Ұлттығың қандай қазағым?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 179

Өлшеген қазақ арменен,

Құдайлық жарық нұрменен.

Ақ пен қара арасынан,

Өсірген ағаш жанменен!

Арға садақа жан деген,

Жан өседі барменен.

Дүниенің бар азығын,

Жан алады тәнменен

Ар өсірген санамен,

Ақ сүтін емер анамен.

Ақ жаулықтың байлығын,

Меңерген қыз баламен.

Қыз шырақты санамен,

Қостырмай шерік араммен.

Апарма деп ауылға әйелді,

Әдебі арсыз салтпенен.

Бүгінде қазақ елің бар,

Кең байтақ асыл жерің бар.

Ұлтық белгі ар, сана,

Көрсетер елге кімің бар?

Білімді қауым ақының,

Дін исламға жақының?

Қайда жүр ұлтшыл ағайын,

Мазақ болды әулие асылың?

Азғанда қыз, қатының,

Көрдің бе арам сасығың?

Бөріксіз қалып бар еркек,

Жоғалтқан ұлттың дәстүрін!

Дәстүрің үш байлығың,

Өлшенген армен жарығың.

Дүниемен жүрген бағалап,

Арсыз көп ұлттың қайғысын.

Болса деп ұлтың бәрі бай,

Ішіп-жем, азық дүние сай.

Тыныштық рахат өмірмен,

Ұлт болмақ семіз шошқадай.

Дүниемен текті болмассың,

Араммен боққа батпақсың.

Тазартпай тағдыр жүктерін,

Түбінде азып тозбақсың.

Қазақтың тегі ұрпағың,

Қанында қыз баланың.

Ұлтыңның қара байлығын,

Ар-ұят, ұждан шамасын!

Ар менен иман парасын,

Құдайдан алған жобасын.

Әже мен үлкен ақсақал,

Беретін елге батасын.

Өлімге анық нанасың,

Кенеттен сынақ ажалын.

Өлтіріп қайта туғызар,

Құдайсыз қурай сынбасын.

Өзіңде бар айна аруағың,

Атаңның жолы намазың.

Құтқармай қауым өзіңді,

Дүниеге қолды жаймағың!

Тарта біл өмір азабын,

Мал етің қаның тазарсын.

Ар-ұят, дәрет киімен,

Бой өсір жарық боларын!

Алтын мен күміс жинағың,

Оң, солың алды артағың.

Жарықтан алып қуатын,

Тазарсын ерген аруағың!

Жетелі болсын ұрпағың,

Санаға ана жалғансын.

Жеті ата бұтақ жалғасаң,

Мәңгілік жанды Қазақсың!

Атадан рұқың алтауың,

Анадан төрт жан алғаның.

Бәйбіше тоқал салтымен,

Өсірген тектен тарадың!

(қазан айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *