеп, сау адамдың саламатығынан айыруға, түсінің бұзылып, ұйқысынан шошып, жүйкесінің жұқаруына шайтанға қызмет жасау мекемесіне толық көшіп алғаны қашшан. Әдептен, ғұрыптан жұрдай, барлық істерді ем-шипа яғни «дәстүрлі» деп атайтын ұранды тағы тауып алды. Дәстүр-сөзінің ем-шипа және жамандықтардан сақтану, қорғану үшін жасалатын амалдарды атайтынын жазушы, тілші қоғамы білмейтін болып шықты. Адам баласының дарындылықты меңгеру барысында бақ қонып, жұлдызы (аруағы) жану мүмкін. Ал жұлдызға айналу өлімге тән шаруа, болмаса тірі пендеге жұлдыздың ықпалы келсе кеселге ұшырайды. Сондай өзін басқа бір кереметтей сезініп, елеске, шалығуға ұшырағандарды жынды-деп атайды. Егер тірі пендені «жұлдызға» теңесек; ауру, есі кеміс ал «жұлдыздар от басы» кемістер, нақұрыстар отбасы, «екі жұлдыз»-екі есерсоқ, делқұлы.  Сондықтан осындай сөздің азғындығына, сөз қуатының теріске айналуына қарсы тұрып, шара қолдана білмейтін діни мектептермен, сөз мектебі, сөз жасаушы «филлософия» мектебіде тек сыртқы көрнісі, ғалымдықтары жалған. Қазіргі таңдағы қазақ елінің жағдайын Абай насихатымен салыстырып ойласаң, адамдық борышты,  ұлтық мәдениетімізді, құдайдан ұялу қасиетімізді егемендігімізге төлеуге берген сияқтымыз. Құдайдан қорықпағаннан қорыққың келсе аспандағы жұлдыздың түсуінен емес, жердегі екі мүйізді шашын жайып, шайтан көздерін, ұятсыз жерлерін көрсетіп, балаңның ішіндегі періштесін періге айналдыратын азғындардан, жердің жігінен шыққан «жұлдыздардан» және олардың дүние табуды ғана ойлайтын ұждансыз, ақылды ақша табумен алмастырған екі жүзді дүмше басшыларынан қорқу керек егер қазаққа тән есің болса оқушым.

Тілші-сәуегейлер. Сөз адам баласының нанымы, ал ақырет тіршілігінде наннан да жоғары тұратын азық болғасын, тілші деген халықты бұрынғы әулиелер орнына қабылдап, не жазсада құдайдан келгендей сенетін әдетті түгелдей меңгеріп алдық десек қате емес шығар. Негізінен тілшілер жаратылыстан бар, бірақ бұрын шайтанға көмекке тұрып сиқырмен, тағы да әр түрлі елді азғырумен айналысатын түрлі құпия сөзді меңгергендерді атаған. Оның қатарына кейбір ақындар да, жазушы, діншілер де кіріп кетеді. Сондықтан аталарымыз; «Тілшінің тілінен, көзшінің көзінен сақта!» деп жалбарынған. Қазіргі таңда керісінше біздердің сақтаушымыз да мақтаушымызда, даттаушымыз да тілші деген үлкен мамандық, жетістік. Қолынан келе ме, білімі жете ме,бәрібір «шығар, солай көрінеді, менің ойымша» т.б тек ойға неменсе шет жұртың азғын, алдаушы саясатына еліктеген, бір бетіне тарихты, шежірені, әулилерді басып, келесі бетіне жалаңаш әйел затын, тағы соған Абай атамыздан мысалдар беретін баспасөз, басылымдар ешқандай қазақтың жас баласына да таңсық емес. Енді сондай құраннан да ақыл беріп жатқан тілшілерге жалпы сауал; «Екі өтірік төрт шын бар.» «Бестің басы болғанша, алтының аяғы болайын.» деген мақалдың жан ғылымын яғни нақылын шешіп көріңдер. Алдын ала ескерте кетейін төрт шын тағдыр жазу төрт сөз және жұбы пары бар.  Жазушы, тілшілеріміз; «Ақыл жастан, асыл тастан» деген мақалды көп пайдаланады. Ақыл жастан қалай шығады, егер ұлттық санасына сай тәрбие бермесе? Асыл тастан қалай шығады? Асыл адам баласының сүйегіне, әкесімен ұрықпен (сөзімен) келетін қабілет болса? Ал құрандағы; Екі теңіздің арасын бөліп қойдым, бірі ащы, бірі тұщы бірақ екеуінен де інжу, маржан шығады,-деп неге асылдың судан шығатынын ескерткен? Жан ғылымы дегеніміз тілшілердің ақылы жетпейтін аталарымыздың қарапайым ғана нақылындарында тұр. Мысалы; «Атадан алтау тусаң да бір басыңа жалғыздық!» (Делдалдар) Олай болса ақирет заңдылығын меңгеріп, өлімнің сипаттарын біліп, бұл дүниенің тұрақсыздығын түсініп, дін қандастарыңның, ағайын туғандарының кейбірінің істерінің тозақтық екенін сезіп, қолдан келер шама болмай жаратқанға жалбарынған намаздан, жүректен шықан «жастан», қайғыдан ақыл пайда болмай ма? Ал тас қайдан пайда болған, тас жүректер болмаса? Жүрек жарылып су шықпаса, тас жарылмаса жарық қайдан шығады? Сол жүректерден қасиет болып жаратылған әйел затының қан тазалығынан, адамзатың ақылы пайда болып, сондықтан сезімтал, мейрімді қыз баланың әйел затың ұятан өртеніп, жүрек көзінен шықан жасы ғана намазының ақылдың өлшемі емес пе екен? Енді сондай жазушы, тілші, діншілерге, ғалымдарға ортақ сұрақ қойып көріңіз; Тасқа табынуға болмайды деп айыптайды да сонда пайғамбарымыздың Қағба тасын сүйгенін кездейсоқ дей ме? Онда израилдықтардан жаратушымыз неге  Тұр тауын жоғары көтеріп, елдің уәдесін, дінінің антын алған? Тұр тауы дегенің Қазық және суды жұтқан Ұрттың, қазығұрттың бұтағы емес пе? Ал тау дегеніміз тас емес пе? Онда тау тастардағы киелі жерлерді зираттап, белгілеп, тылсымға, ғайыпқа сәлем белгісі ақтық байлап, құран оқуымыз шерік, серік болса Тәуратты қалай атау керек? Ал енді қазақ діншілерімен зиялылар, тілшілердің, закүншілердің пайымдауынша Мұса пайғамбарымыз орындаған намаздар, яғни зираттарға құлшылық жасау, үстіне үй салу және бақсылық мұғжизалар көрсету, шырақпен, отпен аласталу, Раббысымен сөйлесу серік, шерікке жатқызып тиым салып, заң шығарылды, әзірше амал жоқ сол мүгедек, болашағы қасырет заңға бағынудамыз. Жаратқаннан келген лағнеттің құрбандығына шалынып, өзіне-өзі қол салып жатқан жастардың бір сенің туысың, болмаса ұрпағың болмаса өзің болмауына заңың, үкіметің, ел басшы кепілдік бере ме? Құдайға шүкір! өздерімізді, жан ұямызды және бірталай ақылы сау қазақтарды зираттатып, табандарынан мөрлетіп, жаратқанның кепілдігін қамтамассыз етуге үлгірдік.  Енді болашақ қазақ елінің әлем алдында мақтанышына айналуға тиісті Халифа Алтай аударма құран ішіндегі тәпсірлерден кеткен, (аудармашы кінәсі емес) сөз ғылымына қайшы қателіктерді жөндемек түгіл, неге осы уақытқа дейін бір аяттың  мүлде жоқ екенін, бүкіл оқыған қазақтың санасына селкеу түсіріп жатқанын ескеріп, түземейді дінішілермен ғалымдар жазушылар, зиялылар? Мүмкін әдейі қазақтың дін танымына солардың кейбіреулерінің тарапынан әдейі ұйымдастырылған, жасалған қастандық шығар? Осы уақытқа дейін жаттанды болған тек әйтеуір арапша сөз болып, естілетін құрғақ тілек, құрғақ пәтуа, болмаса басқа елдің шариғаты (шарио) тылсымның сырын ашуға шамасы келмейтінін кім түсіндіреді? Ақылды тұмшалап, ойды қамап, есті тұншықтырып, басқа елдің сөзінің мағынасына ана тілін құлдыққа ұсынудан артық қандай отанына, ата-баба салтына дәстүріне, ғұрпына жасалған опасыздықты ойлап табуға болады? Абай атамыздың; сөз түзелмей ел түзелмейді деген өсиетін неге түсіндірмейді танытушылар?  Сөз-ер-ақ! Әйел ел!  Олай болса ақ сөйле дінші, тілші, жазушы, ақын! Еркекше батыл, аталар аманатын айтып, еліңнің- әйел затының жағдайын жасап, нақ әділ сөйле! Құдайдың аманат жүгін орындай алмасаң ұрпағыңның мойнына түсетіне дау жоқ!

Саясатшы, партияшылдар. Жаратқанның адамзатқа құпиялап, жариялап білдіріп оқытып тұратын заманына сай намаздарының орындалу саясатын  дін деп атайды. Ал діннен мемлекет саясаты бөлек- деп қырыққа бөлініп, елді басқару ол шайтанның саясаты. Саясат бірлікке, тұтастыққа құрылмаса, соған мүдделі болмаса қандай саясат? Елдің тұтастығын қалыптастыру үшін, ел басқару ішкі құпиясын, саясатын, тіптен барлығын да халық біліп отыру керек, ішкен жегеніне, қайда барып түзге отырғанына дейін біліп жариялап отыру керек- деген жариялық саясат, дінге мұсылмандыққа қайшы, түбінде елді құрдымға түсіреді. Басшылардың пенделігінің оңашада не істейтінін, не ішіп жейтінінің қара халыққа не керегі бар? Біреудің айыбын кемсітігін мен байқадым деп баспасөз бетінен мақтана жариялау мұсылмандыққа, тіптен қай дінге де жат қылық.  Құдайдың алдында өздері жауап беріп және арнаулы қадағалайтын билерді ғана тағайындаса болмай ма? Халыққа сөздің дұрыстығы мен заңның әділдігі, шаруаның оңтайлығы, бейбіт тұрмыс, ағайынның бірлігі ғана керек. Басшылар сенің несібеңді жеп қойды деп, құдайдың заңына қарсы, қазақтың салтында жоқ арандатудың бір қазақты-біріне айдап салу кімдерге тиімді? Сондықтан Абай атамыз «Бірді» таңдауды ұсынған. Аланың саясаты да осы бірге бағынып, сынақтарынан бірге өту. Мейлі қандай да діннің де, мемлекеттің де саясатының мақсаты елді тура жолға салып бейбіт, тоқшылық заманды оранту. Бірақ осы уақытқа дейін қанша партия құрса да, сол үшін ғасырлар бойы үздіксіз заңдар жазып, заңнан қорған салса да тура жолын тапқан, адамның санасын жетілдіре білген әлемде ондай ел жоқ. Сондықтан Шәкәрім атамыз;  Біреулер: «Адам өмірі жаратқан иесі танумен түзеледі»,- десе, кейбіреулер: «Үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі»,-дейді. Ал енді біреулер: «Оқу-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі»,-деп ойлайды. Тағы біреулер: «Бай- кедейді теңеумен түзеледі»,-десе, біреулер: «Тәрбиемен түзеуге болады»,-дейді. Біздіңізше, бұларды жекелей алғанда, ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды.» деп Абай атамыздың өсиетінің бағытын ашып берген екен. Саясатта партияда, дінде де адамның рухани байлығын, елдің жан саулығын өсіретін бағдары болып, ұрпақ тазалығын анамен-бала денсаулығын қалыптастыра алмаса бәрі жалған, алдау! Олай болса азғана қазаққа партия құрып, бір-бірін жамандап таласудың не қажеті бар? Аталарымыз шешендік, ділмарлық, сәуегейлік тұжырымдармен абыздық дәрежедегі билердің, хандардың арасынан бірін таңдай біліп, сөз қадірін меңгеріп қастерлеушіге ғана ел тізгінін ұстатып отырған. Қазіргі таңда қазақты тағы бөлшектеуге дайындалып жатқан партияларға бұрынғы аталар салтымен, бүкіл қазақ тіршілігін жеті негізге топтастырып,  соған байланысты жоспарларын жасауды және ділмарлық, сәуегейлік сынағынан өткізсе болды кімнің адам кімнің надан екені және ел басқартуға болатынын білуге болады. Сондықтан болашақ ел басқаруға тиісті адам баласы әуелі құранның аяттарын сәуегейлігін шеше білетін болса ғана жаратқанның ұлықсатына еге болады. Қандай да болсын ел басқарушы бір сөзбен екі елді табыстыра алатын ділмарлығы және болашағын болжайтын сәуегейлігі, жаратқаннан аян үкімдері болмаса қалай елді тура жолға бастамақ? Құр сөзбен мен басшы болсам, тәртіпті қадағалап, елге бәрін үлестіремін, аспанан нұр жаудырып, елді тойындырамын деп дінге қарсыласқаннан елге жаратқаннан артық несібе түспейді. Құдайдың бермегенін тартып алу немесе елді от, су апаттарынан, аурудан, ел тағдырына жазылған сынақтардан құтқару мүмкін емес, керісінше  көбейтуге тездетуге себепші ғана болары сөзсіз. Қандай да бір заңның адамдардың жаратылыстан ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріне негізделмесе, онда әрбір заңға соны бұзатын кері заңдылық пайда болатын тылсым заңы бар. Бұл заңдылықты барлық елдердің шығарған заңдарының өз елдерінің ішкі халықтар салтымен салыстырып көз жеткізуге болады. Қай ел өзінің негізгі салтық, тілдік, діндік заңдылығынан ауытқи бастаса міндетті түрде соғыс, өрт, апаттар және індеттер болады. Киелі кітап құранның өзініңде қанша аятының құпиясы ашылған сайын, соншалықты күнә да туындап отырады. Намазды тек оқу ғана араптарға ғана тән жаратқаннан ерекше берілген жеңілдік және сынақ. Басқа ислам елдеріне намаздарды толық орындау керек және ұлтық, дәстүрлік заңдылығымен мемлекеттің ішкі заңымен сәйкес келмесе де ол елдерде сынақтар пайда болады.

Ғылым  кімге және қалай келеді? Бұл сұраққа ғылымның уахи арқылы берілетіне ешқандай дінші, немесе ғалым күмән келтірмейді, бірақ уахи түсу тек пайғамбарлық қасиет сондықтан енді адам баласына уахи берілмейді деп сендіреді. Ал уахидың 3-түрі және алты сатысы бар екендігін біле бермейміз. Оған басты себептің негізі ислам дінін тек Құранның арап халқына түсуімен байланысты ғана деп бүкіл тура жолдың қағидасын тек сол надандық, білім ғылымның жетілмеген кезіндегі арапталға арнап оқылған шариғи істерден ғана іздеп және шариғат ізіне, тура жолды енгізу амалынан деп білуге болады. Тура жолдың негізгі ірге тасы Нұқ пайғамбарымыздан басталып, барлық ізгілікті істерімен тарихта шежіреде қалған пайғамбарлар үлгілері мен оларға түскен нұсқаулардан тұрады. Сондықтан тура жолдың қағидасы төрт кітапқа бөліп көрсетілген де оларды жалғау үшін әр елдің «пассиянарлық» рухани, шаруашылық, білім жетістіктеріне, сөз ғылымының дәрежесіне қарай жол басшылар, елшілер тағайындап отырған. Егер біз араптар сияқты ғана иман келтіріп, сол елге түсірілген шариғи жобамен Аллаға құлшылық қылсақ онда сол елдің халқының өткен күнәларына да ортақ болып, күнәларына куәлікте тұрып және 11-саты тәубе ішіндегі тәубе амалымызда солай болып несібеде ортақтасуымыз керек. Пайғамбарымыздың хадис, өсиеттерін өздеріде толық меңгере алмаған Құранмен салыстырып бірін өлі, бірін күшті, тірі деп шешім қабылдап, қалаған үш кітап ғылымынан бас тарту, надандық және бұл қазақ діни сауттыларының тұрақты кәсібіне айналған. Ал шариғат- «шарио» 8-сатыдан тұрып, бірі киелі кітаптармен үгіттеліп, ал екінші нұсқаулары  пайғамбарларға бөлек кітап-аянмен берілген. Сондықтан әрбір адам баласы өзінің туылған, өскен жерінің, тозақ, жан–жануарлар, өсімдіктер әлемінің түрлі-түстілігіне байланысты және адамдардың тілінің, қадір, қабілет ерекшелігіне қарай  сол өмірден өткен пайғамбарларға жалғанып өсиет, бата, аяндар арқылы жеке-жеке тура жолды табады. Төрт кітапқа және пайғамбарларға иман келтіру-дегеніміздің өзі, әрбір кітаппен түсірілгін 2-ден шариғи істерді біріктіріп, 8- діннің даналық қағидаларын ақылмен меңгеріп 9-шысын көктен алып, меңгеру болып табылады. Тура жол табу әрбір пенденің өзімен-өзі нәпсісімен, қылығымен жеке соғысып, ұзақ жылдар дін қағидаларын жетілдіру барысында  нәпсіге, жанға қожалық етумен белгіленеді. Оған дәлел;  Пайғамбарымыз; « Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі.» (2081-өсиет) «Біреуің өзіне ұнайтын түс көрсе, ол- Алладан, ол үшін Аллаға мадақ айтып (құран бағыштап) көрген түсін басқаларға айтып берсін, ал басқа өзіне ұнамайтын түс көрсе, ол-шайтаннан, оның жамандығынан Алладан пана сұрап, ешкімге айтпасын, сонда ол оған зиян келтірмейді.» (2082-өсиет) «Кім мені түсінде көрсе, шын мәнінде көреді. Өйткені шайтан менің бейнеме кіре алмайды.» (2084-өсиет) «Заман жақындағанда (қиямет белгілері түскенде) мүміннің түсі түгелге жуық жалған болмайды, мүміннің түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі.» (2087-өсиет) Олай болса ешқандай жалған емес түс аян болып аталып, үздіксіз 46 күн бойы аян алса пайғамбарлық қасиет еніп, онда кітап берілген яғни қожа болып аталады. Сондықтан құранда; «Іштеріңдегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға : «Бізге түсірілгенге де сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлеріңде біреу-ақ (ортақ сөз,тіл) Біз Оған бой ұсынғандармыз» деңдер.» (29-46) Бұл аятпен аянның бүкіл адамзатқа ортақ ғылым екендігін ал түс көрудің тәңірлік сипатты ортақ дін екендігін және кітапқа иелік тек мұсылман дінінде ғана емес барлық діннің кітап алып отыратын қожалары болатынын білдіреді. Өкінішке орай тағы адамзат баласы тек қағазға жазылғанды ғана дұрыс деп қарап, ал қарапайым халыққа беріліп, оқылып жатқан ақиқат кітабын жоққа шығарып біліміміз ескіріп, өзіміз азып, дінде бөлшектенудің басты себебі дін басшыларының ғылымы түгіл анда санда көретін түсі түгіл аяны да жоқ. Оған себеп тылсымды ақирет өмірін өліктердің тіріліп сөйлесуін түсінде мысалдармен көрініп, ал тәңірінің сүйген құлдарының бата береуін мойындамаудан. Тірі хазірет, ақиреттегі хазіретпен байланысып ақыл сұрай алмаса ол жалған хазірет! Тылсым заңы адам ойынан шығарған заңы емес, барлық құлдарына несібесін де, билігін де тең бөліп  берген. Иман-ақыл, тегі-рух. Рухтың тілін түсіну үшін арап тілін білу жеткіліксіз. Оған тарихтан  өткен ғұлама, әулилердің дыбысын құстың тілін ести білетін және хикметті істердің сырын ажырататын тілді көруді үйрену керек. Ондай тіл адамзатқа берілген ортақ бір-ақ тіл, Раббымыз да Құранда осыны ескертеді. Аятта: «Алла (Т) хикметті (ерекше білім, ғылым) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады.» (2-269) Сондықтан болашақта ислам әлемінде құран құпиясы ашылу дәрежесіне байланысты, жеке аяндармен емшілер дайындалып, соған байланысты енді жүйке аурулары мен тек емшілер арқылы жазылатын ауруға бүкіл мейлі қандай тіпті дінші, дәрігер болсын сынаққа түсері даусыз. «Екі күндігін ойлаған бір күн бұрын қамданар» дегендей;  Діншілердің, көпшілік зиялы әкім қаралардың жүректері мөрленіп, асыл сөздердің қадірі кетіп, сондықтан ұлттық сөз мағынасының түсінігінің жоғалуымен, ақиретің негізгі аруақ заңдылығы Інжілге сенбей, батаны теріске шығарғанымен, бәрібір қазақ елінде болып жатқан берекет жалпы халықтың, «діни саутсыздардың» арнаулы қағазы немесе арап тілін білмесе де қазақша аудармасын түсініп, немесе жаратылыстан құранның  жүрекке зейнетелуімен, аруақтар арқылы Раббыларынан бата алып; «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген мақалының жүзеге асып жатқанынан деп біліңіз оқырман. Болашақта қандай да бір аурудың мейлі спид, мерез, сусамыр, жын, қотыр, алапес сияқты әлемге таралатын жазылмайтын ауруларының бәрі қазақ елінде жазылып, бәрібір аруақты жоққа шығарғандар масқара болып жеңіліп, өздері қыспаққа түсіп, сол аурулармен жазаланып, құдай құдіретін, Алланың аяттарының үкімдерін есесін толтырып қайтармаса, қалған өмірі азапқа айналатын уақыттыңда үкімі емшіліктің де ғылымы ерекше белгімен түсті қазақ жеріне! Және нақты көрсететін дәлелдер де бар. «Бірақ;«Дүниені түзеуші де, Һам бұзушы да-бір ғылым.».«Әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екенінде дау жоқ. Бірақ бет сұлулығын әркім-ақ таниды, ал сөз бен ән сұлулығын танушы аз» (Шәкәрім ата) Қазақта сөз ғылымы жоғалғанан, «намазхан», «зиялы», «депутат» «тілші», «түрі діншілер», «жаңа қазақ»т.б бір-бірінің сөзін түсібейтін ұлттар пайда болды. Осындай зұлымдыққа ұшыраған қазаққа ғылым келіп, енді екі-үш жылда батамен тазарып, аяндарды көріп, түстерді жоруды меңгеру барысында, сөз сұлулығын да, жан сұлулығын да меңгеген және тани білетін орта топ жетіліп келеді.Оларды тылсымнан аруақтар батасымен жеке-жеке дайындап та жатыр жаратушымыз. Болашақта әкімшілік болсын, баспасөз басылымдар, мәдени орындарда тек аянмен өлшейтін сөз түсінетін, арлы ақылды адамдар ғана отыратын жағдайға келеміз, себебі халықтың талғамы мақсаты да соған келе жатыр. «Халықтың талабы құдайдың қалауы» екенін ұмытпағанымыз жөн. Жеті жыл баспасөз беттерінің есігін қағып, аша алмадық. Енді ашық пікір талас, ортақ шешімге келіп, ата салт дәстүрін алға қоятын заң шығарып, жаратқаннан кешірім сұрап, бүлдіргенді тезірек қалпына келтірмесеңіздер, құрметті зиялы қауым, ақиқатты шет елдің кеңістігіне шығарып, бір-бірімізді болашақ ұрпақ алдында және әлем алдында масқаралауға тура келеді. Оған ақпарат та, ғылым да нақты көрсететін істерімізде жеткілікті дайынбыз. Біреулерің зиялар атын жамылып, бірің дінің, бірің партияның мүдесі деп құранға, құдайға қарсылық ойларыңызды баспасөздерге жазып, жариялап кітап қылып шығарып, бейнелеп түсіріп үлгірдіңіздер және әлі жалғасуда. Ал енді қаламмен жазғанды, қылышпен де өшіре алмайсыңдар, тек аруақтың қолдауымен жаратқанның кешірімін тезірек алмасаңыздар онда табандарыңнан, маңдайларыңнан, тізеден, белдерден мөр алып, нәтижесінде мүгедектікке немесе өлімге соқтырары сөзсіз.   Жалғанды жалпағынан басып, тек бас пайдасын шексіз байуды көздеген, шет елдің көмегіне жүгініп, өзге елдің салтын тықпалаған партияшылдар босқа әуре болып,  масқараға ұшырап жүрмеңіздер болашақта. Әрбіріңнің арттарыңнан көлеңкелерің (аруақтарың) еріп жүр, жуық арада есеп беру мезгілінің басталатынын ашық ескертуді жөн көрдім. Алдағы есік қағып тұрған, жер әлемге келген және алда міндетті түрде күтіп тұрған апаттардан, елін аман есен алып шығу ешқандай партияның да, діншінің де жеке адамныңда маңдайына жазбаған. Тура жол елге келетін қалыпты сынақтарымен, тылсымнан көрсеткен амалдарды, аманаттарды ел болып жұмылып орындап, сөзді түзеп, бірге бағынып, әрбір пенде жеке-жеке сындардан өтуімен халықтар бірлігімен ғана жетуге болады. Бұл жаратқаннан әлемде алғашқы болып құран үкімімен келген ұстай білгенге мәңгілік өмірге берілетін жолдама, болмаса төмеге қарай түсетін баспалдақ деп біліңіз оқырман. Сондықтан: «Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екенін білдіру үшін өліктермен сөйлестіреді.»(16-39) Ал өліктермен сөйлесу тек Рабымыздың құдірет қолы аруақ арқылы атақарылады да: «Шынымен (батаны) тыңдағандар қабылдайды. Сондай-ақ өліктерді Алла тірілтеді. Сонан кейін оның алдына қайтарылады.» (6-36) Батаменен көгеріп, артық хайыр жасаған ақ жолдықтардың Ата бабаларының бастары көтеріліп, Алланың алдында қызметке тұрғандардың ұрпақтарына жуық арада жаратқаның нығметтері беріліп, әлемге танымал болатын ұрпақтар өмірге келе бастайды. «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілде сенбейді. Алайда, барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұртарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды.» (13-31) Сондай аруақтың батасына сенбей, құдайдың құдіретін мазаққа айналдырып, өліктердің тіріліп түске еніп аян беретіне сенбейтіндерге: « Егер оларға періштелерді түсірсекте және оларға өліктер сөйлестірілсе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Себебі ондай надан діншілер тек тәпсірге ғана жүгініп: «Олар, өздеріне періштелердің келуін, немесе Рабыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерін келуін күте ме? Раббыңның белгілерінің кейі келеген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір хайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді…» (6-158)  Көп дінші, зиялы партияшыл әкім қара, тілшілердің өкіншіне қарай Рабымыздың кей белгісі түгіл қазақ жеріне елші келіп, көп қазақтың ұл, қыздарының жүректері ашылып, баталар жеткізіліп тура жолдың алғашқы баспалдағын қалаған, ақ ұлымызды үкімет, мешіт зиялы жазушы, тілші- бояушы, ерінбеген өсекші соңына шам алып түсіп, ақыры дегендеріне жетті. Топырағы торқа, иманы жолдас болғай деп, әрбір жаратқаннан түскен ұрық өсіп, өнімін көпке шашу үшін ақ өлімді бұйыратыны тылсым заңы. Бидай екеш бидайда өсіп, көбейіп, сабағын жаю үшін ұрығының өлуі табиғи заңдылық. Тән өлгенмен, жан да, аруақта өлуші емес, олай болса ізгілікті басталған істе ешқашан өлмейді. Ізгілікті бастаманы әрі қарай жетілдіріп, жалғастыратын асылдың сынықтары, асыл сөздің, батаның да тұнықтарымен қазақ ел ғана емес, әлемді де таң қалдырып, аталарымыздың ақ шапанын қайта жауып, шетен келген, өзімізден өзгенің қосын тіккен екі жүзділерді аталар аруағының алдында бастарын игізіп, тағзым етіп кешірім сұратар, ізбасар шәкірттері де жетерлік. Орнында бар оңалар деп, тек бірлігіміз жарасса жуық арада, сол ақ ұлдың жетелеуімен, аруағының қолдауымен,  құран үкімдерін зертемей қарсы шығып, қудалап, жеңісіне мәз болғандардың жылайтын, өкініштерге ұшырап, мазақтағандары өздерінің үстіне мініп, табандарынан, төбелерінен азаптардың келетін уақытына үкім түсіпте кетті.  Бала-шағаларын аулақ қыл деп тілейік жаратқаннан! Надан болса да өз қазағымыз, дін қандасымыз. Сондықтан ондай ағайындарымыздың, туыстарымыздың алдын ала қайғылырыңның, азаптарыңның жеңілдігін берсін деуден басқа шарамыз жоқ. Жартқанның рахымы шексіз, бәріңе де нанатындай қазақ жеріне әлемде болмаған хикметтер мен, белгілер түскені хақ! Көздері бар көре алмаған, құлақтары бар ести алмаған, жүректері бар сезе алмаған тек дүниенің ғана қызығын ойлағандар, түйе иненің көзінен өткенше, Құдай патшалығына ене алмайды деп бекер ескертпеген Ғиса пайғамбарымыз. Шығасыға иесі басшы болады дегендей, әлем алдында Абай атамыздың қазақтың сөзін ғана емес, орыстың атақты классиктерін құранмен сөйлетіп, Шәкәрімдей ғылым-сопы дайындағанын білу үшін; зиялы қауымның шыршаны тәңір қылып, аяз бен қарға табынып, құдайдан сұрағандай жақсылықты сақалын бояп, шапанынын жамылған аузы сасық пендесінен сұратып, елді де соған  нандырып, құдайдан шыршасын құлатып жазалаймын деген ескертуін қаперге де ілмей халықты апаттарға арандатып, бір-біріне шөп сыйлап, білімге ғана шоқынған елге жаратқанан сынақ, қайғы қасырет әкелетін әдеттеріден тиылып, бала құсап доп теуіп, жерден тышқанның көрін қазып мысық болып оны аңдып, тағы басқалай ойын қуып, жандарыңды күйдірмей күтсеңдер, онда сөз астарын түсінетін жүрек көздері ашылып, құлақтары тыңдаушыға, көздері көрушіге, ниетерің тазалықпен иманға айналса, онда нақты құранмен, пайғамбар өсиетерімен, ата-баба нақылдарымен, Яссауи бабамыз көрсеткен жан ғылымымен, ашық бақсылық, емшілік істермен, Ақ жолдың әлем діншілері таба алмай жүрген тура жолдың өзі екенін дәлелдеуге дайынбыз. Сонда барып; Арыстан бабадай, Яссауидей әулиелердің кім екенін біліп, бүкіл пайғамбарлардың тамыры сақтан тарап, көп пайғамбарлар қазақ жерінде жерленіп, Тәуратта, Забурде қазығұрта түсіргенін дәлелденіп, сондықтан жаратушымызда құранда «САҚ» болыңдар! сақтардан құлшылықта үлгі алыңдар- деп ескерткенін түсінген қазақ баласы ана тілінің де қадірін қастерлеп, жарыса оқитын, аталар аманаты мақалдарының нақылын ұғынып, ғұламаларын зертейтін күні де туар! Тура жолдың нақты ғылымын көрсетіп, санымен сызықтық бейнесін белгілеп, көп нәрселердің құпиясын білгенімен айтып, жаза алмай кеткен әулие бабаларымыз Құл Қожа Ахмет, Әл-Фараби, Пір Бекет, т.б көптеген қазақ данышпандарының еңбектерінің құпиясын ашу үшін де берідегі тура жолдың көрнісін қарапайым дәлелдермен көрсетіп және астарлы сөздермен ашық-ашық жазып қалдырған Абай, Шәкәрімдей сопы ғұламаларымызды оқып үйренуіміз керек. Оған көмек әлемде әзіреге теңдесі жоқ дайын Құранның аудармасына жаратқанның сыйы деп иман келтіруіміз шарт. Және арап еліненде, християндардан да бұрын  тура жолда болған ел екендігімізді дәлелдейтін жаратқанның түсірген тартуы;  Дін шырағданы яғни діннің  ғылымының нәтижесінің тостағанның бейнесі де табылды қазақ елінен Қажы баба басынан! Құран сандарының ғылымы осы шырағдан есебінің ақиқатын анықтайды, насихатын түсіндіреді. Сондықтанда  қазіргі қазаққа енді керегі; «Қазақтың жайнар даласы, Жетілер оқып баласы. Шошытатын мені сол- Олардың күндес таласы.» «Атадан қалған ақ сауыт, Арамға әбден  былғанды. Өнер қылды «жақсылар» Қасқырша елді жұлғанды. Жала жауып, жалмайды, Жазасыз қарап тұрғанды. Еліріп, еріп көп ел жүр, Білмейді Құдай ұрғанды. Түпсіз жауға санайды, Түзу жолға бұрғанды.» «Адамның бұл дүниеде, бұл табиғатта жоқ нәрсені ойлауының өзі мүмкін емес, болуға тиісті нәрсені ғана ойлай алады. Бұл-бір. Екінші, сол қиял, болмайтын нәрсе деп отырғанымыз-ұлғайтылып, өзгертіліп, ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін» деген Шәкәрім ата өсиеттермен тұжырымдап, болашағымыз қазақтың баянды болуға, түсіңіз оқушы аянды болуға, өзіңізді ғылымды болуға жазсын жаратқан!

Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік көшесі №6.Желтоқсан. 2010 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *