Ең жақының қатының,
Атаған жан жолдас деп,
Ал онан бар ма жақының?
Жаны бір жүрген құрдас боп.
Қатыныңмен дос бола алмай,
Достықты қайдан білмексің.
Тағдырдың сыннан өтесің.
Ыстық, суық та бірге көрмексің,
Жақсылық, қайғы, уайымға,
Арман мен мақсат бір жолға
Бекімес достық сыналмай,
Қосылмай көңіл жанға.
Әуелі Құдай жаратты,
Адам мен Хау анаңды,
Достығын және сынапты,
Кездіріп үш жүз жыл ғаламды.
Дүние мен малың қосылса,
Жолдастық бұл расында.
Дос деген жанның қалауы,
Махаббат деген осында.
Жолдас көп бұл жалғанда,
Ісіңе қарай сен таңда.
Қанша қызық және арманға,
Лайық бар түрлі жолдарға.
Әуелі дос бол жан жолдаспен,
Артылса бала-шағаң бар.
Дос болсаң Алла досымен,
Достығың бақ боп қонақтар.
Ата жол, ата дәстүрің,
Меңгеру рухтың, хақ сырын.
Бір ағашта төрт сабақ,
Жалғанар рухына тектінің.
Төрт қатын, бір ер дос болып.
Бір жүкті төртке тең бөліп
Жалғанса қанат төртеу боп,
Киелі рух шығар жетіліп.
Қазақтың салты қан сақтау,
Жоғалтпай жанды ардақтау.
Імүнін тектің жетілген,
Тазартып аруақ көтерген.
Еркектің басы тазармай,
Қызыңа тек қона алмай,
Ұрықтан қуат жоғалса
Жақсы ұлды қызың туама-ай?
Қаны азар әйел жесірдің,
Тигізіп елге кесірін,
Жаны өспей, егін жетілмей,
Кемітіп тектік өсімін.
Санасын ердің ашатын,
Жынды да тазартып басатын,
Әйелден келер қуатпен,
Некемен ғана алатын.
Жын деген ерге қуат қой,
Өнерге берген суат қой.
Өнерлі ерде болса жындылық,
Қатынға берер шабыт қой.
Бір жындыға бір қатын,
Келмесе әлі азатын.
Жын мен шайтан қосылып,
Ұрпағың сонан тозатын.
Жабылса дос боп қатындар,
Бір ерді толық тазартар.
Тазарып отан көгің де,
Нәсілдік қуат жаңғырар.
Тоқалда алар сауап көп,
Бәйбіше болсаң сұрау жоқ.
Тақуалыққа жәрдем бергенді,
Өлілер тұрар риза боп.
Достықтың бұл шыңы деп,
Тазарған бастың теңі жоқ.
Бір құдықтан бесеу су ішкен,
Дәстүрінде қазақ кемі жоқ