Қазақтың күні туады

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 48

Қашан күн ол болады,

Қойғандар бар сауалды.

Патшалығы деп Құдайдың,

Ғасыр боп алтын аталды.

Құдайсыз қурай сынғаны,

Тарихта жоқ болғаны.

Қазақ деген ұғымды,

Түсіну аздық қылады.

Дәстүрін ата сақтауды,

Салтымен әдеп ақтауды.

Қазақ деп ұлтты атаған

Ар, ұятын сақтауды.

Қазақтың күні туады,

Арын жұрт қалай табады.

Қияметтің өтіп тезінен,

Талайлар азап тартады.

Аруақтар сапқа тұрғанды,

Басталды елден сұрауды.

Қыз, қатын жүрген жалаңаш,

Жоғалар аз күн қалды.

Дінші мен білім қауымды,

Жетесіз қалған ғалымды.

Аруақпен серік қостың деп

Дәстүрге болған жауыңды.

Қызтеке еркек қаныңды,

Жалаңбас әдет нанымды.

Лағнетін алып Құдайдың,

Алады иесі жаныңды.

Тазарып қазақ ұғымы,

Ар менен болып жұғымы.

Ұяттың туын көтерген

Таниды әлем қауымды.

Ата жолы аққу, сұңқарлар,

Түзеліп қайта қолға алар.

Арсыздық түгел жоғалса,

Қой үстіне бозторғай ұялар!

(Наурыз 2017 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *