Нұр санамен білім алған,
Мұндай заман қашан болған?
Нұрын Құдай сары алтыннан,
Қара жолға айналдырғам.
Нұрын сары жерден шыққан,
Үйіңді сал, менің жобам.
Нұрлы жері жатырларын
Қыз, қатынға ұмыттырған.
Нұрын көктің бағып тұрған,
Партия құрып жинап алғам.
Тән саулықта жанды қайтпек,
Денсаулықты байлық қылған.
Ақ жаулықты жек көргізіп,
Жансыз ұлт боп қайта тусаң.
Санаңды да Құдай берер,
Білім қылып жаңғырттырам.
Ар, ұятты ойландырмай,
Европалық ұлтты құрам.
Отыз елге таңба өзгертіп,
Біліміне байлап қоям.
Осылайша дін дәстүрді,
Өзгертумен ұмыттырам.
Дінің құран мешіт болып,
Масһаб атап заңмен бағам.
Тура жолы Құдай салған,
Нұрының бәрін дүниеге алғам.
Санаңды да Құдай бермек,
Өзгертіп енді білім қылам.
Ақ бұлағын нұрын шыққан,
Мұражайға айналдырам.
Европаның салтын ұстап,
Дәретсіз халық арамдаған.
Ұрпағына мирасқа қылған,
Жер қасиетін нәсіл болған.
Дүние пұлға айырбастап,
Жат елдерге таптаттырам.
Әйел еркек теңдік құрған,
Ұятың жоқ қарсы тұрған.
Ар, ұятты ойлаттырған
Екі күнің жете санаң,
Болмағандай ұлтты құрам!
Ақсақалдық мұны ұққан,
Жігіттікпен байлап қойғам.
Бөріктерін тартып алып,
Нұры енбес таза ақылдан.
Мәңгілікке шықты жобам,
Үлкендерге бас шұлғытқан.
Халық атынан уәде беріп,
Дүние ісімен қисындаған.
Соттатамын қарсы шықсаң
Ғалымың мен шалыңды да,
Иманы бізге жақпағаннан,
Қапаста отыр дәлел қылғам.
Қудалайтын ақыл айтсаң,
Дінсіздерді басшы қылғам.
Жастарыңды дінші болған,
Тәпсірлерге байлап қоям.
Құдайдан жол-жобасын,
Көрсетпейтін жүйе құрғам.
Мал құсатып қадағалап,
Жүз қадаммен бағып тұрған.
Құл темірге шоқындырып,
Жатып ішіп, арам астан,
Семіретін елге ұқсатам.
Дүние үшін қырылыстырам.
Осылайша енді қазақ
Мәңгілікке бастап барам!…
Ар, ұяттан жұрдай болып,
Барма әлемде аман қалған?!
Құдайсыз амал қылып,
Ажалына елді айдаған!
(Мәуліт айы 2017 жыл)
**** ****