Тойсаң тоба қыл деген елім,
Аш болсаң, өлмегенге шүкір дегін.
Өлмегенге өлі балық жолығар деп
Қазақтың дәстүрі еді әркім білген.
Шүкірліктің мың түрін білген елім,
Әр түріне сөзі бар еді зікір деген.
Мың зікірді Арыстан баба үйретті деп
Ясауи баба бар дінді қоса білген.
Исламның түркілік дәстүр салтын,
Пайғамбарлық жалғаған жолға даңғыл.
Ар білімін көместегі махаббаттың,
Аманаты қалғанды сөзден алтын.
Бұл жолдан талай дана шәкірт шыққан,
Алланың қалауымен әулие досы болған.
Белгісі ашық дәлел осы емес пе?
Түсінгенге ғибрат көп сөзді ұққан.
Бір мысал мыңнан бір шүкірліктен,
Жазайын ғибраттан тарихта өткен.
Жоңғардың басым болған заманында,
Шауыпты қазақ аулын бейбіт көшкен.
Батыры қатыгез екен жоңғардың да,
Еркектен тұяқ қалдармай қырмасы ма.
Қатындарды күңдікке салмақ болып,
Қыздарды қатын қылып алмасын ба.
Ақсақал бір үлкен шалды тірі қойып,
Жоңғар тұрды ат үстінде ақыл айтып.
Тірдей сені әдейі қалдырдым деп,
Өлгенше жүрсін дедім жоқтау айтып.
Басынан аққан қаны бетін жауып,
Шал келген бұлаққа тазаруға дәрет алып.
Бетіндегі аққан қанын жуып отыр,
«Ақырын өзің бер» деп зікір айтып.
Жоңғардың батыры мұны есітіп тұрды,
«Алжыған шал екенсің» деп мәз боп күлді.
Еркектен тұқым қалдырмай қырып кеттім,
Қатындарыңды күң, қызыңды қатын еттім.
Ендігі құдайыңнан не сұрайсың?
Барыңнан айырылып, айдалада қаңғып кетсең.
Шал айтты; «Ақырын берер құдайым» деп,
Сынына тағдырдың салған шыдаймын деп.
Мың өлсем де қайта тірілер тегім өлмес,
Кегімді қайтаруға кезегін берер Құдайым деп.
Жоңғар кетті мал-жанды алып, байлап матап,
Шал тұрып төңкерілген қазанды ашты абайлап.
Астына бес жасар немересін жасырыпты,
Қулығын жоңғарлардан осылай асырыпты.
Жетектеп немересін бейбіт елді іздеп тауып,
Азамат боп ер жетті бала батыр болып.
Ақиретке кетпек боп араздасып немеремен,
Шал берді батасын қайтаруға елін алып.
Баяндап бір мүшел өткен уақиғаны,
Қайтар деп өз жұртыңның тегін, қанды.
Сәлем айт батырына жоңғар елдің,
«Ақырын берер» деген сөзімді айта баршы.
Бала батыр тауып алып жоңғар елін,
Көрсетті соғыс өнерін қазақ тегін.
Қырып салып бар еркегін, бұйрық беріп
Бас батырын өлтірмей алдына әкелдірсін.
Бала батыр, кім екенін таныстырды,
Атасың берген аманатына табыстырды.
Жоңғар тұрып, өкінді басын шайқап,
Мен сендім, деп құдайдың барына хақ.
«Ақырын бер» дегені сен екенсің ғой,
Шүкір қылған пендесіне Құдай да жақ.
«Басымды кесе бер, айтарым жоқ»,
Зұлымдыққа түскен мен бір бейбақ.
Өлмесін аштан деп беріп малын,
Батыр айтты тумадым мен зұлымдардан.
Қан-қан, жанға-жан кегімді алдым,
Жеткізгенге құдайыма шүкір тағзым.
Маған өз қанымнан артық олжа бар ма?
Сенде айт бұл уақиғаны жоңғарларға.
Шүкір қылып, сабыр қылған әр пендесін,
Жаратқан өзі асырап, ажалдан қорғамай ма?
*** **** ***
Бұл уақиға ойдан шыққан өлең емес,
Тарихта қайталанған талай белес.
Тегіннен сақтың қалған ар білімі,
Зұлымдыққа зұлымдық жауап емес.
Ендігі аз қазақпыз еркін өскен,
Егемендік елімізге келді кенеттен.
Өз қолымызға ел билігі тигеннен соң,
Шүкірлігімізді құдайға болдық кескен.
Европаның салтын алдық азғындаған,
Бас-басына партия құрып, билік құрған.
Бір-бірімізді міндеуден жалықпайтын,
Ал күншілдік салтың болды асып-тасқан.
Ата-баба Ханафилік дінді ұстанған,
Аруақ деген дін емес дедің жалған.
Жастардың санасын улап ескі дінмен,
Шежіресіз дін ұстанып, болдың надан.
Мың асқанның дәлелі, ел билеген зиялылар,
Өз халқымен араз болған заңдарың бар.
Өлі риза болмаса, тірі арзымайтын,
Шүкірлігін ұлтыңның тыйғаның бар.
Үлкендігің, шүкірлік, дәстүрің азғындаған,
Пәтуасыз сөз айтып, елді аздырған,
Жындылар көп бүгінгі білімді боп,
Жан түгіл, рухтың жайын біле алмаған.
Иман мен сенім, елші, пайғамбарлық,
Имамдарда иман жоқ сөз ұғарлық.
Жан ғылымын, сан ғылымын меңгермей-ақ,
Ел басқарып, ғалым болған бұл тажалдық.
Діннен емес; көріпкелдік, болжампаздық,
Тажалдардың бұл сөзіне қалай нандық?
Қайда барам, қайдан келдім, не болады?
Білмей-ақ дінші атанған өңкей тантық.
Есі жоқ өңкей есер, жынды жантық,
Жансыз білім меңгергендер болды бастық.
Алтын артса үстіне есекте болар мастық,
Білмейді есек боларын қойса жүгін алып.
Егемен ел болдық деп мақтанарлық,
Дәстүрсіз ел бола ма дінмен барлық?
Ата-баба көктегі жиған аманатын,
Жақын қалды мезгілі де таусыларлық.
Жарты европа, жартылай арап болып,
Өз тіліңді меңгермей үш тілді алып.
Нәсілі жетілмей, мүшелмен белі қатпай,
Балаң өсер алты аузы өспей азып.
Жас қызыңды ектіресің, қылып қауіп,
Жатырына «қаралықты» қойдың салып.
Мәңгүрт ұрпақ, дертті бала туар қызың,
Мұны ұғатын ғалым жоқ жолын тауып.
Қаны азған қатыннан кім туарлық?
Қуаты жоқ, жетесіз ұл ма барлық?
Қызың жынды еркекке ұқсас жар қып,
Жынымен жынды қосқаннан не таба алдық?
Ұятсыздық дәріптелген, болмай жарлық,
Бал екен деп уды берген ішіп алдық,
Мас болып, ән салсақ жұлдыз болдық,
Естіден ұрлық қылған тышқан артық.
Жалаңаш арсыз қызың болып қаншық,
Жыландарды туса да есепке алдық.
Қаны азған көп наданнан болып халық,
Қазаннан қақпақ кетсе ит жаларлық,
Қаның азған, ессіз надан, емес пе антұрғандық!
Өзге жұрттың алдында ал мақтаналық,
Қалмаймыз деп сендерден біздей халық.
Жын-шайтанмен жүктеліп қырылғанмен,
Есті бар ма, арсыздықты тоқтатарлық?!
(Т.Б.К желтоқсан 2013 ж)