Қазақ көші келеді жәй қозғалып,
Ел билігі тосқанмен алдын заң жазып.
Үлкендер жүр керуеніне қосылмай,
Жалықпаған жігіттіктен жынданып.
Ата жолы дәстүрінен үлгі алып,
Тура жолсыз серік қосып көп халық.
Шибөрідей шуылдаған діншілер,
Әулие-әмбилер адасқандар деп анық.
Ит үреді көш келеді жүкті алып,
Ата –баба аруағына жалғанып.
Тозақта шырылдар жатыр аруақтар,
Ұрпақтарым келеді ау деп оянып.
Қазақ көші жүгінің кеткен қисайып,
Зиялылар барма дәстүрін қолға алып.
Арсыздыққа қазақ елін байлаған,
Нұрсұлтан жүр мәңгі өлместей сөз жазып.
Қазақ көші келеді тыңнан жол салып,
Ар-ұяттан қуат жинап жанданып.
Жастар өсіп керуен жүгін түзейтін,
Арсыз салтқа қарсы болар ой бағып!
Шыда деген отырған білімділер омалып,
Өзі келер керуенің саған жол тауып.
Ар-намыстан жұрдай болма қазағым,
Көк бөрілік тегіңді ізде қамданып!
Қазақ тегің алты алаштан басталып,
Ата-бабаң алты рет діннен үлгі алып,
Әлемдерге хабарын құдай таратқан,
Шариғаттан хақиқатқа жол салып.
Алтауын араз қылмас нұр жарық,
Жүрегіңді тазартумен рұқты алып.
Көкірегі соқыр болған текті жоқ,
Масһабымен шариғатқа байланып!
Керуенін қазақ, Айша анадан туды алып,
Жастар сендер, жинаңдар білім қамданып.
Рұқ пен жан, иман, сенім арасын,
Ажырата біліп, тектен сөз, үнді алып.
Тегің қазақ үш ағашқа жалғанып,
Қызы қазақ ар-ұятты қолға алып.
Төрт аналық төт көзін түгелдер,
Сана қуат, етектіден ақ жаулық!
Керуені қазақ таза ақыл ой тауып,
Жер ананың рұқымен күнәдан ақталып.
Аталардың дәстүрімен ақ жолың,
Құс жолына сегіз жолмен жалғарлық!
(Қараша айы 2016 жыл)