Ақ туыңды ал қолыңа Нұреке!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 51

Қазақтың ежелден бағы болған,

Заманның қиын ісін бағындырған.

Тектілер деп әлемде аты қалып,

Қаз — Аққа құдай жақ деп атаған.

Қазақтың қиын заман болды кезі,

Құранды қойып, нанды алған салты енді.

Бұл істе Нұрағамыз басшы болып,

Көш бастап, ақтап шықты көзің көрді.

Құдайдың рахымы еді және бергенді,

Сынақ болып, құдай ісі үкімі келгенді.

Ақ ұл атты Тарыбайдың ұлы болып

Ата жолы, ақ туын діннің көтергенді.

Замана залымдарға шайтан енді,

Қудалап қара халыққа тыйым берді.

Білімін бұл сырдың меңгере алмай,

Ел билік қарсылықпен рухтың жібін үзді.

Нұрсұлтандай көрген дана болған,

Алданып шайтандарға дінімен араз болған.

Ата жолы, дәстүріне қарсы заң шығарып,

Әділетсіз патшадай құдайына қарсы тұрған.

Көрдім мен шындықты уахи аянменен,

Көп патша жиналыпты ел билеген.

Өтпекке шым-шытырық кедергіден,

Жарысып жатыр екен бір-бірімен.

Қарасам Нұр ағамыз қалыпты ортасында,

Қол создым жол көрсетіп мен бардым да.

Тегі бар намысты ер азамат қой,

Япырмау озып шықты бұл жарыста.

Шындықты көрсетеді неше қилы,

Бұл құдайдан аян болар түрлі сырлы.

Қаласа құдай өзі шынға шығарады,

Деген үкім аятта тағдырдың болар ісі.

Бүгінде орыс та озды тылсымнан көріп түсін.

Ашық жариялап, зертеген құдай ісін,

Көріпкелдік, болжампаздықты жетілдірер,

Меңгеруге жарысқан бақсылықтың біліп күшін.

Түркімен елі заң шығарып дін ісі шариғаттан,

Арсыздыққа тыйым салып заң шығартқан.

Қырғыз да озды, ақ үйінде құрбан шалып,

Осылайша  жын-шайтанға соғыс ашқан.

Қазақ елі жансыз білімді мақтанға алып,

Европаның салтын алып, атанып арсыз халық,

Құдайдан лағнет келіп, халқы қырылғанмен,

Ояна алмай ұйқысынан билеріміз артТа қалдық.

Рас елім, белді жазды көтеріп еңселерін,

Бірақ жоқ ел бірлігі сыртын ғана бүтіндедің.

Бұндай жағдай кеңесте де болған емес,

Бөлініп түрлі дінге, өлтірген өзін-өзін.

Дін ісін басқарады білмеген дәстүрлерін,

Білімсіз надандарға биліктен тізгін бердің.

Рухани тазалықтан мүлде жұрдай,

Ақ жаулықсыз қатын дінді қайдан білсін?

Тылсымнан аруақтың бар аманаты,

Қазақтың рухың көтеруге үкім хаты.

Хақиқаттың көктемі келді елге,

Тауықсыз да қазақтың атар таңы!

Халықта түбі ұйқыдан тұрып оянады,

Дәстүрін намыстанып қолға алады.

Өртетіп талай надан ғалым жазғандарын,

Көтерілсе ел, еңбек еш, тұздарың сор болады!

Алла берсе үкімін тойтарып болады ма?

Ашылады талай мұрағат Отырардай кітапхана.

Қолына берген сыйды ала алмаған,

Бұл тобың ел билеген мазаққа қалады ма?

Құдайдың берген ерекше еді нығметі,

Оятатын қазақ түгіл әлемді де тегіс енді.

Шыңғысхандай әлемге дін тәртібін,

Орнатуға бұл үкімге Нұр аға лайық еді.

Сынадым талай сөзбен жек көрмедім,

Ар  қорғауға тура жолға шық деп едім.

Ақ туыңды  қолға алшы, Нұреке енді,

Кеш болмасын, ажалдан өктем бе едің?!

(Желтоқсан 2013 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *