Ұлылардан ұлағат алайық! (2-бөлім)

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 152

Ислам дін ғалымдарының, арап ұлтының Адам атадан бастап тегі сақталған және діннің тазасын меңгерген негізгі қауым қожалар деп халықты алдайтынын, пайғамбарымыздың мына өсиетінен анықтауға болады. « -Уа, Алланың елшісі! Адамдардың ең құрметтісі кім?-деп сұрағанда: -Ең тақуалары,-деді. Адамдар: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. Сонда пайғамбар:-Ол Алланың пайғамбарының ұлы Жүсіп, Алланың пайғамбарының ұлының әкесі де (Жақып) Алланың пайғамбарының ұлы, ал атасы (Ысқақ) Алланың сүйікті досының (Ыбырайым) ұлы,-деді. Олар тағы да: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. –Сонда сендер арабтардың арғы аталары жайлы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың жәһиляттағы ең жақсылары-егер дінді түсінсе, Исламдағы ең жақсылары болады,-деп айтты»,-деген» (1345-өсиет)

Осы өсиетпенен-ақ арап халқының шежіре шариғатының жәһилет дәуірінен яғни ислам келмей тұрғандағы қалыптасқан арилықтар болып табылатын Ысмайыл пайғамбардың ұрпақтары мен Ғад қауымынан құтқарылған та аз ғана елдің «ап-уақ» тардың бірігуімен құралған халықтан басталатынын көрсетеді. Кім пайғамбарымызға берілген жеке кітапқа (Құранға) қарсы болып оны бұзуға тырысса онда ол Аллаға негізгі Құранға да қарсы шығып, кәпір болды. Осындай пайғамбарымызға түсірілген ап-ашық аяттардың үгітін түсінетін қазақтың қанына сіңген, тоғызбен толғайтын; шешендік, билік, абыздық сөз ділмарлығын шеттен алған «философ профессор» деген шенге айырбастап жібердік.

Сондықтан сондай шенділерден дәріс тыңдаған, сөз астарын ұқпайтын мастар мен тамырынан ажырап жатқан жастарға зираттатып, табандарын мөрлетіп, ана тілінде рухтан шарап (бата) беріп басын жазса ғана есін жияды. Сол шараптың буы (гипотегендік өріс, ар буы) Алланың сүйген құлдары әулие-әмби сүйегінен жұпар иіс, майдың нұры болып шығады. Сондықтан жаратушымыз; «Зейнеттеріңді алыңдар, табандарыңмен, төбелеріңмен ішіп жейсіңдер» деп ескерткен.

Оян қазақ! Ақиқаттың көшірмесін пайғабарымызға апарған кітаптан хабар келді! Сол мұраны қолға ұстау үшін, әуелі жалпы қазаққа ауызға (сөзге) бірлік керек! Құран арап сөзімен емес әлемге ортақ үндер жинағымен берілген. Екі дәрежелі үнді «ОВ» деп белгілегеніміз абзал. Сонда «Иванов» түбінде «ОВ»-ға мұсылманға айналады деген жаратушы тарапынан үкім. «ОВ»-мызды, бірін өзіміз, екіншісі арапты танытушылар қысқартып, тек әкеңді ғана біл, деп әкесімен қатар аталғанды мақтан тұтып, дінніңде тарихын шежіресін қысқартып, ал тарихта халық есінде әулие болып танылып, дін әлемінде нақты тарихаттың қағидаларын қалыптастырған дана бабаларымызды елдің жадынан алып тастап, дін тұтастығын бөлшектеп жатқан зұлымдыққа бағытталған шариғатымыздан тазарайық ағайын.

Діннің өзіндік шежіресі тарихтан жібі бар! Оны «жан ғылымы» деп атаған Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Жан ғылымы үндестік заңына, тіл ғылымына тәуелді. Ұлттық дін танымында жан ғылымының көрнісі болып, таза ақпарат, ғылым, халықтар денсаулығы, елдің бірлігі, өркениеттің жоғарғы үлгісін қоса қалыптастыру ғана діннің негізгі нәтижесі болмақ. Сөз ғылымы да дамып, заманына сай жаңа философиялық бағытты, әлемдік өзгерістерге нақты баға және тіршілік ету формалары мен өзгерістерді қалыптастыру шарт. Тура жолын тапқан ел қашанда әлемдер мектебіне үлгіге, Гумиловша «пассионарлық» көш басшыға айналу керек. Дінді тек кітап түскен елдің тіліне ғана байлап, әлем халқын Алланың сөзіне емес, елдің сөзіне табындыру елді мәңгүттікке, қайғы қасіреттерге және жаратушының сынақтарын, лағнетін туындатады.

Халықтар шежіресі дінмен біте қайнасып, үнді дамытуға, бірте-бірте үндестіктің бірігуін қалыптастырып, сөз ұғымдарының кеңістігін дамыту арқылы түсініктердің ұқсастығына жету керек. Бірақ тіл заңдылығы, үндестік заңдылығы қатаң сақталу керек! Тіл ғылымы дін ғылымынан үстем болғанда ғана, дінді түсіндіру тіл ғылымына мүлтіксіз бағындырғанда ғана нағыз бейнесін көрсетіп, ел мүдесіне таза ақпарат алуға қызмет етуі сөзсіз. Дін қашанда тілдің даму заңдылығының қызметшісі, шабыттың бұлағы, сөз тазалығының кепілдігін қамтамасыз ете білгенде тура дін болып табылады.

Құраннан Алланың сөзінің дұрыс аудармасын түсініп оқып, араптың тілдік үнін емес, Құранның белгіленген аяттар үнін өз үнімізге қосқанда ғана мақамды табамыз. Әр тілдің өз «ДО»-сы, өз жетісі «Си»-үні бар. бар. Ал Құранды жаттап алу, жанды «компютер» қызметін көрсетіп, жаратушымыз арап тілін жетік меңгерген пайғамбарымызға да игілік емес екенін ескерткен. «Құран өлең емес, оған лайық емес» деген аятта. Құран таза ақылға жалғаушы, ойға қуат беруші дәнекер болмай, басына аяғына дейін жаттап алатын, әнші қариларды дайындау да дінге ашық қарсылық, зұлымдық.

Қазақ халқының дін шежіресі құранның насихатына меңгерген әулиелермен, Алланың сүйікті құлдары, достарымен байланысты жазылып келеді, жазыла бермек. Сондықтанда үнді сөзге айналдыру, әрбір үн атауына ат қою тек жаратушы тарапынан хикметпен ғана сынақтарынан өткен сүйген құлына беріледі. Құранды қазақ тіліне аудару миллиондардың ішінен тек біреуге ғана бұйырады. Абайын дұрыс түсініп оқи алмай жүрген, қазақ тілін жетік білмеген қазақ баласы Алланың сөзін қалай заматында аударып түсіндірмек? Тәуратта осындай қателіктерден түсінігін жоғалтып бөлшектелген. Құран ғылымның биік шыңы болса, оған дейінгі ғылымдарды білмей жабайылап насихатты қарапайым үгітке айналдыру, қазақ дін танытушыларының тұрақты кәсібіне айналды.

Бұл әдеттің арап тіліне ғана емес жалпы Құранға қазақ елі атынан жасалып жатқан қастандық, зор зұлымдық! Арап халқының тілін грамматикасын қалайда бүлдіру әрекеттері. Аятта; «Расында кітап иелерінің бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келеді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады.» (3-78) Жаратқанның өзі киелі кітаптардың үн заңына бағынып зертеу арқылы аударылмаса, төтелеп тілді бұрмалау өтірікті ғана тудыратынын ескерткенін және әдейі бұндай аятты дін ғалымдары халыққа көрсетпейтінін ескертіпті.

«Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін (жол-жоба, екі жол) айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де (тіл, сөз) тым жақын. Ендеше әділдік істеуде нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрмаласаңдар, ( өзге елдің сөзін дәріптеу) шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші.» (4-135) Атадан аманат, ана сүтінен уәдені, тек пен нәсілді тәрбиелеуді намаз орындау дейді. Сондықтан Алланың досын, сүйікті құлын, әулиесін дінінде кедей болды деп, ұрпағы болудан бас тартып, Аллаға айғақ болудан қашатын, тіл нәпсісін дәріптейтін жастарды тәрбилеп жатқан кімдер?

Бұндай дін бұзарлық арандатушылықтан шығар жол; тіл ғылымының үстемдігі салтанат құру керек. Әр халық өз тілінің заңдылығын қадағалайтын иниституттар құрылуы керек. Әрбір құранды тәржімалап аударушы дінші алдымен, өз елінің тіл ғалымдарының пәтуасын алып, сосын ғана арап тіл ғалымдарының пәтуасын, ұлықсатын алып қана аударға құқығы берілу керек. Сонда ғана Құранды бөлшектеуден тоқтатуға болады. Дінді тек ғалымдар, сопылар кеңесі арқылы басқару ата-бабаларымыздың да жаратқанның да қалауы екенін білуіміз керек.

Ал енді қазақ еліне қазіргі таңдағы басты құндылық; сөзбен үннің бірлігі және «Айтсаң айнымас» асыл шежірені қалпына келтіріп, өсіп келе жатқан ұрпақты тек өз тамырынан нәр, таза ақпарат алуды қамтамассыз ету керек. Ол үшін алтауды араздастырмай төртеуді дәрежелеп, 46-ны тауып алайық! Пайғамбарымызда 46 мен ғана бірлікті табатынын ескерткен. Құранды білген, ана тілін меңгерген текті ғана, осы киелі кітаптың қарапайым жұмбақ сөз есебін оңай шешер! Құпия кітапты есеп жүйесін білмей насихаттау, кітап арқалаған есекке, тексізге айналдыруы даусыз. Құранды неге діншілер арап тілін меңгеріп барып оқысаңыз ғана түсінікті болады деп халықтты соған иландырады десеңіз?

Аятта; « (Мұхаммед) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.» (19-97) Бар құпия осы арап тілінде көп сөздердің астары тек үгіт оңай болып түсіндіріледі. Ал оның үндік аяттағы сандық мәнімен басқа тілге аударса, түсініксіз сөздермен түсінгі ауыр аяттар пайда болады. Сондықтан осындай сөз, үн мәндерін барынша сақтауға тырысып аударылған Халифа Алтай атамыздың аудармасынан түсінігі ауыр болып, білімділердің сөз байлықтары, ақыл қуаты жетпегесін, осындай айламен халықты да, ел басшыларымен, ғалымдардың ауыз бірлігінің жоқтығын пайдаланған сырттан келгендердің, қарапайым арап тілін ғана меңгерген діншілердің азғыруына түсіп алданғанымызды әлі түсінер де емеспіз.

Аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Аруағынан күдер үзген елде, жеке пенде де Алланың ашуына ұшырап түбі үлкен қайғы-қасіреткке тап болуы даусыз. Оған жуықта әлемнің де көзі жетеді. «Расында сендерге оларда (Ыбырайым елінде, әулие-әмбилерінде) Алланы ахирет күнін үміт еткен кісілер үшін көркем өнеге бар. Ал кім бет бұрса, сонда шүбәсіз Алла еш нәрсеге мұхтаж емес, аса мақтаулы.» (60-6) Демек Алланың достары еш нәрсеге мұқтаж емес, оған пенделер біз мұхтажбыз.

Сондықтан аталарымыз; «Өлі разы болмай тірі байымас деген.» Өліні байытудың барлық амалдары Құраныны қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрде көрнісін тапқан. Ол үшін араптардың шежіресін білу аз. Өз тарихымызды зерделеп, сөз астарын меңгеріп, ауыздың бірлігіне жету үшін текті аталар салған ізбен жүре алатындай қазақша тірлік керек ағайын! Дін (сөз мінезі) түзелмей тіл түзелмес, тіл түзелмей ел түзелмейді. Болашақ әлемдерді басын игізетін қазынаны алуымыз үшін, ата дініміздің ғылыми негізін қалап, надандықтан халқымызды аршып, дінің үлгісіне айналдыру керек.

Ал алтын адам деп Қазақ пен Созақтай пайғамбар мен бүкіл «ыслабандардың» анасын өмірге әкелген Алаш қаһан жұбайы Ұлсай Емер анамыздың басына зиратап, белгі тұрғызып әлемге таныстырмақ түгіл кім екенін әлі білмейміз. Алаш қаһан бабамыз бен Алтай Жүрсін (Кер ата) бабамыздың ұрпақтарына сыйға сақтаған қазынаны алмақ түгіл үстін күнде шаңдатып, үй салып, таптап қоқыс орнына айналдырып алдық. Алтын адам әйел дін киімі, ер киімі сауыты да бар! Жүніс пайғамбар бабамызды ұрпақтарымен қауыштыру, топырағын сан ғасырдан кейін туған жеріне әкеліп жерлеп зират ету де кезек күттірмейтін іс.

Шыңғысхан атамыз қасымызда, жақын жерде жатқанына шаруамызда жоқ. Бұрынғы астана орнында сарай салып, қазақ елін қырғыннан құтқарған Тұғырыл Торыхан Аякөз патшаны кім еске алады? Үстіне қала салып той тойлап жүре береміз бе? Патшаны құрметтеу, ескерткіш қалдыру, патшаның жұмысы емес пе? Інжілдің негізін қалаған, Мариям анамызбен тұрақты байланыста болған және Інжілдің , рухтың негізгі көрніс, жан ғылымының таңбасын, «шырағданды» қажы бабамызды «шерік қосу» деп мемлекетімізде, мешітімізде теріс айналып, егесін белгісіз қалдырып, болашақ алдында ел басшыларымыз, дін басшыларымыз кешірмес күнәға батуда.

Бұл теңдесі жоқ ғылыми құндылық, дін ғылымының сипатын және Ата жолының басты белгісі, таңбасы болып табылатын діни сауаттыларға әлі беймәлім. Пайғамбарымызды аятта; «Алла жаққа, Оның шақыруымен бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.» (33-46) Демек шақырушы белгісі шырағдан- Құран! Кемел адам қуатық «Лам» сипаты. Үн тәңірлік сипат, таңба ыдыс, тәңірлік қуаттардың малдық саны-20! Мұхаммед-Мұстафа-Ахмет=20! Ыдысының саны-Бір! Барлығы жиырма бір! Онда шырағдан-қазан пайғамбарымыздың кемелдік аруағы-Нұр!

Сонда аруақсыз дінді елестете де білмеген, «Құдайсыз қурай сынбайды» деп, құран кітап болып түспестен бұрын, шариғатын меңгерген халыққа, егер аталарымыздың ұстанған діні «шерік қосушы, мүшкірік, кәпір» болса, онда қалай шежіренің әлем қолы жетпеген қазынаның кілтін біздерге неге мұра қылып ұстатып қойды діни сауатты ағайындар? Және құранның қарапайым үгітін меңгерген діни сауаты барға жер мен дін егіз ұғым екенін, діннен шығу жерден шығу болып есептелетінін білу керек еді. Олардың атамыз Әл-Фарабидың «таңбалар геометриясынан» мектеп оқушысының біліміндей ғана хабарлары болса.

Дін жердің өңделуімен, өсімдік, табиғаттың түрленуімен, тәтті сулардың, өзен, көлдердің өнімімен өлшенетін шежірелік заңдылығы да бар. Олай болса қай елдің дінінің тура жолда болғанын анықтау үшін жер көлемін халық санына бөлсе сол сан дін қуатын көрсетеді. Жері жоқтың дұрыс діні болмаған, суы аз жері қурағандар аталары кезінде дінді аздырғандар елінен болып табылады. Жерге құрмет тағзым, жер анаға құрмет, жерін ластап, дүниемен бағалап сауда –сатыққа айналдыру, дінін, аманатын, нәсіл болашақ өмірге келетін ұрпақтарын сату. Сондай сауатты (текті) діншілер егер шерік қоспасаңдар, тура жолда болсаңдар, неге құранның қарапайым сырларына, сандық мәнімен оқылатына ақыл-ойларың әлі кезге дейін жетпей жатыр?

Ата жолы-Манның жолы, ол Ыбырайым бабамыздың тұп-тура түзу жолы, түс жоруды үйреніп, аян алып төртеуді түгелдеудің, құдай халқына айналудың, ақталу жолының негізгі ірге тасы! Ман-ата Маңғыстауда қыстап сол жерлерде жерленгені ақиқат. Ысқақ пайғамбарымыздың шешесі Сара анамыз және жұбайы Рабиға-Рахия анамыз бен немере келіні Әмина анамыздың сол маңғыстау түбегінде жерленуі дінің негізі сақтан тарағанына дәлел бола алмай ма? Ысқақ пайғамбарымыздың ұрпағы Жақып пайғамбардың өлер алдында «мені туған топырағыма апарып жерлеңдер»- деген аманаты Інжілде жазылған. Сонан ол атамызды аманатын орындаған Жақып пайғамбарымызда қазақ жеріне киімімен әкеліп жерлеген. Ашып көрген ғалымдарға аманат белгі ағаш қорапта пайғамбарымыздың біздерге естелік сый, тұтынған бұйымдары бар.

Ал негізігі Сақтың, Кер атаның ұрапақтары біздер басынан күнде өтіп жүрсекте, арамыздан бір пенденің басына қарапайым белгі мен құран оқитын орын жасауына құлқы да жоқ. Жүсіп пайғамбардан тараған, көптеген рулардан құралған арап еліне «умра» қажылық жасағанға мәз болып, аталарына зияраттау «шерік қосу» болып табылатынын уағыздаушы шежірге (жол-жоба құранға) қастандық ұйымдастырушы екі жүзділерге кім тиым, тоқтау салады? Ата заңымыздың бұлжымас қағидасы болған Ыбырайым жолы әр қазақтың ата-бабадан қанына сіңген Раббысымен тілдесу; «әділдіктің жолын» бұрмалап, ұлылар ұлағатын аманатын аяқ асты еткен әкім қара, ел басқарған жөгіттерді кім анықтап, кім жазасын береді?

Әлде осылай сыртымызды қампайтып, бала-шаға, сыртан келген түлкілерге ірімшік беріп «дін қарғасы» болу қазақтың маңдайына жазып қойылған ба? Сұңқарлар қайда? Жоқ! Айқарақ Керейханмен Жәнібек сұлтан аталарымыз; Қазақ бабамыздың атын алғаш жарықа шығарып, дінін сатып араптардан келген азғырушы қаба сақалдыларға еріп ағайындар арасына ірткі салып «шерік қосты, серік қосты» деп кәпір атап, шариғатты жол қылып елін аздырған өз арамыздан шыққан 19 ханды тірілей хан шыңынан лақтыртып, құранды және пайғамбарымыздың хадистерін бұрмалаған дін бұзарларды ағайының болсада басын шап,- деп үкім беріп, үш жылда қазақ жерінің құстың ұясына дейін түгендеткен екен.

Артынан қызылбастармен, арсат-парсаттарды қызыл теңізге дейін қуып, жазалап қылышын теңізге лақтырған деген сөз қалған. Сол жиһадты ырым қылып, дін бұзарлармен, ата салт-дәстүрімізге ашықтай қарсылық көрсеткен 19 пендені мейлі әкім, дін ғұламасы, немесе ғалым, философ, психолог т.б еңбектерін құран арқылы әшкерелеп, өздерінің өтіріктен құрылған қақпандарына құран аяттарымен байлап, миларын жаулап алған шеріктерін аластап, халық алдында бет пердесін тірілей сыпыруға тектіден қалған сынықтарды, тума сұңқарларды бірлесуге, жөгіттермен ашық күресуге шақырамын!

Бұл «Ақ ұлдың» аманатын жалғастыру деп ұғыңыздар. Орында бар қашанда оңалар! Ата –бабамыздан аманатталған «Хан жамбысын» ортаға қойып, қансуарлап, сыртан келген қара ниет дін бұзар қарақшыларды арамыздан аластайтын күн туды. Кешіктіре берсек мұсылман әлеміне төнген қан төгістен аман қалуымыз екі талай болары даусыз! Мұсылман әлеміне төнген қауіп ғылымның жоғалып, тек кітаби біліммен құранды керісінше зиянға алып, діни сөз, пікір таластыруға баспасөз беттерінде тиым салып, арап тілін меңгергендерді «құдайға» айналдырып, дін әмір иелерінің өздеріне шоқындыруынан және дінді бөлшектеп, ел тарихын «шежірені» әр ұлтың діни жобасы; әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоққа шығарудан, бүкіл намаз оқушы қауымның мәңгүтке айналып, бүлікшілер, зиянкестер қатарын толықтырумен ғана айналысып жатқан өздерін «діни сауаттымыз» деген парызшылдар мен әкім қара, жазушы, тілшілер қауымы болып табылады.

Қазақ еліне дін ата жолын уағыздағандардан емес, қудалап сотағандармен, арапшыл діншілерден қауіп төніп, елдің азғындыққа түсіп, ел ішінен сақалды бүлікшілердің шығуы сөзсіз! Ол кезде көп нәрсе кеш болады. Жаманда болса өз қазақ қандасымыз, зұлымдықтан құтқару адамгершілік парызымыз деп ұққаныңыз жөн. Қазақтың дәстүрлі дінінің нағыз жауы сыртан салғаныменен, оны орындаушы да өзіміздің қандас бауырларымыз болатынын, бұндай оқиғалардың заман өзгерісіне қарай қайталанып сынақ болып келуі тарихымызда, шежіремізде де үлгілер бар.

Енді үлкен ұлтың іргесін бұзып, рухани құлдыққа түсуден жалпы халыққа келетін үлкен қасіретен, тек қана өзіміздің ғасырлар бойы қалыптастырған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз ғана құтқаратынына бұрын да қайталанған, өткен тарих оқиғалары куә. Өздерін зиялымын, «зайырлымын» (тектімін, жол көрсетуші, ескертуші қожамын) деп сен тимесең, мен тимеймін деп жылы жерінен айрылудан қорқып, халқын рухани талауға беріп қойған, ел басшыларымен, қоғам басшыларының ұйқысынан оянатын уақыты өтіп те кетіп барады.

Болмаса өздері себепші болған қайғы, қасіреттің отына қоса күйетін арыстанның (өлімнің) ақыратын, (ақыр-ойбайласу заманы) надандардың есек болып ішін тартып бақыратын, ақ пен қараның таразыға тартылатын заманыда келіп қалды. Оған қазақ еліне түскен жаратқанның сыны; алдағы екі-үш жыл ішінде көзіңіз жетіп қалар; тіптен біліміңізге сеніп, дінге бейтарап, европаға, жиған дүниеңізге шоқынып, құдайыңызды ұмытып кетсеңіз де, одан құтыла алмайтыныңызға, келген рухани сынақтың ешқандай қазақ баласын айналып өтпейтініне құран ұстап ант беруге де болады. «Бір күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар» деген данагөй аталарымыз.

Сондықтан жаратқанға иман келтіру үшін алдымен бір сөзге келіп, бір тілді алып, даулассақта жауласпай, бітімге келгеніміз абзал болар ағайын! Қайғы, қасіреттен сынақтардан аман өтудің бір-ақ жолы бар; Ол, «Батаменен ел көгеріп, жаңбырменен жер көгерер!» Қазақтың асыл діні; Аманатқа адал болып, қиянатқа «САҚ» болайық!

(Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік. №6 үй.) Шілде 2009жыл.

Мақалаға андатпа;

Бұл мақалаларды баспасөздерден басылмағанымен әрбір жарты жылда қайта-қайта таратылып отырды. Оған себеп қазақтың көп білімді, ілімді және ақ жолдық қауымдар түбі ақиқат анықталатын ескерте отыра және Алланың құдірет қолын, хикметін, аруақты мойындамаған қандай ғұлама, данышпан болса да жүрегі сезбейтін, құлағы естімейтін, наданға айналып, тек Алланың қалауымен ғана шындықтың ашылатына болашақ ұрпақтарымыздың адаспауына сабақ болар деген ғана мақсұт. Сол сияқты егер тылсымды және адамзатпен жаратушы арадағы себеп нәрселердің ғылымын біліп, сырына құлақ түрмеген қандайда білімдімін және дамыдық деген бүкіл халықты, ғұламаларын жүректерін мөрлеп қойып, тек қайғы-қасірет арқылы Құдайдың құдыретінің хиеметтерінен сабақ алып барып, ұлттық салт-дәстүрдің қалыптасатынын және діннің таразысы шежіреден ғана тәлім алудан пайда болатынын ұғатын, ұқтыратын жаратқанның адамзатқа сынақтармен ақылға шақыратын мезгілді қиямет деп атайтынын қазақ елі де, әлемде көп ұзамай білетін боламыз. Егер сіз ұлт жанды, ата салт-дәстүрінің жанашыры болсаңыз осы басылымдарды ел, дін басқарушылары мен оқыған сауатты адамдардың, көпшіліктің де танысуына қол созып, мүмкін бір пендені болса да райынан қайтып иманын іздеуіне, ата дініне қайтуына себепші болып сауап жинаңыз! Болашақта құрғақ пәтуа, ақылмен емес нақты іс, мұрағаттармен кемел адамдарды қалыптастырып, дана ұрпақтармен, адамдық биік қасиеттерді меңгерумен әлем алдында қазақ ата салт-дәстүрінің үлгісін көрсететін уақытта келеді. Сол кезде тарих алдында, өз ұлтын, ата-салт дәстүрін (ұлтық мәдениетін), өркениетін (әдет-ғұрпын), дүниетанымдық тәлімдік салтын (философиясын) мазаққа айналдырып, тиологиялық танымын (ата-дәстүр дінін) «серік, шерік» деп мазаққа айналдырған екі жүзді сатқын дін қандастарымыздың ұрпақтарының алдында қара бет аталатындардың арамызда мүмкіндігінше аз болғаны иманымызға, ұлтық намысымызға лайық болар еді. Әлемнің ғасырлар бойы іздеген, өз елінің үстемдігін халық жадынан жойып жіберуге тырысқанмен Шыңғысқан атамыздың өзгертуден құтқарып, тығып тастаған Адамзаттың асыл шежіресі төрт кітаптың да ғылыми негізі ғасырлар табағы «Бес таңбаның» ашылуына қолыңызды созып, әуелі оған қойылатын аруақтар аманатын орындауға ат салысып, көптеген ғұлама даналардың бастарын көтеріп, мұрағат жәдігерлерін әлемге көрсетуге, діннің әділеттілігін нақты істермен бірігіп орындауға бірлесуімізді ғана сұраймын! (Мамыр айы 2011)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *