Махаббаттан достық шықпақ

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 199

Махаббат өмірге ғашық қылған,

Ақылсыз мұны қалай пенде ұққан.

Бес сезіммен шын сүю қалай болмақ,

Өз жанын түсіне алмас шайтандықтан.

Махаббат жүрегі кең адамдықтан,

Жаман, жақсы парқын ажыратқан.

Ісімді әрбір қылған Құдай өзі,

Бақылап тұрады деп шын қорыққан.

Шын қорқып иесі Раббысынан,

Адалдықты ұстанып, арын тұтқан.

Адал мен арамның парқын біліп,

Ақ пен қара әрекетін ажыратқан.

Шын сүймек бірін-бірі ғашық болған,

Адамдықпен  құдайшыл болса ұстан.

Құмарлық, құштарлық нәпсі ісінен,

Нұрлы ақылдан ұятың болса қорған.

Ұятпен шындықты ішке алған,

Ұят қысым жаныңды қорғап тұрған.

Ұятпен күннен жарық өлшем болып,

Әлемнің тағдырына қуат қосқан.

Ұятпен жеті киім өріс құрған,

Өмірдің өрнегімен арқау болған.

Ұятсыз өрмекшінің торын тоқып,

Сұқтардың жауын алып азық қылған.

Ұятсыз өз уақытын ұрлаттырған,

Жан қартайып болашағын жоғалтудан

Қан тегі азды елдің ақ жаулығы,

Мүрденің иісі шығып жәндік болған.

Шындықты меңгеруден ұят туған,

Иманның бұл жартысы қуатынан.

Үш ғылым бірлігінен махаббатты

Меңгерген адамзатпен достық қылған.

Үш теңге күміспенен сыйың алған,

Мәрием, Мұхаммед, Абай болған.

Кәусардың көлінен гауһар тасты,

Ар сауыты мықты адам қолға алған!

Сөз астарын шешетін даналықтан,

Алланың достарына қол ұстатқан.

Жұмбағын үш теңгенің шеше білген,

Тылсымнан әулие-әмбиден пірін тапқан.

Махаббатпен Ол Алла құлшылықтан,

Иманға жол ашылар әр тараптан.

Адамзаттың бәрін сүйген махаббатпен,

Алланың Өзімен достық қылсаң.

(Желтоқсан 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *