Сақтарсың Құдай…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 167

Сақтансам құдай сақтарсың,

Арамнан мені қорғарсың.

Тілі майда, ойын жоғалтқан,

Имансыз сөзден ақтарсың.

Хабарсыз жете, санадан,

Жалықпай жүрген жалғанан.

Жігіттікпен қоштаспас,

Жалаңбас жүрген ағадан.

Жын болған шайтаннан,

Ақ жаулықсыз қатынан.

Сақта шора қыздардан,

Жан өлтіріп шаш жайған.

Жаулығы жоқ көп қатын,

Демеймін мені мақтасын.

Арсыздықтан бұл таңда,

Ұрпағымды тоспасын.

Ашқаннан көтін сақтарсың,

Ойнасын жыннан қосқасын.

Ақыл айтқан білімді,

Арсыздық салты болғасын.

Білімді қудан сақтасын,

Есек боп кітап артқасын.

Жапарқұл мырза билерден,

Ұлтымның қорға бақшасын.

Мал табар артық болғасын,

Ар-ұятын кім жоқтасын.

Нұр атап дүние істерін

Ел билік серік қоспасын.

Лағнетке жастар қалмасын,

Дәстүрін ата жақтасын.

Жүрекке-жүрек жалғайтын

Аталар жолын қоштасын.

Ел басшысын сақтарсың,

Сана бер құдай, аспасын.

Ғылымның сырын Абайдан,

Үйреніп елін басқарсын.

Жер ана тынысын жаппасын,

Жер сатып назына қалмасын.

Арамдап киесін жерімнің,

Топырақтан нәсіл қашпасын.

Алжудан билерді сақтарсың,

Ғылым деп білімді шатпасын.

Алтауын елдің араз ғып,

Ұжданын ұлттың сатпасын.

Байлығы дүние аспасын,

Арынан артық болмасын.

Қанағат, шүкір сәждесі,

Тектілігі ұлттың қалмасын.

Азғындап қазақ жатқасын,

Әулиесін деген «Басқасың».

Атасын жолын соттаған,

Құтылып жазадан қашпасын!

Тектілігі елдің азғасын,

Азабын лағнет артқансың.

Қияметтік сынақпен,

Үкім бер жанын жоқтасын.

Ақылдан жыны аспасын,

Талапқа бер ноқтасын.

Шайтаннан жыны ажырап,

Қайрат боп есті жақтасын.

Үлкендер арын жоқтасын,

Қыз, қатын ділін сақтасын.

Мәңгілік жан ұжданның,

Біліміне ақыл тоқтатсын!

Дәстүрден масһаб озбасын,

Күнәдан елім ақталсын.

Әулие-әмилер тылсымнан,

Көгертіп текке жалғансын!

Ата жолы дәстүр ақталсын,

Соттаған заңын қайтарсын.

Құдай сұрап кешірім,

Ел билік ақыл тоқтатсын!

Демейміз бізді жақтасын,

Аққу мен сұңқарлар мақталсын,

Шариғатсыз ата жол қылған,

Азғындықты құдай сотарсың.

(Қыркүйек 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *