Қазақтың болған елдігі  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 33

Бөрілі байрақ ел туы,

Қазақтың белгі тектігі.

Көк, жасыл болса түр-түсі,

Ғылымның түгел үш түрі.

Әділдіктің ақ туы,

Даналықтың тектігі.

Ардан сауыт киетін,

Қазақтың тек мәртігі.

Атаның жолы ақтығы,

Айша ананың ақ туы.

Үш жетінің киесі,

21 белгі жұлдызы.

Қазақтың бүгін ездігі,

Бөрілік тектің кемдігі.

Атаның жолын қудалап,

Масһабқа елді сендірді.

Тусыз дін болмас жөндігі,

Ақтық жолдың өрлігі.

Қайсарлық пен жігерлік,

Ақылдан да болар кемдігі.

Бөрідей еркін жерлігі,

Кең даладай сенімі,

Шектелген тегі қазақтың,

Шариғатпен дінің ендігі!

Қазақтың болмақ елдігі,

Дінімен діл бірлігі.

Ар-ұятпен өлшенген,

Ұжданмен мәңгі өмірі!

(қазақ 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *