Тірі мен өлі тең болмас

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 47

Тірімін бе деп бүгінде,

Сауалды қойып көр өзіңе.

Тіріде ұят- ғылым бар,

Өмірден алмақ  сый жүлде.

Ұяттан өседі ақыл, жете

Құдайдың шындығы үлесіңде.

Жалаңаштан жиіркену сезім болса,

Етің тірі, сасық иіс болмас тәнде.

Ұят-шындық ғылымнан бейне берсе,

Қызыл алма елдікке несібеге.

Ұят пен ардан туған екі күні,

Қазақтың дін дәстүрі меңгеруге.

Саналының жұпар иіс жемісі де,

Ой бақшасы жемісті егіні де.

Ақ жаулық жан қуаты жұпар иіс,

Жаңбырдың самал желі сезінгенге.

Етің өлер жалаңбас жүргеніңде,

Жете түгіл сана жоқ жүрегіңде.

Түс көріп аянға жалғана алмай,

Тағдырдың жібі ұлттық үзілгенде.

Бәйге алмас ұқсамақ ер пендеге,

Байталдық жын-періні ертіп жүрсе.

Ар-ұятсыз қыз қатындар жәндік болды,

Сасық тұман жандары тірі деме.

Шындықтан шын туады түсінгенге,

Шындық көмес, келмес күнде.

Тағдырыңа берілген аян, уахи

Ғылымнан шындық болар көрінгенде.

Бүгінгі, ертеңгі шын өткен күнде

Шындықтан туындайды бейне берсе.

Өзгермейтін шындықты бейнелеген,

Адамзаттың ар мен сана өрісінде.

Әулиенің аруағы ғылым бейнесі де,

Шындық болып мәңгілік жанмен бірге.

Өлмейтін өмір суын ішкен бабаң,

Ғылым -теңіз тамшы — аруақ түсінгенге!

Ғылымсыз адам жаны тіріле ме?

Ұяттан қуат өніп жетілмесе.

Хайуандай өзі үшін оттаған көп,

Кітаптарын арқалап жүр есектерше.

Екі күнін тартып алған билігің де,

Ұят, арсыз нұрлы жол болмас мүлде.

Сөздің жанын ұрлаған шайтаннан жын,

Қасіретің сөз өлтірген әдетіңде!

Сөз түзеген дана Абайды түсінуге,

Ар-ұяттан ғылым керек өрісіңе.

Ел билік пен білімділер діл өлтіріп,

Қазақ ұлтын жоғалтуға күресуде.

Тірімін деп ойлама дінсіз пенде,

Дін жаныңды көбейтпей еспен бірге.

Алланы еске алып мәңгі жанды өсіріп,

Ар-ұжданмен тірілмек рұқың пенде.

Мәңгілік ел боламыз деген сөзге,

Сенбе ібілістің алдаған дүние ісіне.

Тұрықтап қызық пен тыныштыққа,

Қазақ тұрмас деген Абай мәңгүрттікке.

Қол салған жете, сана екі күнге,

Асыл сөзден ой ұрлаған өзгертуге.

Тажалдар араңда жүр оян, қазақ

Дүниенің қызығымен алдап күнде!

Тірі мен өлі тең болмас мүлде,

Мәңгі тірі пірлерің тұрған көкте.

Қараңғыдан жол көрсетер деген аят,

Жұлдызға жалғанбайтын дінге сенбе!

(Ақпан 2017 жыл)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *