Ел басына сын айтсақ…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 27

Қазағымның арманы,

Ішкен жеген тамағы.

Дүниенің барлық қайғысы,

Сыны мен айтып жазғаны.

Ел басын сынға алғаны,

Көптің барлық болжамы.

Кем кетігі өз елден,

Дүниемен ғана толмағы.

Не бітіріп, не қылды,

Қашырды ма дүние құтыңды.

Қарыз жинап әлемнен,

Ойлады деп елді құртуды.

Аш қылмаудың айласы,

Жаратты қайда ойлашы.

Қазаны ортақ халықтың,

Ортайса елдің қалтасы.

Артыңа қазақ қарасаң,

Кім болдың жылмен санасаң.

Қап арқалап күн көрген,

Кетпей кірің жағадан.

Дүние, мал болып арманың,

Шет елдей болса сайраның.

Көлік мініп әр түрлі,

Зәулім үйде тұрмағың.

Даңғыл мықты жол болса,

Ұрпақтар түгел оқыса.

Қорада мал,қол бос болса

Қарын тоқ, күнде той болса.

Болса деп барлық еркіндік,

Арсыздықта түгел жетілдік.

Құдай да беріп тілеуді,

Дінсізден шықты ел билік.

Осы ғой бастан сұрауың,

Аш жүрген күнде қалауың.

Ал енді қарап өзіңе,

Дұрыс па мұны сынауың.

Тегіңе қарап кім едің,

Ар-ұжданды ел едің.

Шаш жайып, көтін ашқанды,

Тарихта бар ма өлгеннің.

Қияметін қалай сезбедің,

Апат пен ажал себебін

Қырылып жатыр әйелдер,

Арамдап әурет жерлерін.

Ет өліп арам жегенің,

Жоғалды жаның білмедің.

Өліктің иісі бар жерде,

Доңызға ұқсас күндерің.

Шатақпен болып сөздерің,

Құтқармақ байлық сенгенің.

Иманмен жанды көбейткен,

Болашаққа жоқ байлық бергенің.

Зәулім үй, ақша бермегің,

Байлықпен бақыт өлшемің.

Ұрпаққа қалай ауысар,

Тегінен қасиет келбетің.

Не алдың, не бермегің,

Тегіңнен бар ма екенің?

Арам шөп өскен бақшадан,

Көрдің бе бидай піскенін?

Таңбаңда санын білмедің,

Орысқа бермек діл тегін.

Ар-намысың үлкенде,

Жоғалғанын неге көрмедің?

Уайымың дүние көргенің,

Түсінбей Құдай бергенін.

Дәстүрін тастап ата-ана,

Қиянат дінге сенгенің.

Айнасы елдің ергенің,

Басқарған елді билерің.

Арсыз елге сын қылмақ,

Тілеуін елге бермегін.

Береді Құдай есебін,

Өліммен ажал себебін.

Таусылса көкте несібең,

Жоғалар арттан ергенің!

(Маусым айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.