X-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 74

Қандай да бір дін ұстанымдарын алып қарасаңыз сол діннің түскен елінің тарихымен және Адам атамызға дейінгі кезеңдік адамзаттың тарихынан хабар береді. Ал ислам діні алғашқы арап еліне түскен уақыт пен өзіне дейінгі әлемнің барлық ұлттарының дін ұстанымынан, тарихынан қысқа түрде баяндайды. Олай болса, қазақ ұлтының исламдағы және құранның аяттарындағы орны қандай? Және құраннан бастау алған, әлемнің осы заманға дейінгі тағдыры, кітабы дін ұстанымдары да болуы керек емес пе? Және бүгінгі таңдағы рухани жағдайымыздың себебі өткен жылдарымыздағы ұстанған саясатымыздың, шығармашылығымыздың, ел басқарған азматтардың болжампаздығымен жастарға берген үлгілерінен, бағыт бағдарыларынан пайда болғанына да дәлел беріп көрейік….

Ұлылардан ұлағат алайық!

(1-бөлім)

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмей-тұғын артына сөз қалдырған. (Абай ата)

Ықылым замандарда Қырық қақпалы Сайрам шаһары әлемді билеген Қазақ Қаһаннаның астанасы болған. Сақтан, Қазақтан, Алаштан тараған сансыз (жаратушы нұрына бөленген) бабаларымыздың мекені болған қала. Сансыз бабаны кейін тарихатымыздың дұшпандары арабтан арнайы келгендердің қатарына қосып, ислам дінін таратушы деп, немесе сөз астарын ұқпайтындар саны жетпес дегендей өзгертіп жіберген. Сансыз деп жоқтан бар болуды, бірді атасақ немесе сол Алланың бірлігін, ерекше хикметті меңгеруді айтады. Құранда сендер білмейтін қаншама пайғамбарлар бар ескерткендей исламнан бұрынғы түскен кітаптардан «Ақиқат» негізін қалаған қазақ жерінде 63 пайғамбар және 28 елші жалғастырушы болып 91 кітаптың сөзін «Насят» деп ұрпақтарға аманат қалдырған.

92-ші кітаптың аты «шариғат» болып Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеті мен ізгі амалдары болып табылады. Сондықтан сол 92 кітаптың амалдарынан Құран түсіп тұратын, заманына қарай амалдар нәтижесіне, ел ішінен болған ерекше қасиет берген құлына, аянмен құран аяттарының құпияларын үйретіп отыру арқылы ғана адам баласы ақиқатқа қосылып бірігіп сансызға айналып отыру шарт. Сансыз болғандарды Бір Алла деп, жаратушының тәңірлік сипаттарының жоғарғы сатысын айтады. Шариғат амалдарын шежіреге, ғұрыпқа біріктіре отыра тарихатқа өтіп, тарихатта тылсымнан періштелерден, сабақ бата алу (уахи) арқылы ақиқаттың жаңа белесіне өтіп, өткен және болашақпен кездесіп, шежірені жалғап отыру керек. Бұндай діннің бірлену нәтижесінің адам парасаттылығын қалыптастырып оның көрнісі шабыт атты пыраққа мініп, сөз ғылымын меңгеріп, білімді жетілдіріп жоғарғы өркениетті меңгеру болып табылады. Діннің тарихы, ұлтық бейнесі ірге тасы немесе тамыры «Ғұрыпнама» ( елдің Құраны) болып төрт белгімен беріліп отырады;

1. Ай жүзіндей жарқыраған «Нұрлы шежіре».

2. Айтсаң айнымас «Асыл шежіре»

3. Көрсең көзің тоймас, ұрпақ аумас «Алтын шежіре»,

4. Атасының борбайын, анасының ойбайын айтар «Аңыз шежіре» (Асан Қайғы)

Бірінші белгісі; Әрбір пенденің, шабыт, шығармашылық өкілінің, діншінің айдың жүру жолдарымен, жыл өзгерістеріне, құс жолының қозғалысына байланысты түс, аян көру арқылы, әрбір адам баласына жеке берілетін оқиғаларды, халықтар шежіресімен, негізгі заман кезеңдерімен шындыққа шығарылған тарихи нақты деректер әр түрлі белгілермен, таңбалармен жазылып, құпия сақталып ұрпақтарынан аманатқа қалдырып отырады. Және киелі кітаптармен расталады.

Екіншісі; ауыз әдебиетімен болған оқиғалардың жыраулармен, ақындардың, сыпыра шежірешілердің айтқан өсиеттерінен өткеннен үгіт алу арқылы беріледі, яғни халықтың жадында сақталған оқиғалар тізбегі.

Үшіншісі; жазба, сызба, таңба түрінде қалдырған мұралар, жәдігерлер, таңбалар арқылы оқылады.

Төртіншісі тарихи оқиғалардың аңыз арқылы әртүлі «әлқисаларды» сол жоғарғы деректермен салыстыра отыра ғалымдардың зертеулерінен шығармашылық өнермен, романдар, кино т.б туындылар арқылы толықтырылып жазылады.

Халықтың жүрегі кірлеп, есту қабілеті әлсірегенде сөздің құны жоғалып, ойлау жүйесі өзгеріп, басқа елдің сөз отарына ұшырау, тарихи оқиғалар жалғасы яғни сөз соғысы, ақыл ойдың соғысы, жер бетіндегі халықтар арасында алмасып, айналдырып отыру жаратушыдан тұрақты берілген сынақ деп біліңіз. Ондай соғыс ғасырларға созылып ақырында бір елді, екінші сөз үстемдігін алған ел, отарлау арқылы нәсілдік сипатын өзгертіп, сіңіріп тілін өзгеріске ұшырата білсе, ондай ұлтта тілімен бірге жоғалып отырады. Бұндай ақпараттық соғыс негізінен сақтардан басталып әлем түрленіп, қайта сақтардың негізгі ұрпағына тектілерге шабуыл жасап, қайта жұтылып, түрленіп отыру жер жүзіндегі тарихи оқиғалар шежіресі «Насият» болып жазылып, «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымыз «Із бөрі» деп ат қойып кетіпті.

Ол кітапты аятта; «Рас білеміз. Өйткені олар: «Құранды Мұхаммедке бір адам үйретеді» дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Арап тілінде» (16-103) Құраннан басқа құпия тілде шариғат істерін көрсетуші басқа тілде кітаптың (Құранның- шариғат негізі) болғанын осы аят растайды. Және сол кітапты апарған Укаша сахабаның Михсан яғни Сансыз баба ұрпағынан тарап, басы пайғамбарымыздың аяқ жағында жерленуі жеткілікті дәлел емес пе? Сол «Бес таңбаның» төртіншісін аңызын, халық оқыпта көріп те баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Үшінші белгісі болып табылатын нақты таңбамен теріге жазылған кітапты аталар аманатын; Көрсең көз тоймас «Асыл шежірені» ұстайтын да уақыт келер.

Әзірше екінші түрі, ауыз әдебиетімен таралған «Айтсаң айнымас асыл шежіреден» сыпыра шежіреші Алиасқар Байғұтұлының (1898-1981) қалдырған мұрасынан танысып көрейік;

Жұмыр жердің бетін дүр сілкіндірген және әр қашанда әділдіктің жолын ұстанған, қаһары мен қайрымдылығы тең болған тектілерден шыққан қаһандар, патшалар, Гүрхандар, Хандар, Баһадүрлер, Шешендер, Көсемдер;

1.Кер Сақ-аб сансыз Баба! –Данышпан.

2.Күрең Алаш Сақ-аб қаһан.-Баһаул!

3.Алаша қаһан баһаул!

4.Қазақ, Созақ қаһан-«Баһан-бастар»!

5.Қыпшақ «Атауұлы» (Атила) каһан Баһаул!

6.Тоны Көк білекті қаһан!

Бұл дерек шежіреден ұлағат алсақ; Сақтан шыққан қаһан, баһаулдер әлемді өзіне қаратып, сақ мәдениетінің жазу сызу үлгі өнегесін таратып, әділетті заңдарды шығарушы «Ғұрыпнама» негізін қалаған; Сақтың алты ұлынынан тараған ғұламаларды ел басқарушыларды «Сақ-аба» (қожалар-әмір иелері) яғни адамзатқа Адам атадан бастап түсірілген негізгі атаулар жүйесінде қалыптасқан «АБ» әліппені кейінгі жаратушы тарапынан берілген, түсірілген нұсқауларды «А» әліпбиіне жалғастырып таратушылар.

Жер жүзіндегі барлық ғұламалар тегі «АБА»-лардан өсіп өніп араласып таралып отырады. Құран сөзі болашақта құпиясы шешілетін «ОВ» әліпбиі (Крилица) Адам атаға түсіндірілген «А» әліпбиінің жетілдірілген үнді түріне жатады. «Крилица» деген Кер атадан тараған; Кер-аб, Кер-шүк, Кер-ай бабаларымыздан қалған үш түрлі сызба таңбалар жиынтығы яғни Адам ата Нұх пайғамбар қауымынан хабар береді. Енді «Айтсаң айнымас асыл шежіре» өзгерту қиын өлеңмен берілген өсиеттерден мағлұмат іздеп көрейік!

Кер Сақ –аб Тұтқа Кербұлқа қаһан!

Елтеріс қаһан-Данышпан «Ертіс»

«Керүкі Темір Құтылық» қаһан!

Амур Дария Забур патша-«Тұрант»!

Сары –Оғлан Қарахан патша «Тараз»

Сауран Дария Жамушын патша «Сурант»!

Санның басы Кер Сақ-аб,

Сансыз Баба Сайрамдағы,

Мұхаммедте іздеген Кер Сақ-абты!

Ол Алланың елшісі пайғамбары!

Алты Алаш алтын тамыры жұмыр бастың

Жалған деп тіршіліктің бұлағын кім айтады?

(Жүсіп Баласағұн)

Енді Хасан Азаннуринни Омар Хаямның айтқандарынан:

Ия Алла, аян берші сұрағыма

Бас иемін Киелі Құраныңа!

Қазақ Қаһан туылған Қазығұртта

Бір күні жәдігөйлер тұрады ма?

Қазақ Қаһан көтерілген биік шыңға

Жөгіттерде тырмысып шығады ма?

Әділдікті бұрмалап жолын байлаған

Мұхаммед пайғамбарға қастық ойлаған,

Жәдігөй жөгіттерге жол бермеші!

Келмесін қос емердің бұлағына

Дәулетің дәуіріңде тасығанда

Аузыңа Төрт Құбыла да қарап еді

О, Тәңірім! Тектілердей қасиет бер!

Қазығұрт қоңыраулы «Кемелі тау!»

Киелі Анадай «Балбалым – ау»

Осы айтқаным жете құлағыңа?!

Бес Ана, Көш Ана, Ду Ана бар!

Тоқсан екі ұл бергенсің құрсағыңа!

Қазақтан тараған осындай ұрпағы бар.

Бас иген ғалам жартысы Қыпшағыңа!

Меккеге қорған болған Бағдат едік,

Бағдатқа бақ қондырған Қазақ еді!

Қазақты Қаһан еткен Кер Сақ Аб еді

Ер Қазақ, Мәулім Қазақ, мейрім Қазақ!

Қазығұрт тектілер шыққан киелі тау!

Өшпейтін өрнегі Нұр Өсиет бер!

Мені де мәңгілікке жаратпаған

О, жалған! Сен бір неткен қонақ едің?!-деп

Шайыр бабамыздың жаратқаннан сұраған Нұр Өсиетінің тарихын яғни шариғат негіздерінің қалай пайда болғанын Сырым Дат ұлының Бұхара әміршісіне айтқан ескертуінен іздеп көрейік;

Сарт садағам тыңдап қой ақиқаттан!

Ақарыс, Бекарыс-ау, Жанарыс деп

Қозғайсың өзіңе тартып шариғаттан

Қазақ Қаһанды айтуға дәтәң шыдымас .

Қазақты қалай қосасың Әлімсақтан

«Құрайыш» Ар мен Ғұнның жетінші ұрпағы

Мұхаммед анасынан туылғанда

Тектілер жөгіттердің ханын құлатқан.

Жөгіттер «Етүрей» боп дінге кірді

Қожалар тектіміз деп ауып шыққанда,

Кербалада Етүрейлер жолын тосқан.

Қырылып арап, парсы Кербалада.

Пайғамбарды шөлге тастап тұра қашқан.

Қол шыққан жер қайысқан Қазығұртан!

Жаһанның Машқұр-санат Бәйтерегі

«Бестаңба» Кер Сақабтың «Ғасыр- табағын»

Керейлер Мұхаммедтің қолына ұстатқан!

Қазақтың алты ұлына әлем қараған

Құранда да Алты ұлының аты мәлім

Алаш- Қаһанды ұмытпа арын сатқан

Ақиқаттан Шариғатқа қасиет бітіп

Өсиет қалған «Насият» деп Арыстан баптан.

Жаһаннамға аттандырайын ба жанын сатқан?

«Ізбөрі» бұрынғы аты «Бестаңбаның»

Алланың құдіретімен ілім түскенде,

Бес- сақаба оқып шығып осы кітапты,

Құранға «Бестаңбаның» нұрын шашқан!

Исі мұсылман ағылып Түркістанға

Тектілер төрт құбыланың бәрін алды деп

Дауыл тұрып, ғаламатты құйындатқан,

Өтің жарылып аузыңа келсін

Өтірікке атасы жоқ Сырым Датқаң!

Сонда Бұхараның бас имамы орнынан тұрып:

-«Уа Сырым Датқа! Ақиқат пен шариғат егіз, бірақ бізге «Бестаңбаны» ұстатпайды, сондықтан біз Бір Алланың құзырына бас иеміз. Ал «Бестаңбаны» әркім ұстаса, адам баласы «Қазығұртың» тасына дейін арқалап, әркім өзін текті санап, жер бетінде қан төгіс тоқтамайды» -деп Құраннан аят оқып, Сырым Датқаға ырза болып; -«Біз сізге нала болмаймыз, сіздей пенде туылмайды, жаназа екі жуылмайды. Әділдік сіздің ауызға балын тамызған екен, жолыңыз болсын» — деп шығарып салады.

Араптардың дін соғысының шежіресінде де, пайғамбар өсиетіндеде кер ат мінген қара киіммен тұмшаланған атты әскердің келіп жеңіліске ұшырап жатқан сахабалар арасында соғысып жауды күйрете жеңгені жазылады. Бұл қазығұрттан қыпшақ әскерлерінің аянмен көріп, пайғамбарымызға жәрдемге барып әрі «насият» кіәтабының көшірмесін апарғанын және сол кітап арқылы шариғат негіздері қаланғанын растайды. Укаша сахаба атасынан аманат теріге жазыған өсиетті алаып келді деген растайтын әңгіме де бар. Сонда Укаша сахабаны жалғыз барды деп кім айтады. Және онымен бірге болған Ерқоян, Құттықожа, Сахи Садуақас т.б көптеген сахабалардың да болғаны тарихи шындық емес пе?

Сол соғысқа қатысқан жауынгерлерді діншілер періштелер деп түсіндіреді. Ол Құран ғылымына қайшы; «Періштелер түскенде сендерге мұрша берілмейді, шақ салынады» деп ескерткен. Екі періштенің өзі бүкіл Садам қаласын асты-үстіне түсірді емес пе? Сонда құрайштардан құралған аз ғана әскерге талай жүздеген періштенің не керегі болмақ? Олай болса арап діншілерінің шежірені өзгертіп дінде үстемдік, әлемде билік құру мақсатындағы нақты болған оқиғаларды өзгерткен, деректерді тыққан жәйларын бар екенін болашақта табылатын теріге жазылған сақтардың Адам атадан бастап жалғасты жазылып келе жатқан, Шыңғысқан атамыздың тықтырған қазынасын ашылуына ұлықсатың түсетіні даусыз!

Оян қазақ! «Ізбөрі-Бестаңба» Бес ата болып қазақ жеріне белгі түсті! Тектен қалған нақыл бар; «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»- Тал Ана!» «Сақ-аба»-лар ұрпағынан қалған өсиетті құйма құлақ болсаңыз, көңіліңе тоқып ал; « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға (бұғып қашуға), сәбидің белін басуға, әулиге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайлымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды». Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген).

Іліммен пәтуа берушіні «Қожа» десек; «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) « Түбі тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!» -деп бабамыз Қазақ Қаһан айтса, Мұхаммед пайғамбарымыз; «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!»- деп толғаныпты.

Оған себеп жаратушымыздың Құранда берген мына аяты дәлел болмақ; «Ол қауымды (Тектілерді) іздеудеселқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында оларда сендер күйзелгендей күйзелуде(кәпірлермен үнемі соғыста). Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген (тура жол, сыбаға) үміт етесіңдер. (Босқа әуреленбей, солардан үйреніңдер!) Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104) Құрайыштар тегі «Ар» мен «Ғұн» Кер Атаның ұрпағы. Алтыны меңгергесін ақын да, шайыр да шығып, сөз қадірін білгесін Құран түскен. Бірақ тоғызбен толғаудан ажырап қалған. Тоғызды әдетке енгізген Тоны Көк Білекті Қаһан-Жүніс пайғамбар! Аятта; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа адастырады да кімді қаласа тура жолға салады.» (14-4)

Онда қай елді тура жолда болғанын білу үшін сол тілдегі пайғамбар арқылы ғана анықталатынын ескертеді жаратушымыз. Жүніс пайғамбар елінен басқа, тура жолда болған ел жоқ деп ескерткенін назарға алсақ, сондықтан Құранда пайғамбарымызға; «(Мұхаммед) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олардың ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз. (Тура жолды береміз)» (Һұд -109) Құран сөздерінде 4-түрлі астар жасырылып, сондықтан 7-түрлі үнмен (қырағат, мақам) оқылып 28 санымен арап әрібінің жасалуы осыны білдіреді. Негізінен сөздің толық астарын ұғыну үшін яғни; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады».

Сондықтан қазақ әлипбиінде ғана замандар тезінен өтіп ерекше 9-үн таңбаның пайда болуы осы қазақ тілінің әлемдегі ең жоғарғы биігіне көтеріліп, құран сырын ашатын халық болатынын аяттардың сандық мәні, сүрелердегі орындары көрсетеді. Үнді аздыруға бағыталған ақылы толмай, жасы қырықтан аспай, сақалды кеудеге түсіріп, қара қуаттарды жынды өзіне қосушы және дін шапанын жамылып «Жиһад» деп елге іркі салатындарды «жөгіттер» деп атаған. Ал өз елінде жүріп аңқау елді өзге тілдің түсінбейтін атаулармен тілін бұрмалап, санасына қақпан құрып, жүрегін мөрлеп, аяттарды күшінен қалдырып, халықты дінмен арбаушыларды «арамза молда», «залым ғалым», «адам аулаушы аю» ал Құранда «мұнафақтықтарды (екі жүзділерді, тілі айыр-жылан тілді) сөз аңғарынан байқайсың» деп ескерткен.

Олардың тілінен баланы алдаусыратып жұбатқандай бал тамады, май (ғылым) таматын жан дүниеңді қозғайтын тарихтан тағлым алар сөз шықпайды. Ұлттық үндестігі жетілмеген сөздерді жөнсіз пайдаланудан, шала піскен астай болып, жанды улап мастықты туындатып, тіл ғылымның да, дін ғылымының да қазақта бүгінгі таңда беделі жоғалды. Шариғатты тек құран түскеннен басталады деп, халықтың шежіресін өзгеруге және тарихын жоғалтуға тырысушыларды Аллаға серік қосушылар деп атайды. Олай болса аятта; «Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін (6) Расында олардың (араптардың) көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (36-7)

Арап еліне Мұхаммед пайғамбарымыздан бұрын ешқандай ескертуші болмаған. Олай болса кейіннен қалыптасқан ұлт болып арғы шежіре шариғаты болуы да мүмкін емес. Олардың көбі бұрынғы әр жерден үйренген әдетіне басып толық шариғатты ұстай алмайды, құран үгітін толық меңгере алмай зиянына алып, көбі иман келтірмейді деп ескертеді. Араптарда шежіре кітабының болмағандығын аятта; «Оларға оқитын бір кітап бермедік (шежіре, өсиет, шариғат) те сенен бұрын ескертуші жібермедік.» (34-44) Олай болса араптардың шариғаты тек Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгі өнеге, өсиетімен ғана қалыптасады. Осы аяттың өзі жоғарыдағы Сырым Дат ұлының айтқан өсиетін анықтап тұрған жоқ па? … . (жалғасы 2-бөлімде) Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік. №6 үй.) Шілде 2009жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *