Дәстүріне ұлттың қарсылар  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 162

Нұрсұлтан орамалды ұнатпайды,

Ояздары орындаудан жалықпайды.

Ақ жаулықты анасынан садақасы,

Перғауындай болады  жанға қайғы.

Гендірлік теңдігін кім жақтайды?

Қазақтың арсыздары қолпаштайды.

Ата жолын ойланбай соттағанды,

Есті қазақ ешқашан да ұмытпайды.

Қалаулысы мәжілісте қуаттайды,

Заң шығарып жаулықты жолатпайды.

Халықтың мастығына кепіл болар,

Қуанған көпшілік бар мұны растайды.

Хандық салты ата-салт дін ұстайды,

Халықты арсыздықтан бұғатайды.

Ел басшылық жалауын түсірмеген,

Төрелік қасиетті ел тұлға ұстайды.

Ел басылық атау жалған осындайды,

Ата дәстүр ар-ұятсыз ел болмайды.

Қазақ деген мекемесі әлемдердің,

Басшылар тәуелді боп жалтақтайды.

Заңмен қарсы жеңбекке бір Құдайды,

Қяметтің мезгілінде боз қыштайды.

Перғауындай тозаққа жол бастайтын,

Қазақтың арсыздарын отқа айдайды.

Қазақтың елдігі ар сауыты, жан сарайы,

Ата дәстүр ата заңын жұрт сұрайды.

Хандықтың қасиетін ұстанатын,

Ел басшысын түбінде ел таңдайды.

(Қараша 2016 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *