Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауабтар

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 141

Құдайдан беріліп жатқан қандайда бір хабарларды ақыл елегінен өткізіп халыққа таныстырып отыру дін тақуалығының негізгі шарты болмақ. Сонымен ел билеушілердің ата жолын, ата дәстүріне жақындамақ түгіл керісінше халықтың арасына күдік, қорқыныш сенімсіздікпен тек қана ел биліктің шығарған заңдарына мойынсұнуды күштеп тықпалаумен ғана айналысып, әлемдік түнек күштерін айдан айға арттырып жатқандары да хақ. Қаңтар айында дін бүлікшілермен күресу мақсатында бүкіл мемлекет тұрғындарының қозғалысын бақылап, рәсімдеп отыруға заң күшіне енді.

Біздердің тарапымыздан Раббымыздан ескертуін халықтың сенімін және жеті қасиеттілік жүйесін жоюмен айналысып жатқанын хабарлағанмен, оған құлақ асатын ел басшы заңгерлер болған да жоқ. Олай болса Құдай да өзінің түсіретін нығметтерін шектеп орнына азабының артуы да хақиқат. Жалпы ел билеушілердің арасында екі өгіз (мойны жуан иманы әлсіз) тіресіп, сол жақтағысы жеңіске жетіп, аласапыран болады деп ескертілген еді. Ал жеңген жаққа да сынақ түсіп азапқа қалуы да сөзсіз.

Енді ел биліктің заң арқылы дінмен, ата дәстүрмен күресу тәсіліне қарсы биылғы жылы бітік шығатын, халықтың арасында тоқшылық болатын үкімнің күші жойылып, керісінше маусым, шілде айларында өте қатты аптап ыстық болып егіннің жартысы қурап, мал азығы да аз болады.

Ел биліктің өз халқын бақылап, өзге елдерге есік ашып қоюынан көрші елдерден сатқындық болып, сынақ түседі. Жалпы халықтың жалаңбастық салтына әсіресе еркектерге сынақ келіп бастарындағы қара түнек телпектері шешіледі. Шаш түсу, таздар көбейеді. Сегіз серіден телпек шешілу науқаны басталады.

Жесір әйелдерге, ата дәстүрін сақтағандарға маңдайларына нұр жарық келіп Құдайдан жарылқау болады. Керісінше еркек бойдақтар көбейеді. Арсыз қыз, қатындардан еркектердің жиіркенуі мен қосылуға деген құштарлығы жоғалады.

Желде ұшқын пайда болып от апаттары жиілейді. Тыныс алу жүйелеріне де сынақ келіп мұрындарға дақ түседі. Самұрық қазынаға да сынақ келіп тарқатылып ұстағанның қолында кетеді. Байлардың меншігіне айналған мұнай құбырлары тартылып, кедейлер билікке келгенше тоқтатылады. Жеті қасқырдың басы шабылды деген хабар келді. Елді аласапыранға салып тіркеуді заңға енгізген ел билеушілердің Құдайдың жазасынан құтыла алмайтынна да дәлел беріледі.

Дін басы ауысып орнына ұлтжандылығы бар дінші келеді. Ал ата дәстүрінің жанашырларына сыр бойының аруақттарын көтеруге аманат түсіп, мұндай жағдайда Қаратау қойнауынан қазба байлықтың ашылатынын ескертеді. Сонымен бірге Құланды жерінде қазбалардың, мұрағаттардың молдығын да ескертіп жатыр. Ата жолындағы сұңқарларға Ғиса пайғамбардан рұқтың дәнін себуге де аманат түсті!

Әрине біздердің 3-4 жылдан бері Раббымыздың хабарларын үнемі ескертумен және оның 70-80 пайыздық шынға айналып жатқанымен де ел басшымыздан бастап Құдайға, хабарына мойсұнып амал қылулары да күмәнді. Бірақ өздерінің «мәңгілік абыройларын» заң жүзінде халықты ерекше бір дүние қызықтарымен, болашақтың кереметімен сендіру тұрғысында шебер екендері де сөзсіз. Енді әрбір мұндай дінсіз шешімдердің бәріне де Құдайдан жауап түсіп, Раббымыздың азабы да арта бермек. Ал енді ой жорыған заң, әлемге еліктеген арсыз әдет, салт артық па әлде халықтың бірлігі, бейбіт өмірі мен тоқшылығы артық па мұны таңдау әрбір пенденің өз еркінде…(Қаңтар 2017 жыл

2 thoughts on “Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауабтар

    1. Уағалейкумассалам Ореке! Әрбіор адам баласы өз жүрегінде тұрғаның қажетін, ұқсасын іздейді. Жүрегіңіздің қалауына жарайтын нәрсе жаза ласам онда Құдайға мың шүкір мұны беріп отырған. Ал телефонмен хабарласып көп нәрсе шешіле қоймас. Дұрыс хат жазған болар мына адреске; bajtasov57@mail.ru Ал телефонға шықсаңыз 87474089047

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *