Қыздар жайлы айтуға оңай… Айтуға оңай ақын қыздар жайлы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 67

Қыздар жайлы айтуға оңай,

Жабық еді бұрын бәрі-ай.

Енді еркекке некесіз ақ,

Қара, көр сұғың қадай.

Айтуға қыздарымыз болды оңай

Шешіндіру керек болмай.

Дүние көрсе тіптен болды ай.

Қыз киесі өшті осылай.

Жалаңаштық сән болғаны-ай,

Білек түгіл, қолтық ұдай,

Иман үйі қорғалынбай,

Қыз ба жын ба, тұрған бұл-ай.

Айтуға оңай  ақын қызды-ай,

Сезіммен беріледі сөзді таңып,

Ақын қыз көп жүрген осылай,

Қасиетті тектің бағаламай.

Қатын қыздар салқындады-ай,

Талайлар жүр күйлей алмай.

Байға тисе жыланы оянады,

Шаңырақтың шырқын бұзды-ай.

Қаны азып іштен оңбай,

Туса бала кеміс болды-ай.

Доқтырларға кінә тағып,

Лағнетке қалып толай.

Қыздар да бар арын білген,

Ұяты бар, дәстүрлі киім киген.

Көп алдына шығып тайраңдамай,

Отауының қамын жеген.

Айта берсең, айтуға оңай,

Сынасаң қызды дейді былай.

Жамандадың, не қарғадың,

Доғар дейді, қойдым оңай.

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *