Мақтанса қазақ мақтансын!  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 71

Мақтанамын қазақпын шатанамын,

Шақырып әлемді төріне Астанамның.

Әлемнің бар салтына еліктеумен,

Мен қазақпын бүгінде заң жазамын.

Мақтаным ата жолды соттағанмын,

Ханафи Масһабы «құдай» құтқаратын.

Өзге топтың бәрінде секта атап,

Қамап қойдым қарсылық қылғандарын.

Ар, ұятты дінді де тастағанмын,

Әулиесін Алла құлын басқа атадым.

Білімнің бәрін жинап ақыл қылып,

Жас баланы әкім қылып басқарғанмын.

Әлемнің дін басшысын жинағанмын,

Астанамды көрсетіп сыйлағанмын.

Мүсініне ана, бала жалаңаштап,

Гүл қойдырып иманын ұрлатқанмын.

Бабалармен әулие, батыр мақтанамын,

Тас мүсінін қызықтауға салдыртқанмын.

Той жасаймын еске алып гүлді қойып,

Исламның дінін тастап шоқынтқанмын.

Астанамды ақылды деп ататқанмын,

Ар, ұятты ақылдан бөліп алдыртқанмын.

Мақтасын деп қазақты әлем түгел,

Ай сайын бір күн тауып тойлатамын.

Отыз елді таңдап алып ұқсағанмын,

Дүние байлық, мәңгі өмір, жүз қадамым.

Құдайдың нұрлы жолын жерге төсеп,

Қазақтың арманы деп жар салғанмын.

Бұрын қазақ мұндай күн болмағанын,

Қатын, қызың теңдігін алмағанын.

Ескіліктің киімдерін бәрін шешіп,

Ұят деген қысымды тастағанын.

Қамап, соттап атыласың жақпағаның,

Билікке керек, тәңірлік заң жазамын.

Жерді де бос жатқызбай нарық қылып,

Европалық нәсілді ел қыламын.

Құдайсызда қазақ енді ел боласың,

Үш тіл білсең ғылымды ататамын.

Ар, ұят, ақыл, ынсап кімге керек,

Жындылықтың бар ісіне нандырамын.

Қарашы саясаты гендірлік орнағанын,

Қатындар еркектерді басқарғанын.

Атақ, шенді бағалы құндылық деп,

Адамдықты ескілікке қалдырғанын.

Әулиелер орына үй салдырғанмын,

Мұражай ғып әлемді шақырамын.

Билет алып кірсесің қызықтауға,

Ақ бұлағын нұрын құдай жаптырғанмын.

Ел басшысын әулие деп санатамын,

Әлемге қарыз сұрап қол жаямын.

Болашақта қазақ ұлты кімге керек,

Қазақстандық дін-ділсіз ел орнатамын!

Самит ашып әлемді шақырғанмын,

Қонақ болып естиінші мақтағанын.

Қазақ деген мұндай ел жоқ десе

Бақыттың күйін кешіп  мас боламын.

(Тамыз айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *