Кісілер қазақта ел басқарған

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 92

Тоғыз кісі қалада қарсы болған,

Бұзықтықтың әдістерін ойлап тапқан.

Құранның бұл аятын дін ғалымы,

Масһабтан табылмады сырын ашқан.

Тоғыз жанға қарсылықты қаралықтан,

Төрелікпен араласып малын баққан.

Кісілігін жетілдіріп білім алып,

Иманын шатаққа алып тек аздырған.

Адамдық пен кісіліктен есің болған,

Екі естілік адамзатқа сынақ қылған.

Жындар мен адамның балаларын,

Құлшылыққа жаратып бүтін қылған.

Екі жарты бір бүтін есті болған,

Екі естілік тәрбиесі жын мен жаннан.

Қайрат-жының, жанды ақыл қарсылығы,

Жүрекке иман беріп басқартқызған.

Бүгінде  жындылар көп ел басқарған,

Мал табарлық дүние ісімен есті болған.

Жол табарлық адамдықты артқа тастап,

Екі есті пенделер аз текті ойлаған.

Қазақта кісіліктің жолын қуған,

Білімді қауымдары топтар құрған.

Бас-басына партия боп ақыл айтып,

Құтқармақ елді жансыз жындылардан.

Ілімнен білім шығып тәпсір болған,

Ескіліктің білімдерін ақыл қылған.

Діншілер кісілікпен ілім біліп,

Төбеден білімдіге жалғанбаған.

Үлкен кісі, ел басы хандық құрған,

Қатындармен теңбіз деп мақтан қылған.

Қатындар да ел басқарып кісі болды,

Кәпірлікпен жалаңбас та дінші болған.

Бірлермен тәңірлігі Алланың іс басқарған,

Өлі көп пе, тірі көп пе сауал болған.

Сансыз жұлдыз аспаннан жол көрсетіп,

Азшылықты көпшілікке бағындырған.

Дін басына кісілерді басшы қойған,

Азшылықпен көпшілікті басқартқызған.

Құдайсыз қурай сынбас деген нақыл,

Екі күнін жете, сана  тартып алған.

Жастарды басшы сайлап кісі қылған,

Кісілікке табынумен дін ұстанған.

Адамдықты айтқандары арды ойлап,

Ата жолын соттатып қудаланған.

Атыңды қазақшалап кісі болсаң,

Латынның кісілігіне жалғандырған.

Тәңірсіп ділдің үнін сақтамақшы,

Жындылар қазақта көп арсызданған.

Үш тіл біліп кісілікпен таң қалдырған,

Жаның мен адамдықты кім ойлаған.

Алтауы араз елдің артына еріп,

Елің жанын жоғалтуға жоба болған.

Масһаб ұстап діншілер жынды болған,

Ата дәстүр салтын алмай адамдықтан.

Есті жалғыз қашанда дегенді дана Абай,

Жалғыздығын үлкендер жоқ таба алған.

Жындылар партия құрып топтасудан,

Білімді ақыл қылып ой жорыған.

Алтын артқан Жапарқұлдар елді билеп,

Қияметтің сынағы кісілікке жауап болған.

Алланың назарымен қозғап тұрған,

Тәулігіне 72 санмен қуат қосқан.

Ақыл, жан, жыныңа нұрын беріп,

Бәйшешек бақшасын кімдер өсіре алған?

(Шілде айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *