VIII-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ I- Қазақ дін танымы. Кеше, бүгін және ертең.

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 62

Қазақта дін ұғымын түсіндіру үшін; дін- «діңің» деген сөзді жиі пайдаланамыз. Олай болса; «дің» дегеніміз-өзек, өзек- тіреу ал тіреуіміз сүйеу. Ойшыл, білімді ғалымдар алдымен өздерінің ақылы мен еңбегіне сүйенеді. Ал өсек теріп, адам аулаған құмардың тірегі не болу керек? Ғылыммен діннің арасында қандай байланыс, қатынас бар? Немен толтырып қалай өлшенеді? Осы мәселеге кірісіп, оның шындық мазмұнын түсіну үшін, діннің де ғылымның да барлық тарауларын түбегейлі тексеріп терең білу қажет. Ондай білімді адам баласын діни сауатты ( ата текті (аталық), қасиетті) немесе ғалым деп атағанымыз абзал.

Ал ондай сыннан өтпей тиіп қашып, үзіп жұлу арқылы бүкіл ғаламдық мәселеге кірісуге болама? Немесе білімім жеткіліксіз екен деп еліңде жүріп жатқан тартыстардан бой тартып, тысқары қалу керек пе? Бүкіл әлемді меңгерген ғалым болу әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл бір. Екінші жағынан шала шарпы білгеніңмен өзіңде адасасың. Сонымен қоймай өзгеніде адастырасың. Оның аты «дүмше молда дін бұзар» болады. Енді ондай дүмшелердің басты белгісі өзі нені білмесе сонымен қашанда қорқытады. Ол үшін көпшілікке онша таныс емес, ғалымдардың зертемеген құпиясын ашпаған немесе мән бермейтін белгісіз атаулар мен сөздерді пайдалану олардың басты құралы.

Дін қағидасы бойынша жаратылыс сөзден басталады деп түсіндіреді. Ақылды жетілдіру үшін әуелі қандайда болсын сөзге нана біліп, сосын білімін таразыға салып, өлшеп мағына-мәнін тексеріп, дұрыс-бұрысын електен өткізіп, керегін алып, жарамсызын қалдыру керек. Сондай ақылмен болған нанымнан кейін, илану яғни ақпараттарды қабылдап сенеміз. Сенім- көрген, естіген, ұстаған сезген нәрселермен салыстыра отыра таза илану болып табылады. Енді біздердің көрген, білген және жинаған білімімізге сәйкес келмейтін, бірақ киелі кітаптармен түсірілген және ата-бабаларымыздың үгіт насихат, мақал-мәтел, нақыл сөздер түрінде жазылған немесе ауыз екі түрінде қалдырған өсиет аманаттарына да нануымыз яғни илану керек.

Бірақ кейде заманымызға сай ашылған анықталған білім, ғылымымызға кейде дұрыс кейде қайшы келіп, әр түрлі пікірлерді туындатып және әрбір білімді немесе ілімді аталған елдер өз сөздерімен, нанымын тықпалап жатса, онда қалай кімге нанып және сенген дұрыс? Олай болса барлық адамзатқа тән ортақ қабылданған жоққа шығармайтын сөздерден бастап тарқатқан абзал болмай ма? Ондай ұғымдар жаратылыс басынан және әлмисақтан әрі және беріде пайда болған шежірелерді жалғаудан барып табылмақ. Ал ондай ұғымдар ғылымы қашанда қарама қайшы пікірлерден туындап, тек нақты іс жүзіне айналғанда нақтылық білімге айналып, белгілі бір мерзімге дейін адамзатқа қызмет етуге тиісті.

Енді ілім- дегеніміз сол ғылымның негізгі бастауы және әрбір танымал дүниеміздің ішкі және батапқы сыры құпиясы. Бастапқы сырды білу үшін негізгі ішкі сырының білімін жетік білуіміз шарт. Адам өзін білмей және Алланың «өзін» яғни ішкі себеп сипатын танымай жаратушы түгіл, жаратқанды да білу мүмкін емес! Сондықтан ілімді болу дегеніміз, киелі кітаптарға немесе ғұламалар, пайғамбарлар, әулиелер айтып ескертіп кеткен нақыл, өсиеттеге жүгіну арқылы белгілі бір жаратылыс және тіршілік қағидаларын «гипотетузаны» ойлау жүйесін қалыптастыратын яғни белгілі бір сөйлемді ұғымдарды меңгеруді айтамыз.

Егер де нақты киелі кітап сөздері болса; аят деп, ал нақыл, өсиет, пікірлерді хадис, насихат, аян деп атаймыз. Қазақ елі исламмен мыңдаған жылдар біте қайнасып, шежіреміз солай жазылғаннан кейін, мойындасақ та мойындамасақта құран атты килі кітапқа жүгінуіміз шарт! Зайырлықта осында! Оған ислам дінін қабылдау арқылы қазақ жерінде жатқан, қазіргі таңда әлемнің өзі толық мойындаған, қаншама ғұлама және әулиелер жаратушы мен біздерге ұрпақтарына екі аралыққа куәлікте жеткілікті болмақ. Құран насихаты да осылай түсіндіреді. Демек ислам дінімен арада куәлікте тұратын ғұлама әулиесі және соған лайықты нұрландырушы ақыл кітабы бар ел онда аяғын мықтап басқан және дін ұстанымын да солай жалғастыру керек деген жаратқаннан берілген негізгі белгісі.

Сондықтан соңғы жүз жылдықтарда басқа елдерде дінді оданда жоғарғы сатыға көтеріп, құран насихатының жаңа қырларын, құпияларын көрсетіп, артында ғылымға да ілімнің яғни сөздің өркен жаюына үннің, сананың жетілуіне септігін тигізетін, өзге жұртта ғұламалар шықса, өмірден өтіп, артында ізі еңбегі кітабы болып және міндетті түрде әулие аталған шәкірттері шықса, онда ондай ақылдың, әдептің өзін елеп- екшеп, үндестігімізбен тілімізге зияны тимейтіндей болса қабылдағанымыз абзал. Дін- дегеніміздің қарапайым бір сипаты сөзді дамыту арқылы халықтың түсінігі ұғымын кеңейтіп заманына сай сана-сезімдерін жетілдіріп отыру болып шығады.

Олай болса түсініп, түйсініп оны іске айналдыру тіршілік қамының өркендеуін, әдеби шығармашылықтың көркемделуімен сол ортаның ізгілікті қылығын тудыру керек. Әрбір істің де сөздің де өлшенуі үшін белгілі ғылыми өлшемі қалыптасу керек. Сондықтанда жаратушымыз қылықтардың сөздердің, үндердің, тілдердің, ұғымдардың өсуімен қатар кітаптарды түсіріп өлшемін жіберіп негізгі сыртқы шегін белгілеп қойған. Мысалға; Інжілдің өлшемі-18, Тәурат-23, Забур-27, Құран-32 болып барлығы 100 санын береді. Төрт кітапты қажетінше үніне, тіліне, сөзіне айналдырып іске қылыққа айналдырсаңыз, жүзіңіз жарқын болып, 100 кітапқа жалғанып зайырлы, парасатты атанып, жаратқанның нұрынан үлес алғаның.

Енді неге онда дінде 72 топқа бөлінеміз деген сұрақ туындайды. Бақсақ бақа екен?-дегендей Адам атаға берілген алғашқы кітап Забур қағидалары болып табылады. Забур арыстан. Дауысты дыбыстардан тұратын ілім. Аңдармен, хайуандармен жануарлар әлемімен байланысты. Барлық дауыстар жиынтығы арыстаннан көруге болады. Қайрат, күш, патшалық. Тәурат отпен судың жемісі; жаратылыстың үні-23. Інжіл- адамзатқа беріліп тұратын тылсымының, өлілердің яғни аруақтың, Раббымыздың үні-18. «Әлһамдулилла-Раббыл-ғаламийн», «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән»-18. Демек әр пенденің оң қолындағы арап санымен 18 саны жазылып «Аруақ қолда!» деп айтуымыздың өзі інжілді айтып, Ғиса пайғамбарға сыйынамыз.

Құран сырының өзі тақтан жұпқа, оңнан теріске немесе керісінше дәрежелену арқылы насихатталады. Тереңге кете бермей 18 саны құран арқылы дәрежелегенде 81, ал 27-72-ге, 23 дәрежеленіп 32 санын береді. Оған нақты дәлел сол қолыңыздағы 18-дің дәрежесі сол қолда 81 болып оқылады. Аянмен де осылай көрсеткен. Кезінде ғалым иманы жолдас болғай Мағжан Ақжанов осылай сандар дәрежесін пайдаланыпты. Әрине болашақта жан ғылымымен болашақта түсіндірілетін нақты аяттары да бар. Олай болса дауысты дыбыстар адамзатта дәрежеленіп, 72 топқа үндестікке айналу керек. 72 түрлі үндік ерекшелігі яғни діндік шариғи ерекшелігі бар елдер, топтар болу керек.

Ол ерекшелік неден пайда болады? Тағы құран ғылымына жүгінсек; уақыт немесе «уақ» 3 кезеңнен пайда болады. Сол сияқты жер бетінің де тіршілігі 3 кезеңге ғана бөлініп төрт мезгілден бір заманды беріп отырады. Дәлел; 3 айдан мезгіл, төрт мезгілден жылды құрайды. 72:4=18, 72:3=24 бөлінді сандары нені білдіреді? 18- саны інжіл болып, төрт негізгі қуаттық ақпараттық сипатарымен ал жұбыменен 8 түрдің яғни сегіз шариғат-шарио амалдарын көрсетеді. 72х2 болып 144 санымен берілген кітаптар санын көрсетіп шариғат осы санмен оқылады. Ал 24 саны құрандағы көрсетілген 24 пайғамбар, тәуліктегі 24 сағаттың немесе нұрдың санын береді. Бұл ұғымнан 24 пайғамбарға берілген кітаптың үш түрлі амалдар, қылықтар немесе үш пайғамбар арқылы қайталанып қалыптастырылған діни амалдар, құлшылықтар белгісі пайда болады.

Енді 72 амалды бірге яғни «Бір Аллаға» «Бір-ақ тәңірге» жалбарынып; (72+1=73) қосу арқылы, 73-ші топтың сипатын береді. Тағы да құран ғылымына жүгіне отыра, тек бір арқылы ғана қосуға немесе қосылуға болатынын ескеріп, сүйікті пайғамбарымыз бен Мұса пайғамбарымыздың немесе құранмен тәуратың қосылуы 20-шы сүре «Таһа» арқылы орындалу керек. Олай болса 20 санымен тұжырымдалатын 73-ші сүре ұғымына Бір Аллаға сыйыну амалына жүгінсек; «(Мұхаммед) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (аруақ оятады) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. (түгел жаттауға, қиындатуға болмайды) Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, (ел кезіп зират жасап) жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар (тазарту, емшілік) Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да (зират, тазару амалдары) зекет беріңдер. Және өздерің (аруақ) үшін алдын ала хайыр (құрбандық, садақа) істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық (қолдау) түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау (пайғамбарлармен, әулиелерге, ата-анаға құран бағыштау) тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (73-20 аят)

Құранда сандар, сүрелер жүйесі түгіл бірде-бір бос сөз, немесе тыныс белгілерді де босқа қолданбау шартты үкім. Сондықтан құран оқи сала, артынша түсіндіруге болмайтынын, сөзді санап, астарын зертеу керектігін жаратушы тарапынан да, пайғамбарымыздан да ескертілген. Енді Адам атаға берілген алғашқы 3 нұсқауға тоқталсақ; Біріншіден; рұхты яғни сөзді үрлегеннен кейін атауларды үйретіп (уахи алу), көркем аттар қойуға тапсырма берілген. Яғни әрбір нәрсеге, жаратылыс егесіне сипатына қасиетіне қарай ат қоя білуді үйреніп мегеруіміз керек. Екіншіден; белгілі тиымдарды тыңдап, шектен шықпай яғни өзіңе шерік қоспау керек. Үшіншіден; істеген күнәға яғни өзіңе зұлымдық жасап, соған байланысты жалбарыну амалдарын меңгеріп, қайта жаннаттық болуға жетуіміз керек.

Бұл қағида адамзатқа алғашқы берілген және жалғасты түрде барлық адам ұрпағына тиісті міндетті үкім. Демек адам болып жер басқаннан кейін, тіршілік қамында сүрініп, жаңылып өзімізге өзіміз зұлымдық жасап, сол зұлымдықтарды, күнәларымызды кешірім сұрап өтеу амалдарымен сынақтан өтіп жаратқанға жолығу- діни жол деп аталады. Сондықтан Шәкәрім атамыз ескерткендей дін қашанда қиянаттан пайда болады, қарама-қарсылық заңдылығы. Ал әркім өзіне қандай қиянат жасағанын мойындап білу үшін ақыл, білім керек. Демек ақылсыз иман жоқ болса, иманды табу нағыз шатақ! Себебі дүмшелер айтқандай иман сені ешқашанда өзі іздеп келмейді. Иман табу жолында үнемі «хижра» яғни машақатты сапарда болу керек.

Ал намазды тек оқып, иманды үйге келтіретін, ондай шатаққа шатылған дінді аталарымыз; «бүлдіргі» деп атап; «Бүлінген елден бүлдіргі алма» деп ескерткен! Дінді тазасын алып, өз дінімізді өсіріп, жетілдіріп, ғылыммен сәйкестендіріп, заманына сай намаздарды жетілдіріп отыру үнемі қажеттілік. Бірақ сол намазын үйренетін елдің сана-салтына рухани әлеуметтік ділдік өніміне қарай алу керек. Сондықтан бәрінен биік сөз ғылымымен яғни әдеби, шығармашылық, тілдік белгісімен ғана өлшеп алсақ жаңылыспаймыз. Енді тіл неден пайда болады? Жаратылыс негізі екіден тақпен жұптан басталып, сосын төртпен парланып құралып, алтымен қауыммен аяқталған. Екіден тақ жұп мәндерін құрап, әр екінің өз алтысы болса 2х6=12, 4х6=24 болып мезгілдер есебін беріп, отың тілі, судың тілі, жердің тілі, желдің тілі болып төрт негізден 24 үннің негізінен жұптасақ; 48 түрлі үндік белгі болып, жер бетіндегі «қыбыла» саны шығады.

Олай болса Мекке негізгі үлкен белгі болса, одан басқа тағы 47-і белгі; «Мұхаммед» атты үндік шапағат жердің тесігі, көк есігі бар. Құрандада солай белгіленген. Арап тілдері- судың, латын,иврит тілдері-оттың, қытай т.б азиялық елдер су мен жел, қазақ тілі, жер мен жел болып жіктеледі. Ал негізінен жел 7-ден (до,ре,ми,фа,соль,ля,си) ден тұрып ортақ тілмен әр халық өзіндік, үндестік «до»-сын табу керек. Қазақ елі қоңыр үнді «до»-ға жатамыз. Забур жер мен желдің=26 және үш тілдің бірлігі 26+1=27 дауыспен яғни шабытпен, ақындық, жыршылық, шығармашылықпен байланысты. 27-і саны құранда көктен келер түстердің, уахидың, періштелермен кездесудің, аманаттардың, пырақтардың, таудан несібенің, жындармен, жүректердің, істердің белгісі.

Арап тілі көктік судың үні. Сондықтан үндер ортасы- жартылай дауысты болғандықтан; Құранды оқығанда өлеңге келмейді және тыйым салынған аяттарда да. Әйел дауысы әуезді, төменгі жиілікте құранның келу және тылсым үнімен сәйкес келетіндіктен, әйел үнімен жаратқанның сөзі әнге айналып кететіндіктен «дауыстап оқуға болмайды»- деп тиым салынған. Құран үні қашанда жуанның ортасын тапқан еркек дауысымен араласып мақамға айналу керек. Болашақта жіңішке әйел дауысты еркектер пайда болып, құранды әндетіп оқып, өз зиянына алатын үмметтерім шығады деп ескерткен пайғамбарымыз кезінде. Ал құранның жалбарыну емес тұтастай үгітін, тозақтық ескертулерін де жаттап, мәнерлеп оқудан үнің жіңішкеріп, жүректің рухани өлімін, мақамның жоғалуын туындатады.

«Еркек дауысты әйелде ұят болмас, әйел дауысты еркекте қуат болмас» деп аталарымыз құранды жіңішке дауыспен оқып, қуатын жоғалтып, ал әйелдің нәзіктік жыныстық қылығы өзгерсе дауысыда өзгеріп, ұяты, иманы, ақылы жоғалатынын ескерткен. Ал Құран насихатының құпиясы тек басқа тілдерге әрбір үнді таңбалап алып, сосын тыныс белгілерін қойып барып, сөздің астарлы мағынасын іздеу арқылы ғана аударылу керек. Сонда ғана бір сөз үш немесе төрт түрлі мағынасын тауып отырады. Қазақ тілі негізінен жермен желдің және судан да, оттанда үндер жиынтығын үлесін алған, көп таңбалы үндер жиынтығынан тұрады.

Негізінен жердің тілі 26-62 болып табылады. Сондықтан қазақ қарға тамырлы. Яғни химия ғылымының кілті. Забур тек толықтай қазақ халқының еншісінде. 27 белгінің бәрін сақтардан тараған 16 тайпа «бақанашылдар»-аса таяқ ұстаушылар меңгерген. Ал таңба үндердің ыдысы. Сөз әлемге ортақ базар. Әр елдің құранда өз орны сөз құпиясын шешуге, жандық ерекшелігіне байланысты сандық кітаптарының мәні бар. Араптың базары кітабы 8-де. Барлық адам баласына заманның ақырына дейін меңгеруге тиісті кітаптың саны 114-болып Құранда нақты құпия белгілері түсірілген. Ислам елінің көбінің төрт кітаптан тыс жол-жоба кітабы 7-де. Ал қазақ елінің жол-жобасын 9-дан ізде. Қазақтың кітаптар базарынан таңбасына қарай алған үлесі де мол. Бірақ өкінішке орай, сол сөздің «базарындағы» тоғызбен толғап, түйетін жайлы жоғарғы орнымыздан айрылып; өзімізге, ділімізге зұлымдық жасап алдық.

Арап тілі мейлі парсы, иран болсын, тілдер ортасы болып табылады. Олай болса, дін тарихының даму сатысының, шежірелердің де ортасында тұру керек. Ал құран сөздерінің құпиясын шешу үшін сөздер тарихының әуелі ортасынан алып, екі жағымен басы аяғы мен жалғау керек. Екі қолдың арасы «көкірек» 63 санын берді. Пайғамбар жасы 63. Тәубаның ортасы да 63. Пайғамбарымыздың да аманаты бар нәрсенің ортасын табу! Екі жағын білмей ортасын қалай анықтауға болады. Сондықтан Құран ғылымы, сөзі бүкіл жаратылыстың қақ ортасы! Ал Адам ата тілінің негізі шежіре басы қазақ елі болып табылады.

Арап танушы мамандар адам атадан келе жатқан ұғымдарды да бұрмалап, арап тілімен сөзімен ғана түсіндіргендіктен, сөз ұғымдары шектеліп, надандықтың құрсауына ортасына қазанға қайта түсіп, аяттар бөлшектеліп, ғылымы кетіп содан дін азды ал құран насихаты да әулие бабаларымызбен бірге жоғалды. Мысалға тек сананы жабу үшін ғана; «Расулаллах, ғалейкісаламның қасындағы болған, радиоаллаху әнхулар мағрифат еткендей, тәртилмен оқып, ақидасын мәжғаппен түсініп, салих амалдармен таухид жасадым.», «таупих» бере көр немесе «жұмаң мүбәрәк болсын», «Аллахым», «Аллаққа иман келтіріп, жалбарынып», «сүйлө органдары, Араб тамгалары махраждары» т.б дүдәмал сөздермен, ұғымдарын сол қалпында пайдалану, қалыпты әдетке айналды.

Ал жаратушымыз жұма күнін жаратылыстан мұсылмандар үшін мүббәрәк (қадірлі, қасиетті) еткеніне күдік келтіріп және тіл заңдылығын белінен басып, Аллаға серік қосу дін ғұламаларының, баспасөздердің айналысатын тұрақты кәсібіне айналды. Тілді бұрмалап, сөз ғылымын жоғалтумен айналысатын қандай тура дін болмақ? Ал бес парыздан басқа амалы жоқ, ішкі 40 парызының жұбы жоқ, санаты түгі саны жоқ, қандай тура жол, қандай құлшылық? Тілдің үндестігі кетіп, сөздің азуына, біздің европашыл «философия» мамандарыда аянбай үлес қосуда. Мысалға; латыннан «от тілінен» басқа тілде өзгеше бастапқы ұғым болмағандай, шешендік шежірені; «обективті үдерістен, субъективті үдеріске көшумен, методогиялық , символика саласындағы тепе-теңдікті бұзбай, сыни тұрғыда бағалап, техницизм қоғамы туралы, антитехницизм-технофобияның көрнісі пайда болып…» деген сөз тіркестерінен құрылған, жоғарғы дәрежелі ойшылдардың, жоғарғы оқу орындарына арналған «философия» шешендік өнерді қалыптастыру оқулығының көрнісінен қандай сөз түсінетін ұрпақ тәрбиелеп жатқанын көруге болады.

Ал дін оқуларының, оқулықтарының көрнісі одан да сорақы, жан түршігерлік кірпі! Бұл біздің бүгінгі дініміз яғни ертеңімізде осыдан нәр алып уланып жатыр. Демек қазақ елінің санасының жабылып, тек басқа елдің ырқынан шықпай, құл-құтандармен, тамақ жеуге құрылған қоғамдық мемлекетке айналдырмақ болған өзге елдің саясатын жүргізуге ғалымдарымыздан бастап, әкім қараларымыз қоштап, «діни сауатыларымыз» (тектілер) ықпал жасап, өз-өздеріне зұлымдық жасап болды. «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұртың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек.» (Ахмет Байтұрсынұлы.)

Қаншама дана аталарымыздың ескертуіне қарамай, осындай өздеріне зұлымдық жасап, сөзімізде, өзімізде өзге діннің құлдығына ұшырап жоғалуға тиісті, ордың жағасында тұрған елге қашанда жаратушы тарапынан жәрдем келіп, ерекше хикметтерді, үкімдерді түсірілуі тарихи оқиғалардың қайталану кезеңі, жаратқанның рахымы біздерге түсіпті. Қазақ халқына бұндай нәубеттер бұрында келген және жаратқаннан келген хикметтерді меңгеру арқылы ғана әулие бабаларымыз арқылы халқымыз құтқарылған. Әрбір жаңашылдық мейлі ғылымда, мейлі дінде болсын, өткен тарихта болған жақсылықтардың қайталануы деп біліңіз.

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.» деп аталарымыз әрбір 100 жыл сайын елдік өзгерістердің, тылсым жаңалықтарының болатынын ескертіп кеткен. 19 ғасырдың аяғына келген еркіндік алуымызға жаратушы тарапынан қонған бақты қабылдауға өзге жұртан сіңірген сыңар жақтығымыз жібермеді. Қазақ елінде өліктермен сөйлестіріп, халықты рухани өлімнен оятып, сөздерді тірілту үшін елшіні өз ішімізден тағайындап; аққу, сұңқарларды дайындап, сөзді тәрбиелеу басталысымен-ақ діндарларда, үкімет орындарыда, ғалымдарда зертеп кемісін көрсетіп, шариғат амалдарын үйретіп, діннің бірлестіру шараларын ұйымдастыру орнына, құран аятымен қоса; сөйлей білген даттап, жаза білген тірілей қақтап, заңды білген соттап, күл төккенге айдатып жіберді.

Пайғамбарлар түгіл, ақын жазушылар да, сұңқарлықты меңгеріп, көктің үнін естімесе, шабыт жоғалып, бос әурешілік болатыны қаперлеріне де кірмей, адамзаттың сұңқары сүйікті пайғамбарымызда «көкқу..гәкку.т.б» қоса аталып кетті. Нәтижесінде Қазақ елі, әлемде дініне өзіне -өзі, әдет-ғұрпына, жетім, жесіріне қайыр жасауға тиым салған, дініне ашықтан-ашық қарсы шыққан, болашақ тарихтың таңдағы болып қалатын, зұлымдықты жамап, қиямет оқиғасын жаратқаннан сұрап алдық. Дәлел; қазіргі таңда болып жатқан түрлі оқиғалар және алдағы 9 жыл ішінде болуға тиісті оқиғалар! Алла жолында үкіметіміз және дін зертеушілерінен тыйым салған, елді Алла жолында мал жұсамауға сараңдыққа бұйырған үкім шығарып еді; бәрібір артынша көптеген апаттармен, ескертулермен қоса 45 адамның өлімімен жалпы халыққа, мемлекетке артығымен мал жұмсатып, бір-біріне садақаны бергізіп, бәрібір сынның бір белесінен өткізді елімізді жаратушымыз.

«Қызғанғаның қызыл иттің жеміне айналады» деген белгі. Кімге пайда, кімге зиян келді? Түсіндіріп көріңдерші енді халыққа діни сауаттыларымыз? Негізінен діни сауаттары (тектілігін тапқандар) барлар, жапырақтыңда өздігінен түспейтінін себептерге иман келтіреді де, ал қаншама адамдар тағдырының өліммен, қыспақтармен сыналып жатқан себебін білуге, тәубе ішіне тәубе келтіруге әдейі тырыспайды да. Мүмкін қазақтын, рұхын, ділін жоюға сырттан қаражат бөліп, ұйымдастырылып жатқан шаралар деуден басқа қарапайым халықтың жорамалы жоқ.

Осындай қарсылықтарға міндетті түрде әр елдің жыл мезгілі ішінде жасаған зұлымдығына алатын жауапты мезгілі болады, белгіленеді көктен. Біздің кезегіміз қыстың басы мен аяғы, көктемге жалғанар кезеңі. «Егерде бастарыңа жаманшылық, қиындықтар келсе оны ешкімнен көрмеңдер, өздеріміздің қол екі істегендерімізден деп біліңдер» деген үкім бар құранда. Жеке пенделерге ондай зұлымдықтардың жауабы әрбір үш жылда қайтып беріледі. Оған дейін жаратушының рахымымен жылына бір, болмаса екі, ескерту немесе әр түрлі аурулармен, сынақтармен тәубеге шақырылады. Негізінен құранның жан ғылымы бойынша дәулетті және білімді, ел басқарылуға бұйырылған пенделер, бұрынғы өмірлерінде Алланың құлы болып, қайта сый алуға келгендер жанынан болып табылады.

Ал жастайынан дінге құмарлықта бұрынғы дінді меңгеріп, кейбір қателіктерін түзеуге жіберілгендер санатынан болып, көбіміз сол бұрынғы өмірде жіберілген қателіктерді қайталап күнәға одан әрі батамыз. Неге?- деген сауал туады әрине. Бұл Адам атамыздан бастап келе жатқан діннің міндетті өзгермейтін заңдылығы. Өзіне -өзі тағдыры, аманатына қиянат жасап барып қана, құдайдың құдіретіне жолығу арқылы ғана сол қателігіңді ақылмен өлшеп тауып, тәубеге келмей, кемісін толтырып, түземей жаннаттың исін де сезу, аян алу, тіптен қарапайым ескерту түс көру де мүмкін емес. Түс түзелмей қандайда бір бастаған істің түзелуі немесе дұрыс нәтиже беруі де мүмкін емес!

Құдайдың құдіреті күнәң толып, орға құлаудың алдында ғана көрінеді. Сондықтан маған қашан ескертеді, деп қарап отырмай, болашағын болжау үшін түске мән беріп жоруды үйрену керек. Бұл Адам атадан келе жатқан адамдық-пайғамбарлық әдет. Ал түс көру үшін садақа, зекет беріп, құрбан шалып, зират амалдарын жасау міндетті үкім қазақ баласына. Әр ұлттың дінінің өз ақ бастауы болады. Қазақ елі үшін, мақалдан іске, нақылға айналған яғни ғасырлар тәжірибесінен өтіп әдет-ғұрып болып жазылған, орындауға міндетті бұлжымас заңдылығы болып есептелетін «Өлі разы болмай тірі байымас!».

Жалпы қазақ қана емес жер жүзі халқы үшін құран насихаты; мейлі дінші, мейлі әкім, қойшы бұрынғы ата баба салтымен түспен, аянмен, уахимен Алла достары шапағатшы әулиелер батасымен жүрсе ғана әділетті қоғам орнайды. Одан басқа дінде де , тарихта да Алланың жолы жоқ. Сондықтан діншіңде, ғалымда; «Менің білетінім бір ғана, олда менің білмейтінім» деп білмейтін ғылымды іздеу арқылы ғана ұрпақ жалғастығын яғни бес күнге (5000 жылға) шежіре ағашына жалғануын қамтамасыз еткенде ғана бақыты өмір сүрдім деп айтуына болады. Ал шайтан болса, сол бақытқа барар жолдағы басты кедергі болып, қорқытумен алдап, азғырып, аздырушы түрінде тәнде, қанда, сыртыңда бірге тіршілік ететін несібеге ортақ, адамзат баласына өркендеп дамуға тұрақты берілген сынақ екені де хақ.. (жалғасы бар Тамыз айы 2010 жыл. )

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *