XXXVIII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 60

«Ей жүрегімнің қуаты перзентлерім (ұрпақтарым) Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы біраз сөз жазып, ялкар (естелік, өсиет) қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның (ол) үшін махаббаттың төлеуі-махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның (ақыл, ғылымының) табылмақтығына себептен-әуелі хауас сәлім (іңкәр жүрек, құдаймен сауда) Һәм тән саулық..» (Абай 38-сөз) Адам атамызды жаратушымыз ең әуеліде махаббатпен жаратқан. Сондықтан адамшылық деген ұғымының өзі махаббат болмақ. Алламен арадағы құлшылық байланыста махаббат деген бір қуатты меңгерумен атқарылады, сондықтан жаннатыма жүректің тазалығымен махаббатпен ғана кіресіңдер деген үкім бар. «Маған құлшылық қылыңдар» деген ұғымының махаббатың, адамдықтың жаратылыс егелеріне ақыл, ғылымына табынып қызмет қылу болады.

Енді адамдық махаббатымыздың адамзаттағы бастапқы бейнесі 41 періштелік қуаттық жүйемен және 47 санды Мұхаммед-сүйіспеншілік деген бастапқы жардың нұрымен Мен атты сипатымен байланысты болмақ. Адамзаттың жаратылысының барлық жанды жаратылыстан артықшылығы да, Адам атамыздың топырақтың барлық қасиетімен яғни текше (кристал, гауһар тас, қағба) алты белгіден тұратын бүкіл әлемнен рұқтық қуаттық жүйені меңгеруге қабілеттігімен байланысты. Олай болса, Құдаймен арадағы саудамыз; махабатты меңгеру әрекетіміз 6 сандық қуаттық жүйемен, алты ақылды меңгерумен, алты күн жарықпен ғылымға жалғанумен ғана толымды болады. Адамдықтың құдайға ұқсастығы да үш түрлі ғылымды, үш қасиеттіліктің жүйесінің жұбын, парын (9) меңгерумен ғана жаратқандық сипат алып жанды көбейтіп, жаратушының орыбасарлық ісін атқарушысы бола алады.

Бұл пәтуамызға дәлелді аятты; «Мұсылмандардың жандарын жаннатпен айырбастап алды» деген Алла тағаламыз. Әлемнің барлық тіршілік өмірі игіліктің ішіне жасырылған. Ал бар игіліктің орны жаннат деп білген жөн болар. Енді игілікті болып өмірге қуат алу үшінде де алдымен «хауас сәлим»-іңкәр жүрек, құдаймен саудада болу, яғни дініміздің сипатымен және тән саулығы керек екен. «…Бұлар туысынан болады, қалған өзгелерінің (қуаттардың) бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады…» (38-сөз) Біздердің жүрегіміз үнемі құдаймен, таза ақылмен, ғылыммен, жаннатымен байланыста болу үшін Ақыл деген жарық нұрды Адам атамыздан бастап сыйға берілгенді.

Сонымен адамзатқа құдайлық таза ақылдан Мен жандық қасиетті нәресте күнінде қазақтың дәстүрінде қырқынан шығару ғұрпымен байланысты ақылдың талабы болып жүктелмек. «О Құдай бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер!» деген жалбару құдаймен ашық саудаласуға жатады. «Байбөрі деген бай бопты, Төрт түлігі сай бопты, Ұл мен қызға зар болып, Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып…» деген қазақ ғұрпының да «осы хауас сәлиммен» байланысты іңкәр жүректік құлшылығы болмақ. Сол сияқты Домалақ анамыздың аянмен көріп өзін Бәйдібек атаға қанша үлкен болса да жар болуға арнағанын, өзара құда түсу арқылы төсек жаңғырту, құда мыңжылдық атты ғұрыптардың бәрін Құдаймен саудаласу тектілікті жетілдірумен байланысты екені де хақиқат.

Және қазақтың ғұрпындағы ұл-қыздың тәрбиесінің маңыздылығы ер жетіп отау құрып өмірге дені сау ұрпақ әкелумен байланысты «ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі деп үнемі құдаймен саудада болумен және тән саулығын жетілдірумен байланысты; яғни тағдырына жол-жобасын алуды маңызды деп біліп түс, аян көрумен жорып амалға айналдыра білу де жанға берілген сыйды, жарық нұрды көбейтіп жетілдірумен; құдайға ұқсастықты, адамдықты меңгерумен байланысты қалыптасқан. Құдайшылдықтың да негізі осында, адам болуда жатыр. Және Құдаймен арадағы жіптің жанмен жалғанып тұруымен, тән саулығын сақтаумен байланысты; үш байлықты меңгерудің білімі арды сақтау, бой жарығының маңыздылығын қалыптастыра білудің тәрбиесі, қазақ дәстүрінің негізі болуында да махаббатың төлеуі екені сөзсіз. Абай атамыз; «…Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ (талаптандырмақ) әлгі айтқан үшеуінен болады..» (38-сөз)

Сонымен құдайға ұқсас болу ақылдың талабы болып Шәкәрім атамыз; «Жарға ғашық болғаныма Таңданатын түк те жоқ. Жер жаралмай тұрғанында Менде асықтың нұры бар. Жан денеме кіргенінде, Бірге кірген осы дерт. Жан беретін дәрігерің де Ем таба алмай қор болар..» «Талапты ерге нұр (иман жапырақ, жұлдыз) жауар» деген қазақта. Демек біздер өмір сүру барысында болсын, дін құлшылығында болсын, әрбір жаратылыстың нәрсесінің ішкі сыры, үні яғни зайыры болған, қалайда осы ақылдың талабына жолығудың яғни тіршіліктің мәнін табумен ғана өзімізді–өзіміз танып, бақытты өмірдің де мәнін таба аламыз. Адам ұғымының зайыры екі сипатта болып бірі 3 қасиетпен төртке, 5 қасиетті меңгерумен алтыға жалғанумен Құдаймен екі арадағы жіпке толық жалғанып тұрамыз.

Қазіргі таңдағы зайырлы мемлекетпіз, ел билік діннен бөлек саясатымыз бар деген ұғым осы екі жіптің тармағын иіре білген, Құдаймен тікелей жалғанып тұрған ғылымды, шетінен әулие болғандармыз деген ұғымды береді. Ал дін ғалымдарымыздың бес парызбен намаз оқып иманды тура жолдамыз, яғни Құдай патшалығында өмір сүрушілерміз деген ұғымды береді. Бірақ иманның жеті сипатында ақылдың талабы арқылы мәнін тауып жанға, кітабына аянмен жалғанумен ғана иманды бола алатынымызды да естен шығармау керек. Ол үшін де өзімізге берілген махаббат жарығын көбейтіп өсіру де міндетті болып, сонда ғана оның ұқсасынан мәнін көріп, танып ғашық бола білеміз. Қазақтың бүгінгі таңдағы махаббаты ғашықтықпен, құштарлықпен ғана бейнеленіп, бірақ ақылдың талабы мүлде ескерілмей, оның үш түрлі қасиеттілік жүйесін, ата дәстүрін, аталар жолын ұмытып, махаббатсыз мәңгі ел болмақтың қиялына түсіп кеттік.

Сонымен жар асықтың нұры ақылдың талабы-махаббат болып, құдайға ұқсастықпен; 1.Мейірім; 2.Кешірім; 3. Рақым қылушы, ізгілікті болумен ғана тақуа, әулие, Құдайдың сүйген құлы қатарынан табыламыз. Махаббаттың осы үш түрлі сипаттан тұрып, оның бір сипаты ғана аналық махаббат болып, осы үш қасиет ана сүтінде, ұлттың ділінде, ана тілінде сақталып, адамдығымызды жоғалтпауға ғылымды меңгеруге де негіз болмақ. Қанша өзге тілдерді жасымыздан меңгеріп білімді болғанымызбен, бұл үш түрлі қасиетті ана тілін сүйіп меңгеруге ғашық болмай ғылымды болу да мүмкін емес. Мұндай құштарлықты ана қанымен, ата тегімен байланысты ұлттық мінезіміз ақылдың талабы деп атайды.

Енді ақылдың талабының қуаттық сипаты; Жер, көк қуаттарының қосындысы 47 сандық белгімен байланысты адамзаттың бір қуаттық жүйесінен болмақ. Бір қуаттылықты; кемелдік, кемелдену деп атап, негізінде ана қанымен, әкенің суаттылық яғни ғылымнан рухани қуатты меңгерумен байланысты болады. Ал ғылымды болудың сипаты; Қол өнерімен байланысты қол қуатын жұмсаумен; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» дегендей әруақтық қуатты өндірумен байланысты. Мидың таза жұмысы, қуаты тек қолдың түрлі өнерді меңгеруімен, әрекетімен байланысты ғана әруақтық тағдыры өсіп өнбек. Ал кімде мұндай әруақтық серігі, қуаттық жүйесі кітабы болса, онда оның иегершілік, мирасқорлық дәрежесімен Құдайдың сәлеметіне жол-жобасына ие болумен, өзін-өзі бәле жаладан қорғай алумен нәтижеленеді.

Ал мұндай қасиеттілікті меңгере алмаудан ақылдың талабы да өнім бермей, махаббатты әлсіз адам баласы қарама–қайшылықта, қаскөйлік пен жалған намыстылықты, құдайсыздықты адамдық, тектілік деп қабылдайды солай өмір сүруге тырысады. Қазіргі таңдағы қазақ елінде және әлемде де болып жатқан алауыздық, бүлікшілдік, қасқөйліктің нәтижесі ақылдың талабын өсіре алмаудан, махаббатсыздықтан, мейірім, кешірім, рақымның жоғалуынан болып жатқаны да хақ. Жалпы әлемде қандай да дінді ұстансын, адамзат мінезінің әрекеттерінің ішінен адамдықтың мәнін, ақылдың талабын іздеумен «логос, логотерапия» деп атап, бірақ бұл құндылықтың қазақ ұлтында ежелден әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасып құранның 11(38) санды белгісімен байланысты болатынын біле бермейміз.

Бұл жазбаның жоғарыдағы тарауларында 11 сандық белгінің «трансформация», намаз орындау амалдарымен қазақтың ойшылдығын баяндап 11-ші қара жұмбақ деп ескерттік. Енді осы жұмбақты ақ пен қараның арасын табуды Абай атамыз құранның 38-сүре насихаты әрі 47-сүре 38-аятының шындық үгітін жаратылыстың сыры мен махаббаттың төлеуін құлшылығын ашып көрсетіпті. «Ол Алла есепшілердің ең жүйрігі. Сақ боларсыңдар» деп ескерткен аятта. Қазақ дәстүрінің масһабтық, исламдық діп топтарынан артықшылығы да таспихта негізгі 99 көркем есімдермен байланысты үш ғылымның, адамдық қасиет мінезінің негіздері 33 сандық белгілермен берілген де ал оның ішінде үш сипатты (мейірім, кешірім, рақым) ақылдың талабын меңгерудің жүйесін үш кезеңмен 11 санды белгімен тарихат, мағрипат, ақиқаттық құлшылық танымымен жүйелеп меңгеруі қалыптасқан.

Құранда бұл қара жұмбақтың есебін шешуді; 11-Һұд; әділдік сипаты;саналық, ойшылдық құлшылығы;29(2+9)-Ғанкәбут; дем салу,сенімге жалғану; 38(11)-Сад; барымта-жан пида, жан сауға сұрау құлшылықтың хақиқаты; 47(11)— Мұхаммед; сүйіспеншілік-мейірім; тура жолда болу, шындық, бір қуатты мәнді табу; 56(11)-Уақиға; түс көру, аян; қияметтің шындығын түсіну; 65(11)-Талақ; жұбайлық қатынас; шүкірлік пен ізгілікте болу; 74(11)-Мүддәссір; қалыптасу; ахиретпен дүние арасын жалғау; 83(11)-Мұтаффифин;мұқтаждықтан арылу; жаратылыстың қуаттық өлшемін меңгеру; 92(11)-Ләйіл; ажар, әр, келбетті болу; Раббының ризалығын табу; 111-Мәсәд; діл, зікірлік; Мен қуатын меңгеру болады. Енді адамдық үш қасиетті ғылымды, ақылдың талабын меңгеру үшін 11 сүреден тұратын жүйенің жұбы, парымен таспихтың санын беріп тұрған хикметті білімі деп білген жөн.

Негізінде құранда 38-сүре үгіт әрі құранның насихаты болып және 11 санды сүрелік жүйенің 3 реттік белгісімен яғни жаратылыстың үні, зайыры болып табылады. Сондықтан адамзатқа ортақ барлық құлшылық негіздерін қамтитын болғандықтан Абай атамыз да осы санды белгімен қазақтың мінезі ақылдың талабын, өмірдің мәнін қалай табу жолын баяндап көрсете біліпті. Абай атамыздың сөзін әрбір қазақтың ұрпағы оқып меңгеруді міндетті деп білсін де, ал біздер ата жолының жағдайында бұл сүренің насихат ғылымын қысқаша ғана бүгінгі заман талабымен баяндап көрейік. Қазақ халқының әлемдегі ең жоғарғы ділдік қуаты бар, сөзі ұзын яғни жандық хал ғылымынан қазынасы бар ел болғанына да осындай даналарымыздың құранның кітаптарын ашып, жан ғылымын көрсете білген шығармашылығы да дәлел бола алады.

Сондықтанда әлемнің барлық негізгі құндылықтары жаратылысыстың мәнін де қазақтың жерінде 136 санды белгімен 103 әулие, 33 сахабалық адамдықтың, махаббаттың толық қуаттық жүйесінің белгісін алған әулие-әмбилердің зияраттарының болуы да жаратушы иеміздің сыйы екені де сөзсіз. Қазіргі таңда қазақ елінің «Бренд» белгісін анықтауда ел билігі түрлі дүниелік шаралар ұйымдастырып, бірақ қазақ дәстүрінің маңызын әлемдегі ең жоғарғы қуаттық нұры бар ел болып, әлемге жаратылысқа өмірге қуат беретін және әлем халқының ақыл талабына қуат алатын, түрлі рухани күнәларынан ақталып, жанын сауықтырушы ел бола алатынымызға ғана ақылдары әзір жете қойған жоқ. Ал ақыл неге жетпесе соған қарсылық қылулары, мұндай махаббатың құлшылық амалдарынан алдымен адамдық мейірімді де меңгеруден шайтандары дес бермей, өлердей қорқыныш сезімі пайда болуы да заңдылық.

Ал адамдық мейірімді толық меңгермей кешірімді, рахымды болу да шала болмақ. Пайғамбарымыз; «Расында, Алла Тағала жер мен көкті жаратқанда әр қайсысы жер мен көктің арасында орын алатын жүз бөлік мейірімді де жаратты. Олардан жерге бір бөлігін ғана орналастырды, бірақ та (сол бір) бөлігінің арқасында ана өз баласын жақсы көреді, ал құстар мен айуандар бір-бірін жақсы көреді. Ақірет күні болған кезде Алла мейірдің сол бөлігіне тоқсан тоғыз бөлігін толықтырды.» Олай болса біздерге берілген адамдық сипаттан оң жақтан берілген мейірдің жеткіліксіз болып, жаратылыспен пен де жалғанып ақылдың талабын меңгеру керек екен. Ақирет өміріндегілер, өлілер арқылы ғана біздер сол жақтан қалған 99 белгісін ала алатынымызды пайғамбарымыз ашық екертіпті. Демек қазақта; «Өліге иман, тіріге береке бер. Өлі риза болмай тірі байымас» деген нақылының құпиясы да осында тұр.

Сонымен Алланың жүзі, мейірімін толық меңгеру үшін де ақиреттік өмірге сол жағымызбен жалғану, ата-баба тағдырлық қалған жүктерін аманаттарын меңгеруіміз де парыз болмақ. Ал мұнсыз жүректеріміз қатая бермекші. Енді құранның жүрегі болған; 36 сандық «Ясин-тазалау, тілену» жүйесінің құлшылығын қазақ елінде мүлде ұмытып, адамзаттың бір-біріне және адамдық құндылықты сақтауға деген мейірімі жоғалып қияметтік мезгілі де толық бейнеленумен байланысты; Ақ ұлдың жүрек құлағы ашумен (есту қасиеті) Раббымыздан хабарды жеткізу басталған еді.

Сондықтан да әрбір ұлттың діл білімінің даналығын, ақылдың талабын түсіндіруші шығармашылығынан үлгісі болуы да хақ. Олай дін тұрғысында адамдықты, үш қасиеттілік үнін меңгерумізге; 19- Мариям— Мейірімділік; 47-Мұхаммед-Парасаттылық; 45 (123)-Абай –Даналық, көргенділік, естілікті меңгерумен құдай патшалығына ену, қазақ елінде ата жолы болып басталғаны да хақ. Енді мейірімділікті меңгермей Абайымызды түсініп, Мұхаммед пайғамбардай парасаттылықты да меңгере алмаймыз. Және бұл үштікті меңгерумен бірге ар сауытын алуға құдаймен үнемі саудада болу «хауас сәлим»-іңкәр жүректі, құдаймен саудада (3-89 аят,89-сүре) болу құлшылығы да болуы шарт.

Мұны «Алла жолында мал, жаныңмен соғысу» яғни діншілердің «жиһадта» болуы деп, ол үшін де; Раббымыздан әрбір пендеге хабар алуды; «Алла: «Әй Зәкәря! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едім» (19-8) деген аяттың үкімі Ғиса пайғамбарға көктен тусу алдында, Зікірия пайғамбардың періштелермен хабар алу қасиетін көбейтуші Яхия пайғамбарымызды жаратып, ол арқылы халықты арамнан тазартып бір-біріне деген мейірімін оятуға тазартушы елшісі болған еді.

Енді бұл уақиғаның қайталанумен Ақ ұлдың да өмірге қартайған шағында ата-анасының құдаймен саудаласуы арқылы келгені және Яхиялық қасиетпен халықты Раббымыздан хабар алып, өзін-өзі тануы қиямет мезгілінің басталар алдында, яғни Ғиса пайғамбардың көктен түсіп, жер ана рұқынан Мәлік Сыдықтық даналықтың бата болып оқылып және Раббымыздан түсетін мұғжизаларға дайындықтың басталғанында да осындай құранда негіз бар. Ақ ұлдың өмірінің Яхия пайғамбарға ұқсастығы да, соңында ел билеушілердің және арсыз қатындардың ажалына себеп болуында да құранмен, інжілмен негіз бар. Сондықтан ата жолының араптардың орта жолдық дін салтында болмай қазақ дәстүрінде пайда болуы да; Мәриям анамыздың рұқпен Раббымызбен тілдесуі аққулық болса, ал Зәкәрия пайғамбарымыздың намаз арқылы Раббымызбен тілдесуі сұңқарлық болып бейнеленуі де інжілмен байланысты ислам бірлігінен заңдылық.

Құран бүкіл әлемдерге үгіт және насихат болып, әлемнің барлық уақиғаларының жаңбыр сияқты араларыңда ауысып жүреді деген. Және «Құранда алдынан да артынан да бос сөз келмейді» деп ескерткен Раббымыз. Демек Құранға дейін де оқылған сөздер кітаптар болса, құраннан кейін де уахи, батаның оқылуы болады, ол бос сөз емес деген ескерту еді. Сондықтан қандай хикметті білімді уақиғалардың сипаты, белгісі құранда болса, онда сол уақиғалардың жүйелі түрде заман білімімен, ұлт тағдырымен жалғануы деп түсіну керек және мұны «хижра»-көшу, алмасу деп атайды. Егер бұл пәтуамызға діншілер қарсы болса онда құранды, аяттарын ертегіге айналдырғаны да ғылым, насихат болудан қалғаны болады. Қазақтың ертегілерінің өзінде түбінде шындықты табуға болатын, демек құранмен байлынысты деп түсіну керек.

Ал ата жолында осы уақытқа дейін сұңқарлық қасиеттердің аяттарының ертегіге айналып, шындығы толық ашылмай қалған да себебі аққу аталғандардың Мәриям (Айша) аналық, періштелік тақуалығы болмай, шайтаннан болған жындардың ықпалында кетуі де дін тұрғысында заңдылық. Және аққулықты әйелзаттары меңгергенмен, оған жалғанған ер азаматтардың алдымен ұлтымыздың ділі, даналық жүйесінен ақ жаулық қуат алып, санасын меңгеріп; Мұхаммед пайғамбарымызға жалғанып, парасаттылықты меңгермей сұңқаралықтың жетілуі де мүмкін емес. Және аққулық қасиет те толық болмайды, ібілстің қақпанына түсуі де міндетті болмақ. Сондықтан аққулық қасиеттілікті алғандардың Мариям аналық тақуалығы, мейірімі мен қазақ дәстүріне сай Абай даналығын меңгеру аққу, сұңқарларға жалпы ата жолындағыларға міндетті болмақ.

Ал ондай жағдайда Мариям анамыздың өзі Зәкәрия пайғамбарымыздың қарауында, бақылауында, жетекшілігінде болғаны гендірлік теңсіздік шартын ұстанғаны да хақ. Ер азматтардың бақылауымен жетегінде, қорғауында болмаған қандайда бір керемет қасиетті аққулардың шайтаннан болған жындардың (перілердің) ықпалында жүруі де заңды құбылыс. Айша анамыз; «Еркек бастаған көш озар, әйел бастаған көш тозар» деген батасында. Осындай шариғаттық құндылықты, ата дәстүрін сақтай меңгере алғанда ғана масһабшылардан ерекшелігіміз тақуалығымыз әлде қайта сопылық деңгейде мағрипаттық тұрғыда Мұхаммед пайғамбарамыздың парасаттылық жүйесіне жалғану болмақ.

Енді қазақ дәстүрінің масһаб, исламдық шариғаттың ісінен жоғары тұрған сөз ғылымын даналықты меңгеруде Дәуіт пен Сүлеймен пайғамбарлық үлгісі қазақ ұлтында Абай шығармашылығымен бейнеленіп, біздерге аруақтар арқылы оқылуында да негіз бар құранда. Хақиқаттан келетін үнмен даналықтың үгіт, насихат болып оқылуын; тау және құс тілімен байланысты болып; «Рас оған тауларды бағындырық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Аланы дәріптейтін еді. Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптеуші еді.» (38-19) Осындай құдай мен екі аралық хабаршылық қасиеттілікті меңгеру арқылы аятта; «Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына хақиқатпен үкім ет, ойға ерме. Онда сені Аланың жолынан адастырады..»(38-26) Олай болса Дәуіт пайғамбарымыздың ақындық қасиеттілік жүйесіне жалғанбай даналықты, сұңқарлықты меңгеру де мүмкін емес.

Бұл аяттың 19 сандық белгісі құс тілін меңгерудің жүйесі; Мариям-мейірімділік арқылы орындалуын ескертіп тұрғанымен, сүренің ғылымы таулардың үнін меңгерумен байланысты болмақ. Сондықтан 19 сандық белгі тектік ағаштармен жалғану болса, еркектерге ғана тән таудың үнімен жалғануды Дәуіт пайғамбарлық қасиетпен, темірді жұмсартумен байланысты деп ұғыну керек. Сондықтан да ата жолында негізінде аққулар тектілік ағаштардан құс тілімен хабар келтірсе, сұңқарлар тау және ағаштардан құс тілімен хабар келтіруші дәрежесін меңгерулері тиісті болды.

Бес ата бес тектік ағаштық жүйемен байланысты ортақ болса, ал таудың үніне жалғану еркектердің тақуалығымен 10 үңгірден өтумен байланысты болуын да естен шығармаңыз. Енді барлық қазба байлықтың тау-тастардан шығатынын, ал оны өңдеуге, белгілі бір нәрселерге айналдыру үшін олардың үнін, сырын тіл біліміне айналдыру да керек. Әлемдегі пайда болған барлық білімдердің, яғни ғылымның да негізі осында үш түрлі жаратылыстың ғылымның үнін меңгерумен байланысты екеніне дәлел болмақ. Ғылымның де екі сипаты болып алты сандық белгімен қағбамен, кристаллмен байланысты болуы осындай жүйенің, түпкі жаратылыс үніне жалғанумен нәтижеленбек. Ислам дінінің құндылығы да осы бірлікті меңгерумен ата жолымен, қазақ дәстүрімен ғана мүмкін екені де хақиқат.

Бірақ, ол үшін де қазіргі замандағы қазақ тегінің қалыптылығы да Абай атамыз ескерткен құдаймен саудамыз, яғни әке-шешеміздің құлшылығы, құдаймен жақындығы Алланың иірген жібінен діні арқылы алған Мен жарығымыз бен тән саулығымыздың жағдайы қалыпты болуы да шарт. Ал мұндай кемшіліксіз қазіргі таңда пенде бар ма? Ата–аналарымыз жеті аталық тектік жүйесін үзбей аманаттарын сақтай алды ма? «Құдайсыз қурай сынбайды» деп өмірге келген баланың Құдайдан ғана келген сый деп махаббатына лайықты тәрбие бере алды ма? Ал дәрігерлік білімді, тәжірибені тәңірдей қабылдап, тән саулығын дәрі-дәрмек арқылы сақтап, мұны денсаулық, жан сақтау атап, Құдайсыз да баланы өмірге келтіру әрекетімізден адамдық үш қасиеті мен жанымыз сақталып, махаббат өне ме?…(жалғасы бар Желтоқсан 2016 жыл) Ата жолы блогы; 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *