II-Ат аттаттырып сүйек сындырмайық ағайын!

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 120

«Іліммен білін ортасын ұстанбасаң бүлін!» деп аталарымыз. «Басқа бәлен тілден» деп бірінші байлық денсаулықтың ақылмен, сөз өнерін меңгерумен ділді сақтаумен байланысты екенін ескерткенін де естен шығармаңыз. Қазіргі таңдағы барлық бүліншіліктің негізі ақылдың тоқтауына ұшырауынан, білімге негізделуінен ал білімнің қарсылығы ілімінің қуатын меңгеріп ортасы ғылымын таба алмаудан пайда болып жатқан әлемдік тұрғыдағы қасіретке қазақ елі де толық жалғанып болғанымыз да сөзсіз. Бүгінгі рухани жағдайымызды ақылмен бағамдау үшін өткенгі кезеңдердегі шығармашылықтағы, сөз сөйлеу өнеріміздігі қателіктерді анықтай біліумен ғана ақылдың негізделуінен өзімізді құтқара аламыз. Болмаса, заманға қарай бейімделіп, екі жүзділіктің әркетімен өмір сүруге қалыптасып кетеміз.

Сонымен жоғарыдағы мақаланың сол кезеңдегі ел билеушілер мен дін ұстанымыздың тектілікті меңгеруміздік көрнісі болып; ( «Егемен Қазақстан» № 293 (24866) 15 қырқүйек. 2007 жыл) Мақала тақырыбы; «Орда тобының тірлігі» ой көзімен қарауды қажет етеді. Енді бұл мақалада Құран аяттарынан дәлелдер, немесе басқа тәпсірлерден, болмаса ғылыми негіздеулер болмағандықтан тек сөздердің астарына үңіліп көрейік. 1. «Бір қарағанда дұрыс сияқты.» «Қаржы пирамидасына ұқсайды» 2. «Алматының түбінде түйнек алған сияқты.» 3. «Жақында діни бірлестіктің жұмысын тексеріп, талдау жасап көрген Қызылорда обылыстық прокуратурасы» 5. «Сол адамдардың арбауына түсіп қалған бейбақтар» 6. «Діни шындығын өздерінің әрекетімен бүркемелеген осындайлардың шылауында жүр» 7. «Біздің бір танысымыз сол ордалықтардың «Шырақ жағу» деп аталатын алқалы жиынына қатысып қайтыпты…» 8. «Осыдан кейін-ақ әліпті таяқ деп білмейтін бұл дүмшелердің өресінің қай дәрежеде қай деңгейде жатқанын біле беруге болады»

Және олар бұрынғы өткен қауымдардың жолын құшып азапқа душар болады деп тозақтық жандар сипатын ескерткен Құранда. Қош енді жеке жеке шолу жасап өтейік. 1. «Бір қарап» біле салу Алла тағалаға ғана тән сипат. Әрбір білуге тиісті істі тек көріп жақсы жаманан ажыратып пайдасымен зиянын өлшеп тарихпен салыстырып зерделеп оқу шарт. Сол кезде ғана түсінік пайда болып, пайдасын, зиянын ажыратуға болады. Аятта: «Өлшеуде кемітпеңдер тура өлшеңдер» деп ескерткен. Естің заңдылығы; есту, көру, ойлану, ғылым біліммен өлшеу, салыстыру тарихпен, толық түсініп барып, сөз қылып немесе іске айналдыру. Болмаса шалалық болып надандықтың белгісін тудырады.

«Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететүн кісіні не дейміз?.. «Қылыш арасында серт жоқ» (Тек заңға, тіршілік ісіне сүйену) деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.» (Абай 13-сөз) Бұл көп тілшілердің тек ақша арқылы ғана оңай түсіндіруге тырысқан дәлелдеріне жауап болсада, бір шағын ғана зияраттау көрнісінен мысал келтіре кетейік; Жақында мен Пір Бекет ата басында болдым. Әрбір болмыс нәтиженің мәнін және сапасын білу үшін санын анықтап, сосын сапасына ақыл тоқтатуға болады. Сол күнгі келген көліктер санын анықтадым. 70-тен астам көлік келіп шамамен 700-дей адам келген екен. Әрине ішінде өмірдің бар саласынан пенделерді кездестіруге болады.

Көлік жүргізушілерден сұрау салып, көбінің банкіден несие алып әулие басына адам тасумен күн көрістерін түзеп және тағы екінші көлікті несиеге алыпта жатқандар бар екен. Сол келген пенделердің атаған шалған құрбандығынан бастап, сол малды өсірушінің еңбек ақысы және күнделікті жүріп тұрған көліктердің жанар жағар майына кетіп жатқан қаражатты, соған қызмет жасап жатқан адамдардың еңбек ақысын есептегенде бір әулиенің өзі кей мемлекеттердің халық қалтасыннан ақша жұмсап, әр түрлі ойын сауық дем алатын орындар ашып, халқын ел ішінде әрлі берлі қыдыртуға шамасы келмей жатса, қазақта ата жолының керуені басталып бір қазақ, бір қазаққа көркем қарыз беріп сауап жасап, Алла жолында малдарын, жандарын жұмсап (метафизикалық тұрғыда қуат аламасу, көлеңке алмастырумен) үлгі көрсетіп, әйелдеріміздің әулие басында болса да, етегін жауып есі кіріп жатса, соны көп көретін адам баласын кім деп атауға болады?

«Тозаң түріндей жақсылық жасасаң жазып қоямын» деп ескерткен жаратушымыз. 2. «Алматыдан сияқты» деп долбар жасағанша, келіп көріп, жолығып, сөйлесіп, көптің ой тілегін біліп ақ қарасын айырып жақсылығын да көре біліп жазу керек еді. Алыста жатып көпке топырақ шашу имансыздық, мұсылманға жат қылық! 3,4. Біріншіден есі дұрыс пенде, мемлекетті өзінің салтық дінінен мемлекет ішкі заңдылығын бөлек қарай алмайды. Дін адамзаттың есін қалыпты ұстау және тілдік ұлтық сипатына қарай тәрбиелік, адамгершілік қағида және әр елдік ұлтық жоғарғы санамен, ата ббаба жады-естілігмен, тарих шежіресімен байланыс белгісі, яғни Алланың бізге иріп берген тектік, жандық жібі болуы керек.

Осындай тұрғыда жиналған қазынасының отаны; әр елдің өзіне тән аспаны болып, өздері өмір сүрген табиғи ортаға жерге, суға тәуелді түрде қарым қатынас заңдылығы (биоционез) болу шарт. Ол белгі тәндік ерекшелікпен беріледі. Қылық болып ұлтық сипатқа ерекшеленеді. Әлемдер санасын бір қазанға салуға болмайды. Нәсілдік сипаттың өзі 22 топқа бөлініп көрсетілген Құранда. Ал Қазақты қазақ қылып сақтап тұрған сол нәсілдік, салттық дін ұстанымымыз, яғни естік шамамыз. Болмаса дінсіз мемлекет, ел немесе пенде баласы қашанда жынды аталмақ. Дінді үкімет заңына бағындырып құжаттар беріп, өз заңына сәйкестендірмек бос әуре, арты сынақ халықтар қасіретіне, табиғи аптарға, қияметік сынақтарға апарып соқтырады.

Нанбасаңыз бостандыққа әуес мемлекеттерді қараңыз, үйіңіздегі сиқырлы сандықтан, жүйелі түрде бір мерзімге немесе қылыққа байланысты ескерту белгілер жүріп жатыр әлемде. Ойлансын, ақылға келсін, деген әзірше белгілер апаттар азаптар алда. Есеп жүйесі Құранда берілген. Ал дәреттің ғылымының тәндік, жандық белгісінің және шариғат пен жолдың, жалпы дінің тарихынан мүлдем хабарсыз қолына үкімет қағаз берсе, Құдайдың ісін тексеру ақымақтықтың үлкені, тажалдық болып табылады және ондай пенделер басына Алла тағаланың лағнеті міндетті түрде келеді, тек бала-шағасынан аулақ!

5-ші пәтуаға келесек; Халық- Алланың бір сипаты сондықтан бүкіл халықтың ақымақ болып, қолында құжаты бар пенденің ғана ақылы толық болу мүмкін емес. Ақыл аянмен беріліп, түспен тазартылып отырады.

Ал мен де сол сол көп ордалардың қызметшісінің бірімін. Біздер барлық ордадағы атқарылған істі тіркеп електен өткізіп отырамыз, нақты санға жүгінсек алдымыздан жылына мың шамасы адам баласы өтеді. Ішінен шариғатты түсініп, бақытты өмірге жетіп жатқандар аз ғана, себебі ақыл алушыдан қазақта ақыл беруші көп. Сол ақыл берушілер тек өз білімінің білгенінің шек арасынан аса алмай өзі де адасып, өзгені де адастырып жатыр. Тек ғайыпқа құлақ салып, өліктерді тыңдап, салыстырып, шариғат қағидасын толық орындап, тарихтардан мысалдардан тәлім алып, үнемі оқып ізденген ғана жететін биік. Қашанда ата-анасының ақылын алып, содан жеткілікті қортынды жасай білген пенде ғана адаспайды. Сол ордаларды жүргізіп жатқан үнемі ақыл алушы мен ақыл берушілер.

Сондықтан жаманымыз да жақсымызда бар, онсыз қарама қарсылықсыз өспейді дамымайды, тек ара жігін ажырата білген жөн. Арамызда анау айтса анаған, мынау айтса мынаған жүгіретініміз көп. Олар екі орта. Бүлдіретін, неге солай деген сұрақты туындатып жүргендер сол орта. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.» Ал өзің білме, білгеннің тілін алма, ақшаңды босқа шашпа, ақша бақыт, байлық өмір, денсаулықты дәрігер жөндейді, емдей алмаса соттау керек, патша айтпаса қозғалма, жерден шыққанда сенің тегін үлесің бар, деп еңбексіз мал жинауды қайыршылықты үндеп жүрген европашыл бейтарап жандар. Бейтарап адам қашанда қауіпті, халықтың қамын жеген болып жатып атуға құмар болады. Немесе «Қаз ашуын тырнадан алады» дегендей өз басының бақытсыздығын, қоғамнан немесе биліктен, діннен іздеп үнемі көлеңке қараңғылықты жаманшылықты торумен соны жария етіп; «Мен байқағышпын» деп Ібілістің сарбазына айналғанын білмей жүргендер қылығы деп біліңіз.

6,7-ші. Діннің шындығын білгендер арғы дүниеден батасын бермекке күтіп жатыр. Көктен санмен берілген көркем сөз тербелісінің шамасын «уахи» деп, ал дыбысқа, сөзге айналса бата деп атайды. Уахида тілдің ұлтық сипаты болмайды, ал батада аруақтар арқылы ананың қанның белгісі қосылады. Сол батаның керуенінің қозғалғанына он жылдай болды, ит үрсе де керуен жүріп келеді, бірақ сол керуеннің қисайған жүгін түзейтіндер; ғалымдар, жазушылар, дін танытушы мешіт майталмандары тесік пен есіктен сығалап, ашық айтуға бірі араптан, бірі жоғарғыдағы бастықтарынан, бастықтары мешіт ғұламаларына жалтақтап, жіпсіз бірін бірі байлап қойған. Бәрібір білмесе де білуге ұмтылып қарапайым халық бақыттың шырағын әрбір ауылда тұтатып жатыр. Сөз астарына Құранды зерделеген пендеге өмір, тыныс шырақтан басталып, шырағың сөнсе өмір тіршілік тоқтайды. Бір шырағың күнің, тән шырағың үнің, өмір шырағың қызың, ақыл шырағың дұрыс ұйқыңмен түсің!

«Олар «Әліпті таяқ деп білмейді» «Қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетеді» деп ақ жолда жүргендер дүмшелер деп атапты мақалада. Көптің ішінде тентегі де, ақымағыда болады қашанда. Алланың жаратып қойған қарсылық заңы. Әрбір жаратылыс даму өсу үшін, ішкі қарсылық сезімдерді жеңіп барып сырқы қарсылықты жеңе отырып, кеңістіктен көп орын алуға тырысады. Сондықтан әрбір пенде баласы өсіп жатқан ұрық болса, ұрықтың дәмі қуаты тек сыртқы қорған «қабпен» (бақ) қорғалады. Басқа ақыл иелерімен адам баласының ерекшелігі өз қабын (бағын) өзіне қалыптастыруға сақтауға бұйырған. Қатты заттың кеңістікте орны да аз. Су қанша жұмсақ болса да тасты теседі. Өмірдің қарсылық заңы.

Үшінші мақала «Аруақты айтып ақша жинау –аталар атын қорлау» деген атпен «Ақ босаға» №10 (208) Қазан 2007 басылымында «Бір қарағанда» «Алла тағаланың маңдайына жазып қойған жазуын ешбір емші, ешқандай қасиетті жан өзгерте алмайтынын көп ұзамай өзіңізде түсінесіз» деген ақылға, ғылымға және Құран аяттарына әулиелер көрсетіп кеткен хикметтерге және түгелдей Ғайса пайғамбарымызға қарсы сөз пікір жазыпты. Мақала қаламгері әйел заты болғандықтан кешіріммен қарап, от ағасына егер болса «Қатын бастаған көш тозар, еркек бастаған көш озар» деген бабалар батасын басшылыққа алып, «Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл» дегім келеді. Ислам діннің тарихында Құраннан әйел заты пәтуа бермеген. Шариғат ісінің орындаушысы еркектің көмекшісі болып есептеледі. Қажы атанып немесе тілші атанып Алланың атынан сөйлейтін әйел заты тек Қазақ елінде. «Еліңді қатын басқарса, тіршілігіңнен көр өмірі артық.» деп ескерткен пайғамбарымыз.

Ақ жол әзірше діннің бастауыш мектебі. Аяғын толық басқан жоқ. Мектепте он бала тәртіпсіз, сабаққа нашар болса, онда бүкіл мектеп сондай, деп тұжырым жасау да ақылдының сөзі емес. Аталарымыз әр мақалдың астына сөз астарын жасырып кеткен. Пенде баласына екі қақпақ үнемі керек. Бірі екі аяқтың арасына, бірі ауызға. Меніңше қазіргі таңда әйелдерге төменгі жағын етек қақпақпен жауып, кейбір тілші жазғыштарға аузына төрт елі қақпақ қоймаса, қазақтың сөз астарын түсіну қабілеті азайып, ойы бұзылып тұқымы азып барады. Енді жоғарғыдағы әліппен таяққа қайта тоқталсақ.

Әліпті Абай атамызда баққан. Одан бергіде әліпті меңгерген жазған еңбек көре алмадым. Әліпті білмеген дүмше болса, онда бүкіл тірі қазақ дүмшеміз. Ішінде дін ғұламалары да бар. Әліп- мың деген ұғымды білдіреді және ғылымда шеңбер ішінде ғана мың ғана бұрыш сияды. Әйелдің қуаттық бейнесі шеңбер, (сондықтан тәпсірлерде еркектің қабырғасынан деген) ал еркек сынған сызық. Онда әліптің алты жағы бар «гексаэдер» еркек, ал ішіндегі шар әйел, «лам мим» үн мен дыбыс яғни сөз. Қайсысын қайсысына бақтыру керек? «Әліф лам мим» құпия сөз есебі жаратылыс тегі! Сандық мәні 124. 1-дегеніміз-Кісі, 2-Жұп, 4-Жақ. Құранның да құпия есебі, «Әлиф лам мим»сандық мәнімен шешіледі.(Дауысты дауыссыз үндестік заңы-МИ.)

Ясауи бабамыздан басқа шешкен адамды әзірше оқи алмадым. Сәжде есебінен қателіктер жіберіп сопылардың адасып жатқаны да сол «мим» заңдылығының есеп жүйесінде тұр. Тәндік ғылымға көшірсек «Әліп» таяқ емес, аяқ болып аяқтардағы 100 сүйекпен және бұлшық еттермен байланысты. «Лам» сол қол, «Мим» оң қол болып, қан тамырлар мен бастағы ойдан жүректен хабар беріп, барлық сандық мәні 200 болып әлемдегі 200 елмен байланысты көрсетіп, 20 аминокислотаның саны белгісі аяқ пен қолда тұр деген белгі. «Баста ми (тербеліс) болмаса екі аяққа күш түседі» деп аталарымыз ескертіп кетіпті. Еркек ақылсыз болса әйел асыраушыға айналар. Демек қазаққа баспен аяққа ерекше күтім керек.

Сондықтан арапқа аяқты беріп, жалаң аяқ жүретіндері сондықтан. (Қағбамен тағалаған.) Ал атам қазақ аяқты ерекше қорғай білген. Аяқтағы негізгі буын сүйектер саны 27. Арап тіліде 27 үндестіктен тұру керек. Және оң солы бар. Демек арап оң аяқ болса сол аяқ кімдерге жатады? Ілімнің екі шарты болып, қол білімнің екі шарты емес пе? Кәпір мен наданды аяқ қолдың иісінен де білуге болады. Енді осы белгілердің жанға байланысты есебі де төрт кітаппен байланысты болуы шарт. Осы белгілердің алғы шарты тылсымнан аталар жетегімен беріліп кітабы дайын тұр. Бірақ әзір жазылғанмен баспаға беруге ұлықсат жоқ, себебі оған дейінгісін жариялағанмен әзірше жеткілікті түсіндіре алмай жатырмыз.

Күніне сәжде жасап 64-рет «Аллауақбар» деп және азан шақырып тағы алтыдан азанмен айтып 70-ке толтырып екі жағымызға «Ассалаумалейкум рахметулла» деп құдайдың ірі белгісіне қарап сәлем беріп намазымызды тіркетіп жүрсекте, «Ар уақ» жоқ деген надандықтан құтылып алайық. Жаратушымыздан адам баласын дыбысты таңбалап көріп, үн мен дыбыстың басын қосып, сөз қылып шығарып, әрлеп әріпке айналдырып, саны мен таңбаның мәнін білуге жаратқан. Әрбір істің нәтиженелетін күні болады, болашақта әлі талай көрсетеміз, дәлелдейміз сол уақытта әліптің қандай таяқ екенін. Қызармаған ғалымды, ұялмаған тілшіні, жағасын ұстап, шынтағын тістейтін діншіні де білерміз. Әрине бұлар қарсыласып керуен жолын кесіп жүргендер. Ал әліптің артын бағып жатқандарға ештен кеш жақсы демекпін; «Батамен ғана ел көгерер» «Шешінген судан тайынбас!» (2007 жыл. Қазан айы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *