Ар –ұятың қаруың қолға алатын

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 44

Әкім болды дінді заңмен басқаратын,

Қиянатын тексеріп, жоя алатын.

Таза ақылмен дұрыс сөйлер тілің — дінің,

Таза сумен суарумен тек ағашын.

Әкім құдай  бола алмас текті суаратын,

Ақын да емес, дінді өзі құтқаратын.

Бір тілді жаратқан сөзді беріп,

Діл білімі дініңнің өзегі тек айналатын.

Әр ұлттың діні баста сөз болатын,

Таза ақыл көркем сөз тегін суаратын.

Ар ұятты қыздары ұлт қанын түзер,

Рұқы биік ұрпақтарды туа алатын.

Үлгісі жоқ дәстүрмен жалғанатын,

Етек басты еркек көп жыланатын.

Құдайсыз қурай сынбас деген қазақ,

Қайтара ма қолын Құдай жамағаттың?

Алланың бұл жолы көркем  соғысатын,

Ар, ұяттың қару қылып қолға алатын.

Ата жолын меңгеріп құдайшыл боп,

Киесін алып, аруағымен ата алатын!

Ақын болсаң сопылық қыла алатын,

Абай атаң — қазығы сөз байланатын.

Бес жалғанмен жалаңбас ақындар көп,

Сезім қуып, сөзі майда жыланатын.

Сөзі мен ісің бірге жүре алатын,

Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп ғибадатын.

Ясауидей әулиелердің әулиесі бар,

Жалақорды ит қылып қаңғыртатын.

Хикметін құдайдан сұрап ала алатын,

Ата дәстүр ата жолын ақталатын.

Ез болмай еркек болып шалбар кисең,

Қамшы ұста арамнан елді тазартатын.

Көп түкірсе көл болар деп аталарың,

Ақ туын, Айша ананың қолға алатын.

Рұқы мықты ері қазақ сапқа тұрса,

Әйелдер бар қазақта ере алатын!

Құдайдың оғы дайын ата алатын,

Көп жиналып біріксе қол жайатын.

Тілі майда шешен көп сын айтатын,

Майданға түспей омалып отыратын.

Арсыз «ұят» көбейді ұялатын,

Қоғам мен пенделерден қысылатын.

Орамал мен бөрік кию ұят болса,

Адамдығың жоғалған арланатын.

Көсе, таздар шал болып аталатын,

Жігіттікпен қоштаспай жынданатын.

Ар, ұят, ынсап, ұждандансыз да,

Жолдау болды рухани оянатын!

Діннің білмей ұлтыңа қиянатын,

Құранның біліміне кітап жалғанатын.

Ақылың арақ болып білімдіге,

Теріс ойлы білімге мас қылатын.

Ел билеуші мастығы дінсіз саясатың,

Иман — шатақ тәкаппарлық арттыратын.

Тағдырынан имандарын тез тауысуға,

Ноқтасыз масһаб — тура жол деп мақтанатын.

Имансызда сана тұрмас ой салатын,

Ұятсыз ел — имансыз, болмасты жаңғыратын.

Жолдау жасап мақтанған білімділер,

Тегін таппай қиянатшыл елді аздыратын.

Иманың -Бір біздермен жалғанатын,

Ділің керек иман мен ғылым жалғанатын.

Топты жинап, білімге сенім артып

Есектер көп көбейткен дін қиянатын.

(Маусым айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *