XXXI-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 110

Ата жолын меңгеруге жалғанудың негізгі шарты; алдымен күнәдан ақталу, өлімді еске алумен, ақиреттік мәңгілік өмірге, 7 ата –бабаларымыздың жадына, естілігіне, аруақтық тағдырларына өзіміздің жинаған тағдырымызды яғни екі қол істерімізден өсірген әруақтық көлеңкемізді жалғаумен байланысты болады. Алайда мұндай намаз орындаулардың құранда Раббымыздан белгі аяты болуы шарт. Егер ондай белгі болмаса, белгілі бір аяттың үкіміне сүйенбегенде, онда ол дінде жаңалық енгізу, дінді терістеумен байланысты болуы керек. Ал егер мұндай аяттардың болуымен, оған ғылымдық дерексіз қарсы шыққанда, онда Аллаға ортақ қосып зұлымдыққа түсу, ібілістің жобасынан болып саналады. Олай болса, серік қосу амалына да еніп, дерексіз, дәйексіз Алладан басқаға, қара түнек қарсылықтарына жалбарыну деп аталуы керек.

Сонымен ата жолын діншілер, муфтият ел билік тарапынан соттап қуадалаудың да негізгі себебі «серік қосушылық» яғни біздің ата-бабаларымыз, әулие-әулие –әмбилеріміз қалдырған аманаттары, ғибаратты үлгілері, жарықтық жаннатық емес, қара түнек тозақтық сипатынан, деп пәтуа береді. Бірақ Алланың достары тек қана жаннатың тұрғыдары ғана болатын және пайғамбарымыздың артына сапқа тұрған шапағатшылық қауым «БІЗДЕР» деп құранда аталған. Олай болса діншілірдің мұндай пәтуалары, ел биліктің шығырған заңдары ібілістің жобасынан болғаны. Сондықтан олардың басшылары ібілістің ұрпақтары, тажалдар тобынан болса, оған ергендер өздерін тура жолдамыз құранға ешқандай қарсылықсыз намаз орындаушылар қатарынан деп білетіндер шайтанның жамағаттары болмақ.

Жалпы ислам әлемінде тура жолдың сипаты құдайлық жанаттық өміріне ақпараттық жүйеге жалғану емес, белгілі бір әулиелерге ұқсауға, қалдырған ғибраттарын орындаумен білімен ғана шектелуді айтады. Ал енді тура жолдың, жарықтар әлемінің тіршілігінен болған жаннаттың тұрғындарына жалғануды аятта; «Мұхаммед; «Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық…» (27-59) Осы аяттың ғана үкімін иманға алсақ, Алланың жер бетінде жанаттық қуатынан жолынан белгі, ерекше хикметті білімін мирас қылған ақиреттік әулие-әмилерін зиярат қылуды, жаннат тұрғындарына сәлем беру деп атаған жөн болар. Сондықтан қазақта; «Сәлемнің де сәті бар. Шақырғанда бармасаң, шақырғанға зар боларсың» деп білген.

Алланың таңдаулы құлдарының өзіндік сипаттарынан, жарығынан «Басқа» яғни қара түнек тозақтықтардан деп атайтындар өздері ібілістің ұрпағы, тозақтық сипаттан болулары керек. Аятта; «Барлық мақтау, көктер мен жердің Раббы Аллаға тән.(16) Сондай-ақ Көктерде, жерде ұлықтық Оныкі. Ол тым үстем, аса дана.» (46-37) Алланың ұлықтығы Ол сипатынан жердегі барлық қозғалысты көктегі жұлдыздардың әсермен басқару жүйесінің барлық қызметішілерін атайды. Әрине мұны «БІЗДЕР» деп атап Алланың 99 көркем есемдік сипаттарына бейнеленген адамзатың ардақтылары, жаннат тұрғындары болуы керек. Себебі аятта; «Мұсылмандардың жандарын жанатпен айрбастап алдым» деп ашық ескерткен жаратаушы иеміз. Сондықтан әрбір адам баласының Мен жаны жаннатпен, белгілі Алла досының есімдермен байланысты болуы шарт.

Сонымен адамзатты жаратқанда «Адам-Мен Бол» деген үкіммен Ол-сипатын меңгеруді бұйырады. Ал ОЛ Алланың жер бетіндегі барлық қозғалысты басқарушылық ұлықтық сипаты адам баласына берілген ғылым мен кереметін меңгерушілік, екі аралық дәнекерлік, елшілік, ескерушілік және халифалық қасиеттін меңгерушілік болмақ. Құранда бұл сипатын 9 сүремен адам баласының есімдерімен, жоғарғы дәрежелі періштелік қуаттармен белгілеп, қазақта «Тоғыз төрені төбеден келтірмей, қырық қожа қырқа асырмай текті болмас» деп имандылықтың шартын ескертіпті. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деп, тоғызбен түйіндеуді ескертіпті. Сонымен жер бетіндегі дүние тіршілігіндегі жаратушымыздың Ол сипатына қарсылықты меңгерумен, «Сендерге сегіз түр жараттым» деген үкіміне сәйкесті 8-жындық қара қуат, күшті меңгеру арқылы 9-шы тұрғыда Алланың өзінен яғни құранда 9-есімге негізделген және 3-сипатты бірлік жүйесінен, 99 көркем есімдік адамдық құндылықтардың жүйесін меңгеру пайда болады. Енді мұндай қасиетілік Ол Аллалық сипатты меңгеруді; «Сегіз қырлы бір сырлы» деп атап, сегіз басқарушы жындық тұрғыдағы қуаттарды меңгерумен нәтижеленеді.

1.Телегей теңіздікке жалғану. 2. Адамдық қасиетілікке құштарлық; 3. Жөнді білушілік; 4.Қас-қағым сәттілік (жылдам ойланып әрекет ете білу); 5.Қадірді білушілік; 6. Қасіретке төтеп бере алушылық; 7.Қартайғандықтың қадір қасиетін білушілік; 8.Дем сала білу қабілеті; 9. Жазалаушылық құранға қарсы болушыларды (ақ бақсылық). Сонымен осындай сегіз қырлы, бір сырлы болу арқылы Алланың өзіндік сипатынан болған белгілі бір 99-есімдік жүйесіне жалғанамыз. Бұл қасиетілікті меңгеруді ата жолында 9-жылдық сынақ кезеңімен байланысты тылсымнан белгілі бір әулиелердің пірлік жетегімен атқарылады. Қазіргі таңдағы түрлі сопылық мектебтердің белгілі бір кісілікті меңгерген тақуасын пір қылып, осы жүйені меңгерумек болып жатқанымен, шынында бүгінгі замандық қозғалыстық, ақпараттық жүйеде ол мүмкін емес.

Себебі қандайда бұрынғы заман қалдырған даналардың насихатына, ғибаратты үлгілеріне қарсылық тұрғыда ондаған есе білімдердің, жалған құлшылық үлгілерінің пайда болғаны да хақ. Сондықтан мұндай қарсылықтарды біздер құдайдың көмегімен әулие аруақтары арқылы бізге көрсетумен ғана анықтап, ақ қарасын ажыратуға да мүмкіндік болмақ. Сонымен дінде дарындылықтармен, тақуалықтың жүйесін меңгеру арқылы Ол Алланың елшілік жүйесіне Мұхаммед пайғамбарымыздың артынан тұрған шапағатшыларға жалғанып, бізде белгілі бір тақуалық, қасиетілік шамамызға қарай; Оның елшілік істерін атқарушылық дәрежесіне жете аламыз да бізге берілген, көрсетілген құпия деректерді, білімді, шындықты таратушы халыққа түсіндіруші болып табыламыз.

Мұндай қасиетіліктің белгісі құранды, Алланың білдірген шындығын, ғылымын қорғаумен және оған қарсы болғандарды жазалаумен, яғни кәпірлерге, дін бұзар бұзықтарға қарсы мүмінің дұғасының қабыл болуымен белгілі болады. Егер масһабпен барлық имамдар, діншілер тура жолда болса онда қазақ елінде заңға сүйеніп адасқан дін топтарын қудалау деген болмас еді. Мұның бәрі мүміндікке жеткен топтардың дұғасы арқылы құдайдың қаһарына ұшырауға, қарсылықтардың өзінен-өзі жоғалуына соқтырар еді. Сондықтанда қазақ елінде мұндай тура жолда болған жеке-жеке адам балары болмаса, жалпы топтың қалыптаспағына осы дәлелде жеткілікті болар еді.

Және осындай тура жолдағы үлкендердің, ақсақалдардың, дарындылардың «Сегіз қырлы бір сырлы» болуы арқылы ұлттық ділдік қуаттық жүйесінде өз ағайындарымызға жүрек ақылы имандық қуаттарын беруге екі аралық тазартушылық, жетекшілік істерін атқара алуға жол ашылған да болар еді. Абай атамыз; «Қазіргі адамдар әлемге қуат қоспақ түгіл, бірі-біріне де қуат бере алмайды» деп ескертіпті. Негізінде ата жолында аққу, сұңқар, сарбаздар тура жолға жалғануларының белгісі; 8.Дем сала білу қабілетін меңгерумен, жамандыққа түскен ағайын, туыстарға құраннан өзінің тән, рұқы арқылы қуат беріп, жамандықтан құтқарумен айналысуға бұйырылған еді. Себебі ДЕМ-алыстан келіп, жұлдыздардың сәулесіне жалғанумен ғана мүкін болмақ. Ол үшінде қазақтың даналық ұғымындағы жер ана рұқымен байланысты; 7 қасиетілік жүйесін (күн, жер, қыз, тұз, дәм, ат, ит) меңгеруді жеті әулиелік жүйемен жалғану арқылы болуы керек.

Аятта; «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын артыра түседі.» (17-82) деген қазақ дәстүрі, ата жолының намаздарын орындаумен ғана мүмкін болып, бірақ осы жүйені меңгеруге муфтияттық діншілер мен білімді қауымның тарапынан зиянның еселеп артқаны да хақ. Қандайда бір қасиетің құдықтан лайланған суын төгіп тастап таза суға жеткенше еңбек етумен байланысты сияқты, қазақ елінде мұндай тәжрибелік мектебінің қалыптасуына ашық қарсылық болғаны да хақ. Шайтан жамағаттарының пәтуасы бойынша, егер мұндай пенденің мұндай қасиетік жүйге жалғану болса бірден ғұлама, әулие бола салуы керек деген пайымдауларға ұшырағанымыз да сөзсіз. Осындай қарсылықтары жеңумен, қателіктерді түзеумен, ұзақ жылдар тәжрибелік сынан өтумен ғана дем салуды, шипа беруді меңгерудің дәрежесіне қарай; 9. Жазалаушылық құранға қарсы болушыларды (ақ бақсылық) қазақтың әулиелік тектілігін меңгеру арқылы ғана Раббымыздың рахметіне, нығметіне бөленуге жетеміз.

Ата жолында мұндай намаз орындаудың нәтижесіне екі дүниенің де амалын қатар меңгеруге байланысты; 1.Өмір жасының ұзақтығы; 2.Қасиеттерінің бекуі; 3.Ұрпақтарының тектілігі; 4.Жолының ашық болуы; 5. Кәсібтік қасиеті мен тұрақтылығы; 6.Жеті ата шежіресінің толымдылығы; 7. Ата баба аманаттарының ақталуы болып бейнеленуі керек. Бірақ мұндай дәрежені ата жолында меңгере алғандар өте азы ғана болғандықтан, қазіргі таңдағы қазақтың мұндай жағдайында ата дәстүрінің үлгісі жоққа тән болып саналады. Ал өздерін тура жолдамыз, деп санағандар, муфтият имамдары, діншілер жүректен-жүрекке қуат бермек түгіл, өздерінің жүректерін тазартудан, қазақ дәстүрімен күнәдан ақталудан «серік қосу» деп бас тартып, тек қана арап еліне хаж жасауды ғана дұрыс деп пәтуа береді. Бірақ біз ділдік тұрғыда өз ұлтымыздың жандық жүйесіне толық жалғанып, ақиреттік өмірдегі ата-аналарымызбен қуаттық алмасуды меңгермей; Ол Аллалық сипатқа жалғануға, кісілік тегімізді меңгеруге, табиғатымызбен, жер ана рұқымен бір тұтастық байланысқа жете алмаймыз.

Және жоғарыда баяндалған 8-түрді, жындық кісілікті меңгерумен, қасиетілікке жалғану арқылы ғана біздер 9-шы белгімен ғана «Алла жолында мал, жанымен соғысушы» болып; яғни алты сипатты жанымызды көбейтуге, мәңгілік жан ұждандылықты меңгеруге Алланың өзі болған; Мен, Алла тағалалық, Раббылық, Тәңірлік қуаттардың бірлік жүйесіне жалғанып, Бір Аллалық әлемдік тұрғыда қуат қосу құлшылығын меңгере аламыз. Алланың біздерге берген жардың нұры мәңгілік жанның жүйесінен Мен сипаты арқылы бір сырымен бір қуаттық жүйемен басқарудың дәрежесін меңгеруге кірісеміз. Енді маған ғана құлшылық жасау дегеніміз, Алланың тұрақты елшілігі біздермен байланыстық жүйесі, мәңгілік жан рұхтың бірлігін меңгерумен байланысты болмақ. Мұны иман келтіру, сенімділікті толық меңгеру деп атаған жөн.

Аятта; «Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер. Оны қуаттайсыңдар, Оны ұлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіңдер.» (48-9) Бұл аяттың сандық мәндерін саналық тұрғыда ғана түсінуге болады. Енді жалпы иман келтіру үшін де сол келтірмек болған жүйеге қуатымызды беріп қана, Алланың нұрынан үлес ала аламыз. Қазақта; «Өліге иман тіріге береке бер» деген ұғымынан біздер ақиреттік әке-шешемізге, ата -анамызға құран арқылы қуатымызды берумен, бастарын жарыққа шығарумен ғана ден саулықтық, ақ жаулықтық қуаттарды әулие-әмилер арқылы жер ана рұқынан және көктен жұлдыздардан сәуле нұрымен алып тіршілікте берекеленеміз. Бұл нақыл бойынша иман мен сенімнің ерекшегі барын ашық білдіріп тұрғанына да назар аударыңыздар.

Себебі өлілердің ақиретке, Аллаға жаратылыстың сырына деген сенімі, біздердің сенімізден мыңдаған есе артық екені хақ. Ақиртке барған қандайда пендесі сенсе де, сенбесе де сол өмірде болады есебін көріп, бұл дүниедегі барлық жақсы жаманды істерінің нәтижесін біліп кітабы ашылады да. Ал біздер ақирттен көрсеткен және құранда, кітаптарда, әулиелер өсиеретінде, пайғамбар сүнетімен берілген шамасында ғана ақирет өмірінен хабардар болып сол білімнің аясында ғана дұрыс әрі толық сенім қуатымыз пайда болады. Өлілер қауымы өздері тіршіліктерінде толық меңгере алмаған иман қуатына Аланың нұрына зәру болмақ. Ал ол нұрды тек құран арқылы белгілі бір әрктермен, біліммен бейнелеген жер бетендегі тіршіліктегі біздердің бой өріс көлеңкемізге өздерінің әруақтық қуатарымен жалғану арқылы Рабымыздан нұр алулары керек.

Және мұндай істердің белгілі бір Алланың достарының зияраттарында құан, құрбандық қаны арқылы ұлықтауларымен ақиретпен сауда-сатық болып атқарылады. Сонымен біздер өзіміздің берген көлеңкемезге қарай ақиретен ой қуатын, таза ақылмен бейленген сенімділік ақпаратық жүйесімен жалғанамыз. Ақирттік өмірден хабар алып амалдарымызды артырған сайын оған Раббымыздан он саулық байлық нұрымен дәржелеуші иман қуатын алып отырамыз. Сондықтан мұндай жүйенің де мұсылманың бірінші парызы иман келтіру аталуымен Аланың нұрыннан тағдырымызға несібе және құлшылық ізгілік істеріміздің сауабымыздың шамасына қарай берілетін нығмет болып саналады.

Сонымен жанның бақшасын өсіру барысында құпия біліммен Алланың нұрымен жалғану арқылы ғана, яғни дүние тіршіліктердегі жүктерді меңгеруге байланысты берілетін біздің өмірімізден тыс бастапқы жаратылыстық, жаннатық қуаттық жүйеден Алла достарынан, әулие-әмилерімізден «БІЗДЕРДЕН» болады. Ал біздер мұндай иман нұрын Алланың көркем есімді жүйесінен, әулие-әмилерден, көктегі жұлдыздары болған «біздер» тарапынан біздің өмірімізге қарай Раббылық біліммен таза ақылдан бейнеленуімен, он саулық нұрды, ғылымды, кереметін, хикметті білімін алу үшінде ата-бабаларадан қалған аманат жүктерді меңгеруге уәде беріп, өлілерге иманды қарызға беруге өзіміз екі арада дәнекерлікте тұрамыз.

Иман нұрын Мұса пайғамбарымыздың тікелей Рабымыздан жүзін көруді яғни оның сұрағанындай сұрамаңдар деген жаратушымыз. Масһабтық ислам діншілернің тікелей Алладан қуатын нұрын аламыз, дегені де осындай аяттарды, жаратылыс сырын түсініп ақылға алмаудан пайда болғанды. Сондықтанда ақиреттік ата-аналарымыз арқылы иман нұрынан сенімділік қуаттарына ақирет өмірінің қағидаларын меңгеруге көрсеткен, білдірген түс, аяндар арқылы бұл дүние тіршілігіндегі күнәмізді, жақсы-жаман істерімізді анықтауға ақталуға тапсырмалар аламыз. Әрбір заманың бізге беймәлім тағдыры қағидасы жандық жүйені меңгерудің және оған қарсылықтардың да білімдік, қуаттық шамасы артуымен Құдайдан жеке-жеке жоба алу деген құранда. Осындай таза ақылдан біздің ұлттық, тектік, қасиетілік, кәсіптік жыныстық тағдырлық ерекшелігімізге қарай, ақирттік өмірдегі өзіміздің ата аналарымыз арқылы ғана бейнеленумен ғана, әрбір пенденің жаратқанан берілген жалғыздық, даралық сипаты, өмірдің мәнін ақылмен түсініп, меңгеру құлшылығы қалыптасады. Және құпиялығы да осылай ғана сақталады.

Сондықтан да жаратушы алдына есеп беруге жалғыз-жалғыз Мен сипатты болмыспен яғни сенім және имандылық қуаттық бейнесімен келесіңдер деген. Әр пенденің жалғыздығы екеу екенін Абай атамыздың; «..менікінің мағынасы екі», дегенді. Олай болса, он саулық байлықты жоғарыдағы аяттың үкімен байланысты Мен сипатынан, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Енді жалғыздық, даралықты, Жаратушымыздан сыйға алған өлмейтін Менің белгілі бір есімге Алланың сүйген құлына байланысты болып, оның көлеңкесін алты жанымыздан өсіру арқылы өзіміздің тағдырлық даралық ерекшелігімізге лайық даналықты, тектілікті меңгеру үшін, Алланың елшісіне иман келтіруімізбен бірге Аллаға да иман келтірген болып, яғни Алланың пайғамбарлық қуаттық жүйесіне мен сипатына қуат қосу құлшылығын, намаздарын орындай білу керек екен.

Мұндай жағдайды «Көлеңкелеріңнің ұзынын Алла өз жағына алады» деген. Дәуіттің отыз ұлы болған екен деген астарлы сөздің де біздердің әруақтық «қол баланы- қолдан қанатты» қаншалықты өсіріп қуаттық жүйеге берумізбен байланысты деп түсінген абзал. Адам баласы барлық перештелердің тұтастық жүйесі және жоғарғы дәрежелі қанатты періште болып қалыптасады. Жоғарыдағы келтірілген 9-сипатты құлшылық негізі біздің кісілік дәрежеміз болса, ал жандық періштелік сипатымыз қол қанаттың сандық дәржесімен байланысты болмақ. Мұхаммед пайғамбарамыз жеті қанатты Алла тағаланың өзіне ұқсас періштелік дәрежесімен белгілі.

Сонымен бұндай періштеліктің қалыптасуын дінде бұл жағдайды «Бой ұсыну» деген. Ал Бойдың жеті өрістен пайда болуымен, және сегізінші тұрғыда ар сауыт киімі болып қазақта; «Кебін киген келмейді кебенек (ар сауыты) киген келеді» деген аманат нақыл қалдырған. Және бойдың толық қуаты боуымен ғана жетелік, санлық деңгейге жалғанып, көңілден ұждандылықты мәгілік жанды өсірудің де өзіндік сыры бар қазақ дәстүрінде. Ел басымыздың «Мәңгілік ел» жобасы осындай мақсатты болғанымен, іс жүзінде мұны дүниелік істермен, арсыздықпен терістеумен айналысып жатқанымызды да біле жүрген жөн. Ұжданымызды өсіру үшінде Мен атты жаратушы тарапынан берілген қуатты көбейтіп, өсіре білу де керек.

Енді аятқа жүгінсек; «Егер Алла қаласа еді, мен сендерге Құранды оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсің дер мен де?»-де.» (10-16) Адам атамызды жаратылыстан бұрын, оның мәңгілік жанын жаратып, оған Мұхаммед деп ат қойып, махаббаттың бұл бөлшегі сүйіспеншілік және әрбір пенденің өмірінде өзін-өзі түсіну, ұғыну қабілеті имандылық пен сенімі болып, жаратылыстан Алланың әрбір пендесіне міндетті түрде сыйы нұры және мұсылмандық дәрежесі еді. Сонымен «Мен» сипатты жанның негізін баланың қырқынан шығарғанда ананың махаббатымен, ана сүтімен байланысты жалғанады. «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деген нақылдыңда қыз баланың әке рұқын, тегін жанына алумен байланысты болумен айтылғанды.

Сонымен Аллалық жаратылыс Мен сипаты; 1. Даралықпен; 2.Данышпандықпен; 3.Өлшеусіз ақыл сипатымен; 4.Адамдық қасиеттен тыс қасиетті жарықпен-жармен байланысты болмақ. Бұл төртеудің түгелдігін меңгеру үшін ішіміздегі меніміз арқылы ғана жеті жолға, яғни Мұхаммед пайғамбарамыздың үлгісі болған миғаражға көтерілумен байланысты аспандағы 7-қарақшы, Шолпан, Темуршын жұлдыздарымен жалғану керек. Және Қағабаның нұр сипатымен, Лаухы Махфуздық сипат; Иық, Қол, Білек тазалығы қуатын меңгерумен байланысты болмақ. Жалпы жеті жолға жалғанумен байланысты Жүсіп жолы болып, аятта; «Сол уақытта Юсып әкесіне; «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» (12-4)

Қазақтың ұғымында бұл аяттың сырын; «Төрт көздің түгелдігі, дүниенің төрт бұрышын меңгеру» деген. Жалпы мұндай көздердің екі сипаттан құрлымы болып; көздің жартысы өмір, жартысы табиғат жаратылысымен бейнеленеді. Сонымен төрт көзде мұндай белгінің 8-сипатыт болумен де төбедегі бесінші көз барлығы 10 белгіден аспан санымен бейнеленеді. Аяттағы 12 сандық белгіні 4-ке көбейтсек жоғарыдағы (48-9) санды аятты меңгеру құлшылығы пайда болады. Енді 11 жұлдыздық қуаттық жүйенің байланысты жер ана рұқымен киелі жерлер, ойпаттарды зияраттау арқылы бейнеленіп, табандағы көздердің тазалығымен енетін Жер ана рұқының; 1. Яссы; 2. Мұхаммед; 3. Інжілдік қуаттық жүйемен байланысты болады. Құранда; «Табандарыңнан төбелеріңнен жейсіңдер» деп ескерткен жаратушымыз….(жалғасы бар Қараша 2016 жыл).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *