Мәулітті надандар ұмыттырған

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 106

Дүние жаратылған қарсылықтан,

Ақ қара, ыстық суық, от пен судан.

Бастапқы төрт қозғалыс негізінен,

Сегіз түр адамзатқа сыны болған.

Жыл дейді төрт мезгіл мұнан шыққан,

Уақыттың бұл сипаты тірлік қылған.

Мезгілден үш түрлі айлар шығып,

Әр айды төрт аптамен тұстас қылған.

Күн мен ай, бірін–бірі қуып қашқан,

Кездесуге тағдыр жоқ әуел бастан.

Адамзаттың өмірінде тоғысатын,

Аруақтық қуат жүйе шындық болған.

Алты аймен нұры жанға қуат болған,

Он күнмен жарық сипат өмір алсаң.

Аптаның ішінде жеті күн, түндері бар,

Жеті әлемнің бар қуатын төртпен жиған.

Жеті күн баста еді жаратылған,

Есептің бар негізі бастау алған.

Сары нұрдан жарықтың барлық түрі,

Ай нұрымен жан болып қозғап тұрған.

Ерікті еріксіз қозғалады қарап тұрсаң,

Ай ерікті, күн еріксіз батып шыққан.

От пен су, ыстық суық қарсылықтар,

Арасын тек сипатпен жалғап тұрған.

Күн мен айдың ортасы жұлдыз тұрған,

Он бір санды тегі бар уақыт қонған.

Он екі аймен есептеп дүние ісін,

Күн жарық тіршіліктің нәрін алған.

Жер серігі ай ерікті суық нұрдан.

Заман озып, өткен дәуір жылмен қуған.

Хижра ақиреттің есебі көшіп қонған,

Хаж мезгілін анықтауға үкім қылған.

Әр нәрсенің есебін жұппен болған,

Екі түрлі ай есебі заман, дәуір құрған.

Тоғыз дәуір хижрамен көшіп жүріп,

Заманның торабында бір тоғысқан.

Он екі, жылдың іші аймен толған,

Айдың іші күнменен есеп қылған.

Хижра жыл-дәуірден күн туғызып,

Жұлдыздың бұл есебін кімдер бұзған?

Өлшемнің бәрі күнмен есеп болған,

Есепсіз есектей болма надан.

Хижрадан күн туғызған масһабшылар,

Пайғамбарды күнсіз түнде кім туғызған?

Күн алтын бастапқы асыл жарық нұрдан,

Ай күміс салқын нұры будан болған.

Асыл сөздің сырты күміс іші алтын,

Күнін тапқан Абайдай даналықтан.

Ғылымсыз адам болар нағыз хайуан,

Құранның аяттарын теріске алған.

Көкек деп ат қойғанды сәуір айға,

Мәуліттің бұл сипаты сәжде қылсаң.

Әр күні пайғамбарға сәлем қылған,

Арнаулы аяттармен зікір болған.

Отыз бір күн көкек болып шақырғанда,

Пайғамбар жұлдызына жалғандырған.

Күн көлем, кеңістікте жүзіп тұрған,

Жеті жер әлемге тегіс қуат қосқан.

Құрманың бұтағындай қуарғанша,

Ай туады, батады тербеліп қозғалыстан.

Япырмау бұл діншілер қайдан шыққан?

Уақытпен тағдырды ібіліске ұрлаттырған.

Уақыттың қадір, қасиетін жоғалтумен,

Исламнан бүгінгі таң бүлік шыққан!

(Желтоқсан 2016 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *