Құдайсыз қурай да сынбайды,
Мұны білмес текті аталмайды.
Сана түгіл ақылда жете болмас,
Пенделерге жеті айтсаң да ойланбайды.
Ұят қуат ағзаны іштен қорғайды,
Киімсіз зейнет ар сауыты жаралмайды.
Ар-ұятты бірге атап ата-анаң,
Кебенексіз жан мәңгі бола алмайды.
Адамзатта бас бөлек жаралмайды,
Адамдықпен жындылық бір тұрмайды.
Бөрікті ата-баба дәстүр-салтын,
Намысқа алып ұлтынан тек сақтайды.
Ұятсызға қыдыр дарып бақ қонбайды,
Сүннеті пайғамбардың сақталмайды.
Бастағы ағзаларды қорға деген,
Өсиеті пайғамбардың ақталмайды.
Ұят білмес, арсыздар көп тұрпайы,
Тесік моншақ жатырын жаба алмайды.
Асыл тасқа сұқ көзі қадалсын деп,
Еркек шора көтін ашып төсі жарқырайды.
Жерде қалды моншақтар емес қайғы,
Ел билік пен білімділер ойланбайды.
Қазақтың бар асылы жоғалғанмен,
Көңіл соқыр, естімеген жан айқайды.
Дүниенің қызығына еш тоймайды,
Бас та тазармай ақиретті ойлатпайды.
Құр біліммен сеніп жүрген ғалымдардың,
Иманы жоқ, бақ басқа қалай қонақтайды?
Бас қадірін сақтауды ел өзі қаламайды,
Ажал жетіп, ақиретте шырылдайды.
Аю болып, адам аулап күнін көрер,
Жазасын жерді басып орындайды.
Бұл бір нәсіл бұрында болған жайы,
Аштық, нәубат қиын-қыстау тумай айы.
Дүниенің тыныштығын көрсін деген,
Құдайдың рахымына ақыл бойламайды.
Надандар, деме қайта туылмайды,
Білгіштер тағы келіп, жер былғайды.
Ер кезегі үшке дейін деген рұқтан,
Жаман дәуір басына кеп ойбайлайды.
Жалаңбаста таза ақыл ой қонбайды,
Құт қонып, берекетке жалғанбайды.
Шатақ иман атақпен тәкаппарлық,
Перісі іштен басқарып, ар болмайды.
***** ***
Ой барма ел билікте жол табайын,
Ар, ұятпен ата салтын қайтарайын.
Екі күнін қазақтың тартып алып,
Заң шығарып елдің көңілін аударайын.
Атақ пен дәрежесін сақтау уайым,
Министрі дін ісінің өз маңайын.
Өтірігін өздерінің жасырмаққа,
Балақ пен сақалы болып уайым.
Білмейтін өз иманын ғылым жайын,
Арсыздықтың артын болжап қам қылайын.
Керең, соқыр естімес жан айқайын,
Ақ жаулықпен етегін елдің қайтарайын.
Жынды емес пе жаңашыл заң жазайын,
Көзі аспанда тәңірсіп паңданайын,
Мақтанымен атақ шенін қорғап жүрген,
Көкірегі соқырлардан не сұрайсың?
(Маусым айы 2017 жыл)