Шүкірлігің жүзіңмен

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 91

Шүкірлік қылыңдар адамзат,

Нығметін Құдайдың болған хақ.

Рахметі Алланың түсірген,

Тағдырмен жазылған болып хат.

Тілменен шүкірлік айту аз,

Құр қасық ауызды жыртар рас.

Әр істің киесіне шүкірмен,

Қуатты қосуға тырыспақ.

Атаңның жолына болсаң жақ,

Аруағы дәнекер жалғанбақ.

Алдыңнан артыңнан күзеткен,

Көрсетер амалын анықтап.

Шүкір деп тілменен тақылдап,

Масһабшы діншіге кім ұқсап.

Өлісін тастаған кәпір ел,

Болмаңдар дегенді Раббың хақ.

Шүкір деп амалсыз отырмақ,

Оқыған намазға мастанбақ.

Бес парыз дін ісін меңгерсе,

Тура жол таптым деп мақтанбақ.

Нанымын ұлтыңның кім алмақ,

Ғылымға үш сипат жалғанбақ.

Үш сүю иманның бұл гүлі,

Абайдай данадан насихат.

Сенімге біліммен байланбақ,

Иманың жетілмес қуаттап.

Имансыз шүкірдің киесін,

Аянмен, уахисыз табылмас!

Алланың есімі махаббат,

99 сипаты болған хақ.

Өзіңнен бір қуат қосумен,

Алланың жүзіне айналмақ!

(Наурыз 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *