Сымбаттың сырын іздеген?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 102

«Мінім жоқ, талшыбықтай бойым сұңғақ,

Қойғандай екі бетім нұрмен сырлап.
Білмеймін, Құдай шебер неге маған,
Осынша берді аямай түр мен сымбат?»

(Омар Хайям)

***   ***

Сыртының сұлулығын тәнін бұлдап,

Шаш қойып, жігіттігі болып қымбат.

Үлкендер жындылықпен қоштаса алмай,

Өзіне қоя алмаған мұндай сұрақ?

Сыртын әрлеп ішінен бермей тұрақ,

Ақылдан сана түгіл жете болмас.

Білімін ақыл қылып, елге пұлдап,

Оқыған кітаптарын жүр арқалап.

Ән салып, сауық–сайран тойын тойлап,

Елге үлгі даналыққа жұлдыз сайлап.

Рұқы мен намысы елдің осы дейміз,

Жеңіп келсе, спортпен ойын ойнап.

Әншілік бұлбұл құстай жүрген сайрап,

Жұлдызды деп атайды әулие санат.

Әулиедей ақыл айтып дінші кетті,

Тәпсірден діннің ісін алса жаттап.

Шашын жайып не қидырып түрін бояп,

Қыз, қатын жәндікке жүрген ұқсап.

Жинамаған ішіне нұрдан қуат,

Қаннан ділін тазартпай ұятты ойлап.

Тәні сұлу, сұқталып шабыт санап,

Іштегі жанның қамы болмай қымбат.

Жанға сарай болмаған тәнің түбі,

Қайғы-қасірет көрумен болар азап.

Әке, атаның аттарын тәнге байлап,

Ата тегің, қаның азған қандай қазақ?

Жындылықтың бұл түрі тәкаппарлық,

Құдайдың тағдырына қарсы тұрмақ.

Замана сұмдығына жанды байлап,

Періге айналған көп, құрған тұзақ.

Ар, ұятсыз рухани ел  жаңғыртпақ,

Білімді көп ібіліске болған ұрпақ.

Үш тіл біліп, Құдай нұрын болып алмақ,

Үш ғылымның тегіне елді жалғап.

Алты ақылдың қасиетін кім біледі,

Алла нұрын қара жолмен жүрсең атап?

Дін ұстандың масһабты тура атап,

Құдайдың жол-жобасына теріс қарап.

Қияметтің мезгілінен белгі алғанмен,

Имансыздар дүние ісімен жүр бағалап.

Иманды сол іштен түрі сырты сымбат,

Құдайдың бұл ісі алған өзін сынап.

Өзінен өзі танымаққа тағдыр жалғап,

Құдайдан  жол-жобасын алмақ сұрап.

Алланың нұрыменен бетін сырлап,

Ұятты қызың бар ма ары қымбат?

Денеден сідік, өлік иісі шығып,

Иіс сумен, бояу жағып жүз жасырмақ.

Имансыздар сырттарын жүрген бояп,

Түр меңгеріп, дін шариғат жүрген ұстап.

Намаз оқып, иманды келтірдім деп,

Құлшылық жоқ пайғамбарға қуат қоспақ.

Үш түс, түрмен ғылымнан ойды алмақ,

Алты алаш арыстық текке жалғап.

Мұхаммед бар ғылымның елшісі еді,

Құранның жеті үніне тұрған жалғап.

Тоғыз жолдың торабын іздеп таппақ,

Жер кезіп жерден есік, көкке саты таппақ.

Тек ағашын көркем сөзбен суғарумен,

Өліге — иман тіріге — ақыл болмақ.

Ғылымды тектілікпен қаннан қуат,

Діл болып адамзатқа болған жұмбақ.

Қазақтың бүгінгі түр мен түсі,

Ата-ананың махаббаттан нұры болмақ.

(Мамыр айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *