XXX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 65

«Рұм жеңілді (2) Ең жақын жерде олар жеңілгенен кейін жеңіске ие болады (3) Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрында кейінде Алланың еркінде. Сол күні мүміндер қош болады.(4) Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қалса, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейрімді.» (30-5) Рұм-ризықтану деген ұғымды беріп, қазақта; «Ұлыңды ұрымға, қызыңды қырымға қондыр» дегенді. Ұрымды болу ерік, күш, қайраттылықты адамзаттың сегіз жындық қуатын меңгерумен байланысты қазақта; «Сегіз қырлы бір сырлы болу» деп астарлаған. Рұм сүресінің 60-аяттан тұруында да сандық ғылымдық мән бар. Пайғамбарымыздың бірінші дәрежелі 60-бұтақты иман негізін меңгеру, осы қуаттық жүйемен, шариғатты толық меңгерумен байланысты болмақ. Ер азаматқа рұмдылықты, яғни шариғатын толық меңгеру үшін 5-рет сегіз жындық қуатпен жалғану керек. Мұны ақылдың рухани күші деп аталады. «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген Абай атамыз.

Ал әйелзатына 4-аналық қуатты төрт тектілікті меңгеруді қырық жаспен байланысты; «қырық қожаны қырқа асыру» деп «қызға қырық үйден тиым дегенді» Егер жасынан ар-ұяттылықты сақтамай өскенде; «Қырыққа келгенде, қатын қылық шығар» дегенді. Қатындар қанындағы шайтандық қуатын қырыққа келгенше жағып үлгірмесе, ақылға айналмаса, онда әрине жастық жаққа қайта оралу сезімнің әрекеті болмақ. Ата жолының қазақ дәстүрінің негізгі сәждесі де; рұмды меңгеру, әйелзатына қырымды, қаны таза қуаты, бой өрісі толық болу керек еді. Бірақ шынында ата жолында «Рұм жеңілді»! Жеңілудің негізгі себебі де аққу, сұңқар аталғандардың өздері де сегіз жынын меңгере алмай, әйелдеріміз қырық қожасын алмай, шайтаннан болған жындардың ықпалына түсіп алумен, тылсымнан келіп жатқан сөздің салмағын, құнарын, қуатын жоғалтып алумен байланысты болды.

Тылсымнан беріліп жатқан баталар халықтың жетелік ақылын оятуға ой қуатын қосуға негізделгенмен, мұндай ақылдың сапасын әуелі аққу, сұңқар аталғандар өздері меңгерулері де тиіс еді. Бірақ керісінше болғаны да хақиқат. Себебі қарапайым ғана шариғаттың құлшылығын меңгеру және масһаб діншілерінен төрт көзін қалай түгелдеудің және тарихаттық, мағрипатық кезеңдерден ата жолы арқылы мүміндіктен, тақуалықтан үлгі көрсетілуі де керек еді. Ал төрт көздік қуаттық жүйенің 4 масһабқа бөлініп алып, өз ара қайшылықта өмір сүрумен, діннің бұл бірлік құлшылығынсыз ата жолының өз бағытына шығуыда мүмкін емес еді. Себебі Ханафи масһабтық тәпсірілік білімде бұл жағы мүлде қарастырылмағанды.

Бірақ ата жолына келуімен, құдайдан жоба алып, өздерінің дін ісінен, шариғаттан үлгісін жетілдіру, қателіктерін түзеу арқылы, қазақ дәстүрімен масһабшы, муфтият діншілері де ақылдың рухани қуатын, жетелік арқылы саналыққа жалғануды меңгерулері тиісті еді. Рұмды меңгеруде дін муфтиятымызбен ата жолының арасын жалғаушы ел билігінің де дінсіздіктері себепші болып нәтижесінде қазақ елінде «Рұм жеңілді». Енді қайта жеңіске жету үшінде жеңілістің негізгі себептерінде қайта тәпіштеп түсіндіруге тырысып көрейік. Сонымен рұмды болу үшін, яғни иманың 60 бұтақты дәрежесіне жалғану үшінде, дініміздің жетелік сипатын меңгеру міндетті болмақ. Алайда бес күндік жалғандықты меңгеру негізінде дін ісі болған, шариғаттық бес парызбен шектелген жағдайда, зұлымдыққа түсуге, яғни ақылдың негізделумен ғана аяқталуы сөзсіз.

Себебі мемлекеттің оның ішіндегі ұлттардың, туысқандық, ағайындық және жеке пенделердің әрекетімен байланысты, біздің ақылымызбен қабылданбайтын үшінші көместік тағдырлық аруақтық әлемнің бірлік жүйесін екі аралық қуаттық жүйесін меңгеруде шарт. Ал мұндай құлшылықтың сипатын; УАҚЫТ, БІРЛІК, ӨЛШЕМ-нен заманның барлық қозғалысы пайда болып; Алла тағаланың өзі –Заман болып басқарып тұрады. Сонымен әлемнің тағдыры, кітабы заман болып бейнеленсе, ал заманың бөлшегі болып; әрбір пенденің тағдыры жеті аталық аруағы болуы да шартты.

Сонымен аруақтық қуаттық жүйесінің жұбы әруақтар әлемімен ғана байланысты дүние тіршілігін бес күн жалғандықтан рухани қуат алып қана тірі бола аламыз. Олай болса біздер қалсақ та, қалмасақта «Рұмдық» жүйемізді (үшкілдік жындық сиаптағы жүктерді) меңгеру үшінде ақиреттегі әке-шеше, ата-ана, ұлтымыздың барлық өлілер қауымен жаннаттық жағдайда аруақтар жүйесімен немесе тозақтық тұрғыдағы жағдайларымен әруақтық тұрғыдағы әлеммен байланыста өмір сүреміз. Әрбір жер бетіндегі тіршілік етуші пендесінің жарықтық яғни аруақтық және тозақтық қара түнек күштермен әруақтық қуаттар арқылы ғана жалғанумен «шерік, серік» қосылмауға мүмкін болмақ.

Сонымен адамзаттың ұрпақтары жаратушы тарапыннан берілетін Мен мәңгілік жанның негізі арқылы ата-баба әруақтарының өнімін қайта өңдеумен аруақтық сапасын өндіреді және алты жанды өсіріп көбейтумен жаратушымыздың орынбасары, жер бетінің барлық істерін басқарушысы кіші жаратушылық-жаратқандық деңгейге бір-біздерге айналуға мүмкіндік бар. Ислам діншілерінің бес парыз ұстанып, намаз оқушыны мұсылман яғни Мен қуаттық,адамдық жандық жүйесін сақтай алған, ал өзге дін ұстануышыларды мұсылман емес, дегенің өзі Аллаға ортақ қосу болып саналады. Себебі Адамның баласы болу яғни мен жарлық сипатты жан жарығына «маған құлшылық қылу» адамзатқа ортақ діннің сипаты болуы керек.

Мен жарық нұрынының тәнмен әрекеті тағдырға жалғануымен 3-түрлі сипатқа; 1.Шеберлік қол өнерімен әруақтық сипатымен 7-сандық белгімен; 2. Көріпкелдік, сәуегейлік қасиетілікпен алды-артын болжап тағдырын көрушілікпен; 3.Ана тілімен діл үнімен байланысты әуездік, ырғақтық сипаты болады. Қазіргі таңдағы әншілік өнермен «жұлдыз» аталғандардың осы үшінші сипатты мандық қасиеттілікпен байланысты екені де хақ. Осы үш түрлі мандық қасиетілікті меңгеріп, жетілдірумен төртінші тұрғыдағы даналықты, естілікті меңгеру адамзатқа сын, мұсылмандықтан мүміндікті меңгеруі болмақ.Адамзаттың барлық жаратылыс егелерінен артықшылығы да, өз қолын ақыл арқылы, жанымен басқару қабілеті жаратқандық, Ол Аллалық, «творец» ұқсастығы болмақ.

Сондықтан біздің барлық ісіміз, сөзіміз, әрекетіміз бой өрісімен бейнеленіп, екі иықтағы (лағфуз-мағфуздық) періштеге жеті белгімен қанаты болып, яғни тағдырмыз әруағымыз, қанатты періштелігіміздің тұтастығы, қол баламыз қалыптасуы шарт. Құранда Лат пен Ғұзза жаратушы сипатынан ірі белгі деп ескерткен пайғамбарамызға. Біздер намаз оқығанда екі иықтағы періштемізге аруақтық сипаты негізіне «Ассалаумалейкум рахметулла» деп сәлем береміз. Себебі бұл періштелік жаратылыс негіздері Алланың достары тарапынан аруақтарынан, бұрынғы өмірдегі жандық сипаттарымыздан пайғамбарлық қасиет, Алланың рахметінен болмақ. Лат періштелігіміз әруақтық сипатта болып; Өнім, Өсу; Өмір болып бейнеленеді, сол жақтық қол ісі тағдырымыз болып саналады. Ал Ғұзза-оң қолдық аруақтық жүйемен байланысты тағдырымыз болып; 7-рет қайталанумен, жеті пайғамбарлық, арыстық жүйемен, жеті жұлдызбен, ұждандылығымызбен байланысты қалыптасады.

Сонымен аятта; «Бастарыңа қайғы-қасірет келсе, оны ешкімнен көрмеңдер, екі қол ісімнен деп біліңдер» деп ескерткен жаратушы иеміз. Ал енді бес күн жалған деген ұғымының да бес саусақпен мандық қасиетілікті шеберлікті меңгеріп, аяқтың жерге жалғанумен, бес күн жарықтық «чакраның» ашылуымен, бес қабатты бой өрісімен, кеуденің тазарумен байланысты және тозақтық тұрғыдағы қауымдық бес қуаттық жүйені меңгерумен байланысты болуы да хақ. Ал енді екі күніміз, алтыншы маңдай көзімен бастың масіғі Ғиса пайғамбарлық рұқтық жүйемен байланысты болса, жетінші төбедегі орай арқылы көктің мүлкіне саналық деңгейге жалғанумен аяқпен жер ана рұқына саналық өріс арқылы толық жалғанып; ақ табанды, ақ төбелі болумен Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілік тазартушы масіғімен жалғану болмақ.

Егер әруақтық тұрғыдағы жеті ата қауымдық жұртымыздың ақиретте тозақтығы басым болса, біздің де бұл дүниедегі өмірлік уақытымыздың шамасына мезгіліне күзіміз, немесе қысымыз туып, рухани 41-періштелік қуаттарымызда тозақпен байланысты қара қуаттармен жүктеліп, әруақтық жүйемен қалсақ та, қалмасақ та тағдырымыз жалғанып тұрады. Сондықтан да біздің де өміріміз осы қара қуаттарды меңгерумен, дұрыс қорыта алмаумен арпалыста, бейнеттенумен өмірдің барлық әрекетінен жанымызға жылу іздеп, мақұлықтық тұрғыда тіршілік етеміз. Оны табу жолында білімді ғана алып, ал ілімділік тұрғысында ақылға жүгінуді, ата-бабаларымыздан келе жатқан ділдік білімді меңгеруді тастап қойсақ, онда адасумен, қайғы –қасіретімізді де артыра береміз.

Сондықтан да аятта; «Әркім өз қауымын түзетпейінше оны Алла түзетуші емес» деген. Ал мұндай қауымдық жүйені меңгерудің нәтижесін; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» дегенді. Абай атамыз; «Анадан төртеу, атадан алтау туғанмын. Жалғыздық көрер жайым жоқ..» деп, жаратушымыз бұл рухани жалғыздықтың сырын; «Жындар мен адам баласы өтер болсаңдар көкпен жердің шегінен өтіңдер. Өте алмайсыңдар, бірақ бір қуатпен өтесіңдер» деген аятта. Бір қуаттық көктің аспан мүліктеріне жалғанудың құлшылығын қазақта ежелден меңгерумен «көк тәңіріне табыну» деп атағаны мұның інжілдік, тәураттық құлшылықпен, Ыбырайым және Жүсіп жолымен, байланысты болғанын біздер ұмытып та қалғанбыз.

Бұл жүйені меңгеруді ата жолында Айша анамыздың туымен байланысты болып, жоғарғы ғарыштық қуатпен жалғануға 2-ші рет өмірге келгендер үшін Құдайдан үкімі түскен еді. Сондықтан бұқара халық арасынан аққу, сұңқар аталып ешқандай білімі, өмірден алған тәжірибесі, шариғаттан да хабары болмағандардың арасынан шығуы да хикметті жағдай еді. Бірақ бұл хикметті мұғжизаның да шайтандардың ықпалына түсіп, кез келген пенденің жүрек құлағынан мөр ашылуға жол беріліп, кейінен бұл шайтаннан болған жындардың қарамағына өтіп те болды. Енді жалған мөр ашушылар әлемдік жеті жоғарғы жындарға жалғануға жанталасып жатқандары да көп халық арасында. Жалпы көрпкелдер,, емшілер, түрлі қасиетілік және шығармашылық егелері осындай жанның екінші, үшінші рет өмірге келуімен байланысты екенін де аңғарудан қалғанбыз. Негізінде бұл қасиетіліктерді меңгеріп, бір қуаттық жүйге жалғану үшін тек қана жүрек құлағын аштыру және жаның екінші рет өмірге келген жағдайы да жеткіліксіз еді.

Мұндай дәрежеге, екі өмірдің арасын жалғауға ие болған аққу, сұңқарлардың дүниелік қиындық пен түрлі жағдайдағы азаптың, жапа шегудің қатты сынынан өтіп, құдайға сенімін жоғалтпай, құдайшылдық амалын артыра берумен, тозақ қабаттарынан ата-ана әруақтарын құранмен, құрбандық қанымен, ізгі амалдармен құтқарумен жеңілдікпен 7-тозақтан өткендердің күлгін сары түсті 19-сандық қуатты жұлдызы жануы керек. Жұлдызды болу деген ұғымның да осы қасиетпен байланысты болуы керек еді. Бірақ қазақ еліндегі шайтанның жамағаттары болып алған тілші, сөзшілер бұл ұғымыды қалайда терістеп құдайға ашық қарсылығын артырумен ғана айналысумен кез келген өнерлі пендені «жұлдызды», тура жолын тапқан деп атап жатқаны мәлім.

Негізінде тура жолға шығаратын, жалғанатын көктің жеті қақпасы сандығы болып, оның жеті құлпы болуы да жаратылыстың заңдылығы. Сол сыр сандықтың Ақ ұлдың кезінде жүрек құлағын ашумен байланысты 2 құлпы қазақ еліне нығмет болып ашылғанда еді. Ал бесеуі әзірге жабық күйінде тұрғаны да хақ. Қазіргі таңда жалған мөр ашу, жалған көріпкелдік, емшіліктердің жындылық әректеренің, жалпы жынды халыққа дұрыс болып қабылданғанмен, шынында адамдық жағдайында жанға теріс, осы сыр сандықтан ұрланған білімді қара түнек күштерінің меңгерумен де байланысты болып жатқаны да сөзсіз. Бұл сыр сандықтардың құлпының кілті жеті пайғамбарға берілгендігі Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраж уақиғасымен баяндалғанды. Ал бұл кілттерді алу үшінде жоғарыдағы мұсылмандық үш қасиеттілік жүйесін меңгерумен және құранның 114 сүресімен яғни күндізбен байланысты келетін құдай үнімен, түнің ішінен, жұлдыз, ай нұры жарықтан келетін «біздердің», Ол Аллалық сипатына алатын үндермен жалғанумен құранның жеті үнін меңгерумен байланысты болмақ.

Сонымен ата жолында; АҚҚУ-4- аналық негіз болса; СҰҢҚАР-6-рухани қуаттық жүйе жетелікпен алты ақылдың толымдылығымен байланысты қалыптасуы керек. Жанның 6-сипатты қуаттық жүйеден; 1.Топырақтан; 2.Өсімдіктерден; 3.Хайуандардан; 4.Жәндіктерден; 5.Құстардан; 6. Адамзаттың әруақтық нәсілдерімен жалғанумен байланысты, жер ананың 4-күндік несібесіне жалғанумен, 4 көздің түгелдігімен, төрткүл дүнеиенің бар ісін меңгерумен байланысты болмақ. Негізінде, Көру, есту, ойлау сезімдік қасиеттерімен 4-ші тұрғыда ақылды меңгеру, ақылды даналықты өндіруші Адам-Жан болумен мәңгілік өмірге жолдама аламыз. Жаратылыстың барлық қозғаушы күші 4-періштелікті меңгерумен, белгісін жанға алумен Мен сипатымыз, мәңгілік жанымыз қалыптасады.

Мен сипатын екі сөздің негізінде; Сенім, Иман болып; 47; 49 сандық белгіні жас баланы қырқынан шығарған кезінде жалғанатын, Алладан нұр, айшуақ нұры болып енетінін де жадыңыздан шығармаңыз. Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек? Тәңір сені екі сөзбен атқан» деп астарлы насихатапты. 47 (11) сандық белгіні Мұхамед деп білісек 49(13) сандық белгі Алланың жалғасты сөз Ғиса болып бейнеленеді. (11+13=24 Нұр сүресі) Мендік сипатымыз 2-сөзбен байланысты болса, ал енді тағдырымыз болып ана құрсағында жазылған 4-сөзбен арасын жалғау арқылы 6-рухани қуаттық негізбен әлемдік жаратылыстың 6 қозғалыс жүйесімен жалғанумен 12-санды жыл мезгілі мүшелдік қайырудың да сыры пайда болады.

Мұндай қуаттық белгілердің әрбір пенденің тәндік жаратылысының ерекшелігімен ата-анадан тағдырмен берілген күнәмен, қарғыспен байланысты біреуде аз, көп немесе мүлде жоқ болуы да заңдылық. Алтыншы тұрғыдағы әруақтық қуаттық жүйеге жалғану үшінде, екі аралық бес қуатты шеріктерді меңгеру құлшылығы да міндеті болмақ. Абай атамыз бұл құлшылықты өнермен, малдық қуатты өсіріп бағумен, некемен жұбайлық өмірмен әйелзатында рухани егінді өсірумен байланысты деп насихаттаған. Олай болса, қазақ дәстүрінде дінді меңгеру, тек қана бес парызбен, масһабтық біліммен, мешіттермен шектелмейді де, біздің барлық өмірімізді тал бесіктен, жер бесік арасын қамтиды. Және ақирет өмірімен тұрақты байланыста; «Өлі риза болмай, тірі байымас», «Өліге иман тірге берекет» алумен толық құлшылық болып саналады.

Олай болса, Адам атамыздан бері әлемнің барлық жаратылыстық қуаттарын меңгеру барысында; оның, қалай меңгеру тәсілдерін өмірлік тәжірибелер арқылы ғана бейнеленген ақиреттік жүйесіне, кітабына жалғану арқылы ғана мүмкін болмақ. Мұндай адамзаттың тағдырлық кітабының аяттары болып; сол замандағы тұрмыстық өмір сүру тәсілдерімен, білімімен жер өңдеумен, өнеркәсібімен, азықтарды өңдеп тұтынумен пайда, зиянын ажырта білумен, түрлі дерттерден сақтану, емделу әрекеттерімен бірге қалыптасқан білімі белгілі бір жетістікке, даналыққа жеткен адам баласының қуаттық ақылдық, естілік жүйесіне таңбаларға және жүктерге айналуымен, кейінге ұрпақтарына мирасқа қалдырылып, мұны аманат деп атаған. Бұл естіліктің белгілі бір адам баласының есімімен немесе таңбалармен бейнеленуі де, ұлттық тұрғыдағы тектілік жадысы болуы да заңдылық.

Мұндай негізгі естілікті кітаптарының 76-таңбасы (12-76 аятты қара!) болып, оның білімі қазақ ұлтында мирас болып сақталған, сондықтан да руларға бөліп, оны текті аталарымыздың есімдерімен атап, таңбаларын, қасиеттілік жадын руларға бөліп беруіне де ақыл, естік діл білімнен мұрағаттар болып саналады. Қазіргі таңдағы Алланы еске алудың, өзінің сүйікті құлдары, достары болған әулие-әмилерге құран бағыштаумен яғни Аллаға мадақ және таңдаулы құлдарына сәлем беру болып; 27-59 аятының үкімі болғанмен, масһаб діншілері «серік қосу» атап, өздері Алланың аятына ортақ қосып жүргендерінде білмейді. Бұл құлшылықтың негізі «назерттік ант» деген сипатпен інжілмен бекіп, үш текке жалғанумен байланысты қазақта; «Үш ағашқа ат байлау» деп атаған. Антты аттаған оңбас деген де.

Әрбір жаратылыс негіздерінің жұбы, пары болып біздердің үшкіл жазу тұрғысындағы кер таңбамыз да, осы діл білімнің негізінен, тектілік тұрғысында меңгерген антымыз, сертіміз болып саналды. Қазақ руларының таңбасы Ардың, арыстық сипатты меңгерумен байланысты белгілі бір аспан мүліктермен, парасатылық қуаттармен байланысты екенін де білдіреді. Ал арап елінің құран түскен таңбасының да негізі ғұндардан қалғаны, оның белгісі Алматы қаласындағы, ремизовка ауданыда табылған Қажы баба зират орнында жатқан, біздің заманымыздың саналуына дейін 4-5 ғасырларда өмір сүрген; Зейнеп, Құзын Сауға анамыздың басында тақтайшада бейнеленген деген Раббымыздан дерек бар.

Сонымен біздер, жер бетінде белгілі бір мұрғаттарымен, кітаптармен қалдырылған деректерге ғана сүйеніп, өзіміздің тарихымыз шежіремізді білу арқылы ата –бабаларымыздың меңгерген дін құлшылықтарын түсініп, өзімізді де оларға жалғанған имандылық дәрежесінде ғана тани аламыз. Иман келтіру дегенміздің өзі белгілі бір тарихтағы Алланың таңдаулы құлдарынан жалғанумен олар арқылы келетін нұр –кісіліктің шамасын айтады. Осындай иман келтірумен жалғануға, ой үнін меңгеруге байланысты, біздерге қалдырылған барлық насихаттар, үгіттер, ғибаратты білімдердің жүйесін тіл білімі деп атайды. Ал ұлттық сипаттағы даналармыздың қалдырған, тіл білімі арқылы біз ділдік білімізді сақтаймыз және дінде құлшылықтарын меңгеру арқылы, діліміздің қуатын артыра аламыз.

Ол үшін де тіл білімнің қайнар бұлағы болған, Раббылық білімге жалғанумен яғни құдайдан жол-жоба алуымыз керек. Аятта; «Мұхаммед саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: «Раббым білімімді артыр!»,- де» (20-114) Пайғамбарымызға уахи арқылы жанға құпия білім, ғылым беріліп қана құранның аяттарын түсіндіруге, құпия сырларын меңгеруге мүмкіндік болғанды. Және осындай білім арқылы біріншіден арап елінің діл білімін қалыптастырса және әлем халықтарының ұлттарының да, пайғамбарымыздың сүнеттері арқылы ділдік білімін өркендетуге де әсері болғаны хақ.

Және Пайғамбарымыз; «Әрбір жүз жыл сайын атау сөздердің ұғымы өзгеріп отырады» деп, Раббымыздың тіл білімімен ділдік білімді қуаттандырып отыруға, сөз ұғымдарын қайта қарастырып, сөзді түзеп отырудың маңыздылығын ескертіпті. Қазақтың бүгінгі заманмен алғанда, ділдік біліміздің жүйеленіп, Раббымыздың білімімен сөз түзеудің ғылымын қалыптастырған Абай атамыз болып, онан кейінде көптеген сөз атауларының ұғымының өзгерумен байланысты ата жолында тылсымнан хабар алудың жаппай халықтық тұрғыда пайда болуы да заңдылық еді. Ал мұндай діл білімін қуттандыруды имандылықты меңгеумен, яғни жанға жазылатын Раббымыздан сары нұрынан құпия сырлы біліммен нұрымен байланысты болып; қазақтың он саулық иман байлығын; «Өліге иман тіріге береке» тілеу арқылы меңгеру ежелден дәстүр болып қалыптасқанды.

Олай болса, қазіргі таңдағы масһабтық, тәпсірлік тіл білімі арқылы деректермен, кітаптар арқылы берілген қандайда ақпараттарда қателік те, өзгертулер де және біздер үшін ескірген, тозған сипаттары да болатыны хақ. Тіл білімін тазартумен бірге үнемі дамытуға, жаңадан білімді қосып отыруда заманың талабы болмақ. Ал діл білімі әрбір ұлттың тұрақты білімі негізінде тілі білімін жетлдіру арқылы сөз ұғымдарын ескіргенін жаңалауды, жоғалғанын қайта жалғауды ғана қажет етеді.

Құран арап тілінде, олар үшін ділдік білімнің негізі болып саналады да ал әлемнің тілдеріне аударылумен тіл біліміне айналады. Және құранды арапша оқумен, намаздарын орындаумен ұлттық ділімізді әлемдік ділдер жүйесіне, тіл біліміне, пайғамбарлар мен елшілердің мирастық кітаптарына жалғануға жол ашылады. Әлемдік тұрғыдағы тіл білімінің ақ –қарасын ажыратып заман өркениетіне қарай, жаңадан ғылымдық қуатын жүйесін меңгеру үшінде, әрбір ұлттың исламдық тұрғыда әлемдік діл жүйесіне жалғануды, яғни жеті пайғамбарлық сыр сандақтарын кілтін алумен ғана исламның бірлігі қалыптаса алады.

Енді қазақтың ділі тозғанда, ескірген де емес, тек қана біздің заман ұрпақтары мүлде ажырап қалғанбыз. Себебі қазақтың дін меңгеру жолына тұрған, сөз ғылымын, тіл білімін зертеу саласындағы философ ғалымдарымыз ұлттық діл білімізді меңгерудің орына, арап тілі, ділі білімі арқылы, олардың түсінігімен қалыптасқан насихатын, тіл білімін алып және әлемнің діл меңгеру салтымен ділік қуатымен жалғану арқылы кітаптық тұрғыдағы тіл білімін меңгеру жолына түсіп, тура жолы деп атап алдық. Ел билеушілерміздің үш тіл арқылы ғылымды болу, яғни жандық тұрғыда жетілу, ділімізді қуатандыра аламыз деген жалғандыққа, ібілістің жолына түсіп алуға да осындай дін философиясының әсері зор.

Мұндай жағдайда тарихымыздағы уақиғаларды пайымдау мен әлемдік білімді меңгеруде ақ –қарасын ұлтымыздың рухани әлеуметілігіне пайда, зиянын ажыратумен, жаңадан заманға сай құдайдан таза ақылға жалғануы, яғни әр пендесіне тағдырына аянмен жобасын алуы, Алланың әр ұлтына өз үнімен иіріп берген бір қуаттық жібі үзіледі, біздер үзіп алдық та. Ал енді бұл жіпті жалғауда Алла тағаламыздың ғылымына жалғанумен байланысты ата жолының аққу, сұңқарлық үлгісі қандай болуы керек, қазіргі таңда ата жолын меңгерудегі қандай қателіктерден сақтану керектігін өзімізге Раббымыздың үйретуі бойынша, құлшылықтағы меңгере алған тәжірибеміз бойынша баяндап түсіндіріп көрейік…(жалғасы бар Қараша айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *