Алжу…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 51

Кәрі құрлық деп Европаны,

Атағаны шығыстың даналары.

Кәрілік пен ауру қатар жүрмек,

Жан қуаттың әлсіреп азайғаны.

Қартая білмек өмірдің барлық мәні,

Жан тазарып жемісін жинамағы.

Кәрілік тарих шежіре боп,

Таза жанға кітабы жазылмағы.

Ардан сауыт жанға болмақ бағы,

Жаннаттан орын болып қорғамағы.

Арсыздықтан бақшасын өртке беріп,

Европа жұрты алжыған кеміп саны.

Тарихын мұражайға қамағаны,

Жаңашылдық жындылықпен өспес жаны,

Дүниенің бар білімін жинап алып,

Европа жұрты  ібілістің болды ұрпағы.

Қазақтың алжыған көп ақсақалы,

Ақсақалдық дәстүрін артқа салды.

Европаның салтына еліктеумен,

Ата жолын мұражайға қамағаны.

Бар ұлттың тарихының басы барды,

Аналықтың басы ақ жаулық болар ары.

Төреліктің туын тіккен Шыңғысханды,

Аруағынан хабар алмай мазаққа алды.

Құдай сүйген өз құлын қорғамағы,

Аруағы әулие-әмбилер назын салды.

Ел басының сөзіне жауап келіп,

Талайлар бассыздықтан қоштасады!

Сынағын ел билігі сатып алды,

Қиындықты басқа бәле тілмен алды.

Халыққа түспек түрлі бәлекетті,

Ел басының сөзімен енді басталады.

Алжыған ел билік, білім қауымдары,

Құдайдан хабар сауал ала алмады.

Білімді кітап қылып арқалап жүр,

Саламға тойған есек болып алды.

Тыныштық пен қызыққа алданғаны,

Қазақтың жетесіз білімді қауымдары.

Бұқара халық оянып ұйқысынан,

Аруақтың соғысы енді басталады!

Талайлар тағдырын өзі талқандады,

Дүние байлық дегенді құтқарады.

Өз ұрпағын өзі жеген доңыздайын,

Қайғыдан қан жұтумен шыңғырмағы!

(Ақпан 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *