Аруақ- шындық бір ғылымнан!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 111

Иман мен сенімді бір деп атаған,

Құдайшылдық  дәстүрі ата жоғалған.

Қарғысына жаратқанның ұшырар,

Қияметтің азабымен ел сыналған.

Дәстүрің ата-салтыңмен неке құрған,

Заманның әдеттерін ғұрыпқа алған.

Әдебін әйел заттың бейімдеумен,

Төртеудің түгеліне бүтін қылған.

Сөздің құнын, таза ойды алмаған,

Жан көбеймес тегің, ділің азғаннан.

Жанға білім  өзінен иман келтіре алмай,

Сенімменен мал қуаты жының болған.

Түлкілер тәтті сөзбен тіл жалдаған,

Қарғаларды аңдып сөзден, торын жайған.

Ақыл — арақ, сөзден ойы терістелсе,

Текті аздырып иманы шатақ болған.

Мас қылар ой, таза ақылды таппағаннан,

Алла демін тылсымнан іздеп алмағаннан.

Ой жорысаң, біліміңді тәңір ғып,

Иманың жоқ құтылмассың жазасынан.

Дін қиянат ақыл-ойсыз құпталмаған,

Жан тазармай нәпсі сезім шайтанынан.

Ақыл еркі, аңға айналып түрленумен,

Нәпсі-қасқыр жүз қойыңды баспен баққан.

Жалаңаштап бастары аңға айналған,

Әйелзаты жәндіктерден бейне алған.

Шалбарланған кесірткелер қыз бен қатын,

Жылан көзді жалаңбас арты шаян.

Құс тілін, ілім біліп дінші қоғам,

Қарға мен ала қарғаға болды айналған.

Құзғындар бар, қасқырлары қойға шапса,

Жемтік жеуге алыстан жүр аңдыған.

Бүркіттей молда, сопы және болған,

Тышқан аулап, қасқырға түсе алмаған.

Аққудың ұяларын аңдып жүріп,

Жұмытқасын бастырмай талқандаған.

Арыстаны түлкіден ақыл алған,

Бағуға елдің рұқын заң шығарған.

Ала қойдай ата жолын қудалатып,

Қасқырларға бақтыруға заң шығарған.

Қазақтың бір саулығы қайда қалған,

Тоқсан тоғыз саулығын масһаб алған.

Жансыз рұқты жаңғыртпақ енді бүгін,

Жұмбақтадым астарын кім шеше алған?

****  ***

Сөздің нәрі ірімшік боп бұл заманнан,

Қарғалар көп сөз өнерін нәсіп қылған.

Тілші, дінші, философтар елдің ділін,

Сөздің майын ірімшікке айналдырған.

Бұлбұлдар бағында ел сайрап тұрған,

Жегені боқ,  сезім үнін ойлаттырған.

Дінші, әнші, ақындар жұлдызы елдің,

Шатақ-иман, қиянат дін ел ұстанған.

Түлкі емес пе, сөзден ой ұрлаған,

Құлдық сана, сезім деп жүр атаған.

Мұқату мен кекетудің көп түрлері,

Шірік дейді құдай ісін қолға алсаң.

Құдайшылдық  қалғанды қазағымнан,

Құдай айтты деген сөзге нанбағаннан.

Өзің білме, білген тілін алма деп

Жынды-мастар аңдар елі салтын алған.

«Ақида, ифтар, ықтипатпен » діні болған,

Қазақ сөзін, ділін, ойын тастаттырған.

Құдайсыздар ата-баба кітаптарын

Алмады деп діл білімін жаңғыртпаған.

Аллаһ, ғалейксалам, истуа үні жалған,

Ихтифкатпен, истикарлық ой жоғалған.

Масһаб, мешіт-түрме болды діліңе,

Истиғфар орны жұмаға бара қалсаң.

Нұрлы жер, нұрлы отан, нұрландырған,

Дүние ісімен құдай нұрын болды алған.

Түлкілердің бұл айласы тәңір болмақ,

Бес жалған, сезім қуат шайтанынан.

Ақыл айтып, ар туралы ойламаған,

Арға лайық, бар ма ісім, санаға алған.

Білім білдім, артық ақыл жоқ деп ойлар,

Есектер көп жапарқұл мырза болған.

Аю бастар адамдықты жүр ұрлаған,

Жалаңбас бар төрт көзді итке айналған.

Көргендерін қайталауға таланттылар,

Жаңашылдық жындылығын заманынан.

Орыс елін неге аю аң деп атаған,

Рұқы күшті малдық қуат жинағаннан.

Өнер білім, дүние ісімен жан өсірмей,

Ұлтының адамдығы жоғалғаннан.

Талай ғасыр бодандықпен ел сыналған,

Өнер-білім әлсіз болып малды баққан.

Төртінші нәсіл қуат қазақ тегінде,

Адамдықты аздырар деп алмағаннан.

Әлемге қосар қуат аз болғаннан,

Тіл біліміне Құдай елді жалғандырған.

Текті өсірмек, ақылға талап — нәсілдерін,

Төртінші топ малға қуат білім болған.

Аюлықтың салтын енді қазақ алған,

Өнер-білім соңына түсіп қуғанынан.

Менде жоқ, өзгелерде неге болды?

Көре алмастық қызғаныш жындандырған.

Арсыздықпен әлеммен аң басын алған,

Түрлі аңдарды табарсың енді қазақтардан.

Жәндіктердің көп түрі бар ұрғашы,

Арты шаян, алды маймыл аңғара алсаң.

Аң патшасы арыстан ел басқарған,

Қарағайдың басын көрмес ауызы қан.

Қойын көріп, ала жүнді өсіп жатқан,

Қасқырларға бақтыруға заңды жазған.

Қара қасқыр қорқаулар көп жыннан болған,

Қолшоқпары аңдар елі басшылардан.

Махаббатпен адамдықты тастаттырып,

Аяушылық, мейірім дәстүр жоғалдырған.

Қарсы келсең түрме дайын қорқаулардан,

Кеңесі аң, құзғын құстан қалау қылған.

Керек заңды қол қояды тартынбастан,

Дүние ісімен нәпсіге ғана жалғандырған.

Рухани болды оятпақ ел жаңғырған,

Жолдау арнап, аң патшасы арыстаннан.

Түлкілер жүр  қуаныштан есі шығып,

Қарғалардың ірімшігін – сөз аңдыған.

Құдайсыз кім қурайды да сындыра алған,

Адамдықты жан өсірмей иман алған.

Махаббатпен жүрек қалай жүктелмекші,

Ата-баба аруағы ғылым шындығынан?!

(Маусым айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *