«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» (Абай 37-сөз) «Жындар мен адам баласын құлшылық үшін жараттым» деген жаратушы иеміздің үкімін адамзаттың екі түрлі құлшылық жағдайда өмір сүруімен байланысты деп түсінген жөн. Адамзаттың өмір сүру үшін, тірі болып қалуы, көбейіп өсіп-өну үшін, өзінің жақсы тұрмыс кешуі үшін де еңбек етуі де құлшылық әрекеті болып, малдық қуатын өсіріп көбейтіп өндірумен байланысты болғандықтан жындылық деп атайды. Жын қуаты –алу, жаратумен, қара қуаттық жүйені меңгерумен білімге ақылдың негізделумен байланысты болмақ. Негізінде бес қуаттық нәсілдік жүйені өнермен, біліммен меңгеру болып мұны бес күн жалғандық деп атайды.
Ал енді ақылдың жоғары сапасымен жетелік, саналық ақылмен сөздің таза ой үнін табумен, ділдік құндылықтарды арттырумен, жан ғылымын меңгерумен, адамдық құндылықтарды жетілдірумен байланысты еңбек ете білуді адамдық құлшылық деп атаған жөн. Сонымен құлшылықтың жындылық, адамдық деген екі түрі болады. Бұл екі құлшылықтың жоғарғы межесі болып оны естілік деп атайды. Қазіргі таңдағы әлемнің білімділік арқылы дүниенің шаруашылық істерін, өнер ғылымды болу жолындағы әрекеттерінен адамзаттың малдық қуатын, тән және рұқтық саулығын ғана меңгеру жолында болумен естілік болып қалыптасқанымен жан туралы ғылымды ескерусіз қалдырғандықтан ақылдың бес күндік жалғанға негізделуімен шайтанның ықпалына түсіп мұнан есерсоқтық, жарыместілік, тәкаппарлық, бүлікшілдік және рухани азығындықты әдеп, «этика» деп қабылдауға мәжбүр болуға соқтырғаны да хақ.
Әрине мұндай рухани дағдарыстан шығаруға тиісті дін құлшылығы болуы шарт. Бірақ діншілердің де тек білімнің соңына түсіп жан ғылымын ұмытып, иманмен құпия білімді меңгере алмағандықтан да дін тәпсірлеріндегі жасырын ой қарсылықтарын тазарта алмай, жындылыққа естерін байлап алуы да қалыпты жағдай. Адамзаттың мұндай дін құлшылығының жындылық тұрғыдағы ақылсыздық әрекетінен туындаған жарым естілікті; «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны. Адамның баласы-бауырың. Сократқа у берген, Ионна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол-көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.» (37-сөз)
Сонымен, «Жақсы мен жамандықты да жаратқан Құдай, жаман қылған Құдай емес» дегендей адамзаттың әрекетінен жер әлемнің барлық жамандығы мен жақсылық істері яғни құлшылық әрекеті пайда болады. Адам болып жер басқаннан кейін, кім болып өмір сүрсең де Аллаға, әлемді толық жаратушыға құл болып саналасың. Бірақ жамандыққа қызмет қылсаң Алланың өзінен басқаға, жақсылықты көбейтетін болсаң Алланың өзіне құл болғаның. Сөз ұғымын қысқартудан адам баласының жасырын теріс ой қуатына ақылын байлап ислам діншілері «Алладан басқа» ұғымын Аллаға қарсы тәңірлік қуат бар деп түсіндіреді. Ол мүмкін емес, себебі барық қуаттардың тәңірлік сипатпен бейнеленіп, Алладан басқа тәңір жоқ, сондықтан да жын да оның жаратқан өнімі, ібіліс те періштелік қуаттар, тәңірлік сипатта болып, тек қана Алланың өзінен, яғни рахметі, рахымы, шапағатшылығынан, 99 көркем есімді сипаттарынан ғана басқа, яғни жамандықпен байланысты деп ұғыну керек.
Олай болса, Аллаға ешқандай да қарсылық қуаттың болуы мүмкін емес, ал Алланың өзіндік сипаты-Құдай болып, ал Құдайдың қарсылығы күнәлі болмыстар құдайсыздар болуы шарт. Қазақта; «Құдайсыз қурай сынбайды» деп барлық жақсылықтың Құдай арқылы ғана атқарылатын, ал жамандыққа түссе, Құдайға неге көмектесіп мұнан арашаламадың деп қайғыдан жазғыру да болғаны мәлім. Құдай Алланың бастапқы нұры, таза ақыл сипаты болып, барлық ілімнің негізі болып саналады. Алланың құдайлық ақылы адамзатқа дін болып оқылып, мұны меңгеріп амалға айналдыра білгендер құдайшылдықтың үлгісі әулие-әмбилер болып саналады. Құдайды тану саф-асыл сөздің парқын білумен, діл қуатын меңгерумен байланысты болып, құранда «Саффат-мәлімдесу, сұқбаттану» деп атап 37 сандық белгімен берілген.
«Сап-сап тұрушы періштелерге серт. (1) Айдаған сайын айдаушы періштелерге серт, (2) Үгіт оқушы періштелерге серт.» (37-3) Сонымен жер бетінің табиғат жаратылыстағы барлық қозғалысты жүргізуші, адамзатқа ақыл беріп, аян, уақимен, ата-баба аруақтарынан хабарды, аманат үгіттерін батамен де жеткізуші аруақтарды үш түрлі қуаттық жүйесімен періштелер деп атайды екен. Ал енді исламдық, масһабтық діншілердің әулие-әмбилер аруақтарынан үгіттің оқылуын; «..жындар әлемінен және шектен шыққан жамандық» дегенге аятта; «Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік. (6) Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық (7) Олар жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар әр тараптан атылады.» (37-8)
Жоғарғы әлемдегілер құс жолымен, жаннаттық тіршілікпен байланысты тура жолы деп аталады. Алланың тура жолына жалғану кез келген намаз оқушы, бес парыз орындаушы бірақ жын қуатын тазарта алмаған, жанын көбейте алмаған пендесіне хабары берілмейді. Сонымен пайғамбарымыздың ислам дінінде тура жолынан адасқан 72 топтың жындық тұрғыдағы сипатпен байланысты болып, 73-ші топ (37) тура жолға жалғанушы, яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың соңынан сапқа тұрған шапағатшыларынан үгіт насихат алушылар болып саналады. Ал тура жолын табушылар періштелерінен үгіт, насихатына жалғану арқылы адамдықтың қарызын өтеу үшін күресетін адам баласы өте аз болып, ал хайуанша тіршілік қылғандар, заманға күйлеп жамандықтың бәрін салтқа айналдырып алатын көптің жынды, мастар болып аталуы да шартты.
Енді жындылардың да адамдыққа жақыны дін ұстанып, түрлі қасиеттерді меңгермек жолында тіршілік етушілері де болады. Яғни екі жүзділік, мұнафықтық болып, жақсы мен жаманның арасында екі аралық жаратылыстың иелері болып саналады. Қазіргі таңдағы қазақтың ел билеуші, білімді қауымы мен діншілердің бәрі дерлік осы адамдыққа ұқсас жындылардың тобы, екі жүзді, екі естілер болып табылады. Жалпы Алланың жаратуында жын қуаты түн-кеңістік болып табылады. Кеңістікті Алла оттың жалынынан жаратып оны өзінің құдіретті нұрымен баурағанды. Сонан әлемнің шегі сипаттары пайда болып, барлық аспан мүліктері және жеті жер және адамзатпен сегіз түрлі жындық болмыс сипаты бар.
Сонымен кеңістік теріс ойлардан яғни жыннан жаратылып, онан ібілістің білім сипатты періште болып жаратылғаны, негізінде барлық жаратылыстың қуаты судан, сосын жер болып бейнеленіп, Адам атамыздың топырақтан жаратылуы да, ал жын қуатының ағашқа (метафизикалық өріске) мәңгілік өмір қуатына бейнеленумен, оның жемісін жеген атамыз бен анамыздың енді балшықтан яғни күнәдан жаратылып тәндік, заттық бейне алумен де біздердің де жаратылыстан жабысқақ балшықпен жындық қуатпен бірге жаратылуымыз да шартты болмақ.
Енді адамзаттың күнәдан жаратылатыны ал күәнің қара қуатпен байланысты жындық, малдық жаратылысын аятта; «Оларды жаратуымыз қиын ба? Басқа (жындық, малдық сипаттарын) жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (жындық тұрғыда) бір жабысқақ балшықтан (жыныстық шауқаттан) жараттық.(11) Мұхаммед; Әрине бұл жаратылысқа таңырқадың, олар мазақтайды.(12) Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді. (13) Бір мұғжиза көрсе, олар тәлкек қылады.» (37-14) Қазақта аналарымыздың «Өзін тусам да мінезін туғаным жоқ» деген сөзі осы аяттың сырын білдіреді. Олай болса, кеңістіктен біздер ауамен тыныс алу арқылы өкпе-ібіліс арқылы жағып, өріске айналдырып, ал өрісімізден жындылық мінезіміз, жындық жүйеміз, қасиеттеріміз қалыптасады. Және бұндай қуатты тамақ арқылы да алып, қажетсіз артық мөлшерін біздер нәжіс жолдары арқылы сыртқа шығарып отырамыз.
«Адам деген боқтың қабы» деген Абай атамыз. Біздің ет пен теріміздің арасындағы жабысқақ балшық майдың жындық бейнемізбен байланысты «дерматит-дермо» деп аталуында да осы құпия сыр бар. Біздің адамдық болмысымыз; теріміздің тазалығына, сыртқы бой өрісімізбен ғана байланысты болмақ. Сонымен адам сипатты нәсіл жынды көбейту еркектердің іс әрекетінен еркек болмақ. Еркектердің өрісі қалың, мықты кісілігі болуымен ал әйелдердің бой өрісі әлсіз жіңшке болып, киіммен ерекше қорғалмаса да болмайды. Себебі жынның жұбы шайтандық өрісті әйелдеріміздің қанында көбейтіп, еркек шауқаты арқылы оны қайта өңдеумен жан және кісілік қуаттардың өнімін көбейтумен әлемге де қайта қуат қосып отыру адамзаттық құлшылығынан болып табылады. «Сендер бір –бірлеріңнің киіміңсіңдер» деген Раббымыз. Қазақта бойдың жарықтық, адамдық киімінің бүтіндігін, толық кісілігін, адамдық пірлігін меңгеруді; «Екі жарты бір бүтін болу» дегенді.
Бірақ бұл екі жартылық негіздегі қарсылықтарды біз өзіміз меңгерген білімімізбен ақылымызбен көбейте алмаймыз, керісінше олардың өзара біздің тәнімізде қосылып, (шеріктердің қосылуы) біздің олардың нәпсілік қажетін өтеумен айналысып кетуіміз де сөзсіз. Сондықтан да қандайда бір адам баласының мінезі жындық, шайтандық сипатта болып, оны жасынан тәрбиелеу, адамдыққа баулу және ақылды, ғылымды меңгеріп дұрыс қатесіз сөйлей білу арқылы ғана толық бір есті бой өрісі жетілген, яғни Адам болып қалыптасады. Олай болса барлық құпияның да біздің тәніміздегі жеті күндік жарық ошақтарының қалыпты жұмысымен жеті бой өрісін толықтырып, оны сегізінші тұрғыда Алладан өзінен алатын жарықпен зейнет киімін, кебенегін, ар сауытын алумен ғана нәтижелі болмақ.
Ар сауытының ар қуатының Алланың өзі сипатына көктің мүлкі жұлдыздардан, періштелерінен алатын үгіт-насихаты, ғылымы, шындығы арқылы ғана қалыптастыра аламыз. Сондықтан да «Өліге иман, тіріге берекетін бер», «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген қазақ нақылдарының да құраннан шындық кітаптарына яғни қуаттық жүйелеріне жалғанумен байланысты болмақ. Ата жолында аруақтардан бата алып, оны меңгере алмағандарды былай қойғанда, мұндай Алланың мұғжизасына мойынсұнбақ түгіл, ашық түрде мазақ қылғандар осы әулие–әмбилердің жанынан тараған және көбіне білімді, ел билеуші, дінші аталған ұрпақтар еді. Олардың тіл біліміне құштарлығымен, аталық текпен байланысты түпкі негізге тартылу болып, бірақ аналық ділдік періштелікті, жан ғылымын, ана тілін меңгеруге, сөз астарын түсінуге, ақылды жетілдіруге құлықсыздар екендері де хақ.
Енді жындық қуаттың; кеңістік, өріс, жын сипатынан үш түрі болып, ал адамзаттық ағаштық сипатын яғни жынды, шайтанды пенделердің сипаттарын аятта; «Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық. (63) Рас ол тозақтың түбінен шығатын бір ағаш. (64) Оның қауашақтары шайтанның бастары сияқты.» (37-64) Бұл аяттың метафизикалық тұрғыда баяндалып, оның адамзаттың ішінде құдайшылдыққа иілмейтін жын жүктермен жүктеліп, тәкаппарланып, көкірегін керіп біліміне мәз болған, беліне бақ қонбай сегіз көзі жабылғандықтан аян, тағдыр кітабынан ажырағандар болмақ. Және бұлардың жалаңбастықты жақсы көріп, шайтан басты болудың сипатын бүгінгі заман әйелдерімен, еркектердің әдебі болып бастарын, шайтаннан болған жыннан тазартудан қорқатын қауашақ, шайтан бастылар екені де хақ. Мұндай күнәлі жаратылысқа айналып, жыннан тазаруды інжілде айшыққа таңумен бейнеленгенді.
Сондықтан христиандық дін танымында крестке шоқынумен нанымы болса, қазақтың дәстүрінде малдың басына салып, құрбандық өлілерге құран бағыштап құрбандық арнаудың да маңызы зор екені, өлілерді күнәдан ақталуға қуат қосумен байланысты болмақ. Аллаға, бар әлемді жаратушыға мойысұнумен дінші аталып, бірақ оның өзіндік сипаты әлемнің ішіндегі барлық істердің Раббысын мойындап, құдайшыл болудан бас тартуда жындық болмыспен тікелей байланысты болмақ.
Мұндай топтықтар дүние тіршілігінің көрнеу жақсылықтарын көбейтуші құлшылық қылушылар болып және қай жағын да алып қарасаңыз; мейлі дінші немесе ел билеуші, жақсылардың бәрі дерлік өздерінің мұндай істерін көпке дәріптеп, бірін-бірі мақтан қылумен мені десін дегенмен атақ, дәреже, біліммен алған тақтарын — бақ деген қуаныштарын да ашық жариялап, өздерін өзгеге сынатпай, ақылды тек біздерден алыңдар дегенді насихаттайды. Сондықтан да өзара бәсеке топтар құрып, бірінен-бірін үстемдік көрсетумен біздің соңымызға ерсеңдер ғана бақытты боласыңдар, адамдықтың тектіліктің үлгісі осындай болу керек деген мастықты дәріптеушілер болып байқалады.
Жындылар мен адамдықтың шегін махаббатпен анықтау оңай болмақ. Жындылардың қандай да бір ізгіліктері, құлшылықтары белгілі бір біліммен, дін топтарының, ел билеуде партиялардың немесе бір белгілі тарихи оқиғаларға қатысушылардың мәртебесін арттырып немесе ру, ұлттардың үстемдік құрумен байланысты Құдайға қарсылық, жалған намыстылық болып, астарында адамзаттың алауыздығын, жікшіл ел болуын ғана қалыпатастырады.
«Қуанбақтық пен бақ–мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ көтін ашпайтұғұн ақылы бойында қалады. Биік мансап-биік жартас, Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, Екпіндеп ұшып қыран да шығады, Жікшіл ел жетпей мақтайды, Желөкпелер шын деп ойлайды.» (37-сөз) Енді қазақтың бүгінгі таңда білімді аталғандардың өзара қауымдасып алып топтар құрып, жұрттың үстінен қарау үшін партия, ұжым құрып яғни бір құндылықтарға айналған биік жартас тауып алып ақылшы болып алғанымызбен, қырандық тегіміз, құс-жанымыз, адамдық қасиетіміз жоғалып, әйелзатының көбі көтін, әуретін ашпағаны жоқ. Мұны жартасқа шығып бақылаушы, тәрбиеші болғандардың ұят деп түсінбейтіні, әсіресе еркектердің мас екені, ал оларға сенген желөкпе болған халықтың заманға сай болу деп ойлауы да, ел басшылардан бастап жаппай жынданғанымызға, дүниенің жақсысына, ал оның астарында ақиреттік өмірдің жамандығына, күнәға, ібіліске құл болып алғанымызға да дәлел болады.
Ал енді мұндай жағдайда ақиреттің жақсылығын көздеп, аталар жүріп өткен жолымызды тауып адамдықты меңгеру үшін де; «Дүние-үлкен көл, Заман-соққан жел, Алдыңғы толқын ағалар, Артқы толқын інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер. Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық, Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық. Тоқ тіленші – адам сайтаны. Қаракетсіз-сопы монтаны.» (37-сөз) Дүниенің көлінде несібемізді іздеп дүниенің жақсылығынан, несібесінен бас тартып, заманның желімен жағаға қырқаға (қырық қожаны қырқа асыру) шығып, адамдықты іздеп, ақ өліммен өлудің жолында кезегімен ақиретке қарай есік ашатын өмір керуенінде сапарда болу да парыз екен. Және әйелдерде шайтанды бастылықтан, еркектердің етекбасты болуынан жиреніп, миды жұмыс істетуге, ақылымызды оймен қуаттандыра білу де адамдықтың ісі екен.
Ал қаракетсіз, ескексіз кемеден түсіп, жер кезіп рухани несібе іздемейтін діншілік, сопылықтан да адамдық қасиет өнбей, дүниенің байлығын, бағын алған патшаның да жындылар қатарында болатынын білген жөн. Әлемді сөзден бастап жаратқан, сөз баста Құдайда болған еді дейді інжіл даналығында. Жер бетінің тіршілігіндегі барлық іс-әрекет адамзаттың жанымен байланысты болып, ал жанның өркендеуі сөзді меңгерумен, өзара сұқбаттасудан, мәмілеге келумен және Алланың хикметті білімін меңгерумен байланысты құранда «37-Саффат-мәлімдесу, сұхбаттану» деп атағанын тағы қайталай кетейік. Қандай да істің басы сөзді ұғынумен, ниетімен байланысты болып; «Адамның адамшылығы істі бастағаннан білінеді, қалайша бітіргенінен емес. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шықанда өңі қашады. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны болады, өшкені де болады» (37-сөз)
Дұрыс ниетті болудың сипатын осы өсиеттен білуге болады. Әрбір жақсы істі бастау ақ ниеттен туатыны және ниеттің дұрыстығы сөйлеу өнерімен, сөз астарын ұғынумен байланысты болуы керек. Сондықтан да әрбір ұлттың діл білімін жетілдіретін сөздің қуатын хикметті ойын жоғалтпай сақтау үшін де оны тіл біліміне, әдеби шығармаға айналдыра білу де шартты болмақ. Мұндай білім әр ұлттың өз ана тілінде діл білімнің негізі болып қаланады. Бірақ оны басқа тілдерге аударғанда әлемдік ортақ құндылық болып саналуы керек. Құран және пайғамбар сүннеттері арап тілінде ділдік білімін қалыптастарса, ал оны басқа тілдерге аудару арқылы әлемдік ортақ құндылық тіл білімі болып қалыптасады да.
Сонымен адамзатқа ортақ барлық білімдердің жүйесін, тіл білімін оттың негізінде рұқтық білім деп атап, ал енді ұлттық ана тілімен байланысты діл білімін сумен яғни жанмен байланысты десек, ал ол екеуін біртұтастыққа айналдыруға, екі аралық тектің қалыптасуынан; жындық, ағаштық сипатта адамзаттың құлшылығының өнімі болып табылады. Негізінде адамзаттың тарихтағы жады тектік ағаштармен және таулармен байланысты кейінгі ұрпақтарға оқылады, қасиеттілік болып қонады. Ағаштармен байланысты жалғану әйелдерге тән 8 белгімен, көздермен сөз өнері, қуаты болса, ал еркектердің ағаштармен және таулармен байланысты жалғануы 13 санды белгімен есту қабілетімен сөз жүйесі қуаттылығы да болмақ.
Ата жолында Айша ананың ақ туымен белгіленген 21 жұлдыздың бейнесімен (13+8=21) көктен, аспан мүліктерінен және жер ана ойпаттары, киелі орындар арқылы жаннаттықтардан, Алла тағаланың періштелерінен үгіт, насихаттарының оқылуын білдіреді. Жұлдыздардың сәулесінің де белгілі киелі орындарға түсіп Раббының нұрымен қосылып жер бетінің барлық іс-әрекеттерін басқарушы ғылымы мен кереметімен хикметті біліммен байланысты екенін де білген жөн. Әрине мұндай қияметтік мезгілдік болатын өлілердің жаппай оянуына көктен түсетін жүлдыздардың, нұрдың әсері болып және оған сол елдің өзінен қарсылықтардың, зұлымдықтардың артатынын Раббымыз ескертіп және сөзін де аяттармен бекітіп қойғанын құранда ашық баяндалғанды.
Ондай нұрлы сөздердің назағайдың жарқылы, көктен гүріл болып, қорқыныш және ескертулері болып, жерге сіңіп, жер ана рұқынан әулиелер аруақтары арқылы Алланың аяттары оқылатынын білген де жөн. Енді шегініс жасап қазіргі таңда дүние ісінде қазақ елінде болып жатқан жақсылық жаңалықтардың бәрі ел басымыздың, ел билеушілердің меңгерген сөз өнерінен, белгілі бір жолдауларынан яғни сөзден пайда болып жатқаны да хақ. Мысалы; «нұр отан, нұрлы жол, нұрлы жер, жүз қадам, мәңгілік ел, зайырлы мемлекет…» деген сияқты сөз ұғымдарынан мемлекетіміздің дүние істерін меңгеру, жақсы тұрмыс құру сияқты барлық саясаты байланып тұрғанымен шынында мұнан рухани тұрғыда барлық халқымыз, еліміз нұрланып жүз кісілігін меңгеріп кете ала ма? Өліге иман болып еніп, өлілер тіріліп бастары көтеріліп, халықтың да рухани жетілуіне нұр қуаты болды ма?
Егер нұрдың жағдайына келсек; «…Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзеп, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ала ма?» (Абай 24-сөз) Олай болса біздің ақылымыз, қайрат қуатымыз, жүректілігіміз; жүз қара ет малдық қуатқа тәуелді болып, ғылымды болу үшін де екі жүз кісілік екі аралық сөздермен байланысты болған жүктерді тазартып меңгеру керек, сонымен ғана Құдайдың нұрынан үлес алуымыз керек болады. Ел басымыздың дүние ісімен, жақсылығымен осындай жамандықтардан тыйылып, тазарып, мүмкіндікті меңгерген нұрлы елге айналып кете алдық па? Жоқ әлде «гендірлік теңдік, зайырлық, зияткерлік, үш тілмен ғылымдылық…т.б.» деген сөздерге байланып алып ақылымызды жоғалтумен, жамандыққа құлшылық қылумен рухани тұрғыда 200 қадамға шегініп адастық па?
Мұндай жағдайда әрине тура жолға жалғанумен нұрлы ақылдан қуат алатын масһабымыз, дін муфтиятымыз немесе түрлі тарихаттық, сопылық топтарымыз бар ғой деген сауал қойыңыз. Онда жақсылықтың үлгісін қалдырған әулие–әмбилеріміз Алладан басқа, яғни тозаққа бастаушылар болса, « аллаһқа серік, шерік қоспай, жиһад, ықтипат, кәффарат, тәуәссіл жасаумен…» деген сияқты сөз ойларынан қуат алып, нұрланып алған имам, дін ғалымдарымыздың да зайырлығы болып және кеудесінде нұрлы ойдан зері болып халықты да олардың үлгісімен барлық зұлымдықтан тыйылатын мезгіл де өтіп кетіп барады.
Бірақ діншілермен зайырлы болған ел билеушілердің мұндай сөздерімен, білімдерімен күнәлі рұқтары, мал еттері тазарып, жандарына хикметті білімімен иман қуатымен нұрланып жан жағына шапағын шашып, кісіліктері арқылы елді тазартпақ түгіл өздері жылда заңға тығылып; «ана топты соттау керек, мыналарға тыйым салу керек, қамау керек, қудалау керек…» дегендерден көз ашпай қалып, өз ағайындарымыздың ұрпақтарын итше атқызып тастап, бір ұлттың ішінде өзара алауыздығын туғызып дәстүрдің бірлігін, ар білімін терістеп жатқанда осылардан шығып жатқан жоқ па? Ал онда ата жолдықтар неге адамдық құлшылықтың үлгісін қалыптастара алмады,- деген сауалды қойыңыз….(жалғасы бар Желтоқсан 2016 жыл)