Қазағым осы болды жеткен жерің,
Жасыңнан ар-ұятты ескермедің.
Жиырма бес жыл толып бүгін таңда,
Шайтаннан жын өсіруге кетті еңбегің.
Арсыз қыз-қатындарды жұлдыз қылып,
Шоқынып ойын-сауық болды ермегің.
Дінсіз билік мал табарлар жолсыз қалып,
Ел басқартып бай манапқа сенген едің.
Мақтаның жиырма бес жыл ер жеткенің,
Егеменді ел болып өлді тегің.
Жете сана екі күнің қайда қалды?
Тірі өлік тәніңе мәз сүйреткенің.
Ар-ұятсыз ғылым тұрмас, өнбес тегің,
Өнер білім ақылсыз кері кеткенің.
Жан көбейтпес білімді ғылым атап,
Салтын алды ел билік өшкен елдің.
Мүрденің иісі шыққан бой жеткенің,
Алты жаның өспесе немен сездің?
Хайуанға айналған ғылымсыз ел,
Ішіп-жемге мәз болып «өркен» дедің.
Ұлт намысын жоғалтып мәңгүрттендің,
Сырты жылтыр жолдауың ойсыз сөздің
Итке де бір сүйек қарыз болып,
Мәңгілік ел тозақтық жеткен жерің!
Елдігіңнің жоғалғанын ескермедің,
Ел жоғалса жер тозады өркендеуің.
Ел түзелмей жер түзелмес деген атаң,
Жерді сатып тоздырмақ енді ермегің.
Жансыз елің қуыс кеуде тән білгенің,
Арсыз елдің салт әдебін қош көргенің.
Дүниемен бағалаумен жолдауларың,
Құдайдың барлығына қол сермедің.
Қиямет шын, ұжданды дұрыс көрмей,
Ел басыңды тәңірге тең көргенің.
Тозақ деген жамандық елге келген,
Сасық иіс, сасық тұман жан өлгенін.
Төбешікке айналып жас көмгенің,
Жамау-жамау тәнді емдеп күн көргенің.
Қияметтің азабы тұр ойран салып,
Мақтанудан жалықпас ел билерің.
Ар-ұятты айта алмайды ел билеушің,
Ібілістің жобасы бұл өркендеуің.
Ұлт арманы арсыздықпен бірге тұрса,
Сана түгіл жете жоқ сөз ойын өзгерткеннің!
(Наурыз 2017 жыл).