Тағдырдың уақыт кезеңі  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 165

Жылдың бар төрт мезгілі,

Жаратқан уақыт үлгіні.

Өлімнен бастап жаралып,

Көктейтін мезгіл көктемі.

Ұлт тағдыры кезеңі,

Төрт мезгілдік кезегі.

Елу жылда жаңарып,

Жүз жыл сайын өледі.

Өзгеріп таңба үндері,

Қосылып нәсіл келеді.

Әлеммен нәсіл алмасқан,

Домалап бастар келеді.

Жаннан жан тарап өседі,

Алланың жібі деседі.

Төрт текпен әлем нәсілі,

Жалғану келер кезеңі.

Пенденің мінез өзегі,

Жын-қайрат болып өседі.

Ақылға талап болатын,

Өзге ұлттан нәсіл келеді.

Тіліңмен сөздің тегі енді,

Ұлтыңнан қазақ өзені.

Ананың қаны ділімен,

Қазақтың тегі «гені» еді.

Қазақтың ұрық, жан ділі,

Жинайтын мезгіл күздігі.

Тағдыры кітап ашылған,

Заманы келді бүгінгі.

Замана дейміз дәуірді,

Әлемдік уақыт тағдырды.

Үш жүз жылда айналар,

Әр ұлттың тоғыз ай, күні.

Тағдырдың болып тоғысы,

Ақ пен қара соғысы.

Өлі мен тірі кездескен,

Ашылып тылсым сандығы.

Дүниенің кезек мезгілі,

Сыналған ұлттың текттігі.

Толғатып жер ананы,

Алмасар ұлттың нәсілі.

Кедейлер болған бүгінгі,

Бұрынғы заман үздігі.

Байлары болып бұрынғы,

Алмасқан тектің сын күні.

Еңбекпен адал күн көрген,

Егін сап, малын өндірген.

Бүгінгі бай мен би шенді,

Құдайшыл еді дін меңгерген.

Өмірге қайта келтірген,

Сынақпен сыйы бұл берген.

Құдайын көбі ұмытып,

Шайтанды арттан ерттірген.

Жомартық байға сын деген,

Уәдемен қайта жан берген.

Ұмытпай жүрген серттерін,

Қазақта бар ел билеген.

Бұл заман дәуір кезеңі,

Нәсілдер ұқсас өнеді.

Көп қазақ кедей неге деп,

Билікпен, байдан көреді.

Бұрынғы заман байы еді,

Әлде бір сараң жан еді.

Ауыртып етті мал көбейтпей,

Тағдырмен ауыр жүктелді.

Жомартық жанда жоқ еді,

Тағдыры сараң қолы еді.

Қанағат жоқ тағдыр көп,

Сұрамшақ кедей жан өнді.

Араптан нәсіл келеді,

Оқыса намаз зор еді.

Мешітке көп тығылған,

Жанға-жан ұқсау сын еді.

Білімді іскер жаны еді,

Исламда жоқ ел еді.

Билер мен білімді қауымда,

Жаңашыл қазақ тегі өнді.

Білмеген өзін түзеуді,

Тағдырдың ісін елеуді.

Қаны бір қазақ болғанмен,

Қазақтығы көптің өзгерді.

Еліктесе кімге мінезі,

Бұлда бір жынның әсері.

Жалаңбас жүрген ерлерді,

Тегі емес қазақ біл енді.

Арсызға құштар өнері,

Алмаса ұлттан көнені.

Бұларда келген нәсілі,

Орыс, қытай…бұрын тегі еді.

Қазағым сөзің түзелді,

Түзелу ұлттың керегі.

Абайдан қалған өсиет,

Қай надан бұған сенеді?

Адамдық сөз өнері,

Ақылы теңіз ел еді.

Ойдың мінсе кемесін,

Тура жолды құдай береді.

Бүгінде түгел жынды елді,

Құтқармақ құдай өзі енді.

Көркем сөз әулие батасын,

Қазаққа түскен сыйы еді.

Басыңа келген бәлені,

Екі қолдан Раббың біл деді.

Тағдырға қылмай қарсылық,

Адалмен өмір сүр деді.

Дүниеге кедей мін емес,

Байлығы дүние жанға енбес.

Арсыздық түбі қасірет,

Рұқ өсіп, жаны көбеймес.

Ақылға кедей бай емес,

Кедейлік қордың өзі емес.

Ақиретке байлық жинаған,

Қайтадан құдай сый бермек.

Өмірің болар үш кезек,

Үш ай боп жаның көбеймек.

Алты ауыз алты жаныңды,

Өсіру ісін дін демек.

Алты айда жинап дәулетті,

Мың жыл өмір сүрмекті,

Он күнмен рұқты меңгеріп,

Жер мен көк, орта себепті.

Мәңгілік жан ұждан өсірмек,

Жалғанмен күрес сын демек.

Бүгін кедей, ертең бай,

Ер кезегі үш келмек.

Масһабшы дінші наданды,

Біліміне тәпсір алданды.

Ғылымын қазақ тегінің,

Ұрлатып қазақ алданды.

Абай-Шәкәрім данаңды,

Ясауидей ғұлама бабаңды.

Жаныңмен жаннат үйіне,

Енсеңдер ашар санаңды.

(Тамыз айы 2016 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *