Қатын болу әйелдерге жол ашатын

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 208

 Әйелдер бар жек көреді десең қатын,

Жамандыққа түсіргендей тұлданатын.

Көңілі аспанда жүр көп әйелдің,

Білмейді төмен мен жоғары айырмасын.

Ақыл берсең дегенді неге ұрысасың,

Шариғат, сүнетпенен ой қосатын.

Білімін заманның артық көріп,

Жұлдызға айналдырған жеке басын.

Ақиретпен жоғарыға шықпақ жаның,

Қай жұлдызға жаныңмен есік аштың?

Елшілікпен еркекке тән қасиет,

Жалғандың ба текті ерге болып қатын?

Төмендетіп мені деген неге ұрыссасың,

Өз ақылым өзіме деген жақын.

Сөзбен зина жасағандай кінәлайсың,

Тозаққа түскендейін «алтын басың».

Есіл сөзім қор болдың, болмай хақың,

Ата дәстүр білімдіге болмай жақын.

Жүрек сорлы шайтаннан тазара алмай,

Жын қуатпен жүктелген қара қатын.

Бай болса да жаны өлі, болмас қатын,

Менсінейсің ата дәстүр шариғатын.

Өз-өзіңді көтеріп аспандаттың,

Жанатпен, тозақтықтың білмей парқын.

Жұлдыздай жарықпа асыл затың,

Құдайсыз қурайды кім сындыратын?

Еріңді пірің қылып сыйлай алмай,

Тозақта жүрген сенде бір қара қатын.

(Қыркүйек 2016 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *