VI-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 149

Осыдан 6-жыл бұрын дін имамдарымыздың ғалымдарымыздың жалпы білімді қауымның, ел билігіміздің ұстанған бағыты саясатындағы халықты мазалаған талай сауалдардың бүгінгі таңға дейін жауабы берілген жоқ. Және өткен уақыттағы солқай саясатың бүгінгі жемісі жартушы тарпынан түрлі апатармен, азаптармен жауабы беріліп қазақ халқының аманаттарын орындауы мүлде ұмыт қалуына себеп болғаны да хақ. Тағдырынан, аруақтық қауымынан, мирас кітабынан ажыраған ел тұрғыдарның кез келген қара күштердің ықпалында кетіп жастардың бүлікші топтарға қосылуына себеп болды десек жалған емес.

Ел басшымыз әлемге келген бес қатерден құтылыу жолына шақырған жолдауы да шығып үлгірді. Бірақ кешегі жібірген қателіктерімізді мойындап түземей тәубеге келмей, күнде заң жазып, жолдау шығарып жиналыс ашып ой жорығанмен тарихымыздың арбасы орынынан қозғалмайды да. Өткен уақыттың қателігін түзеп, аманаттардан, рухани қарыздардан құтылмай , экономикалық тұрғыда да жылдан-жылға белшемізден қарызға бата беруіміз де хақ. Рухани тұрғыда бұқра халық өкілдері түгіл, дінші ғалымдар, ел билеуші, білімді зиялы қауым өкілдері де амантарынан ажырап тағдырларында қарызы артып жатқанын білеміз бе? Енді мұның сынағы да қазіргі өздерін елді құтқарушы санайтын дін имамдарын да айналып өтпейтінін, ел билеушілірдің де от басында қайғы-қасіретің көбейе беретіне, қиямет мезгілінің үкімімен барлық ел тұрғынына белгі түсетін заманда келді. Қазіргі мұндай ахуалымыздың өз ара көреалмастықтан, қызғаныштан, діншілердің,шайтаның жамағаттарының кедейлікпен қорқытып ел билікті алдап арандатуынан пайда болғанына өткен жылдардағы пәтуалармен, әркеттерден дәлел беріп көрейік;

ДАТ хазірет!

Құрметті тақсыр, Әбсаттар мырза, сіздің осындай лауазымызыңыза қарамай қарапайым баспасөз бетінде оқырманға жауап сұхбатыңыз бірнеше апталық басылым бетінде «Дінімізді біліммен таныған абзал» деп көптеген қарапайым қазақ тұрғындарының ойында жүрген сауалдарға жауап беріп кетіпсіз. Бұл игілікті шараға көптеген баспасөзге немесе бейне дидарға сауал беруге мүмкіндігі жоқ, немесе белгілі себептермен жеткізе алмай жүрген сауалдарды осы баспасөз бетінен ашық сұхбатқа шақырсам ұлықтығыңызды тағы да дәлелдерсіз деген үміттеміз.

«Орта мектепті әупіріммен әрең бітірген молда, имам болған соң дініміз қажетті деңгейде көркеймесі анық.» деп діни сауаттанудың жолға қойылып, «Құранды түп нұсқасында оқуға ие болуда. Олардың арасында түрлі мамандық иелерін және бірқатар ғалымдар мен қаламгерлерді көреміз. Асыл дінімізді біліммен танудың ешқандай кештігі жоқ. Бұл- аса сауабы мол амал.» деп енді қандай сауалға да дін танытушылардың жауап бере алатынын айтып кетіпсіз. Сұрақ? -Әртүрлі мамандық иелері қарапайым халық сіздердің сол оқып жатқан түп нұсқаларыңызды қалай оқиды? Егер тек түп нұсқасы арап тілінде ғана түсінікті болса, біздің оқып жүрген бергі нұсқасы Халифа Алтай аудармасында арап тілінде тек үгіті ғана болып, насихаты ғылымда екені ескерткен. Ал ғылым білімнің негізі болып, білім заманға тәуелді өзгеріске толықтыруға тән сипаттағы ойлармен, дәлелдер, тәжірибелер тұжырымы болса керек. Ғылымды тек тіл ғана дамытып ашып отырады. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Кел жастар ғылымды Абайдан үйренейік.» деп үндеу тастап кетіпті. Сұрақ:

– Дінді тілмен тани ма немесе тілді дінмен іздей ме? Дін тану тіл ғылымына тәуелді ме, әлде тәуелсіз бе? Менің түсінігімше; Негізінен тілді дінге арнап жаратқан болу керек. Бұл тұжырымға келіссеңіз, онда дінде тіл заңдылығы «Фонетика» (үндестік), «Орфография» ( жазылу), «Орфоэпия» (айтылу) заңдылықтығына міндетті түрде бағыну керек. Олай болса сіздердің діни басылымындағы, сұхбаттардағы көпшілікке таныс «Пайғамбарымыз ( әлек салам, салақ салам, ғалекі салам т.б)» қыстырма сөздердің үндестігі, айтылуы қазақша, негізі арапша, пайғамбарымыздың жаратушы тарапынан қойған асыл есіміне жапсырылған сүркей аттарды қалай түсіндіресіз? Мұхаммед деген аттан кейін неге (м.с.ғ; с.а.у) (қазақша үнмен оқылуы; мы-сы-ғы немесе жынды емес), болмаса жазу үлгісін бұзып мөрмен таңбалайтын қағида қайдан шыққан? Діни жоғарғы оқу бітірген имандардың мешіттерде «Алла-у-у әк-бар» деп азан шақыруын қалай түсінеміз? Қазақта «әк-бар!» деп жақтырмаған жағдайда сиыр малына арнап айтушы еді. Алланы шақырудың нәсілдік, үндік сипаты болама ма?

Әлде солай айтыңдар деп біздерге араптар міндеттеген бе? Олай болса, арап үндестігіне тілі келмейтін адамның шақыруы есептелмейтін болу керек. Баспасөз бетінде бірде Алла, бірде « күнәларын Алаһ-тағаладан кешірім тілеу…» деген атауларды пайдаланыпсыз сонда «Аллаһ» сөзі атау болып бекітілген мықты сөздер қатарына жатса, қазақта; «..аһ.., үһ, түһ.» сөздермен нені аяқтап, қандай жағдайда қолданатыны оқырманға мәлім. Одағай сөздер тобына жатады. Лексикология (тілдің сөздік құрамын анықтау) заңымен тақ сөздер бірлігіне кіріп «Аллаһ тағала» (11-саны), «Алла тағала» (10-саны жұп) болып, 11-мен сипаттау сіз айтқан білімге қайшы. Бүкіл қазақ тарихының ғұламаларының еңбегінде Аллаһ сөзі кездеспейді және барлық жерде Алла болып жазылған.

Себебі Халифа Алтай атамыздың еңбегі бойынша тәңірлік яғни шүкірлік мағынаны білдіреді. Аллаһ- шүкір. Қазақша тағала-шүкір. Онда Аллаһ тағала – шүкіріңе шүкір немесе шүкір-шүкір болып «жаратушы шүкір-шүкіріміз» деген ұғым шығады. Сондықтан аятта; «…Мейлі Алла (4) деп немесе Рахман (6) деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән» де…» (Ісра-110). Осы аятқа қазақта «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген ғылыми нақылын қалдырған. Құранда да 4 және 6 санымен жаратқан сипаттарын (жаратушы емес) іздеуді ескерткен аят бар.. Егер Халифа Алтай атамыз қателескен болып, сіздердің араларыңызда оны түзеткен ғұлама маман болып, жазған аударған еңбегі болса таныстырыңыз, мүмкін халық болып қаражат жинап көбейтіп оқығанымыз дұрыс болар еңбегін. «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін.»

Ал ғылымға жүгінсек; үн мен атаудың бірлігін мықты «аксиома» сөз деп атасақ (Қазақ, Алла, т.б зікір аттаулары) онда мықты сөзге байланысты үндестіктегі қателік, діл ауруына соқтыру керек. Египеттегі 5-ші таңба мұнараны неге құлатқан жаратушымыз? Беске берген белгі емес пе екен? Бес таңбасынан бүкіл әлем философтары қашып, оны тек музыка үнінің сандық мәні арқылы беріде Әл-Фараби атамыз енгізген деген дерек бар. Оған қандай уәжіңіз бар? Енді тағы ғылымға жүгініп; төрт түрлі тіл ғылымы, төрт кітап болып, содан ғана дін ережесі шығып, ұлттың халықтың тілдік дамуын қамтамасыз еткенде ғана дін мен тілдің нәтижесінен діл болып- тіл санаты деп атаймыз. Әрбір сөз жұп санға айналып барып қана санадан орын алатынын сауатсыз аталарымыз білген.

Мешіттер ұлтымыздың ұжымдық рухани ортасының бірі болып табылады. Демек жастарымыздың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлттың болашаққа дегенде жауапкершілік сезімін тәрбиелеу діннің басты міндеті болу керек. Қазақ тілі – қазақ халқының рұхтық (өсіп,өну) және мәдени қорының сақтаушы қазынасы –жады. Ортасын ұстай білмей Құранды тек жаттап алу жадыға (санаға) жат болып, кері әсерін тигізетінін пайғамбарымызға да ескерткен екен. Әлде сіздер оқып жатқан негізінде көрсетілмеген бе? Қос тілділік білімді меңгеруге қажетті құрал болғанымен орынсыз пайдалану немесе қатар ұстау сананың улануын туындатады. Жыланның тілі қатарынан екі, екі дәмді қатарынан пайдаландықтан тісінде (ісінде) у-ы бар. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Дін қиянат» деп ескертіпті.

Негізінен діннің нәтижесі шабыттың, шығармашылықтың қайнар көзі болғанда ғана елге қызмет жасайды. Аманат ақпаратты ұрпақтарымызға адалдап өткізге қызмет етуге тиіс. Менің білуімше тарихта мешіттер әуелі дұрыс сөйлеуді шешендік өнерін сөз құпияларын, астарлы сөздерді шешуді үйреткен. Әр елдің өз тіліне сай үні бар. Үндестік заңына қайшы қандайда бір елдің сөзін сол қалпында пайдалану тілдік ортаның сөз тазалығын бұзып «жаргон» болып шығады. (Тақ сандар тізбегін.) Сіздердің сол жоғарғы сауатты имандарыңыздың бәрі дерлік «жаргонмен» сөйлеп, «жаргонмен» жазып, қазақ әдебиетінің әдебіне жалпы сөйлеу мәдениетіне нұқсан келтіріп жатыр. Имандардың тілі сырқаттанған соң, уағыз тыңдаушылардың оқырмандардың өздерінен басқа жұртты түкке тұрғыссыз етіп көрсету, жағымпаздық уағыздармен бір жақты пайымдаулар, дін арасындағы бауырластық ашық пікірталастың тарихи салыстыру мен ұлтық дін тарихының жоқтығынан болар әр түрлі діни топтардың елдің бірлігін бөлшектеуге, әр топтық оқшаулану саясатына септігін тигізіп, діннің тұтастығын бұзып, тек бір бағыттағы бір мүддені ғана қолдайтың сыңар езу жастар тұлғасын «фанаттарды» қалыптастыра бастады.

Халық сіздерден парасатты мәдениетті, мазмұнды сөздермен қатар, қисынды дәлелдермен, нақты ұлтық тарихи деректермен және ана тіліне деген сүйіспеншілікті естіп көрген жағдайда ғана дәстүрлік дініміз салтанат құратыны сөзсіз. Оған дейін дін мамандарының ана тіліне деген табиғи сезімін ояту үшін, дін әдебитіне тіл мәдениетінің «реформасы» керек шығар деген ой көпшілікте айтыла бастады. Болмаса мысалға; « тәртилмен үйреткенді, мажғаппен сөйлеуге бұйырылдым….» «Аллахым…» «радио алақу ан-қу», «мағрипат ете көр», «ыстықпар жасау» т.б толып кеткен мағынасы беймәлім, мәтінге «аксиомаға» айналдырып алған арапша дұға тілектер мен будан сөздерден тұратын мәтіндермен, түрмеге де түсініксіз «жаргон» сөздерден, дінге, ана тіліне деген сүйіспеншіліктің тоқырауына ұшырап, сау адамның саламатығына тек зиян тигізгеннен басқа пайдасы болмай жатыр.

Әрине халыққа тек намазды оқытып үйрету жеткіліксіз, жазып үйретіп, сұратып үйретіп, намаздарды орындауды және озаттарға толық орындауды, әдет-ғұрыпты да үйрете білсеңіздер имамдық дәреженің көрнісі пайғамбарымыздың аманатын, пайғамбаралық қасиеттерді толық меңгеріп, елшілік ісін жалғастыру болып табылар еді. Намазды оқу; үйрену, жаратушыға өзін көрсете білу және сыртқы ортаға бейімделу- деп түсінсек шәкіртік дәрежеде жүріп қалай «Намазхан» аталады? Хан-деп сырты емес іші кең, сөз құпиясын, сәугейлікті меңгерген ел ағасына лайық адамды атамай ма? Намаз ұғымы аталарымыздың түсінігі бойынша; адам баласының өз өмір сүрген ортасына ұлтық, тілдік, рулық ерекшеліктеріне ішіп жеміне өндіру тәсіліне, табиғи ортасына байланысты заманға тәуелді түрде бейімделу деп түсінген.

Араптарға онда да Меккеліктерге пайғамбарға, түсірілген кітаптарға (сүннеттер) куәлікте мықты тұру үшін ғана намаз оқуды дінің алғы шарты қылып міндеттеген емеспе Құранда? Сондықтан араптарды орта топ, деп атайды. Хан-билік, шешендікті меңгерген жоғары ел басқару дәрежесін көрсетеді. Меніңше ана тілінен толық нәр ала білген адам баласы өз ақылына ғана хан болуға лайық. Сізді шейхтік дәрежемен қарапайым түсініктерден қателесу мүмкін емес деп ойлайды халық. Бірде ораза айында бейне дидардан берген сұхбатыңызда; «Әулие басын аралату соған байланысты қаражат жинау «коммерция, бизнес», деп ескерттіңіз. Ислам өркениеті №04 1-10 ақпандағы басылымында; «Қағба да Мекке де біреу» ғана деп Құран ғылымына мүлде келмейтін атпен (себебі барлық көрінетін көрінбейтін нәрселердің жұбы және пары да бар) мақалада; «Ол халқымыздың ардақ тұтар дана бабасы Қожа Ахмет Йасауиді бет перде етіп, оған зиярат етуді кіші қажылыққа балап, сол арқылы«жолың ашылады», …сауаты жоққа тән адамды өзіне тарту арқылы мол пайда табу. Бүгінгі нарықтың тілімен айтқанда «бизнес»! Расында да, мұның арбауға түсіп, қарызданып, қауғаланып жиған ақшасының әлдекімдердің қалтасын қалыңдатып жатқанын білер ме екен?!»

Сіздің айтқан пікіріңізді имамдарыңыз әрі қарай дамытыпты. Сол сауаты жоққа тән, зияраттап жүрген пенделердің бірі ретінде, енді сауттыларға жалпы сауал? Демек сондай зиратаушыларға несібені адамдар беріп, «оларға ақшаны босқа жұмсадың» деп Алла халықтың қазақтың несібесі кесіп тастайтын болғаны ма? Сонда Алла жолы мен дін жолының айырмашылығы неде? Әдет- Ғұрып пен салт- дәстүр шариғатта қалай тоғысады? Пайғамбарымыздың ізгі өсиеттерінде қалай айтылады? Енді жеке өз басыма жауап беруге мемлекет заңымен қорғалған «көңіл қажылығын» жасап, өз елім, жерімде кімге қалай қаншалықты садақа беруім өз еркімде емес пе? Ол менің жан ұямның амандығы тәніме, жаныма берілген Алла жолына жұмсаған малым болып есептелмей ме?..

Өлімді еске алу арқылы ұрпақтарымды әр түрлі бәле жаладан, естері кетіп жынның ықпалынан қорған сұрап садақмен тазаруыма неге имамдарыңыз кедергі болу керек? Әлде дін танытушыларға араптар тек Меккеге ғана әкеліп бермесең, Алла қабыл етпейді деген нұсқау түскен бе? Ал онда Алла жолында мал жұмсау мен зекеттің, пітірдің ерекшеліктері неде? Ал Алла жолында көркем қарыз беру мен садақаның қандай айырмашылығы бар? Шүкірлік пен тәубаның ерекшеліктері қандай? Қалай орындау амалдары бар? Ұлтық сипат ерекшелігін шариғат қарастыра ма? Енді бергі нұсқасындағы мен оқыған Құранда;

«Сендерден кеңшілік , молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін…(24-22) Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауғашақырылудасыңдар. (үнемі түсіңде ескертіп отырады). Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты (ұрпақ, туу қысқарады) ауыстырады. Сосын сендер сияқты болмайды.» (47-38) «Сондықтан шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін; уахи, аян, түс) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға (мешіт-үй деп аталады, орын-Алла достары жатқан жерлер) мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.» (64-17)

Олай болса жеке адамды ғана емес, бүкіл халықты сараңдыққа шақыру дін танытушылар немесе имандылардың тұрақты қызметіне айналған сияқты. Қазақта онсызда демография оңып тұрған жоқ. Сол олқылықтарды толтыру үшін садақамен Алла жолында мал жұмсап, бір қазаққа бір қазақ көркем қарыз берсе, бас жағына әзір бармай-ақ ең төменгі нәтижесі; елдің бір бірімен ел аралық қатынасын дамытып, жолға қаншама қаражат жұмсап, (асханалар, көлік, жанар май, мал саудасы т,б) ақша айналымына да экономикаға да үлесін тигізіп жатса, оған неге мешіттер имамдары қарсы болып сараңдық жасайды? Дамыды деген елдер халқын неше түрлі шайтани ойындар, ғимраттар салып үйінен қалай шығарарын білмей жатса, өзінің малын өзіне бермейтіндей көлденең жату «қарынбайдан» қалған үдіс па?

Құран ғылымына жүгінсек «Байдың малын байқұс қызғанады» дегендей имамдар күдіксіз серік қосып, ортақ қосып жүрген сияқты.Енді тағы ондай діни шараларды бір жағынан мойындап, европа тәсілімен реформалауды ұсыныпсыздар; «Мұны Спорт және туризм министірлігі қолға алып ойластырылған бағдарлама түзіп, жүйелі саяхатқа айналдырса, нұр үстіне нұр болады еді.» деп үкімет орындарынан жәрдем сұрапсыздар. Сонда дана бабаларымызға берген бағамыз осы болып, әулие бастарын ойын сауыққа айналдырсақ, онда аятта; «Сондай діндерін ойын сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын (аруақтың назына қалмасын) . Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. (кешірілмейді) Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін (мінез ауруы, үстіне жынды мінгізіп алу) қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жан ( денсаулық жоғалу, сырқат) түршігерлік азап бар.» (6-70)

«Әулелиелі жерден ат үркеді» деген бабаларымыз ондай жерде тазалаушы көмес кісіде бар, дәреті сақтамай қалай болса, солай жүргендерге мінетін жын да бар. Сонда дінімізді ойын сауыққа айналдырып, халықты рухани мешелдіке шақыру имамдардың тұрақты қызметіне айналғаны ма? Киелі жерлерді ойын сауыққа айналдырып, садақаны мемлекетке өткізетіндей мемлекетіміз аурулардың, жолы болмай Алланың ризалығын іздегендердің көмегіне мұқтаж ба? Садақаны да Алланың алдында белгіленген кейін сұрауы болатын, соған бейімдеген адамдардың ғана алатынын білмеуші ме едіңіздер?

Және садақамен дүние жинаудың арты қашанда қасіретпен аяқталады. Өз орнына тек бұйырған жерге жұмсалу керек. Мешіттер туризм саласына көтерілген ауруларға дем салып, кейбір жындыларды және әртүрлі аурулардың, жүйкесі тозғандардың жағдайын жасап, өзіне қол салатындарды жөнге салатын мамандар даярлап берер ме екен? Әлде «Қызғанғаның қызыл итке (өрт, тозақ азабы) жем болсын дегендей.» дәстүрлі дінге қарсылық білдіріп, елді аштыққа, қуаңшылыққа, түрлі апаттармен садақа жұмсауға шақыру ма? Әлде көптің тілегі қажет болмайтын елге айналдық па? Қорасан ата басындағы Қағбаның көшірмесі туралы; «Қағбаның жалпы түрі осыған ұқсас болар. Ал оған тәуап етуге жол берілуге тиіс емес!.» деп «Байбөрі деген бай болды, төрт түлігі сай болды, бір перзетке зар болып, Қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып...» деген тарихи деректі былай қойып, Ясауи бабамыздың жасаған зиратында жоққа шығардыңыздар ма?

Ясауи бабамыздың ілімі қазіргі сіздердің дайындап жатқан имамдарыңызда төмен болғаны деген түсінік туындайды бұл пікірден. Ғылымда жерден ерекше сәуле шығып сол жерді «Гипрогендік» деп атап адамға ерекше шапағатты әсері бар екендігі анықталған. Сондай сәулі орындарымен қазақ жері әлемде алдыңғы орындарды алады. Пайғамбарымызда түйесі шөккен жерге мешіт тұрғызған, ал әулие бабаларымызда сондай жерлерге аманатпен өзін жерлеуді тапсырып отырған. Алланың көрсетуімен аянмен ғана мешіттер салынған. Сонда дін ғұламалары түйенің білгенін де әлі білмейтін болғаны ма? Оған дәлел салынып жатқан мешіттер куә, аянның болмаса түйенің немесе өлшеу құралының орнын әкімдер мен сәулетшілер атқаратын болды да

сырты келіссе көшенің сәнін келтірсе болды.

Ондай мешіттерде намаз оқыма деп ескертіпті пайғамбарымызға Құранда, себебі ордың (роди сәулесі пайда болатын, жұтылатын орындар) жиегі, кесапатты сәуле орны да болуы да мүмкін. Ғылымда «геопотогендік» немесе «анти энергия» деп адамға кері әсерін тигізуімен белгілі. «Ит байласа тұрғысыз» жерлердің бар екенін, ондай жерлерге мешіт түгіл, итін байлап, мал қора да салмаған аталарымыз. Жоғарғыдағы «тек біреу» ұғымына келсек тек тәңір бір-ақ, болып сипаты екі. Бірі тақ бірі жұп мәні бар. Неге? Жалпы Құранда ескертілген бірдің саны, сипаты қанша? Құранда Қағбаны «Алланың ірі белгісі» деп ескерткен, демек кішілері де бар деген ұғым. Өзіңнің кімнен ірі екеніңді кішіні көрмей қалай білеміз? Бұл пікірлеріңіз де ғылым түгіл білімге қайшы. Дәлелдеңіз!

Меніңше Қағба жердің үлкен қақпасы, көктің сатысының ірісі Мәсжіт ақсада. Демек кішілері қайда? Егер Қағба есік біреу болса, жаннат пен тозаққа кіретін есіктерде біреуден болмай ма? Имамдарыңыздың қай сөзі өтірік, қайсысы шын? Өтірік айтқан жерде көп тұрма, ондай жерде надандықтың иісі болады!- деген аталарымыз. Сондықтан Құранда: «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35) «Сауалдарға жауап іздесең, сол белгілерден жауап ал» деп, Пайғамбарымызға ескерткен, бүкіл мұсылман үмметтеріне түскен үкім болу керек. Сондықтанда тура жолдың көрсеткіші, басты белгісі өз заманында ақылға ғылымға симайтын құбылыстарды, хикметін, мұғжизасын көрсете білу болып, ол да есікпен, көкке сатыны таба білген Алланың құлына тән хикмет (мұғжиза) екен.

Қазақта нешетүрлі кереметтер көрсеткен әулилер санымен әлемде бірінші орынға шығамыз. Тарихты жоққа шығару зұлымдықтың ірісі. Олардың бәрі Меккеге барып емес өз жерінде көрсеткен, демек біз білмейтін, ғылымда белгісіз құпиялар бар қазақ жерінде. «Сендер білмейтін нәрселерді де жараттым» деп ескерткен екен аятта. Ислам өркениеті 2008 жылғы күз айының басылымында бір топ дін ғалымдары парламентке әлемде «Звезда Давида» деп аталатын басылым беттерінде көп кездесетін сегіз бұрышты бейненің Астана қаласында салынып «еврейлер белгісі неге тұр?» деген сауалмен алынып тасталуын ұсынған ашық хат жарияланды. Жалпы Дәуіт пайғамбарымызға қарсы болумен қатар негізгі исламның ғылыми таңбасы екендігі екендігінен сіздің хұзырыңыздағы дін ғалымдары мүлде хабарсыз екен.

Әлде әдейі ұйымдастырылған діндерді араздастырып бөлшектеу амалы ма? Ол белгіні пайғамбарымызда көрсеткенін, дамытқанын оқымаған ба едіңіздер? Мүмкін өзіңіз сол өсиетті тауып біздерге білімін түсіндіретін шығарсыз? Тек сіздің ғана дәрежеңізге жан ғылымына байланысты айқын жауабы бар сауал; «Ұлық имам-имам Ағзам Әбу Ханифа» атты еңбегіңізде мынандай жолдар бар; -«Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұххаммед оның елшісі» дейтін қауымнан,- деп жауап берген харажитке; -Куәлік кәлимасы иманның үштен, төртен иаки бестен бірі ме? – деп тағы сауал қойады.» Бұл сөзден имам Ағзам кезінде имандылықты меңгеруді бес сатыға бөліп, меңгергендігін яғни ғылымды бес сатыға бөліп дәрежелегенін білдіреді. Демек сол кездің ғылым шыңы болу керек.

Бірақ ғылымды меңгерудің дәрежесі беспен (Алланың көркем есіммінің дәржеленуі) ғана шектелмейді. Онан кейін Ясауи бабамыздың «Сани дәптері» бойынша 13 сатыны ескертеді, және 99-мың ғылым белгісін шариғат, тарихат, мағрипатқа бөліп түсіндірген екен. Демек аятта; «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық….» (22-67) Ол ережені «жол-жоба» деп аталып елдегі «шарио» көрнісін «салт-дәстүр» деп атайды. Онда сол дәстүрді қалыптастыру үшін сол елдің ұлтың ішінен өз жол басшысы болу керек. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,- дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. (Ғылымын көрсетіп түсіндіруші) Сондай-ақ әр елдің бір жол басшысы бар.» (13-7)

Сұрақ; -Сонда сіз қазақ елінің дін басшысы ретінде қай елдің, ұлттың жол басшы кітабына, нұсқауына сүйеніп пәтуа шығарасыздар? Егер имам Ағзам мазһабын айтсаңыз, ол қазақ елі үшін дәстүрлік сипаты жоқ, себебі шариғаттан әлде қайда жоғары сопылық намаздарды қамтиды да қазақ үшін діни жолдың намаз оқу қағидасы ғана болып шығады. Егерде имам Ағзам мазһабы жол болса, онда Мұхаммет пайғамбарымыз көрсеткен ізгі істері де орындалмаған өсиеттері де тыс қалады. Сонда пайғамбарларымызды, Ыбырайым пайғамбарымыздан бастап жолдан шығарып тастау керек болғаны ма? Жолды жалғаушы тек пайғамбарлар ғана екенін, соңғы дін жолын толықтырған сүйікті соңғы Мұхаммед пайғамбарымыз емес пе? Жолды пендесіне тек Алла ғана жеке-жеке көрсетеді. Имам Ағзамды қолдан пайғамбар жасап, күдіксіз ортақ қосып Аллаға серік қосуға болмайды. Ол зұлымдықтың үлкені!

Біздің еліміз үшін имам Ағзам намаз оқудағы ұстазымыз. Намаздарды орындаудың емес! Ал шын мәнінде Құран бойынша шариғат жол емес, ғұрыптық істерге бағдар, істердің көрнісі! Хазірет (шейх) ретінде сіздің тура жолды түсіндірген жан ғылымын жетілдіру амалдарын көрсеткен атыңызға сай затыңыз яғни кітабыңыз еңбегіңіз (дін ұстану қағидасы «платформа») болашаққа бағыт бағдарыңыз, иманның дәрежелену белгісі болу шарт. Намаз оқи бергеннен Алланың қандай шапағатына бөленіп ғұламаға немесе әулиге айналуға болатынына нақты дерек, дәлелдер келтіріңіз. Егер ондай еңбегіңіз болса халыққа таныстырсаңыз, алып зерделесек. Иман сатыларын неге имам Ағзам бесеуді көрсетіп, Ясауи бабамыз 13 пен белгілеген? Ерекшелік қайдан шыққан? Құранда қандай белгі бар? Қалған сегізді кімнен сұраймыз?

Тарихқа жүгінсек жан ғылымын меңгерген адам баласына жаратушы тарапынан ерекше мұғжиза (қасиет құндылығы) беріледі. Яғни жан шипасын бере алатын дем салатын қасиеті болу керек. Құпия болмаса қандай жан ауруына дем салу мүмкіндігіңіз бар? Және ұстаздан озар шәкірт те болу керек. Сондай ерекше белгі алған мешіттерде шәкіртеріңіз қанша? Құранға тарихқа жүгінсек, сауатсыз шерік, серік, ортақ қосты деген аталарымыз 9 жылда «Тәуба» асулардан өту тәсілін меңгерген. Сіздердің араларыңызда атақтарыңызбен айтқан пікірлеріңізге сөздеріңізге қарағанда онан да жетік тәсілдерді меңгерген бе деген ұғым бар елде. Олай болса «намаздың хандары, билері» ішінен 17 жыл ішінде халыққа тұлға үлгі болатын Құранның құпия сырын ғылымын аша білген, көктен жерден азық ала білетін, тылсымнан хабар белгі алып, сырласа білетін өз ерекшелігі бар қанша тақуа, ғалым шықты? Құранға тақуалықты меңгеруді түсіндірген, ақталу тәсілдерінің қандай «филлософиялық» еңбектеріңіз бар?

Және өздерінің қасиеттерді меңгерген, дарындылық, хикметті ерекшеліктері бар? Діннің көрсеткіші халықтан алғанымен емес, қаншалықты рухани қазынадан үлес алып, рұхқа бере білгенімен бағаланады, өлшенеді. Олай болса, қазақ халқының біліміне, тіліне мәдениетіне, әдебиетіне қосылған тың еңбек шығармаларын көрсетсеңіз. Болса бұл сіздердің халыққа ұсынған бағыттың дұрыс екендігіне дәлел болып, қазақ халқы тура жолымызды таптық деп есептеледі. Намаз оқу мен сәжденің және намаз орындаудың ерекшелігін де білгісі келеді халықтың. Намаз оқу арқылы тәндегі керексіз ақпараттардан қалай тазару керек? Іштегі керексіз ақпараттарды, кірді сыртқа шығарып тұратын «сыздауық» деген жара бар, ол шықса үнемі сыздатып ауырып жүріп түбінде жарылып тынары сөзсіз. Сондай халықты сыздауықша сыздатқан жауабы дүдәмал сұрақтарды халық атынан қойып сіздерден және дінді бағыттаушы құзырлы орындардан жауап алатынымызға сіздерді оған «оқшауланып» немесе үндемей қалу бейтарап саясатын ұстамайтындарыңызға, иман дәрежелеріңіз жеткілікті деп, сол іздемпаз бауырластықтар атынан сенім білдіремін.

«Жыламаған балаға емшек жоқ» дегендей артық кеткен пікірлерім болса ғафу өтініп тек Құран арқылы және нақты ғылыми өлшемдермен ғана пікірлесуге шақырамын халық алдында. Діннің де бір аламан бәйгесі болу керек. «Көлденең келген көк атты» деп қабылдамай, аламан бәйгенің шартымен, әуелі бір ат келсе, көп ұзамай көп атта жететін ескеріңіз алдияр тақсыр, хазіреті мырза! Болмаса сол бәйгеге шәкіртеріңізді, ғұламаларыңызды қосыңыз. Иә, 17 жыл араптардан оқыған бап шабар, болмаса араптан хабары жоқ, қазақша ғана тоқыған аруақтың қолдауымен ана тілім бақ шабар! Шартыңызды айтыңыз, Датыма құлақ салсаңыз, айтатын алда осындай шағын ғана үш-ақ ауыз сөзім бар, қабыл етсеңіз тақымын қысар елім бар, дін-тарихымызды берсеңіз қолдан, берілмесе жолынан аламын деген елге берген сөзім бар! Сондықтан әзірше бұл қарапайым сауалдарды бірінші сөз деп қабылдаңыз!

Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік № 6 . Мамыр 2009 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *