Аққу, сұңқар және ата жолы… (1-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 142

Ата жолы — бақ жолы елге келген,

Ақ ұлмен мұғжизасы жүрекке енген.

Тылсымнан перде артынан аруақ сөйлеп,

Қазақ түгіл, барша ұлтқа кеңес берген.

Құдайдың мұғжизасы жерге түскен,

Жүректің құлағын ашуға үкім берген.

Көкейге сөз салады Раббы өзі

Табан, бауыр жалғанып жүрекпенен.

Мұғжиза, хикметті білім енген,

Даналардың армандаған ісі діннен.

Аққу, сұңқар аталып қыз бен ұлды,

Ақ ұлдық қасиетпен елші келген.

Құранның аяты бар үкім берген,

Бір перденің артынан үні келген.

Өліктермен сөйлесесің деп адамзат,

Мезгілі қияметтік  рухани дәрежемен.

Әлемдік түрленуге кезең деген

Бір жағдайдан, келесіге өте білген.

Бұзықтықтар түгелдей жойылады,

Хабармен тозақтан да үлгі берген.

Ата жолы — ақ жол болып сенім берген,

Құдайдың хикметіне жүгіндірген.

Ұйқыдан қазақ елін ақ батамен,

Тазартып арам ластан ел көгерген.

Қиын да қыстау күн болды дүниеменен,

Оятып қазақ елін сабыр берген.

Ел билікке бұл да бір кезең болды,

Шаруасын түзеуге елдің жәрдем берген.

Көре алмас пенде шықты діншілерден,

Қорқытып жұртты алдап кедейлікпен.

Ант берген пайғамбардың садақадан,

Кедей болмас Алла өзі уәде берген.

Шайтандық болды дінші, білімдіден,

Ата жолы ел тонаушы секта деген.

Қудалап сотталуға билік заңмен,

Себепші болды және аққу, сұңқар деген.

Аққу мен сұңқар шығып өзім білем,

Ұстанбай шариғатты пері енген.

Жеті өріспен ардан сауыт меңгере алмай,

Ажыраған жер рұқынан, құран үнінен.

Құранның үні ғылым құпия сырмен,

Тағдырды түзеу үшін жоба берген.

Екі аралық жындарға жалғанады,

Ғылымсыз көктен хабар үзілгеннен.

Бірлігі исламның сыны берген,

Еркек көктен әйелге жерден үнін берген.

Тұтастығын қасиеттің шариғатсыз,

Екі жарты бір бүтін болмас деген.

Меңгермей дәстүрін қазақ терістеген,

Аққулар жалғанбай табан жермен.

Жеті өріспен бойға қорған ала алмады.

Қысқа етек, қол кеудесі ашық жүргенінен.

Орап алып бастарын шүберекпен,

Кейбіреулер зиярат үшін киінгеннен.

Шалбарланып, көшеде ақ жаулықсыз,

Шайтаннан жын-перілік бейнеленген.

Ақ ұлды арамдаған алақан білегімен,

Аққу мен қатындар тақуалық меңгермеген.

Батаның жалғандығын ажырата алмай,

Тамақпен арам еніп, аяны үзілген.

Әдет болды батаға сал, сындыр деген

Еркек келсе өз еркімен жүрсем деген.

Қарсы шыққан ақыл айтқан еркектерді,

Өсек қылып, жалған бата, жапа берген.

Аққу, сұңқар, сарбаздар дүниеге ерген,

Ақ ұлға жақындатпай білім білсең.

Ақ көңілмен сенім артып шәкірттерге,

Орға жықты ізбасарлар туын берген.

Батаға қосып сөзді, сезім, түйсікпенен,

Өзгертіп жыннан шайтан ілестірген.

Ата жолды перілік жол қылғанды,

Қатын, қыздар айнадан жын мінгестірген!

Жүректі кірлетіп тіл безеген,

Бас пен жүрек ажырап үзуменен.

Өтірік, өсек сөзді әдет қылған,

Етек басты еркек пен «аққу» деген.

Қателік бәрімізден шықты десем,

Менде бірі болдым ізіне ерген.

Көрсеткен аян, уақи жаратқаннан,

Айтпадым айналасынан жиренгеннен.

Ақ ұлдың алты ай бұрын өлімінен,

Жинаған ата жолдан ізіне ерген.

Батамен Арыстан баба ескерткенді,

Тышпаған басқа жоқ деп телпегіңнен.

Ақпараттық майдан ашып діл тегінен,

Ата жолын түсіндір деп білімменен.

«Құтқарар бір құдай» деп жүріп алды,

Бұл да бір себеп болды меңгермеген.

Білімсіз бүгінде көп аққу, сұңқар деген.

Ақ ұлды мақтаудан басқа сөз білмеген.

Надандығын сынасаң шулап шығар,

Жамандықты айттың деп өздігіңнен.

Ақ ұлдай енді пенде болмас елден,

Ешкімге олай халық ермес мүлдем.

Шайтандық бұл ақ ұл ісін мазақтаған,

Қасиеті мен ісінен үлгі өнбес деген.

Жараттым жұп, пар бәрін деген,

Ғибрат үлгі алумен жақсы көрсең.

Көбейту адамдықтың парыз еді,

Ақ ұлдық елшілікті меңгерумен.

Құдай жалғыз кім оған теңдес келген,

Әр пендеге бір құдайлық елес берген.

Болмасаң да ұқсап бақ, ғылым көрсең,

Дана Абайдан асыл сөз кеңес берген.

Ақ ұлдық қасиетті көбейттірген,

Құдайдың ғылымынан себеп берген.

Қатын көп ата жолда арсыз надан,

Ақ ұлды Құдайға жалғыз теңдестірген.

Ашылмай кетті қасиет текпен берген,

Ақ ұлдық қасиет болып жетілмеген.

Аққу мен сұңқар сарбаз шәкірттері,

Меңгертпей жан ғылымын көместенген.

Ақ сұңқар, ақ бақсылық іс меңгерген,

Ақ ұлдық қасиеттің жұбы көрсең.

Ақ бақсы қамшы ұстаған еркек, әйел

Құранның жеті үнімен шипа берген.

Ақ бақсылық ақ ұлдық қасиетпенен,

Қара түнек күштерін жеңе білген.

Тақуа әрі сопы мұндай ерлер,

Ата жолын ақ туын ұстар елден.

Жүректің құлағын ашу хикметпенен,

Жеті еркек шығады ақ ұлдық қасиетпенен.

Хабары Бір Құдайдың жалған болмас,

Қарсы болған бұған көп жынды деген.

Аққу болмас, шайпау қатын текеспенен,

Өзін-өзі ақтап жүрген құр дерекпенен.

Еркектің алдын кесіп сөз айтады,

Осы емес пе дәстүрін ата білмес деген.

Жамандап біздерді деп жақын жүрген,

Ақ ұлдың деген ісін жалғай білген.

Құранның жеті үнінен хабарсыздар,

Халықты жылтыр сөзбен алдап келген.

Өркенін ата жолдың кесіп жүрген,

Ібіліске ұрпақ көп «аққу, сұңқар» деген.

Ғылымын ата жолдың меңгертпеуге

Жалған бата, арсыздыққа көмек берген.

Батаға зар боларды елің деген,

Ескертуі аруақтан дерек келген.

Жер анадан ажырап үн жоғалды,

Бата қайда жоғалады дегенмен.

Ырғақпен бүгінде көп бата берген,

Екі аралық жындарға жалғап жүрген.

Мағрипатты меңгермей үннен дерек,

Құпия сыры ғылымнан келмес жерден.

Дүниенің тірлігіне байлай білген,

Тақуалық, әулиеліктің жолын кескен.

Шектеумен жын тобына жалғап жатыр,

Тағдырын ата жолға келгендердің.

Жақсыны ата жолдан жирендірген,

Ібілістің ұрпағы боп қызмет еткен.

Аққу мен сұңқарларды кім түзейді,

Жете мен сана жоғалды ел биліктен.

Діншілер масһабты жүр дінім деген,

Исламның ажыратып бірлігінен.

Секта деген діннің бір жын тобы боп,

Махаббатын адамзатқа бөлшектеген.

Жоғалып хикметі бата үніннен,

Қара күшке бүгін қазақ ерік берген.

Ақ пен қара таласып қияметтік,

Сынағы түсіп жатыр ажал, өлімменен.

Ақ бастау бұлақтары жерден өнген,

Әулие-әмби бастарын кірлеттірген.

Европаның салтымен мұражай ғып,

Құдайдың жауабы түсті лағнет деген.

Сын болмай дін тобының өз ішінен,

Жақсы мен жаман қатар бірге жүрген.

Қатесіз адамзатқа жол болмайды,

Көпірін екі салып түзеттірген.

Жаманын айтқызбай жақсы деген,

Ел биліктің саясаты екі жүзден.

Қазақтың тартып алып екі күнін,

Білімін арқалап есектер ел билеген.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *