Аққу, сұңқар және ата жолы… (2-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 2

Топ құрған партиямен білімді елдің,

Арсыздығын әдеп деп түсінгенің.

Жынды мас жапарқұлсың алтын артқан,

Ақыл қылған әрбір топтың өз білгенін.

Мақсұты мал табарлық ел биліктің,

Тәңірсіп басқарумен діннің ісін.

Ата заң, дәстүрі елдің сөз жүзінде,

Жол табарлық ойы жоқ білімдінің.

Жол — жоба алар әрбір пендесінің,

Тастаған таза ақылдан Құдай ісін.

Масһабпен бекіген дін ісін жол дегенді,

Топ құрған исламда көп жындының.

Ата жолын дәстүрінен бөлектеген,

Тақуалықпен ар білімін меңгермеген.

Қадірі мен қасиетін төмендетіп,

Ғылыммен керемет жоқ ел сендірген.

Ата жолы дін тобы емес жынмен жүрген,

Бес парызбен тура жол дінім деген.

Қазақтың дәстүрінде бар әлемнің,

Құдайшылдық дін салтын бірлей білген.

Атаның жолын ұстар мен бірімін,

Сыналмасаң қасиеті жоқ елдігіңнің.

Жаманды айтпай жақсылық болады ма,

Көре алмасаң қателігін бір-біріңнің.

Қатесіз деп мақтанған дін тобының,

Құдайшылдық жоқтығы дін ісінің.

Құдай ісін меңгермей дін біліммен,

Адастырып, үзеді тағдыр жібін.

Ата жолы тобы емес дін білімнің,

Көпірін салар жолы; тірі өлінің.

«Өлі риза болмай тірі байымасты»,

Үлгісі дін дәстүрің ар білімнің.

Педелердің сынасам қылық, ісін,

Жындылыққа баламасаң жетелісің.

Жаңылмас бас, сүрінбес тұяқ болмас,

Түзетуге жолға шық діннің ісін.

Құрансыз аруақпен болса ісің,

Серік қосу аталар құлшылығың.

Құдайдың ғылымы мен құдіретін,

Алла өзі -Мені бейнесі болар «Біздің».

Аруаққа сыйынып, меңгермей құран үнін,

Құтқарады мені деген жынды сөзің.

Ата жолда аққу, сұңқар, сарбаз болып

Құдайшылдық қылық жоқ көрсең ісін.

Абай бол ер азамат аққу көрсең,

Еркектен өзін артық үстем көрген.

Улы жылан қияметтің перілері,

Мойныңа ораларды ізіне ерсең.

Мақтаны тылсымнан бата берген,

Алдайды тәтті жылы сөз түйсікпенен.

Өзіңнің өрісіңнен оқып алып,

Қатеңді де санап берер деректерден.

Дүниенің аздырар байлығы ібілістен,

Халықты алдап жүр тек дүние ісімен.

Тағдырын елдің жүр жынмен байлап,

Періліктің жүйесі бұл қарсы күштің.

Емшімін деп тағы алдайды шипа іздесең,

Ауырмайтын жол маған керек десең.

Жаныңды ұрлап алып жын қосады,

Мен ғана дейді сүпілеп көмек берем.

Сене көрме сұңқарға еркектерден

Жалаңбас, сасық иіс, ашық білек деген.

Шылым тартып жұртқа жүр ақыл айтып,

Етек басты қатынның соңынан дедектеген.

Тәкаппар мен білеммен көкірек керген

Аққу мен сұңқар тақуалығы жетілмеген.

Ата жолдың құдайсызы жынды өңшең,

Жақсыға жамандықты жалғап жүрген.

Құранға жалғанбаса деректермен,

Жер анадан табан, бауыржүрекке енген.

Жеті өрісі таза болмай жалғана алмас,

Оранғанмен бар әуретін шүберекпен.

Абай бол тақуалық еспен бірге жүрген,

Кейбіреулер сырты таза, іші өлген.

«Вангалық» көріпкелдік ібілістен,

Шариғатқа бағынбайтын дерек көрген.

Қақпанға түсіп қалған жақын көрген,

Сынақтан өтіп жатқан мен бір пендең.

Аққуым құранға қайшы дерек көріп,

Айыптап адастың, сен бір жынды деген.

Ақ ұлдың ісі осы деп алдап жүрген,

«Мөр» ашқыш пенделер жүр ібіліспен.

Жүректерге жын салып көзін жауып,

Тағдырын жын шеңберіне жалғап сөзбен.

Ақ ұлдың шәкірттері бірге жүрген,

Елшіліктің қасиетін төмендеткен.

Ғылым мен хикметсіз елді алдап,

Ібілістің ұрпағы боп елді үркіткен.

Алданып жалғандықтың ізіне ерген,

Ата жолын қисығына бұрып жүрген.

Зұлымдыққа түсіру ісі ібілістің,

Жирендіріп ата жолын қисық еткен.

Білімсіз болса аққу, сұңқар деген

Ібілістің ұрпағы боп шығар бірден.

Қасиетті ұстана алмай қасіретке,

Салмақсыз қалдырды бағын берген.

Үзілген ақ батасы құран үнінен,

Ата жолда аққу, сұңқар азған діннен.

Ордалардың түңлігі жабылғанды

Ажырап елге түсер мұғжиза, хикметінен.

Себебін бұл жағдайдың іздеп көрсең,

Ата жолы ғылымы, кереметі зерттелмеген.

Жүректің құлағының ашқан мөрдің,

Тәрбиесін аққу, сұңқар ескермеген.

Ар-ұят, ынсап, ұждан ісін білген,

Меңгеруге талап қылмай дін ісімен.

Арам, ласпен ақиқаттың нұрын жалғап,

Басқартуға ақыл, жанды ібіліспен.

Сопылықтың жүйесі ата дәстүрімен

Шариғат, тариғат, мағрипат бірлігінен.

Ақиқатқа есік ашып ақталумен,

Меңгеруден бас тартқан ар білімінен.

Опасыздық діншілер мен білімдіден,

Ібіліске жәрдемші болған елден.

Екі жүзді бүгінде жындылар жүр,

Ата жолға қарсы болып күресумен.

Су апаты, жол апаты түрлі дертпен

Қияметтің лағнеті боп жауап келген.

Бұзықтыққа жастарға себеп болды,

Қара түнек күштерді көбейтумен.

Ел билігі заңменен тәрбие, жаза берген,

Жынды жеңбек надандық ел бүлдірген.

Дін арқылы қаралықпен күресе алмай,

Қияметтің азабына халықты байлап берген.

Ер болсаң ата тек, ақ бақсылық сырын білген,

Қазақтың дәстүрімен жүре білген.

Бұл майдан шыңдалуға сынақ болар,

Ақ ұлдық қасиетті көбейт іспен!

Әр елдің дәстүрі бар дінмен келген,

Кітабын елші жіберіп бекіттірген.

Ата жолы кітабы жазылғанды,

Құранның ішкі сыры жеті үнмен.

Мақтануға әлі ерте құр білімменен,

Амалсыз қасиет, қадырын түгелдеген.

Әлем түгел мойындар күн де келер,

Аққу, сұңқар исламның туын тіккен.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.