Дін меңгермес елің мас күйінде

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 175

Балаңа ғылым үйрет жас күйінде,

Ғылымның үні тұр дәстүріңде.

Сүйеке сіңген сөзді ұмытпайды,

Ғылымның ақыл күші өз тіліңде.

Ғылымсыз ақиретте, жоқ дүниеде,

Бар қуаттың иесі бір тәңіріңде.

Оқыған намаз, ораза, қылған хажың,

Орын таппай, ғылымсыз алмас бейне.

Досыңа жақындама мас күйіңде,

Шариғаттан тәлім ал бойды түзе.

Мастықпен намаз оқып жақын болмас,

Алланың досынан иман ес білгенге.

Ел бұзық, ергіскен қас күйінде,

Насихаттан пайда жоқ ес білмесе.

Жындылыққа ақылын байлап алып,

Дінді қайтпек дүниеге мас кезінде.

Дінсіз билік ақыл өнбес білімдіде,

Жүктелген қара қуат жын күйінде.

Артарынан шайтан еріп азғырады,

Ақталмай күнәсі айналар есі кемге.

***  ***

Алла бетін аулақ қылсын надандардан,

Қазақтың салт-дәстүрін жамандаған.

Анадан төртеу, атадан алтау туып,

Бәйбіше тоқал қазақ тегін қаламаған.

Құдайым сақтасын шайтандардан,

Өз жанын тазартып ала алмаған.

Қызғанышпен Аллаға қарсы шықан,

Ішіне пышақ айналмас қатындардан.

Үлкеннің рұқын қайта тазалаған,

Жасынан қанға таза ұрық алған.

Көбейтуге ұлттың жанын күресетін,

Садақа болсын қасиетті тоқалдардан!

Тоқалдың да түрі бар арамданған,

Дүниенің байлығына арын сатқан.

Олар емес қазақтың тегін сақтар,

Қыз, әйелдер аянмен ерді ұнатқан.

Еркектер бар байлыққа масаңданған,

Сырты сұлу әйелді тоқал қылған.

Тегін қазақ бұларда сақтай алмас,

Құдайдан өзі көріп жоба алмаған.

Құдай өзі қосатын дәстүр болған,

Танымай ақ өз ара құда болған.

Мың жылдық рұқтан жанды өсірген,

Нәсілін номад тектің жалғандырған!

(Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *